Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы: "Қолғап"

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы: "Қолғап"


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы № 14

Күні: 07.12.2015 ж. Тәрбиеші: Билялова А.Б.

3-ересек «Балдәурен» тобы

Білім беру салалары: Шығармашылық, қатынас.

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: Қолғап.

Мақсаты:

Білімділік: қазақ халқының ұлттық қиімдері мен заттары туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: олардың қолданылу мүмкіншіліктерін ажыратуға үйрету, ою-өрнекті қолдана отырып қолғапты сәндеуге үйрету.

Тәрбиелік: эстетикалық талғамдарын дамыту, жинақылық пен ептілікке тәрбиелеу.

Қолданылатын құралдар: қылқалам, акварель бояуы, су құятын ыдыс, оюлармен сәнделген қолғап суреті (көрнекілік).

Сөздік жұмыс: ою-өрнек түрлері, сәндеу, әшекейлеу.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

Балаларға қыс мезгілі туралы сауал тастау:

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыс мезгілінің ерекшеліктерін айтыңдаршы?

- Қыста қалай киінеді? Қандай киімдер киеміз?

- Қазір қыс мезгілі.

- Қар жауады, мұз қатады, боран соғады.

- Қыста адамдар жылы киінеді. Тон, тымақ, қолғап, етік киеді.

Ұйымдастырушылық -ізденістік

- Қолғап бізге не үшін керек?

- Қазір біз осы қолғапты түрлі түсті бояуды қолдана отырып саламыз.

Ол үшін қажетті бояу түстерін таңдап аламыз.

Педагог балалардың ою-өрнек элементтерін атауын сұрайды.

- Балалар, онда бөріміз қыста киетін қолғаптың суретін салайық.

Педагог салу техникасын түсіндіреді.

- Алдымен қарындашпен тік төртбұрыш саламыз жөне оның оң жағына салынған тік төртбұрыштың көлемінен кіші тік төртбұрышты салып, оның ұштарын домалақтап, бармаққа ұқсатамыз. Қолғап пішініне ұқсатып, қолғаптың шеттерін домалақтап жиектеп, қалыпқа келтіреміз. Қолғабымыз әдемі болып көрінуі үшін қылқаламның көмегімен қолғапты бояймыз. Қолғаптың суретін салып, бояп болғаннан кейін оны әртүрлі фигуралармен және оюлармен сәндейміз.

(Қыз балалар өз қолғаптарына нәзік өрнектерді таңдаса, ұл балаларға басқа өрнектерді таңдау ұсынылады).

- Қолғап қолымыз тоңбауы үшін керек.

Балалар өздеріне ұнайтын бояу түстерін таңдап алады.

- «Қошқармүйіз», «құстұмсық», «қызғалдақ», «түйе-табан», «бұғымүйіз».

- Өрнек таңдайды, ойланады.

Үлгіге қарап, өздері қолғап салады. Қалауларынша оюларды таңдап, қолғаптарды сәндейді.

Рефлексиялық -түзетушілік

Педагог балалардың қолғапты сөнді ою-өрнектермен әшекейлегендерін айтып, ең сәтті шыққан жұмыстарды атап көрсетеді.

Балалар жасаған қолғаптарын бір-біріне көрсетіп, өзара талдау жасайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: қыс мезгілі туралы, оның ерекшеліктерін, қысқы киім - қолғап туралы өз ойларын жеткізуді, қыста адамдардың жылы киінетінін, қолғаптың қыс мезгілінде пайдасы зор екендігі туралы біледі.

Игереді: түрлі түсті қағаздардан ою-өрнектер жасап, әшекейлеуді үйренеді.

Меңгереді: киімді күтіп ұстау, ұқыпты және тиянақты қарау дағдысы қалыптасады.











C:\Users\admin\Desktop\№ 21 Акбота\Фото сад\20151207_095942.jpg

C:\Users\admin\Desktop\№ 21 Акбота\Фото сад\20151207_100000.jpg

C:\Users\admin\Desktop\№ 21 Акбота\Фото сад\20151207_100037.jpg

C:\Users\admin\Desktop\№ 21 Акбота\Фото сад\20151207_100048.jpg


Автор
Дата добавления 18.02.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров352
Номер материала ДВ-465616
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх