Инфоурок Другое Другие методич. материалы«Үйінде ұл-қызы бардың, көгінде сөнбес жұлдызы бар» атты ашық тәрбие сағаты

«Үйінде ұл-қызы бардың, көгінде сөнбес жұлдызы бар» атты ашық тәрбие сағаты

Скачать материал

Қыздар клубының ашылуы

Тақырыбы:«Инабат»қыздар клубы

Мақсаты:Қыз баланы тазалыққа,ұқыптылыққа,жинақылыққа үйрете отырып,қыз баланы көп білуге құштарлығын арттырып,келешегіне ең керекті нәзіктік,ілтипаттылық,үлкенді сыйлау,кішіге қамқор болу,тұрақтылық сияқты мінездерін қалыптастыру

Тәлім- тәрбиенің бір үлкен тарауы-иба,инабат. Инабат араб тілінен енген сөз.Араб тіліндегі айтылып,жазылуы-энабат.Тура және туынды мағыналары:ар,ұят,адамгершілік,уәкілдік сезім мен сенім. Ибалы,инабатты адамдарға жұртшылық сүйсініп: «Мың жасағыр,өзі бір өте инабатты,жақсы қыз»,  «өте инабатты келін», «сәлемі әдемі айналайынның » деп көзбе-көз,көбіне сырттай бағалап жатады.

Көрнекілігі:ұлттық қазақ үй,нақыл сөздер,интерактивті тақта,шар т.б

«Инабат» бойжеткендер клубы өз мақсаттарын жүзеге асыру барысында көптеген іс шаралар жоспарланып отыр.Нақтырақ айтсақ: мектепте әр түрлі байқаулар,ойындар,семинарлар,кештер,баяндамалар сонымен қатар мектеп медбикесімен және мектеп психологымен кездесу т.б жоспарланып отыр.Клубқа өз қатарын нығайтуға 7,8,9 сынып қыздарын оның ішінде,өзіне сенімді,жақсы оқитын,таза,ақылды қыздарды шақырып,арнайы ұйымдастырылды.Сондықтан ибалы,инабатты қыздарымыз көбейе берсін деген ниетпен ортаға клубтың мүшелерін шақыруға рұқсат етіңіздер!(ұлттық киіммен қыздар ортаға шыға бастайды үкілі Кәмшат өлеңі ойнап тұрады)

v  Қыздар клубының төрайымы: Жатқанбай Аймекен  10- сынып

v Сәрсенбек Айдана  10-сынып

v Бекболатқызы Жұпар  10-сынып

v Сұлтанхан Зарина   9-сынып

v Нүсіпхан Гүлназ   9-сынып

v Төлеуханова Алуа   9-сынып

v Ерболат Сана  9-сынып

v Молдырахым Ақерке  8-сынып

Жоспар:

І Қыздар өздерін таныстырады (слайд жүріп тұрады)

ІІ Қыздар қасиеті туралы әр қыздың сөзі

ІІІ « Әжемнің аманаты,анамның ақылы » айдары(қыздар әже,аналарынан үйренген қол өнерлерін көрсетеді )

ІY Қызға қырық үйден тыю (тыйым сөздермен,ырымдарға тоқталады)

Y Қазақ қыздарына арналған мақал-мәтелдерге тоқталады

YІ Қорытынды

 

 

 

Бойжетіп келе жатқан бүгінгі оқушы қыздарымыз-ертенгі ана.Ендеше олардың тәрбиесін мектеп қабырғасында қалыптастырып,дұрыс жөн сілтеу- алдымен ата-ананың,сосын ұстаздардың міндеті.Қазақ бала тәрбиесіне ,соның ішінде қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беріледі.Сол сияқты біздің қазақ қыздарына ұзын қара шаштары белден асқан,ұшып келе жатқан қарлығашқа ұқсаған қиылған қара қастары,қарақаттай қара-мөлдір көздері,ақ құба қызыл шырайлы келген жүзі,оймақ ауыздары әсемдік береді.

Ендеше «Қыз тәрбиелей отырып-ұлтты тәрбиелейміз » -дей келе,сөз кезегін қыздарға берсек.Айдана сен қалай ойлайсың қазақ халқында қызды ерекше мәпелеп,күтуінің себебі не?

ІІ Қыздар қасиеті туралы әр қыздың сөзі

Айдана:

 Біз ата-ананы пір тұтқан,тегімізді атадан,тілімізді анадан  санаған халықпыз. «Атасыз ұл ақылға жарамас,анасыз қыз жасауға жарамас», «Қыз ақылды ескермес ана үлгісін көрмесе,ұл  жарылқап ас бермес әке үлгісін көрмесе»  дейді екен бұрынғылар. Қыз баланың бойына асыл қасиеттерді дарыту тек құлаққа құюмен,ақыл айтумен не болмаса «Қызды қырық үйден тыюмен»шектелмейді,мәселе қай кезде,қандай жағдайда орынды ақыл ұсынып,үлгі-өнеге көрсету қажет.Біздің халқымыз ер баланы ертеңгі мұрагер санағанымен қыз баланы олардан әсте кем көрмеген.Көп жағдайда қыз бала тәрбиесіне айырықша көңіл бөлген ата-аналар ұлдардан гөрі қыздарын ерекше жақсы көріп,еркелетіп еркін өсірген.Қазақ отбасында мысалы,ұлды жазалау шектен шығып бара жатқан жағдайлары жиі кездессе,ал қызды жазалау кездеспейтін құбылыс десек те болады.

Сана:

Ізеттілік,көрегенділік нәресте кезінен ана сүтімен бойға сіңеді.Қатты күлмеу,айқайлап сөйлемеу,үлкеннің жолын кеспеу,ыдыс-аяқты салдырлатпау,алдамен кіріп,артымен шығу,есікті теуіп ашпау,босағаны кермеу,ұсынған кесені төмен қарап беру,үлкендерден жоғары отырмау тәрізді тіпті қыз баланың отырысына,жүрісіне,аяқ басқанына,киім киісіне,қимыл-қозғалысына,дауыс ырғағына дейін мән беріп,көңіл қоюдың өзі аса бір жауапкершілікті сездіреді.

Алуа:

Қыземес қыздың аты қызыл алтын,

Көрінер туған айдай жүзі жарқын.

Үлкеннің алдын кесіп сөз сөйлемес,

Халқының сақтай білген ізгі салтын -

дегендей біздің халқымызда - « қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің,әдептіліктің,жан-жақты сұлулықтың рәмізі ретінде қолданылады.

Ақерке:

«Қыздың жиған жүгіндей», «қыздың тіккен кестесіндей» деген теңеулер қыз баланың ұқыптылығы,шеберлігі деп біледі.Осының бәрі де қыз баланың сүйкімділігіне жанының нәзіктілігіне,ір іске талапты да алғырлығына,өнер-білімге бейім тұратын сергектігінен шыққан сөздер болса керек.Халқымыз қыз баланы ардақтап ұстайды,оған қатты айтпай мәпелеп өсіреді.

 

Гүлназ:

Қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесінде ұл бала тәрбиесіне қарағанда біраз ерекшеліктердің бар екенін білеміз.Себебі бүгін отбасында еркелеп ұстап отырған қыздың күні ертең бойжетіп өскен соң,өзге шаңырақтың түтінін түтетіп,ошағының отын жағатын әйел,ана болатынын айтқанның өзі жеткілікті.

Зарина:

Нәзіктік,сұлулық,ұяңдық,ибалылық,сыпайылық,әдемілік,өнерпаздық,іскерлік,шеберлік,рухани байлық,ақ ниет,сүйіспеншілік,махаббат мұратына жетудің талабы,намысы,қайрат-жігері осындай қасиеттермен де қазақ қыздары зор тағлым иесі.

Аймекен:

Қыз бала тәрбиесінде ананың орны ерекше.Ана қыз бала тәрбиесінде,ұл бала тәрбиесінде  әкеге қарағанда ерекше қызмет етеді.Басқа ұлтқа қарағандабіздің қазақ қыздарының бойында ізеттілікң,ар-ұят,ұялшақтық,үлкенге қызмет көрсету,жан ашу қасиеттері басымырақ.Осындай қыз балаға тән қасиеттерді қызының бойына сіңіретін ең бірінші- ол анасы.

Жұпар:

Бабалары қыздарын қадірлеген,

Қыз баладан басталар өмір терең.

Ауыл көркі қыз болып ән айтылып,

Күн болмаған сазды күй төгілмеген

Қазақ елі қызды сұлулық,әдептілік және нәзіктік деп білген.Қызды көктемнің күлімдеген күніне теңеген.Қызды сән мен әсемдіктің нышаны тұтқан.Қыздар пәк махаббаттың иесі деп білген,оған дәлел-кешегі өткен Қыз Жібек,Еңлік,Баян сұлулардың сүйіктілеріне деген махаббатынан анық аңғаруға болады.

Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.

Кәмшат бөрік,ақ тамақ,қара қасты,

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?

деп ұлы Абай атамыз жырлағандай қыздарға әсемдік көптік етпейді.

Ендеше сұлу қыздарымызға арналған әсем ән тыңдайық:«Қазақ қыздары »

ІІІ « Әжемнің аманаты,анамның ақылы » айдары (қыздар әже,аналарынан үйренген қол өнерлерін көрсетеді )

Кез келген халықтың ғұмырнамалық сабақтастығының берік болуына сол халықтың мәдениеті,тарихы,өнері үлкен әсерін тигізеді.Өресі биік,өрісі кең қазақ халқының қарапайым әрі бірегей қол өнері ерте заманда пайда болған.Таңғажайып көркемдігімен талайды тамсандарған қазақтың қол өнері бүгінгі жаһанданған заманда да өз мәнін жоғалтпай,жалғасын тапса,нұр үстіне нұр болар еді деген ниетпен бүгінгі қатысушы қыздарымыздың әже,анасынан үйренген қолөнерін тамашаласақ,қыздар өнерлерін өздері толығырақ таныстырып өтсе.

ІY Қызға қырық үйден тыю (тыйым сөздермен,ырымдарға тоқталады)


Аймекен:

Тұзды баспа

Күлді баспа

Отты шашпа

Отпен ойнама

Оттан аттама

Жұпар:

Суға түкірме

Суға дәрет сындырма

Нанды бір қолмен үзбе

Нанды лақтырма

Нан үстіне басқа зат қойма

Айдана:

Бейуақытта ұйықтама

Бейуақытта кісіге көңіл айтпа

Бөркіңді теріс қаратып киме

Шапаныңды желегей киме

Бас киіммен ойнама

Зарина:

Босағаны керме

Босағаға сүйенбе

Табалдырықты баспа

Үйде ысқырма

Қолыңды төбеңе қойма

Сана:

Тізеңді құшақтама

Бүйіріңді тайанба

Жүреңнен отырма

Жалғыз ағашты кеспе

Таңдайыңды қақпа

Алуа:

Басыңды шайқама

Пышақтың жүзін жалама

Пышақты шалқасынан қойма

Малды теппе,балағаттап боқтама

Малды құры қол айдама

Гүлназ:

Жас малдың тісін санама

Атты бастан ауыздықпен соқпа

Малға «кет»деп дауыс көтеріп зекіме

Малды қоршаған қоршаудың үстіне шықпа

Күн батқан соң қорадан мал шығарма

Ақерке:

Малдың сүйегін аяққа баспа

Бөтен адамды малдың ортасына кіргізбе

Сүт сауатын шелекті су басына апарма

Сатылған не сыйлаған малды еске алып қайғырма


 

 

 


 

 

               Y  Қазақ қыздарына арналған мақал-мәтелдерге тоқталады

( Әр қыз мақал-мәтел айтады)

Қыз туралы мақал-мәтелдер


 

Ақылды қыз білімге жүгірер,

Ақылсыз қыз сөзге ілігер.

 

Қызға бергенді Қыдыр өтер.

 

Қыздың құны қырық жеті.

 

Қыз ұзатқанның қызылы қалмас.

 

Шыққан қыз шиден әрі.

 

Жасауды жеті жастан жинасаң жетеді,

Алты жастан жинасаң асады.

 

Тозбас жасау болмас,

Бас білмес асау болмас.

 

Ауру - астан,

Дау – қарындастан.

 

Бір қыз күйеуге шықса,

Мың қыз түс көреді.

 

Жақсы қыз - жағадағы құндыз,

Жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз.

 

Жыршы қызға – сыршы күйеу.

 

 

 

 

Қыз назы қырық кісіні мас қылады.

 

Қыздың қабағында құт бар.

 

Қыздың қабағы күлімдесе – құт келеді.

 

Қыздың жолы қырық кісінің жолын бөгейді.

 

Қызда қырық көліктік бақыт бар.

 

Қыз бала кісінің кісісі.

 

Қыз – қонақ.

 

Қыз өссе елдің көркі

Гүл өссе жердің көркі.

 

Қыз ұшқан қу.

 

Қызға берген көрінбес.

 

Қыздың көзі қызылда.

 

Қыз бала өкпешіл болса,

Қалың малы көп болар.

 

 


YІ Қорытынды


Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе қыз қылықты,адамгершілікті,иманды ,тәрбиелі  болса кез-келген мемлекеттің байлығы.Халқымыз көп нәрсені ана есімімен байланыстырады.Қыз келешекте жар,ана,апа.Осыған байланысты қазақ қызын әлпештеп,мәпелеп,инабатты етіп,тіл тигізбей тәрбиелеген.Осыдан түйер ойымыз:

Бүгінгі бой жеткен-ертеңгі аяулы ана,ақылшы әже,әулиеттің ұйытқысы.Сондықтан өмірімізде жолымызға ар-ұятымыз серік болсын деп сабағымызды аяқтаймыз.Сау болыңыздар!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Үйінде ұл-қызы бардың, көгінде сөнбес жұлдызы бар» атты ашық тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог-консультант

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 650 848 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.02.2016 2541
    • DOCX 43.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Юсупова Зухра Аскарбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Юсупова Зухра Аскарбековна
    Юсупова Зухра Аскарбековна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 28113
    • Всего материалов: 14

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой