Инфоурок Иностранные языки Рабочие программыҒылыми жұмыс "Дербес компьютердің мультимедиялық мүмкіндіктері" Тлемісова Ақтілек

Ғылыми жұмыс "Дербес компьютердің мультимедиялық мүмкіндіктері" Тлемісова Ақтілек

Скачать материал

Кіріспе

 ХХІ ғасыр – техниканың озық дамыған ғасыры.  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында бүкіл мектеп компьютермен қамтамасыз етілді.

Білім – адамзаттың жинақтаған тәжірибелерін заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Білімді жеке адамның игілігіне айналдыру үшін, оны ойлау операциясы – талдау, синтездеу, салыстыру, жіктеу және жинақтау арқылы терең ұғыну. Қазақстан Республикасының  Президенті  Н.Ә. Назарбаевтың   Қазақстан   халқына   Жолдауында    «Адамзат      үшін    

ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды  жүзеге  асырып,  өмірге енгізу, игеру және жетілдіру -  бүгінгі мектеп оқушылары сіздердің  еншілеріңіз» – деп атап көрсеткен.

Өркениетті қоғамның   дамуы – ақпараттандыру үрдісімен тығыз байланысты болып келеді. Бұл үрдістің басты ерекшелігі – қоғамдық қызметтің барлық саласында ақпараттық және коммуникациялық технология құралдарының негізінде жүзеге асырылатын ақпаратты жинау, өңдеу, олардың қорын жасау, сақтау және тарату болып табылады.

Менің зерттеу тақырыбымның өзектілігі: білім беру саласын ақпараттық-коммуникациялық және мультимедиялық технологияларды оқу үрдісіне қолданумен, олардың әдістемелік негіздерін жасап ұсынумен және тиімді пайдалана білуді жүзеге асырумен анықталады.

Мұндағы басты мақсатым – ақпараттық-коммуникациялық және мультимедиялық технологияларды білім беру саласынан тыс  заман талабына сай тиімді түрде қолдануды игеру.

Көздеген мақсатымды жүзеге асыру үшін алдымызға төмендегіше міндеттер қойдым:

·                   Дербес компьютердің мультимедиялық мүмкіндіктерін зерттеу;

·                   Мультимедиялық мүмкіндіктердің тиімділігі;

Оқу үрдісіндегі ақпараттық - коммуникациялық және мультимедиялық технологиялар  құралдарының  мүмкіншіліктерін  пайдалану   барған сайын арта түсуде, бұл әрине заман талабы.

 Ақпараттық технология жақсы дамығанымен ол оқытудың басты құралы болып есептелмейді. Ол үшін оқу бағдарламасында және оқыту әдістеріне өзгеріс енгізу керек  деп есептеймін. Жаңа технологияны қолдану мұғалімдерге дайындық  жұмыстарына көп уақытты керек етеді. Әрбір мұғалімнен ізденуді, шығармашылық жұмыс жасауды, алыс – жақын шетелдердің озық тәжірибелерімен танысуды және оның күнделікті өмірде қолдануды қажет етеді. Сондықтан, мен өз жұмысымда Power Point программасында тест, Excel программасында сөзжұмбақ,  Bisual basic программасында тест құру, Интернетте жеке веб беттер жасауды, графикалық редакторларда редакциялау, Blendr-де әртүрлі объектілерге жанбітірімдер жасау,  Киностудия  Windows Live , Move maker программаларында видеоларға монтаж жасау Math Cad-та физикалық және математикалық есептеулердің графиктерін құру оларға анимация жасау жолдарын ұсынамын.

Қысқаша тарихы мен мүмкіндіктері

«Мультимедия» термині (көп) және «media» (орта)
сөздерінің   бірігуінен  құралған, «көпорталы» деген  мағына  береді.     

Мультимедия технологиясының идеялық алғышарты ретінде 1945 жылы американ ғалымы Ваннивер Бушпен ұсынылған “MEMEX” жадысын ұйымдастыру  концепциясы  саналады. Ол ақпаратты оның формальды белгілері (нөмір, адрес реті немесе алфавит бойынша т.с.с)  бойынша емес мағыналық мазмұнына қарай іздеуді қарастыратын. Бұл идея гипермәтін (мәтіндік  құжаттар жиынтығының  жұмыс  жүйесі) түрінде компьютерлік жүзеге асырылады,  одан кейін гипермедия (графика, дыбыс, видео  және анимациялар жиынтығымен жұмыс жүйесі) және осы жүйелерді байланыстырған мультимедиа.  Яғни,  мультимедия мәтін, графика, дыбыс және видеобейнелерді біріктіретін диалогтік  ақпараттық технология болып табылады. Мультимедия – кешенді түсінік. Бір жағынан, ол құжаттардың ерекше типі болса, екінші жағынан – программалық және аппараттық қамтамасыздандырудың ерекше классы.

Мультимедиялық құжаттардың қарапайым құжаттардан  айырмашылығы, дәстүрлі мәтіндік және графикалық деректерден басқа дыбыстық және музыкалық объектілерді, анимацияланған графиканы, видеоүзінділерді, графикалық құжаттарды қамтиды.

Мультимедиялық программалық қамсыздандыру – бұл мультимедиалық құжаттарды және үзінділерді  құру  және  ойнату  үшін  арналған  программалық құралдар. Мультимедиялық  аппараттық қамсыздандыру – мультимедиялық  программалық  қамсыздандыруды  құру,  сақтау  және  ойнату  үшін  қажет  құрал - жабдық.  Оларға дыбыстық карта,  CD-ROM дисковод және дыбыстық колонкалар жатады. Сонымен қатар  құрал-жабдықтардың бұл тобын базалық мультимедиялық кешен деп атайды. Мультимедия құралдарының дәстүрлі ақпарат тасушылардан айырмашылығы – интербелсенділік, еркін талғап-талдап түсіндіру және үйірімділік.[1]

 Мультимедиялық мүмкіндіктерді меңгерудің маңыздылығы.

“Мультимедия дегеніміз не?” – деген сұраққа сан түрлі жауап алуға болады. Ұсынылып отырған зерттеу аясына лайықтап айтар болсақ, мультимедия – білім беру саласындағы слайд, видео  және аудио үлгідегі мәліметтерді оқушының оңай қабылдап, жадында мықтап сақтауына жағдай жасайтын құрал. Мультимедия - компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология. Ол ақпараттарды кешенді түрде бейнелеуді,   мәліметтерді мәтіндік, графикалық, бейне, аудио және мультипликациялық түрде шығаруды жүзеге асырады. Мәтін түрлі түсті графика, дыбыс, сөз бен кескін синтезін жасап, ақпараттың өте көлемді мөлшерін жадында сақтап, сұқбаттық түрде жұмыс істейтін компьютерлік жүйе.[2]

Заман талабына сәйкес компьютердің  өмірлік практикада пайдалануы және ондағы программалардың қажеттігі бүгінгі күннің әлеуметтік-экономикалық өзгерістері  көрсетіп отыр. Қазіргі кезде ең көп сұранысқа ие болатын  компьютердің мультимедиялық мүмкіндіктерін пайдалану.

 Информатика сабағында окытудың компьютерлік әдістерін интерактивті деп атайды, себебі олардың мүғалім мен оқушының әрекетіне “дыбыс беру”, олармен диалог “жүргізу” қабілеті бар. Бұл компьютерлік оқыту әдістемесінің ең негізгі ерекшелігі болып табылады.

Информатика сабағында компьютерді оқыту процесінің барлык кезендерінде қолданылады: жаңа материалдарды түсіндіргенде, бекіткенде, қайталағанда, білімін, іскерлігін және дағдыларын бақылағанда. Сонымен қатар оқушы үшін ол әр түрлі функцияларды атқарады.

Сондықтан күнделікті сабақта біз танымдық қабілет пен біліктілікті қалыптастыру мақсатында және информатика пәнінде компьютерді тиімді қолдану, дыбысты жазу және ойнату, PowerPoint бағдарламаларын жетік білу мақсатында оның мүмкіншіліктерін пайдалану жолдарын көріп жүрміз.

Мультимедиялық оқыту  құралдары  (педагогикалық құрал)   

Мультимедиялық   бағдарламалар

·                   Компьютер

·                   Интерактивті тақта

·                   Мультимедиялық проектор

·                   Видео және аудиомагнитофон

·                   Ғаламторға шығу мүмкіндігі

·                   Электрондық оқыту бағдарламалары

 Мультимедиялық презентация мыналарды қамтиды:

*                компьютерлік анимациялар

*                иллюстрациялық қатар

*                дыбыстық қатар

*                видеофрагменттер

*                гипермәтін мен гиперсілтемелер.

 

      Компьютердің мультимедиялық мүмкіндіктері

Ø     Әр-түрлі фигурадағы мәтін енгізу

Ø      Суреттер енгізу

Ø      Дыбыстар кірістіру

Ø      Видеолар кірістіру

Ø      Анимациялар құру

Ø      Электронды оқулықтар жасау

Ø    Программалау тілдерінде тест жасау

Ø    Офистік бағдарламаларда сөзжұмбақтар құру

Қазіргі кездегі компьютерлерде тек жазып, оқып, сурет салып қана қоймай, суреттер, әр түрлі фигурадағы мәтіндер кірістіруге, анимациялар құруға бейнефильмдерді көруге және компакт дискіден музыкалық шығармалар тыңдауға болады. Компьютерлер осы үшін компакт дискілерді оқитын қосымша құрылғылармен, микрофонмен және колонкалармен жабдықталған.

 

Бұл қосымша құрылғылардың көмегімен:

v    Құжаттарға дыбыс қосуға (өздерің жасаған құжатпен немесе кестемен жұмыс істейтіндер үшін нұсқау жазуға);

v    Компьютерде музыкалық компакт дискілерді ойнатуға;

v    Windows-тағы әр-түрлі оқиғаларға сәйкес дыбыстар тағайындауға;

v    Әр түрлі пәндер бойынша мультимедиялық сабақтарды көріп оқуға;

v    Нақтылы дыбысы, бейнекөрінісі және анимациясы бар мультимедиялық ойындар ойнауға болады.

v    Компьютердің мультимедиялық мүмкіндіктерін сабақтарда пайдалану мысалдары

Мультимедиялық құралдар білім берудің  қазіргі заман талаптарына сай оқушының қажеттіліктері мен оқып-үйрену ерекшеліктерін ескере отырып икемдеп түрлендіруге зор мүмкіндік береді. Сапалы жасалып, дұрыс қолданылған мультимедиялық оқу құралдары оқушының пән мазмұнын игеруін әлдеқайда жеңілдетеді.

Компьютерде мультимедиялық  құрылғыларды пайдалануға арналған  Windows-тің арнайы программалары бар. Олардың кейбіреулерін, мысалы, лазерлік ойнатқышты, әмбебап ойнатқыш пен фонографты,  PowerPoint-ты қарастырдым.

       Ойнатқыш 2- ге бөлінеді.

       

 Олар: Әмбебап және лазерлік ойнатқыштар. Әмбебап ойнатқыш дыбыстық және видео файлдарды ойнатуға, ал лазерлік ойнатқыш тек қана дыбыстық файлдарды ойнатуға арналған.

Power Point  программасының сабақ өткізуде, жарнамалауға, фирмалардың ашылу шараларында т.б. пайдалануға болатын көптеген мүмкіндіктері бар. Олар: слайдтар жасау, анимациялар құру, кесте, диаграмма, суреттер, мәтіндер кірістіру  мысалдарын қарастыруға болады.

     

Компьютердің мультимедиялық мүмкіндіктерін төмендегідей салаларда пайдаланылады:

 Қазіргі кезде дербес комьютердің мультимедиялық мүмкіндіктері күннен-күнге көбейіп, жаңарып келеді.  Ол тек мультфильм, компьютерлік ойын, көркем иллюстрация жасайтын мамандардың ғана емес, көптеген адамдардың іскерлік, ғылыми және инженерлік қызметінің ажырамас бөлігі.

Әрбір сала үшін мультимедиялық мүмкіндіктер деп аталатын арнайы программалық қамтамасыз етулері жасалады.

Мультимедиялық мүмкіндіктердің төмендегідей бағыттары бар:

1. Ғылыми бағытта

2. Іскерлік бағытта

3. Көркемдік және жарнамалық бағытта.

 Ғылыми  бағытта - білім беруде мультимедиалық программалық құралдарда. Бұл бағыт әр түрлі мекемелер

жұмысында жиі қолданылатын безендірмелер (иллюстрация) жасауға арналған. Бұл бағытқа жататын мультимедиялық мүмкіндіктері бар бағдарламалар: Power Point, Adobe Illustrator, CorelDraw,

Іскерлік бағытта - бұл автоматтандырылған проектілеу жүйесінің элементі. Оның міндеті:

- техникалық конструкцияны проектілеу процесінде (жазық және үшөлшемді бейнелерді алу) сызба дайындау; Бұл бағытқа жататын бағдарламалар: AutoCAD, Blendr, 3D Max Studio.

Көркемдік және жарнамалық бағытта- өте күшті графикалық пакеттерді пайдаланып жарнамалық роликтер, компьютерлік ойындар, мультфильмдер, қиын шынайы графикалық бейнелер құру. Яғни, графикалық бейнелерді құру және өңдеу үшін қолданылады, мысалы, баспа басылымдарын, жарнамалық  роликтерді, фотобейнені қалпына келтіру және өңдеу, мультфильм құру, видеосабақ, компьютерлік ойын жасау үшін қолданылады. Бұл бағытқа жататын бағдарламалар: Киностудия Windows Live , Move maker т.с.с.   [3]  

Дербес компьютердің мультимедиялық мүмкіндіктерін мынадай салаларда қолданылады:

v    архивті-музей ғылыми жұмыстарда,

v    медицина бағытында,

v    білім беру жүйесінде,

v     бизнес ортасында

v    мультипликацияда және т.б.

Мультимедия құралдарының негізгі стандарттарына келесі программалар жатады:

·                     Лазерлік ойнатқыш (CD Player);

·                     Әмбебап ойнатқыш (media Player);

·                     дыбыстың естілуін реттеуші (Volume Control);

·                     Фонограф дыбысты жазу программасы (Sound Recoder).

Мультимедия құралдары ретінде: графика, гипермәтін, дыбыс, анимация, видеоны қолдана отырып қолданушыға компьютермен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін аппараттық және программалық құралдар кешенін түсінуге болады.

Біздің елімізде мультимедия жүйелерінің мүмкіндіктері қоғамымыздың барлық салаларына, оның ішінде білім беру саласы бойынша ұлттық тұрғыдағы әдістемелік жүйе жасаудың жаңаша моделін жасау барысында кеңінен пайдалануда. [4]

Тақырып бойынша зерттеу: Мультимедиялық технологиялардың адам өміріндегі рөлі

Дербес компьютердің мультимедиялық мүмкіндіктерімен  адамдар  қалай танысты және күнделікті өмірінде қалай пайдаланады?

Бұл сұрақтың жауабын мен өз зерттеу жұмысымнан таптым.

 

 

     

 Ақкөл орта мектебі оқушыларынан «Мультимедиялық мүмкіндіктер және оларды   пайдалану саласы» тақырыбында сұрау жүргіздім

Сұрақтар:

1.Мультимедиялық мүмкіндіктерді білесіз,  өз өміріңізде жиі пайдаланасыз ба?

2. Қандай мақсаттарыңызда пайдаланасыз?

   Қорытынды:

94% сұралған оқушылардың мультимедиялық мүмкіндіктерді жиі пайдаланады.

-                     Спецэффекттер, цифырлық кинематографияда;

-                     Компьютерлік ойындарда;

-                     Цифрлық фотосуреттер , оларды өңдеуде, олардан видеороликтер жасағанда, видеоларды монтаждағанда;

-                     Интернетте. 

Бұл салаларда оқушылардың бәріде өз білімдерін мультимедиялық мүмкіндіктер туралы тереңдеткізгісі келеді. Қазіргі заманда компьютер мен адамзат арасындағы компьютердің мультимедиялық мүмкіндігін пайдалану ең маңызды мәселе болып табылады, өйткені нәтижесі көрнекі және түсінікті.

Өз зерттеу жұмысымның барысында біздің мектептің кейбір оқушылары  Интернетте өз жеке сайттарын жасауда жұмыстанып жатқанын  анықтадым. Мультимедиялық мүмкіндіктерді өте  жақсы меңгергендіктен өз сайттарының дизайндарын әдемі және көрнекі етіп безендіруде, видеороликтермен және әсем графикалық редакторда жұмыстарымен  толтыруда.

Қазіргі  заман талабы бойынша тек жоғары буынның оқушылары ғана емес, орта буынның оқушылары да компьютерлік интерфейсін жақсы меңгеруі тиіс. Яғни, компьютердің мультимедиялық мүмкіндіктерін білуі тиіс деп ойлаймын. Ол өте тартымды бағдарлама.

Келесі кезеңім мектеп оқулықтарының талдау болды.

 Мектеп оқулықтарының талдауы

 Қорытынды:

Міне, компьютерлік мультимедиялық мүмкіндіктерін  мектеп бағдарламасы бойынша оқушылардың үйренетін бағдарламалары: MSPowerPoint, Basic, Adobe Photoshop, CorelDraw, Blendr, 3D Max Studio. Сонымен қатар, MS Excel, MS Word  бағдарламаларында да электронды тест немесе сөзжұмбақтар құрастыруда дербес компьютердің мультимедиялық мүмкіндіктері болып табылады.

Ең қарапайым интерфейс Фонограф бағдарламасы мен MSPowerPoint редакторында болып табылады. Онда оқушыға ең алғашқы сабақтардан  бастап өз қолдарын пернетақтада және тышқанда жылдам жаттықтыра бастайды. Және бұл бағдарламаның  алғашқы қадамдары әріқарай түсінікті және қызықты болып табылады. Себебі, бағдарламада анимация, дизайн жасау, редакторге дыбыс, видеофильмдер енгізу  мүмкіндіктері өте тартымды.

Әрине, анимацияны да, үш өлшемді пішімдеуді де, HTML-технологиясын да мектеп бағытындағы информатика пәнінде  толық оқығанмен , нағыз маман ретінде үйрену мүмкін емес.

«Мультимедиялық мүмкіндіктердің адам өміріндегі рөлі» топттық жұмыстар

1. Дизайнерлер тобы

2. Мультипликаторлар тобы

3. Сәулетшілер  тобы

Мақсаты: Расторлық және векторлық графикалардың қосымша мүмкіндіктерін пайдаланып мультимедиялық мүмкіндіктерін зерттеу. Іс жүзінде мультимедиялық мүмкіндіктердің адам өміріндегі рөлінің  маңызын бақылау.

Тапсырма:

 Тапсырма № 1. Болашақта өздерің таңдайтын мамандық бойынша  расторлық   және  векторлық бейне суреттерді бейнелеңдер, сол суреттермен фотомонтаж жасаңдар.

Тапсырма№ 2.   Видео үзінділерден  монтаж жасап, толық видео жасап шығарыңдар.

Тапсырма № 3. Blendr, 3D Max Studio бағдарламаларында фигуралар енгізіп, редакциялаңдар.

Қорытынды

Дизайнерлерге векторлық және расторлық графикада жұмыс істеуі тиіс, өйткені фотосуреттерден видеороликтер жасағанда сапасы өзгермейді.

1.                 Мультфильмдер кейіпкерлерін расторлық  және векторлық графикаларда  орындауға болады, әрине орындаушы суреттің қалауы бойынша.

2.                 Сәулетшілер  сызбалармен жұмыс жасаған кезде  міндетті түрде мультимедиалық редакторда орындау керек, өйткені сызбаның көлемін өзгерткенде сапасы өзгермейді, бұл  архитекторлар жұмысында өте маңызды мәселе болып табылады.

 Мультимедиялық мүмкіндіктердің артықшылықтары 

Дербес компьютердің мультимедиялық мүмкіндіктері уақытты үнемдейді,  түсінікті, көркемдік, дизайндық жағынан, тыңдауға, көруге тартымды бағдарламалар.  Бұл мүмкіндіктерді соңғы кездері әскери  кешендерде де қолданысқа ие болып келеді.

Негізінде  түрлі компьютерлік бағдарламалар арқылы әр түрлі сызбаларды орындау жылдам.

Архитектура саласын айта келетін болсақ мысалы, бір сызбаның бір неше экземплярда дайындау, оның әр қырларын карап қадағалап отыру керек болса онда оны әрине компьютердің көмегімен орындаған тиімді, өйткені уақытыңды үнемдейсің, жұмысың нәтижелі болмақ. Ал сызбаңды біреуге көрсетер болсаң, онда сызбаны өзіңмен бірге апармай тек электорндық түрін тасмалдаушы құрылғы арқылы көрсетуге ыңғайлы. Мультимпликация жасау үшінде анимация мен дизайнның еңбегі өте зор.   Дербес компьютердің мультимедиялық мүмкіндіктері арқасында қазіргі кезде өз еліміздің қазақ тілінде шығарылған мультфильмдері де аз емес.

Жылдан жылға мультимедиялық мүмкіндіктер жаңара түсуде.

Ал, Bisual basic  бағдарламасын да  тест құру үшін информатика пәнінің мұғалімінің бағыт сілтеуімен әрбір мұғалім өзіне оқушылардан тест алу бағдарламасын жасауына болады.   Бұл программада бір пәннен тест жасап алсаңыз, келесі пәндерге тест жасау оңай. Тест құру әдістемесін ұсынамын:

Тест алу бағдарламасын құру мына әрекеттерді жасаймыз:
• informatica атты қапшық құрып, оны С- дискісіне сақтаймыз, егер сіз басқа ат қойғыңыз келсе ол да болады бірақ бағдарлама ішіне кіріп қай жерде informatica жазылған болса соған сәйкес өзіңіздің қойған атыңызға
өзгертесіз.
• Блокнот бағдарламасын ашып оған ретімен сұрақтарыңызды жазасыз. Әр сұрақ бір қатарға жазылады. Аралық интервал тастаудың қажеті жоқ. Барлық сұрақтарды жазып болған соң блокнотты вопр деп ат қойып informatica қапшығына сақтайсыз.
• Тағыда блокнот бағдарламасын ашып оған ретімен жауаптарыңызды жазасыз. Әр жауап бір қатарға жазылады. Аралық интервал тастаудың қажеті жоқ. Барлық сұрақтарды жазып болған соң блокнотты потв деп ат қойып informatica қапшығына сақтайсыз.
• Тағыда блокнот бағдарламасын ашып оған ретімен дұрыс жауаптарды цифрмен жазасыз. Әр жауап бір қатарға жазылады. Дұрыс жауаптар цифрмен жазылады.
Мысалы:
1.
3.
2.
3…
Аралық интервал тастаудың қажеті жоқ. Барлық дұрыс жауаптарды жазып болған соң блокнотты отв деп ат қойып informatica қапшығына сақтайсыз.
• Тағыда блокнот бағдарламасын ашып оған ештеңе жазбаймыз. Блокнотты итоги деп ат қойып informatica қапшығына сақтайсыз. Бұлай ету себебіміз оқушы тест тапсырғанда аты-жөні, алған балы осы блокнотта сақтаулы болады оны кейін ашып көруге болады.
Ескерту бұл тест 20 сұрақ және 3 жауап болатындай етіп жасалған. Егер сіз оны өзгерткіңіз келсе 20 орнына 30 және 3 орнына 5 қойып бағдарлама ішіне кіріп өзгертесіз.

Келесі әрекетіміз Visual Basic бағдарламасын іске қосып, мынадай әрекеттер жасаймыз: 4-текстік өріс орналастырып қасиеттер терезесіндегі Text текстік өріс ішін оң жағындағы Text1, Text2,Text3,Text4 жазуларын өшіру арқылы тазалап қоямыз.
Мысалы:
• 6 батырманы формаға орналастырамыз.
Оларға әрқайсысына қасиеті арқылы жазу жазамыз.
Мысалы:
Мынадай: Сұрақтар, Жабу, Дұрыс жауапты тап ,1, 2, 3. Әр батырманың атқаратын қызметі бар Сұрақтар батырмасын шерткенде 1-ші текстік өріске сұрақ шығады. 2, 3,4-ші текстік өрістерге жауаптар шығады.1,2,3 батырмалары қай сұрақты дұрыс десең сол кезде шерту керек.
• Суреттер орналастырамыз Image сайманын орналастырып, Picture қасиеті арқылы қапшықтардан сурет әкеліп қоямыз.Сурет қоймасада болады.
View менюіне кіріп мына бағдарламаны жазуға кірісеміз.
Dima(20)AsString
DimOtw(20,3)AsString
DimdAsString
DimtAsInteger
DimregAsInteger
DimnotwAsInteger
Dimnp(20)AsInteger
Dims,otmAsInteger
Dimn,ssAsString

Dimnam,fizAsString

PrivateSubCommand1_Click()
Callnach
EndSub

PrivateSubCommand2_Click()
notw=1
Ifnotw=np(t)Thens=s+1
‘Callgood‘Text1.Text=“aa?ii”ElseText1.Text=“iaaa?ii”
‘Else:Callbad
‘EndIf
Callnach

EndSub

PrivateSubCommand3_Click()
notw=2
Ifnotw=np(t)Thens=s+1
‘Text1.Text=“aa?ii”ElseText1.Text=“iaaa?ii”

‘Call good ‘Text1.Text = “aa?ii” Else Text1.Text = “ia aa?ii”
‘Else:Callbad
‘EndIf
Callnach

EndSub

PrivateSubCommand4_Click()
notw=3
If notw = np(t) Then s = s + 1 ‘Text1.Text = “aa?ii” Else Text1.Text = “ia aa?ii”
‘Call good ‘Text1.Text = “aa?ii” Else Text1.Text = “ia aa?ii”
‘Else:Callbad
‘EndIf
Callnach

EndSub

PrivateSubCommand5_Click()
UnloadForm1
EndSub

PrivateSubForm_Load()
Open “c:/informatica/
вопр.txt” For Input As #1
Fork=1To20
LineInput#1,a(k)
Nextk
Close #1
Open “c:/informatica/
отв.txt” For Input As #1
Fork=1To20
For
p=1 To 3
LineInput#1,Otw(k,p)
Nextp,k
Close #1
Open “c:/informatica/
потв.txt” For Input As #1
Fork=1To20
Input#1,np(k)
Nextk
Close#1
t=0

s=0
nam=InputBox(“Аты-жµніњдіенгіз”)
EndSub

Subnach()
t=t+1
Ift>20Then
Call otmetka
d=s
ss=otm
Form2.Show
Form2.Print “Тест қорытындысы:”
Form2.Print
Form2.Printnam
Form2.Print
Form2.Print “Барлық сұрақтар саны – “, 20
Form2.Print “Дұрыс жауаптар – “; d
Form2.Print “Саған қойылатын баға -”, ss
Open “c:/informatica/итоги.txt” For Append As #1
Print#1,nam

Print #1, “Общее количество вопросов – “, 20
Print #1, “Количество правильных ответов – “; d
Print #1, “Ваша оценка -”, ss
Close#1
t=0
s=0
Callnach
EndIf
Ift=66Then
fiz=t
Text1.Text=a(t)
Text2.Text=“”
Text3.Text=“”
Text4.Text=“”

Picture1.Picture = LoadPicture(“c:/informatika/ris/r” + fiz + “1.jpg”)
Picture2.Picture = LoadPicture(“c:/informatika/ris/r” + fiz + “2.jpg”)
Picture3.Picture = LoadPicture(“c:/informatika/ris/r” + fiz + “3.jpg”)
Else
Text1.Text=a(t)
Text2.Text=Otw(t,1)
Text3.Text=Otw(t,2)
Text4.Text=Otw(t,3)

EndIf
1Fork=1To100
Nextk
EndSub
Subotmetka()
If s >= 18 Then otm = 5
If s >= 15 And s < 18 Then otm = 4
If s < 15 And s >= 10 Then otm = 3
If s < 10 Then otm = 2

EndSub

PrivateSubCommand1_Click()

EndSub
Осындай жоғарыдағы процедураларды компьютер өзі жазады. Біз аралығындағы бағдарламаларды жазып шығамыз. Осы программаны бір жасап алса, басқа пәннен тест құру үшін алдында айтқанымыздай informatica атты қапшық атын өзгертіп, блокнотқа басқа сұрақ, жауаптарды,  дұрыс жауаптарды жазып шығамыз. [5] Жасап көріңіздер оқу процесінде қолдануға қолайлы

Math Cad  программасында физикалық және математикалық есептеулердің   графиктерін құру жолдары.

Mathcad программасын физика – математика күрделі  есептерін компьютерде   

шығару   жолдары өте тиімді  . Ол  тартымды болғандықтан оқушылар үйдегі жеке  компьютерлеріне де қондырып алған.  Mathcad программасының алдағы клешегін де  ойластыруда. Оқушылар  Mathcad программасын қандай жағдайларда қолдану керек екендігін өте жақсы меңгерген.

 Әсіресе стандартты функциялардың графигін Mathcad программасын қолдану арқылы тұрғызуды оқушылар үлкен қызығушылықпен атқарады. Мысалы:

 

image006

y=cos(x) графигі

image001image002

image003

image004

image005

Мысалы,     Mathcad программасында есептер шығару жолдары:            

Тапсырма: Қандай бұрышпен, қандай жылдамдықпен доп лақтырылды, суретті қарап баскетбол сеткісіне түскен уақытын анықтаңдар. Доптың ауадағы диаметрі есептелінбейді.

Mathcad программасында есептелінуі:

Доптың лақтырылуы

            image008             image009

image010          image011

image012

image013

image014

Корзинаға түсірілуі

image015                image016

image017

image018

image019

image020

Копьютерлік модельдеу физикалық жүйелерді есептеулерде тиімді болып табылады.

Fx(x,y) -r vx = max, Fy(x,y) -r vy = may.

ax (t + Δ t) = (Fx (t) - r vx (t))/m, ay (t + Δ t) = (Fy (t) - r vy (t))/m

Графиктерді анимациялау

            Графиктерді анимация жасау немесе қозғалту- Mathcad программасының жаңа мүмкіндіктері. Бұрын мұндай жетістіктер MatLAB программасында болған. Mathcad программасында анимация жасау өте тиімді- мұнда анимация жасау технологиясы кеңінен ашылған. AVI және оны Microsoft Video 1.1. көмегімен қосуға болады. Бұл программалар дербес компьютерлерде қондырулы немесе бөлек Mathcad программасын қосқанда қосылуы керек.

   Анимацияның мақсаты өте  қарапайым. Жасалған анимация өздерінің белгілі уақытымен жаңа тірі суреттер енгізеді.  Бұл анимацияларды көру үшін өзінің әмбебап ойнатқышын пайдалану жеткілікті.

    Анимациялық бейнероликті қосу үшін Create (Құру) белгішесінде Animation (Анимация) бағыныңқы менюін Windows жүйесінде қосамыз.

    Бірінші функциясы беріледі және оның графигі тұрғызылады. Бұл терезеде анимация параметрінің үш: бастапқы Frame, Frame  соңғы белгісі және жұмыс бөлігін ауыстыру. Содан кейін Animate белгішесін басып, жұмысты әрмен қарай жалғастыруға болады.  Оларды файлға жазуға болады, ол үшін Save as белгісін басу жеткілікті. Option белгішесінің көмегімен бейне файлдардың компроссорды жүйеге қосып жұмыс жасауға болады. Microsoft Video 1.1. басқа да және бейнежүйелерді қосуға болады, егер олар қондырулы болған жағдайда.

    Бейнероликті көру үшін бірден әмбебап ойнатқышты қосу арқылы көруге болады. Әмбебап ойнатқышты қосу үшін келесі команданы орындау қажет Playback (Воспроизвести) Animation (Анимация) . Суретте бейнероликтерді және оларды көру жолдары көрсетілген. [6]

 

сканирование0044

 

 

Қорытынды

Өз жұмысымда мен дербес компьютердің мультимедиялық мүмкіндіктерін қолдану мәселесін зерттедім. Мультимедиялық мүмкіндіктердің танымалы және қолайлы мүмкіндіктері  туралы толық түсінік бердім.

Барлық салаларда – ол инженерлік болсын, ол ғылыми болсын, ол бизнес болсын, ол өнер болсын, ол әскери кешен болсын  - бәріде де компьютердің мультимедиялық мүмкіндіктері өрістерінің бірін қолданады.

Егер болашақты елестететін болсақ, онда болжаудың қажеті де керек емес сияқты, өйткені бәрі де айдай анық. Компьютер және мультимедиялық мүкіндіктер  арқылы ғалымдар ғарышты терең зерттеп, биосфераның микроәлемін де зерттейді деген ойдамын.

 Мультимедиялық құралдарды пайдалану білім беру саласын, оқыту үрдісіндей басқа барлық салаларда да айтарлықтай жақсарта алады. Бұл зерттеу мидың ақпаратты қалай өңдейтінін түсіндіре алатын мультимедиялық құралдардың тиімділігін түсінуімізге барынша ықпал жасады. Осы зерттеу мультимедиялық құралдарды оқыту мақсатына пайдаланудың тиімді, тиімсіздігін көрсететін бірнеше қағидаларды айқындады. Мультимедиялық құралдарды пайдаланатын оқыту барлық мәселелерді шешпегенімен, ХХІ ғасырда қолданылып жатқан (қолданылатын) оқыту құралдарының ішінде өзіндік маңызды орнын алып келеді. Зерттеулерге сүйенсек, мультимедиялық құралдар ең маңызды құрал болып саналады.  Өйткені, бұл құралдардың көмегімен жетер жетістігіміз көп деп сенемін.

«Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз» демекші, бүгінгі бала-ертеңгі азамат. Оқытушының педагогикалық шеберлігінің негізгі өлшемдерінің бірі – оқушының өзіндік танымдық жұмысын ұйымдастыру, ал екіншісі оқушының өздігінен оқып, ой-өрісін тереңдетуге баулу, ғылыми ізденіске жетелеу. Олай болса, халық даналығы айтқандай «сәлем түзелмей, әлем түзелмейді дегендей»,- өз білімімізбен елімізге үлес қосамыз десек, алдағы уақытта дербес компьютердің мультимедиялық мүмкіндіктері туралы білімімізді тереңдете түсу үшін мектеп бағдарламасына енбеген мультимедиалық мүмкіндіктерді үйірме, факультатив сабақтарын ұйымдастырып оқытса деген ұсынысты өз атымнан және жалпы оқушылар атынан ұсыныс жасаймыз.

Киностудия Windows Live, Move maker, Macromedia flesh MX, Power Point, Bisual basic, Turbo Pascal, Math Cad  бағдарламаларын тереңдетіп оқысақ,                                                  ХХІ ғасыр жас жеткіншіктері компьютерлік сауатты, білімді және мәдениетті болып   шығатынымыз анық. Оның үстіне Біріккен Ұлттар Ұйымы «ХХІ ғасырды –         ақпараттандыру ғасыры» деп атаған. Осыған орай Елбасымыз  Нұрсұлтан       Әбішұлы Назарбаев «Қазақстанды ақпараттандыру – ХХІ ғасырға жасалған қадам» деген тақырыпта ғылыми форум өткізгендігі де белгілі. Міне, осы  себептен де Қазақстандық информатика мамандары мен әдіскерлері   информатиканы оқыту әдістемесін  әлде де  жетілдіре түссе нұр үстіне нұр болары сөзсіз деп аяқтағым келеді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. А.И. Сенокосов. Информатика для любознательных. Москва 2006 «Просвещение»

2. О.Б. Воронкова  Информатика:  методическая копилка преподавателя Ростов-на-Дону. Феникс-2009

3. Электронды мультимедиалық оқулық Медиа 2000.

4. Шлыкова О.В. Культура мультимедия: учебное пособие М.,2009

5. Хакимова Ж.. Қазіргі заманғы технологияларды қолдану

         6. В.П.Дьяконов MathCAD  Plus 6.0 PRO анықтамасы Москва 1997ж

            «Просвещение»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша      

Мультимедиялық мүмкіндіктерді пайдаланып жасалған жұмыстардан

 

 http://t3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcSR92oOqknD56CD3PmjxbZXMAMMLOx41WgiZW5c6QyfV0cyrXdY4g

 

Рисунок7http://t3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQmns2r3ebnCE93WG5C48bb0FdEy6toEHyB5QL_vMJNMn9yp90e

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушының фотошоп бағдарламасындағы жұмысынан

 

 

     

          

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ғылыми жұмыс "Дербес компьютердің мультимедиялық мүмкіндіктері" Тлемісова Ақтілек"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ученый секретарь

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Ғылыми жұмыстың тақырыбы "Дербес компьютердің мультимедиялық мүмкіндіктері". Бұл жұмыстың мақсаты: Дербес компьютердің қарапайым мультимедиялық мүмкіндігінен бастап соңғы жылдарда шығып жатқан программалардың мультимедиялық мүмкіндіктеріне дейін зерттелген. Бұл жұмыс ауднадық сайыста ІІ орынға иеленіп, облысқа жолданып, облыстан жүлделі ІІІ орынға иеленді. Ғылыми жұмысты зерттеген 8а сынып оқушысы, оқу үздігі Тлемісова Ақтілек Ерболқызы. Бұл оқушы ғылыми жұмыстан басқа да информатика пәні бойынша барлық конкурстарға белсене қатысады. Атап айтсақ, "Бебрас" интеллектуалды марафоны, КИО, т.б.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 705 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.03.2015 2970
    • DOCX 5.6 мбайт
    • 10 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шайхимова Самал Бахытжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шайхимова Самал Бахытжановна
    Шайхимова Самал Бахытжановна
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20577
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Основные методики в области преподавания испанского языка

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Основы билингвального обучения иностранным языкам

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 59 человек

Курс профессиональной переподготовки

Немецкий язык: теория и методика преподавания с применением дистанционных технологий

Учитель немецкого языка

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология семейных отношений: понимание, следствия и решения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Раннее развитие: комплексный подход к развитию и воспитанию детей от 0 до 7 лет.

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 21 человек

Мини-курс

Медиа и коммуникации в современном обществе

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 79 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек