Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы "Ойыншықтар достығы".

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы "Ойыншықтар достығы".

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m1687b1d8.gifhello_html_648175e3.gifhello_html_7eadd394.gifhello_html_m1d29a9d5.gifhello_html_187c9d58.gifhello_html_m7b91ff15.gifhello_html_648175e3.gifОйыншықтар достығы. Естияр тобы. 25.11.2013ж

Білім беру саласы: қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Мақсаты: Шығарма әңгімелерді мазмұңдап баяндап беруді үйрету.

Білім беру: Шығарма әңгімелерді тыңдауды, мағынасын түсініп және байланыстырып әңгімелеп беруді үйрету.

Дамыту: есте сақтау, ойлау қабілетін және сөйлемнің грамматикалық құрылымын байланыстыруын дамыту.

Тәрбиелеу: бір-біріне қол үшін беріп мйірімділікке баулу, айналадағы адамдарды сыйлауды білу, әдепті болуға тәрбиелеу.

Аймақтық компонент: Біздің аймақта және Қазақстанымыздың барлық аймақтарында халық тату- тәтті өмір сүріп жатыр.

Әдіс,тәсілдері: Әңгімелесу, сурақтар, көмектесу, мақал-мәтелдер, сөздік ойындар, ТРИЗ элементтерін және ойындарын қолдану.

«Ия –жоқ» (данетка»), «Егерде ...», денсаулық сақтау технологиясын -сергіту сәт жасау.

Қажетті құралдар: Жазушының портреті және әдеби шығарма кітабі.

Мотивациялық қозғаушылық :

Қайырлы таң, әсем күннің шуағы,

Қайырлы таң, жасыл әлем, тіршіліктің қуаты.

Қайырлы күн, Отан, Елім, Жерім!

Қайырлы күн, саған, маған, сізге де.

Қайырлы күн, құрметті апайлар!

Тәрб: Сырымен бөлісетін, әркез қасыңда бірге ойнайтын, көмектесетін, қиін кезде қасыңнан табылатын кім?

Тәрб: Дос қандай болу керек?

Біреу есікті қағып топқа кіреді.

Почтальон: Сәлеметсіңдерме, балалар, мен почтальонмын

мынаны «Айгөлек» балабақшасындағы

балалар сендерге жіберіпті.

Ұйымдастыру-іздестіру:

Мына қораптың ішінде не бар екенің (ашып қарайды). Кәне балалар не бар екенің кім табады?

ТРИЗ ойыны: «Ия –жоқ» («данетка»)

Тәрб: ескертемін – бұл зат тірі табиғаттан емес.

Бала: Қолжасамды зат па?

Тәрб: Ия.

Бала: Ол ойыншық па?

Тәрб: Жоқ.

Бала: Ыдыс па?

Тәрб: Жоқ.

Бала: Оқу құралдар ма?

Тәрб: Ия.

Бала: Дәптер ме?

Тәрб: Жоқ.

Бала: Қылқалам шығар?

Тәрб: Жоқ.

Бала: Қарындаш?

Тәрб: Жоқ.

Бала: Кітап шығар?

Тәрб: Ия, балалар таптыңдар.

Осы кітаптың ішінен бір әңгіме оқып берейін.

Әңгімені жазған Татьяна Благовещенская .

Орыс халық елінің жазушысы.

Міне портреті. (көрсетеді)

Шығарма әңгіме «Ойыншықтар достығы» деп аталады.

Кітаптан оқу.

Не туралы әңгіме?

Мына сөздердің мағынасын қалай түсінесіңдер: әдемілігіне масаттанған, тәкаппар қуыршақ, Қонжық жұбатады, ажарлана түскендей.

Қуыршақ қандай болды?

Біздің аймақта халық қалай өмір сүріп жатыр? Қазақстанымыздың барлық аймақтарында халық тату- тәтті өмір сүріп жатыр.

Қалай ойлайсыңдар ойыншықтардың қылықтары дұрыс па?

Көмектесті дейсіңдер оларды дос деп айтуға болама? Неге ?

Тағы оқимын мұқият тыңдаңдар сендер баяндап бересіңдер.

Тағы бір рет оқылады.

(Тақтаға әңгіменің моделі қойылады)

2

1 3




Тәрбиеші тақтада ілініп тұрған кішілеу тіктөрт бұрышқа көрсетеді.(1)

Тәрб: Басында қуыршақ қандай болды қай жерде отырды Нурахмет айтып береді.

Тәрбиеші үлкен шаршыны көрсетеді. (2)

Кейін ең маңыздысы.

Қуыршақ қандай жағдайға тап болды және нелер көмектесті екенін Ерасыл жалғастырады.

Тәрбиеші ең кішкентай үшбұрышты көрсетеді. (3)

Оқиға немен аяқталды екен, қуыршақ нені түсінді екенін Баян айтып береді.

Осы әңгімені басынан аяғына дейін Нурай баяндап береді.

Сергіту сәт:

Триз ойыны:

Өздеріңді қуыршақтың орнына қойып елестетіңдер: сендер сондай жағдайға тап болсаңдар не ойлайтын едіңдер? (Мен қолымды ауыртып алдым, маған біреу көмектесіп, қолын берсе екен деп ойладым т.с)

Сөздік дид/ойын: «Егерде...»

«Егерде танымайтын адам жолда аяғы тайып құлап жатса сен не істер едің?

(мен қолынан алып көтерер едім, мен жедел жәрдемді шақырар едім, мен таяғын әперер едім, мен сөмкесін әперер едім, мен жолдын шетіне жетектеп апаратын едім, мен «қалыңыз жақсы ма ?» деп сұрар едім т.с)

Қорытындысы:

Әңгімені кім жазды?

Қалай аталады?

Кейіпкерлердің қайсы ұнады?

Неге? Осы әңгімеден қандай сабақ алуға болады? Балалар, қораптын ішінде тағы бірдеме бар, бұл не?

(балаларға сыйлық)

Балалар шеңберге тұрады:

Біздің топта ұл-қыздар,

Тату-тәтті ойнаймыз.

Әлемдегі бар адамға ,

Тек жақсылық ойлаймыз.

Тәрбиеші: Өте жақсы балалар. Осы жақсы тілекпен сабағымызды аяқтайық.



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: «Ойыншықтар достығы» әңгімені және оны кім жазғанын біледі

Қандай түсініктерді игерді: әңгімелерді жазушылар жазады, шығармаларды оқып білу керек екенін.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Шығарма әңгімені мазмұңдап баяндап беруді үйренді, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Тәрбиеші: Дюсупова К.К































Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 19.02.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров361
Номер материала ДВ-468871
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх