Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Ғылыми жұмыс тақырыбы: Шахмат сырлары
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Ғылыми жұмыс тақырыбы: Шахмат сырлары

библиотека
материалов

«Рудный қаласы әкімдігінің №7 орта мектебі» КММ





Рудный қаласы

7 орта мектебі

Жумагулова Зарина

4 сынып





Шахмат сырлары





Бағыты: математика













Ғылыми жетекшісі: Мырзағалиева Салтанат Дәмірқызы

7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі











Рудный, 2015 ж.



«Рудный қаласы әкімдігінің №7 орта мектебі» КММ







Шахмат сырлары







Секция: математика





Жумагулова Зарина

4 сынып

7 орта мектебі

Қостанай облысы

Рудный қаласы







Ғылыми жетекшісі: Мырзағалиева Салтанат Дәмірқызы

7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі









2015ж.



Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

«№ 7 орта мектеп» КММ

«Зерде» оқушылырының ғылыми қоғамы









Тақырыбы: «Шахмат сырлары».



Бағыты: Математика





Ғылыми жұмысты орындаған: Жумагулова Зарина



4 «А» сынып оқушысы

Ғылыми жетекшісі: Мырзағалиева Салтанат Дәмірқызы

бастауыш сынып жетекшісі







Рудный, 2015 жыл.



7 орта мектептің 4«А» сынып оқушысы: Жумагулова Заринаның



«Шахмат сырлары» атты жұмысына

Алғы сөз

4 «А» сынып оқушысы Жумагулова Заринаның бұл жобасында шахматтың бірнеше түрін және оқушыларға пайдасын тауып сол жайында айтылады. Бұл тақырыппен жұмыс жасаудағы мақсаты қазіргі таңда бұл шахматтың келешек ұрпаққа берері мол екенін түсіндіріп, қолданысқа енгізу. Зерттеу жұмысының мақсатында шахматтың пайдасын көрсете білген. Орта мектептегі оқытудың негізгі міндеттері- білім беріп қана қою емес, білім мазмұны арқылы баланың өмірге, еңбекке, адамдарға, айналадағы ортаға, дұрыс қарым-қатынасын қалыптастыру. Оқыту мен тәрбие бір-бірімен байланысты процесс,бір нәрсенің екі жағы сияқты.Тәрбиелік сабақтың мазмұнын анықтай отырып,сабақ барысында оқу және тәрбие міндеттерін шешеді.Шахмат ойыны балалардың жүрегіне шығармашылыққа деген шабыт сезімін ұялатады және олардың рухани әлемін байытады. Ол қисынды ойлауға, есте сақтауға, нәтижелерін салыстыруға әрі алдын ала болжауға үйретеді, ойлау қабілетін жақсартады және ең маңыздысы бүкіл ықыласын ойлануға жұмылдыра түсуге тәрбиелей отырып, шығармашылық қабілетін дамыта түседі. Балалардың барлығы да дарынды болып туады. Алайда шахмат ойынының теориясы тәжрибесімен таныстырған кезде, шахмат ойыны күрделі екенін түсіну керек.

Ғылыми жетекшісі: Мырзағалиева Салтанат Дәмірқызы

бастауыш сынып жетекшісі





7 орта мектептің 4 «А» сынып оқушысы: Жумагулова Заринаның

«Шахмат сырлары» атты жұмысына



Сын пікір



Бұл жобада шахматтың пайдасын ерте замандағы үнді халқының тапқырлығынан туындайды. Шахмат ойыны балалардың жүрегіне шығармашылыққа деген шабыт сезімін ұялатады және олардың рухани әлемін байытады. Ол қисынды ойлауға, есте сақтауға, нәтижелерін салыстыруға әрі алдын ала болжауға үйретеді,ойлау қабілетін жақсартады және ең маңыздысы бүкіл ықыласын ойлануға жұмылдыра түсуге тәрбиелей отырып, шығармашылық қабілетін дамыта түседі.

Оқушы шахмат жайында жаңа мәліметтер енгізген. Заринаның алдағы жұмыстарына сәттілік тілей отырып, оның осы жоба арқылы үлкен жетістіктерге жете берулеріне тілектеспін.











Пікір жазған: Мырзағалиева Салтанат Дәмірқызы

Бастауыш сынып мұғалімі



Андатпа

Оқушылар ғылыми жобада «сырлары көп –шахмат» деген мақсатпен жұмыстар жазған. Шахматтың бірнеше түрін қарастырып олардың әрқайсысына жеке тоқталған.Осы ойынды үйренуші бала өзіне сыншыл, өз бетімен ойлау, шешім қабылдау, соңына дейін күресу, сәтсіздіктерде мойымау сияқты қасиеттерді игереді. Және келесі міндеттерді орындайды: эстетикалық: ішкі дүниені байытады, қиялды дамытады, әдемі комбинацияларға (жүрістерге) қуануды үйренеді. Физиологиялық: шахмат ойнағанда күш пен төзімділік жету үшін дене шынықтыруға уақыт бөлу ойы туындайды.

Шахмат — (ағыл. Chess, түрікше Satranç) ақыл-ой спорт түрі. Шахмат сөзінің мағынасы парсышадан патша (шах) өлді (мат) дегенді білдіреді. Әлемдегі кең таралған ойындардың бірі саналады.Шахмат екі ойыншы арасында шахмат тақтасында ойналады. Ойын тақтасы 64 шаршыдан тұрады. Ойының басында әрбір ойыншының иелігінде ақ немесе қара түсті он алты тас (шахмат фигурасы) болады: бір патша, бір уәзір, екі піл, екі ат, екі тура және сегіз пешка. Ойынның мақсаты қарсыластың тастарын шабуылдай отырып, патшаға мат қою.











Аннотация

Шахматы  — настольная логическая игра со специальными фигурами на 64-клеточной доске для двух соперников, сочетающая в себе элементы искусства (в части шахматной композиции), науки и спорта. Название берёт начало из персидского языка: шах и мат, что значит шах умер. В шахматы могут играть также группы игроков, друг против друга или против одного игрока; такие группы обычно именуются консультантами. Игра подчиняется определённым правилам, которые дополняются правилами ФИДЕ при проведении турниров. Считается, что история шахмат насчитывает не менее полутора тысяч лет. Первая известная игра-прародитель, чатуранга, появилась в Индии не позже VI века нашей эры. Попав в соседние с Индией страны, чатуранга претерпела ряд изменений. Потомком её на Арабском Востоке стал шатрандж, а в Юго-Восточной Азии — сянци (Китай), макрук (Таиланд) и сёги (Япония). Шатрандж в IXX веках от арабов попал в Европу и Африку. Европейские игроки продолжили модификацию игры, в результате к XV веку были сформированы те правила, которые сегодня известны как «классические». Окончательно правила были стандартизованы в XIX веке, когда стали систематически проводиться международные турниры. С 1886 года разыгрывается звание чемпиона мира по шахматам. С 1924 года существует Международная шахматная федерация ФИДЕ, под эгидой которой проводится большинство крупнейших международных соревнований. Игра происходит на доске, поделенной на равные квадратные клетки, или поля. У игроков в начале игры имеется по одинаковому набору фигур. Фигуры одного из игроков условно называются «белыми», другого — «чёрными». Белые фигуры окрашены в светлый цвет, чёрные в тёмный. Сами игроки называются «белые» и «чёрные» по цвету своих фигур.

Жоспар

1. Кіріспе.

2. Негізгі бөлім.

2.1 .Шығу тарихы.

2.2 Ойын ережесі.

2.3Оқу бағдарламасына шахматтың пайдасы.

2.4 Ой-өрісті өсіретін ойын мектеп бағдарламасына ену қажет пе?

3. Қорытынды.



































Мазмұны:

І. Кіріспе.....................................................................................................4 -5бет

ІІ. Негізгі бөлім

2.1.1 Шығу тарихы ....................................................................................5-7бет

2.1.2 Ойын ережесі.................................................................................... 8-9бет

2.1.3 Оқу бағдарламасына шахматтың пайдасы..................................10-13бет

2.1.4 Ой-өрісті өсіретін ойын мектеп бағдарламасына ену қажет пе?.14-18бет

ІІІ. Қорытынды бөлім............................................................................19-20 бет

ІҮ.Пайдаланылған әдебиеттер................................................... ...........21бет



















Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі:Шахмат- интеллектуалдық спорт түрі ғана емес, сонымен бірге баланың ойлау қабілетін дамытудың керемет құралы.Шахмат оқушы дамуына орасан зор мүмкіндіктерге ие екенін В. А. Сухомлинский де айтқан болатын..Шахматқа үйрету мектеп бағдарламасына енгізілген Татарстан, Ресейдің Свердловск облысында шахматшы – оқушылардың барлық пәндер бойынша жалпы оқу үлгерімінің деңгейі едәуір жоғары екенін көрсеткен. Сингапур, Түркия, Греция, АҚШ, Испания сияқты мемлекеттерде жүргізілген эксперименттер осындай нәтижелерді көрсетті.
Бастауыш мектепте
шахмат  үйрету пәні енгізіліп, оқытушы ұстаздар шахмат пен математиканың арасындағы терең және тығыз байланысты аңғара білуге үйретсе.
Осы мәселенің зерттелуіне аз да болса, өз үлесімді қосқым келіп,
ғылыми- зерттеу жұмысымның тақырыбын « шахмат сырлары»деп таңдап алдым.
Бұл мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер белгіленді:
→ мәселе бойынша
ғылыми теориялық әдебиеттермен танысу;
→ ғаламтор және ақпарат көздерінен мәліметтерді жинақтау;
шахматтың логикалық және математикалық ойлауды дамытуға жағымды әсерін зерттеу;
→ зерттеу нәтижелеріне талдау жасау.
Зерттеу объектісі:
шахмат тақтасындағы математика.
Зерттеу пәні: кіші мектеп жасындағы балалардың ойлау қабілеті.
Зерттеу барысында қолданылған әдістер:
1. Теориялық әдістер
• жинақтау
• талдау
2. Эмпирикалық әдістер
• салыстыру
• анкета жүргізу
• сұхбаттасу
3. Математикалық әдістер
• статистикалық мәліметтерді өңдеу
Зерттеу жұмысының практикалық бағыттылығы: мектепке
шахмат қажет пе? деген сұраққа жауап іздеуде; мектепте шахмат пәнінен факультатив сабақ немесе үйірме ұйымдастыруға назар аудартуда болып табылады.
Зерттеу жұмысының жаңалығы: бастауыш мектепте
шахмат тақтасында орындалатын математикалық және геометриялық сипаттағы тапсырмалар жинағын дайындауы.

Шығу тарихы.

Шахматтың пайда болу тарихы туралы тағы да бір гипотеза бар. Осы

гипотеза бойынша шахмат сиқырлы шаршылардан пайда болды. N Тәртібі

бойынша құрастырылған сиқырлы квадрат 1 және n2 аралығындағы бүтін

сандардан тұратын n х n квадратты кестеден құрастырылған. Берілген

кесте ерекшелігі: әрбір жол/бағана сандар қосындысы шахмат тақтасының

екі маңызды диагональ сандарының қосындысына тепе- тең келеді. Саны

сегізге тең сиқырлы шаршы үшін әрбір жол/бағана/маңызды диагональ

қосындысы 260-қа тең. Ежелден қалған аңыздар бойынша, шахматты ең

алғаш болып біздің дәуірімізге дейін 1000 жыл бұрын үндістандық

математик ойлап тауыпты. Ал кейбір деректер бойынша, шахмат біздің

дәуірімізге дейін II-III ғасырда Мысыр, Ирак және Үндістанда пайда

болған. Алайда, бұл ойыны туралы дәлелді нақты ақпарат болмағандықтан,

көптеген тарихшылар шахматтың тарихын біздің дәуірімізден кейінгі 570

жылдан басталады деген тоқтамға келіп жүр. Шахмат туралы парсы

дастандарында осы дәуірдің 600 жылдарында Үндістанда пайда болған деп

жазылған. Ғасырлар бойы елге аса танымал болған шахматтан ресми әлем

чемпионаты 1886 жылы өтті. Одан бері 14 шахматшы ғана жоғары

дәрежелі атақты иеленді.Даңқты чемпиондар деген бірінші болып ауызға

Стейниц мен Ласкер, Капабланк, Алехин, әлем чемпионы Ботвинник

ілінді. Ғасырлар көшіне ілесіп, өркениетті басып озып келе жатқан

шахматтың тарихы әркімді-ақ қызықтырары даусыз. Археологиялық

жәдігерлерге қарап біздің эрамызға дейінгі III-IV ғасырда Ассирия,

Месопотамия және Мысырда халықтардың тақтайға тас қойып ойнағаны

білеміз. Кейіннен бұл ойын әскери сипатқа ие болған. Әскери шендегі

ойыншылар ұтысқа адам қанын садақа еткен. Мысалы, Ежелгі Мысырда

(б.з.д 1270 жылы) «тау» ойыны, Грекияда (б.э.д. V) «петтеия», ал Римде

(б.э.д. I-II) «латрункули» деген құмарлық ойыны болған.Тарихшылардың

көпшілігі шахматтың ережесі Үндістанда шыққан дегенмен келіскенімен,

ейбірі оның тарихын Қытай мен Месопотамиямен байланыстырып жүр.

Арабтардың Парсыны жаулап алуы ислам әлемінің осы ойынды жете

игеруіне жол ашты. Алайда, арабтар аталмыш ойынды «шатрандж» деп

атады. VIII-IX ғасырларда Араб Халифатында «шатрандж» кеңінен

таралды. Алайда, ислам тақтай бетіндегі таста адам мен жан-жануарлар

мүсінінің салынуына тыйым салынған. Діни қақтығысқа жол бермей үшін

сәулетшілер шахмат фигураларын белгісіз бейнелермен алмастырды. Бұл

фигуралар қарапайым халықтың қалтасына ауыр тимеді.Батыс Еуропада

шахмат XI ғасырдан басталады делінгенмен ол бұдан екі ғасыр бұрын

белгілі болды. XI-XII ғасырларда феодалдар арасында танылды. Ақшалай

ұтысты Батыс Еуропа шарықтатып жіберген. Рим котолик шіреуі ойынға

қанша тыйым салғанымен еш нәтиже бермеді. Кейіннен 1400 жылы тыйым

мүлдем алынып тасталды. Кастилия мен Леонның королі Альфонс X

Данагөй бұйрығымен Испанияда 1283 жылы «Ойын кітабы» атты 1 томдық

қолжазба жарық көрді. Онда шахматтың 103 тапсырмасы көресетілген.

Шахмат тастарын қалыптастырушылардың бірі Цессолес өз заманында:

«Шахмат тақтайшасындағы әрбір тастың өмірдегі атқаратын құқығымен

қатар, міндеттері бар»,- деген екен.1947 жылы Испанияда Францеска

Висентаның «1495 100 тапсырма» және Луиса Рамиреса Лусенының

«Шахмат өнерінің құпиялары» атты кітаптары алғаш рет баспаханадан

шығарылды. Тіпті, XVI ғасырда Еуропада Марк Иероним «Шахматтың

түрлері» атты дастан жазып қалдырған.1575 жылы Мадридте король

Филипп II-нің хансарайында испандық Рюи Лопеса және Альфонс

Серонаның италяндық Джованни Леонардо мен Паоло Бои арасындағы

өткен шешуші ойын тарихта алғашқы халықаралық турнир болып

саналады. Онда испандық шахматшылар жеңіске жеткен. 1836 жылы

Лабурдоннеде әлем бойынша шахмат туралы «Паламед» деген журнал

шығарылды. Кейіннен 1837жылы Ұлыбританияда және 1846 жылы

Алманияда осы тектес журнал жарыққа шықты. 1851 жылы Лондонда

тұңғыш рет халықаралық турнир өткізілді. Онда Андерсен деген

шахматшының жұлдызы оңынан туып, жеңімпаз атанды. Тіпті, ол екінші

халықаралық турнирді де бағындырған. 1867 жылы Парижде өткен үшін

додада Колиш жеңімпаз атанды. Матчта алға шыққан Стейниц алғашқы

әлем чемпионаты атанды.













Шахмат ойынының ережесі.

Міне, шахмат осындай ойын. Неше жүрістен кейін, қай жерде, қалай, қай

фигурамен мат қылатыны алдын-ала есептеледі. Бұл жоспарсыз ойнауға

болмайтын саяси ойын. Шахмат ежелде Үндістан жерінде пайда болған.

Одан Парсы, Араб, Еуропа және Азия елдеріне кеңінен тараған деседі.

Бірақ, атауы парсы тілінде сақталған. «Шах-мат», қазақша «Хан-өлді»

деген мағынаны білдіреді. Аты жақсы емес. Әйтсе де, адамның ойлау

жүйесіне әсері зор. Әр түрлі фигуралар, олардың дәрежелері, атқаратын

қызметі, қимыл-қозғалысы, өз жерін қорғаудағы белсенділігі, қарсыласқа

қауіптілігі, бәрі де шебер ұйымдастырылған.Мұндағы басты тұлға –

Король (Хан). Ол кетсе, ойын да бітеді. Сондықтан барлығы Корольдің

бұйрығына бағынуға және оны кез-келген қауіптен қорғауға міндетті.

Екінші тұлға – Ферьза. Бұл пәтшәғардың жүрмейтін жері, баспайтын тауы

жоқ. Тіке де, қиғаш та қалағанынша қадам жасайды. Онан кейінгі Арба

(Ладья) мен Піл (Офицер). Бірі тіке, бірі қиғаш қалағанынша жүреді. Бұл

үшеуі (ферьза, арба және піл) жаудың қасына барып та, тым алыста тұрып

та шах береді. Өз жерінде тұрып өзгенің жеріндегі тұлғаларға бұйрық

береді, қауіп төндіреді. Тіпті, тұрған орнынан бездіріп жібереді. Сондай

алыстан бұйрық бергіш. Онан кейінгі мықты фигура Ат. Мұның қимыл-

қозғалысы тіпті бөлек. Жүрісі «Г» тәрізді. Орағытып қасыңа жетіп келсе,

құтылу қиын. Бұл шах бергенде, Король өзі қашып құтылмаса, оның

жолын бөгеу мүмкін емес. Басқа фигуралардың алдын бөгей тұруға

болады, атты олай алдай алмайсың. Егер ол Король мен Ферьзаның екеуіне

де бірдей қауіп төндірсе, онда Корольді аман алып қалу үшін екіншісін

қиясың. Екеуін бір оқпен атады. Сондықтан аттан келетін қауіп өте күшті

десе де болады. Атты мықты пайдаланатындармен кездессең, қиынның

қиыны. Енді ең соңғы фигура жай тас (пешка-жаяу солдат). Кей жұрт оны

қауқарсыз деп есептейді. Бірақ, бұл да едәуір қорған. Егер жай тас жаудың

төріне шығып, ерлік жасаса, оның дәрежесін көтеріп, Ферьза, Арба Ат,

немесе Піл қылуға болады. Бірақ, Король бола алмайды. Тегі қара ғой, Хан

емес. Бұл жерде Отан, шекара деген ұғым бар. Тақтаның бір беті ақтың, бір

беті қараның тарихи территориясы. Бір-бірінің жеріне кіріп, қарым-

қатынас жасауға болғанымен, билетіп-төстетуге, ойран салдыруға

болмайды.Ең маңыздысы ұрыс алаңында бәрінің мақсат-мүддесі бір. Ол –

жеңіс. Ойын барысында жаудан қауіп төнгенде, кез-келген тұлға (фигура)

Королін аман сақтап, жерін жаудан азат етіп, жеңіске жету үшін басын

бәйгеге тігеді. Егер әр фигура бет-бетімен, өз бастарының қамы үшін

жүретін болса, онда ойын көп ұзамай жеңіліспен аяқталады. Тіпті, жер

бетінен мүлде жойылады. Алауыздық, сатқындық, қарсы жақтың сойылын

соғу да осыған апарады. Ал, ынтымақ, бірлік жеңіске жетелейді.

Ал, шахматтың ешқашан өзгермес заңдылығы – жеңсең де, жеңілсең де,

ойын біткеннен кейін Король де, жәй тастар да, бәрі де бір қорапқа

салынады. Бәрінің барар жері – бір жер.



Оқу бағдарламасына шахматтың пайдасы.

Қыркүйектің 5-і күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан білім

қоғамына барар жолда» тақырыбында өткен онлайн режиміндегі дәрісінде

мектептерде шахмат ойынын пән ретінде енгізуді қолдайтындығын айтқан

болатын. Мемлекет басшысы бұл туралы былай деді: «Таяуда мен Әлемдік

шахмат қауымдастығының басшыларымен, белгілі гроссмейстерлермен

кездескен болатынмын. Олар балалары жастайынан шахматқа әуес келетін

елдер мен аймақтарда оқу үлгерімі артатынын және де математика пәнінен

білімдері жақсаратынын алға тартты. Шахмат бірнеше қадам алда жүріп,

шешімді қабылдай білуге үйретеді.Шахмат ойыны- баланың ойлау, есте

сақтау қабілетін, қызығушылығын арттырады, танымдық қасиеттерін

жетілдіреді. Шахмат сабақтарында балалар шахмат ойынының  тарихын,

әліппесін, тактикасын, психологиясын, этикасын біледі. Шахмат шешімді

зерттеуге, әртүрлі жүріс нұсқасын қайта-қайта таңдауға, өз бетімен есеп

шығару қабілетін дамытуға, қорытындылауға үйретеді. Шахмат ойыны

жеке бастың мінез–құлқының қалыптасуына, ұстамды және ізденімпаз

болуына, ойлау қабілетінің артуына ықпал етеді. Өзгенің қателіктерін және

өзінің қатесін түсіне білуіне, одан дұрыс қорытынды жасауға, қарсыласты

сыйлай білуге үйретеді.Енді, әуел бастағы әңгімемізге көшсек. Шахматты

мектеп бағдарламасына енгізу туралы ұсыныс тақыр жерден көтеріліп

отырған жоқ. Тәжірибе жүзінде дәлелденген мынадай бір қағида бар.

Кәмелеттік жасқа жетпеген жеткіншектің ой-санасын өрістету, логикалық

ойлау қабілетін дамыту, үлкеннің ақылына құлақ асу, шешім шығарудағы

шапшаңдық пен есте сақтау қабілетін жетілдіру, өзін-өзі ұстамдылыққа

тәрбиелеу сияқты қасиеттерді бойына сіңіруде шахмат ойыны

таптырмайтын құрал екен. Әзіргі күні әлемнің бірнеше елі, оның ішінде

АҚШ, Испания, Венгрия, Италия, Голландия, Аргентина, Израиль сияқты

мемлекеттер шахматты мектеп бағдарламасына енгізуге белсене кірісіп

жатыр. Бір ғана Үндістанның өзінде 2 миллионнан аса оқушы шахматты

арнайы пән ретінде меңгереді екен. Ал Израильде шахматты сыныптық

білім бағдарламасына етене енгізуге арнайы атсалысатын Гарри Каспаров

атындағы академия жұмыс істейді. Халықаралық шахмат федерациясының

(ФИДЕ) президенті, Қалмық елінің басшысы Кирсан Илюмжановтың

бастамасымен осыдан біраз жыл бұрын Қалмық орта мектептерінде

шахмат ойыны енгізілген. Бір анығы, шахматты мектеп бағдарламасына

енгізудің пайдасы болмаса, зияны жоқ. Шахмат білекпен емес, баспен

ойланып, жүрекпен зерделейтін спорттың түрі. Тұнып тұрған есеп. Ал

есеп-қисапқа жүйрік адам бүгінгі дәуірдің көшінен қалмайды. Шахмат

баланың ойлау, ой түю қабілетіне ғана әсер етіп қоймай, болашақ

ұрпақтың психологиялық жағынан мықты, жолында кездескен

қиыншылықтарға төзімді болып өсуіне өзіндік үлес қосады. Яғни, жүйке

жүйесін жетілдіреді. Мен бұл арада, ойынның адамға әсер етер

физиологиялық қырларын ғана тілге тиек етіп отырмын. Шахматты жетік

меңгерген баланың сабақ үлгерімі де үздік болады. Білімді, озат оқушыдан

білікті кадр шықпайды деп кім айта алар. Елбасымыз: «шахмат ойнайтын

баланың ой-өрісі шахмат тілін меңгермеген қатарласынан қарағанда он есе

артық болады» дегенде де осыны меңзеп отыр.Біздегі бір кемшілік

шахматтан тәлім беретін білікті ұстаздар саусақпен санарлық. Алдағы

жылдары шахмат сарайының қабырғасын қалап жатсақ, осынау академияға

шетелдік білікті бапкерлерді тартпақпыз. Бұл, біріншіден шахматты

бұқаралық деңгейге жеткізуге септеседі. Екіншіден, жақында Білім және

ғылым министрлігіне жолдаған арнайы хатымызда болашақта министрлік

өзі бас болып ЖОО-ларда шахмат пәнінен сабақ беретін мұғалімдер

дайындаса деген ұсыныс-тілегімізді жайып салдық. Шахматты институт

қабырғасында жүріп меңгерген ұстаздың шәкіртіне берер тәлімі де мол

болмақ. Әрине, бұл арада барлық ұстаздан кәсіби шахматшы шығаруды

талап етіп отырған жоқпыз, шахматтың бастауыш және жоғары

сыныптарға арналған арнайы бағдарламалары бар. Соларды бес саусақтай

меңгерген мамандар болса, олардың жас өскінге берері де мол болар еді.

Үшіншіден, шахматтық ұғымдар мен қазақ тілін қабыстыруды кешенді

түрде қолға алып жатырмыз. Шахматта әр фигураның «конь», «слон»,

«пешка», «ладья» деп аталатын өз аттары бар екені белгілі. Бұлардың әлі

күнге нақты бекітілген қазақша баламасы жоқ. Бұлай болған жағдайда

шахмат пәнін қазақ мектептерінде жүргізген де қисынсыздау көрінеді.

Жақын арада, шахмат фигураларының ресми бекітілген қазақша атауын

жариялайтын боламыз.1966 жылдан бастап 20 шілде Халықаралық шахмат

күні ретінде тойланады. Бұл мереке 1924 жылы құрылған Әлемдік шахмат

федерациясы шешімімен бекітілген. Оның тарихына үңілсек, мереке ойда

жоқта пайда болған екен. Әлемдік шахмат федерациясы қалай да

шахматты спорт деңгейіне көтеру үшін ойынға тиесілі күнді белгілеген

көрінеді.Ойынның аты парсы тілінен аударғанда «шах мат» - «билеуші

өлді» деген мағынаны білдіреді. Бұл танымал ойынның отаны – Үндістан.

Шахматтың прототипі чатуранга деген үндістандықтар ойнайтын ойын

болған. Кезінде құмар ойындарға жатқызып аластатылған шахмат

ойынының бұл күнде ғалымдар адам миының қалыпты жұмыс істеуіне

пайдасы көп екенін дәлелдеген. Бұл ұлы ойынды жер шарының 25%

тұрғыны ойнайды екен.





























Ой-өрісті өсіретін ойын мектеп бағдарламасына енуі қажет пе?

Шахмат. Қарым мен қабілет, амал мен айла, ақыл мен сабыр тартысқа

түсетін айқас алаңы. Осынау ойынды спорт түрі деп бағалайды. Өзінің

қадым заманнан бері қасықтап жинаған атақ-абыройы жағынан шахмат кез

келген спорт түрінен салмақты, салиқалы. Егер естіген болсаңыз, Англияда

жарық көрген ең алғашқы кітап шахматқа арналған екен. Осының өзі

адамзаттың арғы-бергі даму тарихында шахматтың алатын алабөтен рөлін

айшықтап тұр. «Қазақстан – білім қоғамы жолында» атты дәрісінде

Елбасының шахматты мектеп бағдарламасына кіргізу туралы айтылған

ұсынысы да тектен-тегін туындаған жоқ.Елімізде Тәуелсіздік алғаннан бері

өгіз аяңнан танбай, етек-жеңі жиналмай келе жатқан спорт түрлері бар.

Олардың атын атап, түсін түстемей-ақ қоялық. Осынау ойын түрлерінен

елдің намысын жыртып жүрген спортшылардың әлемдік аренадағы

сәтсіздіктері де етсіңісті болып алды. Қыруар ақша құмға сіңді. Сондайда,

біздің тауымыз шағылып жүрген кейбір спорт түрлеріндегі

жеңілістеріміздің себебі соларға деген халықтың қызығушылығының

жоқтығынан ба деп ойлаймыз. Әйтпесе, шетқақпай көріп, жетім қозының

күйін кешіп отырғандары шамалы солардың ішінде. Қыркүйектің 5-і күні

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан білім қоғамына барар жолда»

тақырыбында өткен онлайн режиміндегі дәрісінде мектептерде шахмат

ойынын пән ретінде енгізуді қолдайтындығын айтқан болатын. Мемлекет

басшысы бұл туралы былай деді: «Таяуда мен Әлемдік шахмат

қауымдастығының басшыларымен, белгілі гроссмейстерлермен кездескен

болатынмын. Олар балалары жастайынан шахматқа әуес келетін елдер мен

аймақтарда оқу үлгерімі артатынын және де математика пәнінен білімдері

жақсаратынын алға тартты. Шахмат бірнеше қадам алда жүріп, шешімді

қабылдай білуге үйретеді. Шахмат ойыны- баланың ойлау, есте сақтау

қабілетін, қызығушылығын арттырады, танымдық қасиеттерін жетілдіреді.

Шахмат сабақтарында балалар шахмат ойынының  тарихын, әліппесін,

тактикасын, психологиясын, этикасын біледі. Шахмат шешімді зерттеуге,

әртүрлі жүріс нұсқасын қайта-қайта таңдауға, өз бетімен есеп шығару

қабілетін дамытуға, қорытындылауға үйретеді. Шахмат ойыны жеке

бастың мінез–құлқының қалыптасуына, ұстамды және ізденімпаз болуына,

ойлау қабілетінің артуына ықпал етеді. Өзгенің қателіктерін және өзінің

қатесін түсіне білуіне, одан дұрыс қорытынды жасауға, қарсыласты сыйлай

білуге үйретеді.Енді, әуел бастағы әңгімемізге көшсек. Шахматты мектеп

бағдарламасына енгізу туралы ұсыныс тақыр жерден көтеріліп отырған

жоқ. Тәжірибе жүзінде дәлелденген мынадай бір қағида бар. Кәмелеттік

жасқа жетпеген жеткіншектің ой-санасын өрістету, логикалық ойлау

қабілетін дамыту, үлкеннің ақылына құлақ асу, шешім шығарудағы

шапшаңдық пен есте сақтау қабілетін жетілдіру, өзін-өзі ұстамдылыққа

тәрбиелеу сияқты қасиеттерді бойына сіңіруде шахмат ойыны

таптырмайтын құрал екен. Әзіргі күні әлемнің бірнеше елі, оның ішінде

АҚШ, Испания, Венгрия, Италия, Голландия, Аргентина, Израиль сияқты

мемлекеттер шахматты мектеп бағдарламасына енгізуге белсене кірісіп

жатыр. Бір ғана Үндістанның өзінде 2 миллионнан аса оқушы шахматты

арнайы пән ретінде меңгереді екен. Ал Израильде шахматты сыныптық

білім бағдарламасына етене енгізуге арнайы атсалысатын Гарри Каспаров

атындағы академия жұмыс істейді. Халықаралық шахмат федерациясының

(ФИДЕ) президенті, Қалмық елінің басшысы Кирсан Илюмжановтың

бастамасымен осыдан біраз жыл бұрын Қалмық орта мектептерінде

шахмат ойыны енгізілген. Бір анығы, шахматты мектеп бағдарламасына

енгізудің пайдасы болмаса, зияны жоқ.Оңтүстік Қазақстандағы

мемлекеттік педагогикалық институтында  шахматтан Әлем

чемпионатының төрт  дүркін жеңімпазы Жансая Әбдімәлік атындағы

шахмат академиясы ашылды. Спортшы интеллектуалдық ойын ордасының

ашылуына арнайы қатысып, жиналған қауымның сұрақтарына жауап

берді.  Ал, кездесу соңында жоғары оқу орынның оқытушылары мен

студенттеріне  бір уақытта ойнау сеансын өткізді. Ойынға  қатысушылар

шеберлігі шыңдалған спортшының ойын техникасымен танысты.

Академияда спортшыларды жаттықтыру үшін, Ереваннан халықаралық

гроссмейстерлерді шақыру жоспарланған. Ал, қазір 13 жастағы

Жансая  Шымкентте өтіп жатқан  Оңтүстік Қазақстан облысының ашық

чемпионатына  қатысуда. Алдияр Тұрдалиев, ойынға қатысушысы:Жансая

өзінің жасына қарамай, нағыз шебер екенін бізге тағы бір рет

көрсетті.  Әрине, он екі жасында әлем чемпионы атану кез келген адамның

қолынан келе бермейтін нәрсе.Бұл кітапта Гарри Каспаров оқырмандарға

шахматтық ойындарда ғана емес, күнделікті өмірде де басымдылықтарды

тудырудың таңғажайып құпияларын ашады.Дұрыс қадам басу үшін не

нәрсеге талпынатынымызды білу қажет. Шахматтағы мақсат өте анық:

дұшпан короліне мат қою. Осыған талпынау барысында ойынның

стратегия мен тактикасын анықтап, жоспар құрамыз. Стратегиялық жоспар

құру кезінде тактикалық мүмкіндіктерді қолданамыз. Бірақ стратегия мен

тактика сөздері синоним емес. Егер стратегия абстрактілі және қашық

мақсаттарда негізделсе, тактика анық және мезеттік, тиімді шешімдерді

іздеуге негізделеді. Тактика – қауіп-қатердің бағасына және олардан

қорғануға байланысты. Тактикалық мүмкіндік сізді кез-келген уақытта

құтқара алады.Сіздің бәсекелесіңіз мүлт кеткен кезде, аяқ-астынан ұтатын

тактика пайда болып, ол мақсаттың жетуіне қызмет етеді. Футболда да

солай: айла-тұзақ, түрлі амалдар құра алатын, тәжірибелі ойыншы

қарсылас қақпашысының сырғып кеткенін көріп, бос қақпаға соққы

жасайды. Бұл нағыз тактикалық шешім.Стратегия тактиканы бағыттау

керек. Біз тәжірибемізге және сараптамамызға сүйене келе, шешім

қабылдаймыз. Сондықтан осы үдерісті нақтылап, оны жетілдіру керек.

Дегенмен, кездейсоқ тактикалық операциялар стратегиялық мақсатты шет

жаққа шығарып тастамауын қадағалау жөн. Сонымен, стратегия мақсатқа

жетуге арналса, онда тактика... осы стратегияны жүзеге асуға бағытталады.

Нақты және аралық мақсаттар бар болғанда, олардың шешімі үшін

тактикалық әдістерді қолдануға болады. Оны жиі істеген сайын,

қолымыздан жақсы келеді: біздің стратегиялық мақсаттарымыз тактикалық

ойлауға қосылып кетеді, әсерлер жылдамырақ болып, сонымен бірге

нақтылана түседі. Ал табысқа жету үшін жылдамдық маңызды

нәрсе.Стратегтің қас жауы  - сағат тілі. Уақыттың жетіспеушілігі –

шахматта  бұл цейтнот деп аталады – бізді таза рефлексте тұрғызылған ,

тактикалық ойынға лақтырады. Позицияның нақты есебіне және

бағалауына уақыт жетіспеген кезде, біздің стратегиялық елесіміз эмоция

және түйсікпен тұманданады. Бұл  жерде жетілген интуиция да көмектесе

алмай қалуы мүмкін.Пабло Пикассоның қатты айтқан сөздері бар еді:

«компьютерлер пайдасыз нәрсе, өйткені олар тек жауап қайтарады».

Негізгі мағынаға ие болу үшін мағыналы сұрақтар қою керек! Дұрыс

сұрақтарды іздеу және тұжырымдау – сіздің стратегияңыздың

орындалуына кепілдік болатын табыс. Ақпараттың тасқыны сіздің

стратегиялық елесіңізді сандармен, майда-шүйделермен, есеппен,

сараптамамен жуып салады. Нағыз тактикашы болуды қаласаңыз өзіңіздің

арсеналыңызда, бір жағынан, стратегиялық көру, екінші жағынан –

аналитикалық ойлау болу керек.



















Қорытынды 

Ауа райын болжау сияқты, сіз қаншалықты алдыға болжағыңыз келсе,

сіздің болжамыңыз  соншалықты нақты емес болады. Мүмкін нәрселердің

саны өсе берген сайын, есептеу үшін күш те, уақыт та көп кетеді. Үдеріске

кездейсоқтылық факторлары және белгісіздіктер араласып, нәтижесі

сенімсіз болады.Сараптама сіздің тәжірибеңізге және интуиция сезіміңізге

тәуелсіз маңызды мағынаға ие. Сен де, тексер!!! Өйткені сіздің

интуицияңызға қайшы келетін сценарийлер табылып қалуы мүмкін.Түйсік

сезім мен интуиция көптеген шешімдерді қабылдаудың негізінде жатыр,

әсіресе біздің өмірімізді толтыратын мезетті шешімдерді қабылдауда. Біз

жұмысқа бара жатқанда ана жаққа, мына жаққа басымызды неліктен

бұратынымызды түсінбейміз, бұл жай ғана әдет. Ал шахматшы үш жүріс

жасап-ақ қарапайым матты лезде байқай алады, тіпті бұндай позицияда

ешқашан болып көрмесе де. Бұл кезде ол өзінің кәсіби дағдысын

пайдаланады. Біз жиі шартты-сызылған сызбаға немесе біздің дем алу

үдерісімізді басқаратын ағзаның автономды жүйке жүйесіне сүйенеміз. Ал

мұнда шартты және шартты емес рефлекстер жұмыс істейді. Бірақ

рефлекс, әдеттер, дағдылар — бұл әлі интуиция емес. Жүріп-тұрудың

шартты сызбалары уақыт үнемдеп, стандартты жағдайларда кемшіліктері

болайды. Қиын проблемаларды шешу барысында осы

сызбаларға  сүйенген кезде, проблема сонда ғана туындай бастайды. Бұл

шығармашылық қабілетті тұншықтырып, “әмбебап” амалдарды қолдануға

апарады, яғни кез-келген проблеманы бірдей сызбамен және рәсіммен

шешуге тырысу.Өмірде ережелер шахматтағыдай оңай емес. Біздің

шешіміміз салдары қандай болатынын біле бермейміз. Кейде жағдай анық,

кейде тек интуицияға сену қалады. Шешіміміз бұрыс болса, жағдайды

түзете аламыз ба деп өзіңізден әр кез сұрау керексіздер. Іс насырға шапса,

бізде таңдау қалады ма? Басқа жолдары бар ма?Бұндай тәсіл бізден

байсалдылықты талап етеді. Көптеген сәтсіз шешімдер, оларға артылған

жауапкершіліктен тезірек құтылу нәтижесінде пайда болған. Асығыстың

салдары болып табылады. Егер дәл қазір қабылданған шешімдеріңіз пайда

әкелмесе, оны шетке ығыстырудан ұтылмайсыз. Уақытты сапаның

жақсаруына, жаңа ақпаратты жинауға және басқа нұсқаларды ойлауға

жұмсаңыз. Маргарет Тетчер айтқандай: “Саясатта мен бір нәрсе ұқтым:

сіздер оны істеуге мәжбүр болмағанша, шешім қабылдамайсыздар”.



Ұсыныс

1.Шахмат ойынын мектеп бағдарламасына енгізу.

2. Мектептерде шахмат үйірмелері ашылса.

3. Мектепшілік шахмат жарысы ұйымдастырылса.















Пайдаланылған әдебиеттер:

1.«Валеология»журналы.2001жылы №2. 7-15 бет

2.«Валеология»журналы.2004жылы №6. 9-12 бет

3.«Даналардан шыққан сөз».Алматы «Мектеп»,1987 жыл. 285-293 бет.

4.«Денсаулық энциклопедиясы».Балалар әдебиет баспасы2000жыл.78-88 бет

5.«Денсаулық»журналы.2003жылы №3. 15-16бет

6.«Денсаулық»журналы.2005жылы №2. 7 бет

7.«Денсаулық»журналы.2006жылы №2. 11-13 бет

8.«Денсаулық»журналы.Алматы кітап 2009 жыл. 9-38 бет.

9.«Мөлдір бұлақ»2004жылы №2. 8 бет

10.«Мөлдір бұлақ»2008жылы №2. 2-3 бет

11.«Салауатты өмір салтын ұстау»1 сыныптар,қосымша оқулық. 13-19 бет




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Ой-өрісті өсіретін ойын мектеп бағдарламасына енуі қажет пе?

Шахмат. Қарым мен қабілет, амал мен айла, ақыл мен сабыр тартысқа

түсетін айқас алаңы. Осы­нау ойынды спорт түрі деп бағалайды. Өзінің

қадым заманнан бері қасықтап жинаған атақ-абыройы жағынан шахмат кез

келген спорт тү­рінен салмақты, салиқалы. Егер естіген болсаңыз, Англияда

жарық көрген ең алғашқы кітап шах­мат­қа арналған екен. Осының өзі

адамзаттың арғы-бергі даму тарихында шахматтың алатын алабөтен рөлін

айшықтап тұр. «Қазақстан – білім қоғамы жолында» атты дәрісінде

Елбасының шах­матты мектеп бағдарламасына кіргізу туралы айт­ылған

ұсынысы да тектен-тегін туындаған жоқ.Елімізде Тәуелсіздік алғаннан бері

өгіз аяңнан танбай, етек-жеңі жиналмай келе жатқан спорт түрлері бар.

Олардың атын атап, түсін түстемей-ақ қоялық. Осынау ойын түрлерінен

елдің намысын жыртып жүрген спортшылардың әлемдік аренадағы

сәтсіздіктері де етсіңісті болып алды. 

Автор
Дата добавления 30.03.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров2430
Номер материала 467118
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх