Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Обществознание / Другие методич. материалы / Үйірме жұмысы Пікірталас "Жастарды қылмысқа итермелейтін не"

Үйірме жұмысы Пікірталас "Жастарды қылмысқа итермелейтін не"

  • Обществознание

Поделитесь материалом с коллегами:

«№22 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі

Заңгер үйірмесі.

Жастарды қылмысқа баулитын не?

Пікірталас

Тарих пәнінің мұғалімі: Қаратева Б.Қ.

Әли аулы-2015 ж.

Мақсаты: "Жасөспірімдерді қылмысқа итермелейтін не?" тақырыбында оқушылардың пікірін білу, талқыға салу, қылмыстың алдын алу үшін қандай іс-шаралар  жасау керек деген мәселелерді ортаға салу арқылы бірлесіп шешу жолдарын қарастыру.

Қатысушылар:  Жоғары сынып оқушылары және мұғалімдер!

Мұғалім: Еліміздің төл конститутциясында Қазақстан Республиксын құқықтық мемекет деп жариялағаны баршаға мәлім. Құқықтық мемлекет құру жастардан басталады өйткені болашақ солардың қолында. 

"Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің" деген аталы сөзді халқымыз бекер айтпаған. Әр адам мемлекеттік заңдарды құрметтеп, ата-бабамыздың тәжірибесін үнемі назарда ұстап отыруы тиіс. Халқымызда 13 жастағы баланы отау иесі деп атайды.  Ал, қазіргі Қазақстан республикасының Ата заңы бойынша қылмыс жасаған баланы 14 жастан жауапқа тартады. 16 жастан бастап толық әкімшілік қылмыстық жауапкершілік басталады, азамат жеке куәлік алады. 

8 жаста кәмелеттік кезең басталады. Жастардың сайлау, өз мүлкіне дербес иелік ету, неке қатынасына тұру, қалыпты еңбек қызметімен айналысқан кезде тиісті жауапкершілік құқығы пайда болады. 

Құқықты білмей, әлеуметтік мәнін түсінбей оны құрметтеу мүмкін емес. Әр азамат құқықтық қағидалар мен бала кезінен танысуы қажет.

Құқық қағидалары:

1. Әлеуметтік бостандық;

2. Адамгершілік;

3. Демократизм;

4. Теңдік:

Заңды білу заман талабы. Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға бағытталған құқықтық мемлекет идеясын жүзеге асырып, ондағы әрбір азаматтың өз құқықтарын жете біліп, соған сай-сана сезімдерін қалыптастыру қажет. Азаматтың міндеті заң талаптарын бұзбау, екінші жағына өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз-өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы атында емес, адалдылығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының бірі-қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. 

Ал енді бүгінгі пікірталасқа  9-10 сынып оқушылары "Жас өспірімділерді қылмысқа баулитын не?" деген тақырыпта өз пікірлерін ортаға салмақ. 

Тәтті өмір қызығушылық, жігерсіздік пен жалаң еліктеушілік көптеген  жасөспірімдерді қылмыс жасауға итермелеуде. 

Жасөспірімдердің теріс қылық жасаушыларының себебі неде? 

Жастар арасында қылмыстың алдын алуда жеткіліксіздік танытып отырған қандай факторлар? 

 

Сөз кезегі оқушыларда:

Парахат 10-сынып оқушысы: -Біздің ойымызша жасөспірімдерді қылмысқа итермелейтін ол, зиянды әдеттер. 

Отбасы-адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі түрлі қызмет атқарады. Оның бірі дүниеге ұрпақ әкелу, бірі дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп зиянды әдеттерге ұрындырмай, тұлға ретінде қалыптастыру. Бала отбасынан жақсы, жаман қылықты да сіңіреді. Баланы жақсы тәрбиелеу, зиянды әдеттерден аулақ,  ұстау ата-ана парызы. Мысалы өз сыныбымда сабақтан жиі қалатын сыныптасым бар, егер осы оқышыны ата-анасы үйінде қадағалап, сабағын бақыламасада, болашақта , теріс қылықтар жасауы әбден мүмкін деп ойлаймын. Сынып жетекшіміз күнделікті бақылап, сабақтан қалса үйіне барып отырады. Сондықтан тек ғана мектеп емес, ата-ана да қадағалау керек деп ойлаймын.

Назым: 10-сынып Халық даналығына назар аударсақ ол былай дейді: Егер сен жылдық өміріңді ойласаң, онда ағаш ек, ал ғасырлық өміріңді ойласаң, онда бала тәрбиеле". Егер бала есейгенде зиянды әдеттерге құштар болатын болса, ол оның тәрбиеленбеуі. Осындай дұрыс тәрбиеленбеу, еліктеу нәтижесінде көп балалар  зиянды әдеттерге: ішімдікке салыну, есірткі әсерінен естен тану, өміріңді өксітетін шылым шегу тәрізді жат қылықтар жатады. Осындай еліктіретін зиянды әдеттер әсерінен әр түрлі қылмыстарға бару, темір тордың ар жағына түсу сияқты жәйттер болады.

Ақнұр 9- сынып оқушысы: Біз  2030 жылдары Азия барысына айналамыз дедік.  Ал жастарымыз болса арақ ішіп, есірткі егіп, көшеде шалқып жүргеніне мәз. Естен тандырар есірткі әсерінен әбден уланған жастар саны алдыңғы жылдарға қарағанда көбейіп барады. Жастарымыз қызық көріп еккен есірткі әсерінен есінен танып, не істеп қойғанын білмейді. Ессіздіктің еншісі есірткі екенін әлі түсінбейтіндер де бар. Осындай әрекеттерден оқыс оқиғаларда туындайды.

-Осындай оқиғаларға байланысты мен оқушыларға газет беттерінен оқыған жағдайды оқушыларға айтып берейін.

Нұрлан атты Алматы қаласындағы  студент бала былай деп жазыпты: "Бір күні наркодиспансер бөліміне бардық. Қайран Аманжол! Уақында иығына төгілетін аттың жалындай қайратты шаштарына кім көрінген қызығушы еді. Енді ше? Басы тап-тақыр, сүйріктей саусақтары дір-дір етеді. Көзінің алды көгіс тартып, есеңгіреп отыр. Арманшыл баланы танымадым. Түкке тұрғысыз сөздері айтып  жанымды шошытты. Болмайтын нәрсеге қарқылдап жарты сағат күлді. Мен сонда нашақордың ақылы азып, сандырақ күйге түсетінін ұқтым. Ол емделіп келді. Бірақ Аманжол анашамен арасын мәңгілікке бөле алмапты. Ақыры не болды? Үйдегі затты жымқырып, сатып жіберу, анасының әмиянын тазарту, әкесінің қалтасына қол салу, қарсыласқанды соққыға жығу,  дене жарақатын салу. Қазір Аманжолдың ата-ансы бір бөлмелі лашық үйде, қала шетінде тұрып жатыр. Бұрынырақтағы олардың қала төріндегі төрт бөлмелі үйі қандай еді? Ең қиналатыны, тума дарын иесі Аманжолдың жүрегі енді ән салмайтын секілді. Бір шаңырақтың асылы еді, амал нешік, масыл болды. Көше балаларына көзсіз еріп, олардың айтқанын жасаудың арты қасіретке айналды. Мінеки, мықты пионист болатын бала еліктеу нәтижесінде есірткінің айықпас ауруына кезікті. 

Балалар, сендер де бір сәтке ойланып көріңдерші".

Ұлан 9-сынып оқушысы: Менің ойымша, жасөспірімді қылмысқа итермелейтін нәрсе әлеуметтік жағдай немесе қиын тұрмыс. 

"Ананың көңілі-бала да, баланың көңілі-далада" демекші, бала есейген сайын айналасына тереңірек көз тастайтыны белгілі. Яғни, мен неге қатарымнан қалуым керек деген түсінік пайда болады. Тұрмыстағы мәселелер ең біріншіден ақшаға келіп тіреледі десем артық айтпайтын шығармын. Көп жағдайда әлеуметтік жағдайдың қиындығы бастарын шырмап алған ата-ана бала тәрбиесіне немқұрайлы қарайды. Тіпті, кейде қылмысқа баруға өздері итермелейтін жәйттердің болғанын баспа сөз беттерінен оқыпта жүрміз. Бұл деген сұмдық қой. Сондықтанда болашақта әлеуеттілікке жеткізетін бірден-бір сара жол -білім, ақыл, жігерлілік, және еңбекқорлық дегім келеді. Қиындықтың бәрі ауқытша екенін естен шығармаңдар, достар!

Ажар 9-сынып: Менің айтпағым отбысындағы ата-ана тәрбиесінің жеткіліксіздігі бала болашағына балта шабумен бірдей.

Бала, жас өскін, ол әрбір ата-ананың үмітін артқан ұрпағы. Ол шыр етіп дүниеге келгеннен бастап ата-анасының қамқорлығында болады. Олай болатын болса, не себепті бала жаман жолға түседі? Оны жаман әдеттерге итермелейтін кім? Оның себептері, әрине көп-ақ. Көп жағдайда ата-анасының баласына уақыты аз бөлуінен, үйдегі болатын кикілжің немесе отбасындағы ақша мәселелерінің туындауы.  Бұл әрбір жанұяда болатын заңдылық деп есептеймін. "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің" деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Баланың әлсіздігі: еліктеушілік, біреудің айтқанына сену, көзбен көре тұра сол жаман қасиетке өзін итермелеуі және т.с.с.

Айгерім 9-сынып: Әрбір ата-ана баласына жаман әдеттердің әкелетін зардаптарын жастайынан ұғындырған дұрыс, өйткені бала есейген кезде тым кеш қалуы әбден мүмкін. Сондықтан да баланы жастайынан спортқа, өнерге, білімге, құштар болуға мүмкіндік жасап, болашақ та үлкен азамат болып, өсуіне зор ықпал жасауға тиіс. Мен өз қатарластарыма айтарым: ата-анаңды құрметте, кісіні өлтірме, жалған куәлік берме, біреуге жала жаппа, өзге кісіні күндеме, күншіл болма, қызғаншақ болма. Егер де сен сол қағидаларды есіңе алып жүрсең ешқандай қылмысқа да, қырсыққа да, ұшырамайтының анық деп нық сеніммен айта аламын. 

Тоғжан 10-сынып: Оқушы жастардың, жасөспірімдердің теріс қылық жасаушыларын батырлыққа, ерлікке бағалап, олардың сондай жағымсыз қылықтарды көптеп жасауына ықпалы көбірек болып отырғаны Бұқаралық ақпарат көздері екені баршамызға мәлім. 

Ақпарат құралдары болғанда да, жеке меншік ақпарат құралдары-тобырлық санаға арналған басылымдар, лас бейнефильмдер мен қылмыстық хроникалар көрсетіп, тек жарнама жасау арқылы байып отырған жекеменшік телестудиялар болып отыр. Ал, жасөспірімдердің жан дүниесі нәзік, сезімтал, естігенін тез қабылдайды. Сондықтан, телеарналардан үнемі беріліп тұратын қылмыс хроникасы, жағысыз мәліметтер жастардың нәзік көңілін жаулап алып, олардың санасына қатыгездік пен жүгенсіздік ұрығын себуде.

Камшат: 10-сынып қазіргі таңда телефонның өзі жастарды қылмысқа итермелеуге көп септігін тигізуі мүмкін деп ойлаймын. Себебі күні бойны ата-анасы жұмыста қараусыз балалар ондағы әр-түрлі хабарларды оқып, мән-жайына түсінбей оқып, қызығып соған еліктеуі мүмкін.Әсіресе діни жағдайлар , неше түрлі секта деп жатқандар.

Қорыта айтқанда, жастардың арасында адамгершілік-құқықтық насихат жұмыстарын барынша пәрменді түрде жүргізе отырып, оларды құқық негіздерімен қаруландыру, құқықтық тұрғыдан әлеуметтендіру қажет-ақ.

Елбасымыз Н. Ә.Назарбаев "Бізді жастарымызға мақсаткерлік, Болашаққа деген шүбасыз сенім, мойымас жігер, кез-келген істі қолға алуға деген құлшыныс тән" дейді. Шынымен де жастарымызға құлшыныс, көкейлерінде үміт бар ма? Бұл жастар ХХІ ғасыр жастарына не үндеу тастай алады?

Мен ХХІ ғасыр жастарын әділетті қоғам құруға атсалысуға шақырамын.

Құрметті жастар. Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда. "Тәрбиелі -тәртіптің құлы" -демекші, барлығыңыз тәрбиесі мен білімі ұштасқан азамат болып өсе беріңіздер.



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 08.11.2015
Раздел Обществознание
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров333
Номер материала ДВ-133515
Получить свидетельство о публикации

Комментарии:

1 год назад

Өте жақсы маған ұнады.оқушылардың өз ойларын жеткізуі

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх