Инфоурок Физика Другие методич. материалы"Үйкеліс күші" тақырыбына сабақ жоспары (7 сынып)

"Үйкеліс күші" тақырыбына сабақ жоспары (7 сынып)

Скачать материал

 

 

 

 

Абай атындағы жалпы орта мектебі                                                                                                      Атырау облысы, Құрманғазы ауданы,                                                                                   Утебалиева Нурсауле Зұлпыхарқызы                                                                                

 

Сабақ жоспары

Физика 7 сынып

Сабақтың тақырыбы:§32 Үйкеліс күші.Техникада үйкеліс әрекетін ескеру.

Сабақтың мақсаты:

а)Білімділік: Оқушыларға үйкеліс күшінің қандай күш екенін, оның табиғат заңдарындағы маңызын, өмірмен байланыстырып түсіндіру.

ә)Тәрбиелік: Өз білімдерінің нәтижесінде өздерін бағалай білуге тәрбиелеу.

б) Дамытушылық: Есеп шығару тәсілдерін үйрету, практикалық білім беру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар арасында  белсенділік  артады;

Топтық, жеке жұмыс жасауға дағдыланады;

Өз пікірімен ортамен ашық бөлісе алады;

Берілген тапсырмаға өздігінен реттеледі;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ 

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, динамометр, білеуше, әртүрлі денелер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру;

Психолгиялық дайындық

II.Үй тапсырмасын сұрау;

III. Жаңа сабақ;

IV.Топтық жұмыс;

V. Эксперименттік есептер

VI. Сергіту сәті

VII. Бекіту

А) Сұрақтар

В) Есептер шығару

VIII. Түйін

 IX. Кері байланыс

X. Үйге тапсырма;

XI.Сабақты қорытындылау (бағалау).

І.Ұйымдастыру (оқушылармен амандасу, тексеру)

ІІ.Үй тапсырмасын қайталау

Бинго ойынындағы сұрақтар арқылы үй тапсырмасын сұрау.

Дененің салмағы дегеніміз не?  Дененің тірекке немесе аспаға әрекет ететін күші

Дененің салмағының формуласы: Р=mg 

Салмақтың өлшем бірлігі? Н (Ньютон)

Сыйлық

Тіректің денеге әрекет ететін күші?  Тіректің реакция күші

Кей жағдайда тірек дененің қозғалысына бөгет болмайды, сондықтан дене тірекке әрекет етпейді, дененің мұндай күйін? Салмақсыздық

ІІІ.Жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

Шананы қара жолмен сүйрегенен гөрі мұз бетімен, қар үстімен сүйреген ыңғайлы. Тетік-бөлшектері майланбаған велосипедті тебу де, тұрмыстық жиһаздарды еден бетімен жылжыту да қиынға түседі. Жол бойымен келе жатқан машинаның қозғалтқышын жүргізуші өшіргеннен кейін ол тоқтайды. Мұз айдынында коньки теуіп жүрген бала да, төбешіктен сырғанап түскен шана да, домалап келе жатқан доп та біраздан соң тоқтайтын болады. Бұл тәжірибелер бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде қозғалыс жылдамдығына қарама – қарсы бағытталған және дененің қозғалысына кедергі жасайтын күш пайда болатынын көрсетеді.

      Бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш үйкеліс күші деп аталады. Fүйк.  әрпімен белгіленеді. Fүйк. =µN                 

                Үйкеліс

 

 

 


Тыныштық үйкелісі                                                                                     Домалау үйкелісі                        

 

Сырғанау үйкеліcі

Сырғанау үйкеліс күші. Өте жақсы өңделген екі бірдей металл кубты алып, оларды әр түрлі беттерге қояық, біреуін кішкене кедірлі – бұдырлы  бетке, ал екіншісін жылытыр бетке. Бет аздап кедірлі – бұдырлы болғанда дененің оңай сырғанайтынын байқаймыз. Ал керсінше екі өте жақсы тегістеліп өңделген беттің бір – біріне сырғымайтынын көреміз. Себебі мұндай беттердің бөлшектері бір – біріне өте жақын орналасады екен, олардың арасындағы үлкен тартылыс күштердің салдарынан олар бір – біріне жабысып қалады екен. .

Тыныштық үйкеліс күші. Бұл бір жағынан дененің қозғалуына кедергі жасайтын күш, ал кейде тыныштық  үйкелісі қозғалыстың басталуына себеп бола алады. Мысалы: жүргенде аяқ киім табаны жолмен өзара әсерлесе отырып, қызыл стрелка, оны кейін қарай көк стрелка мен көрсетілген бағытта итереді, ал үйкеліс нәтижесінде пайда болған тыныштық үйкелісі адамның аяғына үдеу береді, сөйтіп адам жолды аяғымен итеріп оны кері қарай қозғалуға мәжбүр етеді.

Үйкелістің пайда болу себептерінің біріне жанасатын беттердің кедір-бұдыр болуы жатады. Жанасатын беттер молекулаларының өзара тартылысы үйкелістің пайда болуына басты себеп болып табылады.

Үйкелісті азайтудың мүмкін жолдарының бірі- үйкелетін беттерді майлау.

Дененің өзі жанасып тұрған бетке (жанасу бетіне перпендикуляр) түсіретін күшін қысым күші деп атайды. Оны N әрпімен белгілейді.

N= mg

IV.Топтық жұмыс;

Әр топ өздеріне берілген ресурс материалдары бойынша келесі топқа сұрақ қояды.

V. Эксперименттік есептер

Үйкеліс көп те, аз да болуы мүмкін, яғни оны сандық жағынан сипаттауға болады.

Тапсырма: Ағаш білеушені үстел үстімен сүйрей отырып үйкеліс коэффициентін анықтау.

Керекті құралдар: динамометр, ағаш білеуше, жүктер жиыны.

№1                                                                                                                                                                             Динамометрге ағаш білеушені іліп қысым күшін анықта. Содан соң білеушені үстел үстімен жылжытып, динамометрдің көрсетуін үйкеліс күшінің модуліне тең деп ал. Осы екі шама арқылы үйкеліс коэффициентін анықта.                                                                                                                                                                                  №2

Динамометрге ағаш білеушені және 1 жүкті іліп қысым күшін анықта. Содан соң білеушенге жүкті жалғап үстел үстімен жылжытып, динамометрдің көрсетуін үйкеліс күшінің модуліне тең деп ал. Осы екі шама арқылы үйкеліс коэффициентін анықта.

№3

Динамометрге ағаш білеушені және 2 жүкті іліп қысым күшін анықта. Содан соң білеушенге жүкті жалғап үстел үстімен жылжытып, динамометрдің көрсетуін үйкеліс күшінің модуліне тең деп ал. Осы екі шама арқылы үйкеліс коэффициентін V.  Сергіту сәті

VI.  Сергіту сәті

VII. Бекіту;

А) Сұрақтар:

Үйкеліс күшінің анықтамасы... Бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш

Үйкелістің пайда болу себептері ? Жанасатын беттердің кедір-бұдыр болуы. Жанасатын беттер молекулаларының өзара тартылысы

Үйкелістің түрлерін ата? Мысал келтір Тыныштық, сырғанау, домалау

Үйкеліс күшінің өрнегі қандай? Ондағы шамаларды ата. Fүйк.=μN

Үйкеліс күшін қалай азайтуға болады? Үйкелетін беттерді майлау

В) Есептер шығару (Оқулықпен жұмыс 14- жаттығу 2-4  128 бет )

VIII. Түйін

      Сонымен біз бүгін үйкеліс күшінің маңызымен таныса келе мынадай қорытынды жасаймыз.

      Қорытынды: Сырғанау үйкеліс күші үйкеліске түсетін денелердің табиғатына тәуелді болады. Сырғанау үйкеліс күшінің модулі қалыпты қысым күшінің модуліне тура пропорционал: Fүйк.=μN

      Тәжірибелер үйкеліс коэффициенті жанасушы денелердің аудандарына тәуелсіз, жанасатын денелердің қандай материалдан жасалғанына тәуелді болады. Дененің жылдамдығы аз болса, жылдамдыққа тәуелсіз, ал жылдамдық артқан сайын үйкеліс жылдамдыққа тәуелді артады.

      Домалау үйкеліс күші де сол сырғанау үйкеліс күші бағынатын заңға шартты түрде бағынады.

IX. Кері байланыс . Алдарыңызға берілген бетшені бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңіз бойынша қорытындылай қойыңыздар.

Аты-жөні

Бүгінгі сабақтан үйренгеніңіз?

Сабақта не түсініксіз болды?

Қосымша не қосар едіңіз?

 

 

 

 

 

X. Үйге тапсырма: §32 оқулық. 14 (5)-жаттығу.                                                                        XI. Сабақты қорытындылау (бағалау).

 

                                                                                                    

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Үйкеліс күші" тақырыбына сабақ жоспары (7 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по корпоративной культуре

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 836 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.02.2017 1359
    • DOCX 120.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Утебалиева Нурсауле Зулпыхаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 38496
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по физике в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 80 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 569 человек

Курс повышения квалификации

Информационные технологии в деятельности учителя физики

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 116 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 866 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Физика")

Учитель физики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 39 человек

Мини-курс

Финансовое моделирование и управление инвестиционными проектами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Прощение и трансформация: освобождение от родовых программ и травм

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 176 человек из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Мини-курс

Искусство в контексте современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе