Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / "Үйірменің үйретері көп" мақала
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

"Үйірменің үйретері көп" мақала

библиотека
материалов

Үйірменің үйретері көп

Бала тәрбиесi – игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi. Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеніне байланысты Елбасының «2030 жылғы жолдауындағы», мақсаттар мен мұраттар мүлтіксіз жүзеге асырылса, ұрпақ тәрбиесіндегі істерде де үлкен бетбұрыстар болары сөзсіз деген еді.

Мағжан Жұмабаев: «Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. ... бала тар ойлы ақымақ болса, бала кінәлі емес, тәрбиеші кінәлі, бала сұлулықтан ләззат ала білмейтін мылқау жынды болса, бала айыпты емес, тәрбиеші жазалы», - деп айтып кеткен ғой. Біздің данагөй халқымыз ежелден-ақ бала тәрбиесін болашақ тәрбиесі деп түсінген. Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың күш-жігерін дұрыс бағытта жұмсау және бойында тұнып тұрған туа біткен қабілетін ашу, өнерге баулу мектеп мұғалімдерінің қолында. Біздің мектебіміз балаларды жан-жақты дамыту мақсатында «Өрнек» шеберқолдар, «Жас қаламгер» болашақ тілшілер, «Мәнерлеп оқу» көркемсөз оқушылар, «Домбыра» домбыра үйренушілер үйірмесі жұмыс жасап келеді. Үйірмелер оқушылардың бос уақытты тиімді қолдануға мүмкіндік береді. «Үлгісі көптің өрнегі көп, өрнегі көптің ермегі көп» деп халық нақыл сөзінде айтылғандай бұл үйірмелердің берері көп және жеткен жетістіктері аз емес.

«Өрнек» үйірмесіне қатысушылар Павлодар облысында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай өткен «Ұлы өткен күндерге тағзым» атты байқауда «Қолтаңбалы өнер» номинациясына ие болды. Үйірме жетекшісі Рахима Қайраққызы аудандық қолөнер сайыстарына оқушыларын қатыстырып, жүлделерге ие болуда. Сондай – ақ «Жас қаламгер» үйірмесі мектеп оқушыларына арналған ай сайын мектеп газетін шығарып, үйірме мүшелері аудандық, облыстық басылымдарға мақалаларын жариялауда. Үйірме мүшесі Сансызбаев Аңсат облыстық «Абай оқулары» сайысына,

биыл мектеп түлегі, үйірме мүшесі Қабдуахит Мәди облыстық «Журналистика мамандығын таңдаймын » конкурсына жолдама алды. Мектеп оқушыларымен құрылған мектептің домбыра оркесторі аудандық сайыстарға үнемі қатысып келеді. Биылғы оқу жылында ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткен аудандық «Ұлы дала дауысы» ұлттық аспаптар байқауында І орынға ие болды. Биыл ғана құрылған «Мәнерлеп оқу» үйірмесінің мүшелері жыр жаттап , аудандық оқуларға қатысып келеді. Қайролла Назым сынды оқушымыз ақындардың жырын жаттап,облыстық сайыстарға баруға дайындық үстінде.

«Бұлақ көрсең, көзін аш» демекші балаға дер кезінде бағдар беру, қабілетін анықтау, оның бойында тасып тұрған күш-қайрат, жігерін орынды жұмсауға үйрететін – алдымен ата-ананың, онан соң ұстаздардың міндетінде. Бала – біздің бауыр етіміз, бақытты болашағымыз. Халқымыз: «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі», - демекші, бала тәрбиесіне отбасында өмірге келген күнінен бастап айрықша мән берейік.




Қымбат Намазбаева

Нығманов атындағы орта мектептің аға тәлімгері

Жаңабет ауылы

Ақтоғай ауданы




hello_html_m4d1633aa.png«Жас қаламгер» үйірмесінің көрмесі


hello_html_m139d6361.png«Жас қаламгер» үйірмесінің жұмыс барысы



hello_html_m19c2b9fc.png

«Өрнек» үйірмесі












Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-073620

Похожие материалы