Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

библиотека
материалов

Оқу қызметін ұйымдастырудың технологиялық картасы

12 «Гүлдер» ересек тобына арналған



Күні, айы, жылы: 02.05.14

Білім беру саласы:Таным

Бөлімі: Қоршаған орта

Тақырыбы: Сиқырлы думан,ұлттар достығы

Мақсаты: Қазақстан халықтарының бірлігі мен достығы туралы түсінік беру. Елімізді мекендейтін басқа ұлт өкілдеріне сыйластықпен, салт-дәстүріне құрметпен қарауға тәрбиелеу. Сөздік жұмыс: ұлттар.достық.татулық,бірлік.бауыр.

Көрнекілік : суреттер.

Әдіс-тәсілдер: _Көрсету ,түсіндіру ,сұрақ-жауап.

Әрекет кезеңдері


,

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Ұйымдастырушы-оятушылық кезеңі















1 Мамыр - Халықтар бірлігі күні екендігін айтып түсіндіреді.

Балалардан қазақ халқының ұлттық киімдері, тағамдары, ойындары туралы сұрай отырып, басқа да ұлт өкілдерінің өздеріне тән салт- дәстүрлері мен ұлттық тағамдары, киімдері мен ойындары болатындығы туралы ақпарат береді.

- «Басқа ұлт өкілдері» дегенді қалай түсінесіңдер?

-Сендер қандай ұлттық өкілдерін білесіңдер?

-Сендердің достарыңның арасында басқа ұлттың балалары бар ма?

- «Дос» сөзін қалай түсінесіңдер?

-Сендердің басқа ауылда, қалада тұратын достарың бар ма?




Балалар өздерінің

тәжірибесіне сүйеніп жауап береді.

-Орыс, қазақ, татар,

неміс.

-Бар.

Менің досымнның

аты -Ира. Оның ұлты - орыс.

- Достар бір-бірімен ойнайды, бір-бірін ренжітпейді, бір-біріне көмектеседі.

-Бар. Менің ауылда

досым бар. Оның аты - Ерлан.


Ұйымдастырушы ізденушілік кезеңі





















Осы кезде пошташы рұқсат сұрап кіреді де педагогке бірнеше хат береді. Педагог хаттардың әр қаладан келгендігін айтады. Мысалы, мына бір хат Тахмина есімді қыздан келіпті.

Тахминаның ұлты тәжік екен. Ол Қарағанды қаласында тұрады екен.

Сендермен дос болғысы келетіндігін айтып хат жазыпты. Және сендерге сыйлыққа мерекелік ашықхат жіберіпті. Ал сендердің Тахминамен дос болғыларың келе ме? Олай болса біз де достығымызды білдіріп, бәріміз өзіміздің қолымыздың суретін қағаз бетіне бастырып, Тахминаға жіберейік.

Педагог балаларды екі орталыққа бөледі. Бірінші орталықтағы балаларға қолдарын (алаңандарын) бояуға батырып, қағаз бетіне.



-Дос болғымыз келеді.

-Менің де Тахминамен

дос болғым келеді.

-Ал менің Тахмина

деген досым бар. Ол мен тұратын көпқабатты үйде

тұрады.

Бірінші орталықтағы

балалар қолдарын

(алақандарын) бояуға батырып, қағаз бетіне бастырады.

Өздерінің қалауы

бойынша бастырылған

Рефлекстік түзету кезеңі






Қорытындылау





Өзін-өзі бағалау

Балалармен сұрақ-жауап арқылы түсінгендерін пысықтайды.

Балалар бүгінгі сабақта не туралы әңгімелестік?


Сендер сабаққа жақсы қатыстыңдар.

Сендерге рахмет.

Балаларды мақтап-мадақтау.

.Жиыннан алған әсерлерін айта отырып, көңіл күйлерін жеткізеді. Немен айналысқандарын, не үйренгендерін, айтады.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: көпұлтты еліміздің халқы мен мәдениеті, салт- дәстүрі туралы.

Игереді: әр ұлттың өзіне тән мәдениеті, ұлттық киімдері мен салт-дәстүрі, ұлттық тағамдары бар екендігін біледі; құрдастарымен жақсы қарым-қатынас орнатуды, олардың бір- бірімен қарым-қатынасын бағалауды.

Меңгереді: елімізді мекендейтін басқа ұлт өкілдеріне сыйластықпен, салт-дәстүріне құрметпен қарауды.

Тәрбиешінің аты, тегі: Мұқашева Қ.Қ.






Автор
Дата добавления 13.04.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров108
Номер материала ДБ-029107
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх