Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Ғылыми жоба Атмосфералық ауа құрамының ластануы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Ғылыми жоба Атмосфералық ауа құрамының ластануы

библиотека
материалов

Атмосфералық ауа құрамының ластануы және оны болдырмау шаралары

Тақырыбы;
Атмосфералық ауа құрамының ластануы және оны болдырмау шаралары
М А З М Ұ Н Ы

І. Кіріспе ……………………………………………………………………………… 1 бет

ІІ. Зерттеу бөлімі……………………………………………………………………2- 24 беттер 
2.1. Атмосфераның құрамы мен сапасына 
антропогендік әсер.……………………………2-9 беттер 
2.2 Атмосфералық ауаны 
ластаушы көздер…………………………………………………………….10бет
2.3. Атмосфераны ластағыштардың құрамы.………………………………..11 беттер
2.4. Ауаның стационарлы көздерден шыққан заттармен ластануы.………………………………………………………………..12бет
2.5. Ауаның қозғалмалы көздерден 
шыққан заттармен ластануы..………………………………………………..13бет
2.6. Ластанған ауаның зиянды әсері……………………………………………. 14 -15 беттер 
2.7. Эксперименттік бөлім…………………………………………………………………..16-24 беттер 
ІІІ. Қорытынды……………………………………………………………………………25- бет 
Пайдаланған әдебиеттер. ……………………………………………………………. 20 бет 
Пікірлер ………………………………………………………………………………21 бет







Атмосфералық ауа құрамының ластануы және оны болдырмау шаралары

Тақырыбы;
Атмосфералық ауа құрамының ластануы және оны болдырмау шаралары
М А З М Ұ Н Ы

І. Кіріспе ……………………………………………………………………………… 1 бет

ІІ. Зерттеу бөлімі……………………………………………………………………2- 24 беттер 
2.1. Атмосфераның құрамы мен сапасына 
антропогендік әсер.……………………………2-9 беттер 
2.2 Атмосфералық ауаны 
ластаушы көздер…………………………………………………………….10бет
2.3. Атмосфераны ластағыштардың құрамы.………………………………..11 беттер
2.4. Ауаның ғарыштық көздерден шыққан заттармен ластануы.………………………………………………………………..12бет
2.5. Ластанған ауаның зиянды әсері……………………………………………. 14 -15 беттер 
2.6. Эксперименттік бөлім…………………………………………………………………..16-24 беттер 
ІІІ. Қорытынды……………………………………………………………………………25- бет 
Пайдаланған әдебиеттер. ……………………………………………………………. 20 бет 
Пікірлер ………………………………………………………………………………21 бет













Аннотация
Жұмыстың өзектілігі.

Қазіргі кезеңдегі ғылыми-техникалық прогресс пен өнеркәсіп өндірісі қарқынмен дамыған жағдайда қоршаған ортаны қорғау проблемасы өте өткір мәселеге айналып отыр. қоршаған ортаның негізгі компоненттерінің бірі – атмосфералық ауаның ластануы қазіргі кезеңде адам денсаулығына, ауқымды және аймақтық климаттық жағдайға айтарлықтай әсерін тигізуде.
Ластаушы заттардың негізгі түрлері газ тәрізді заттар. Отын жанғанда, автокөлік қозғалысы кезінде көміртек оксиді бөлінеді. Ол өте улы газ. Қанның құрамындағы гемоглобинмен оңай әрекеттесіп, организміді улайды. Сондықтан, автокөліктерден және өндіріс нысандардан шығатын улы қалдықтарды азайту өте өзекті мәселе болып отыр.

Жұмыстың мақсаты.
Атмосфералық ауа бассейнінің ластану проблемаларын, сондай-ақ оның стационарлы және қозғалмалы көздерден шыққан улы да зиянды заттардың түрлері мен әсерін зерттеу. Ластану және оны болдырмау шараларын айқындау.
Ғылыми жаңалығы.

Алғаш рет Қызылорда облысындағы атмосфералық ауаның жай-күйіне талдау жасалып, стационарлы және қозғалмалы көздерден шыққан зиянды және улы заттар анықталады.

Практикалық құндылығы.

Адам денсаулығына әсер ететін антропогенлің фактор әсерінен туындаған атмосфераны ластаушы химиялық заттар және оның әсері талданды. Қозғалмалы және стационарлы көздерден бөлінетін зиянды қалдықтарды азайтудың тиімді іс-шаралары ұсынылды
Кіріспе
Атмосфераның құрамы мен оның ластану проблемалары қазіргі кезеңдегі өткір проблемалардың бірі болып отыр. 
Проблеманың өткірлігі анторпогендік фактормен өте тығыз байланысты. Ауа бассейнін ластаушы көздер өндіріс орындары, автокөлік қозғалысының нәтижесінде бөлінетін зиянды заттар.
Ластанған ауа материалдарының, бұйымдар мен өнімдердің бұзылуын жылдамдатады, өсімдіктер мен жануарлардың жойылуына әкеледі, адам денсаулығына айтарлықтай теріс әсерін тигізеді. Атмосферадағы көміртек оксидінің шамадан тыс жиналуы парникті эффект туғызады. Оның нәтижесінде полярлы мұздың еру процесі, мухиттар мен теңіздер деңгейінің көтерілуі т.б. сияқты ауқымды проблемалардың тізбегін жалғастырады. 
Жылу электр станциялары атмосфераға күкірт, азот және көміртек оксидтерін, материалдарды, күлді шығарады.
Автокөліктерден шығатын газдарда 200-ден астам зат түрлері кездеседі. Автокөлік транспорты шамамен 92 пайыз СО, 63 пайыз көмірсутектер және 46 пайыз азот оксидтерін шығарады. Олардың құрамында қорғасын қосылыстары да болады.
Олай болса атмосфералық ауаның құрамына талдау жасап, бөлінетін зиянды заттардың тірі организмдерге әсері жан-жақты зерттеліп, ластануды болдырмаудың тиімді шараларын белгілеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. 
2.1. Атмосфераның құрамы мен сапасына антропогендік әсер.
2.1.1. Атмосфераның құрамы
Жер шарын қоршап тұрған, шаң-тозаң, бу мен газдан құралған атмосфера ауасы күн сәулесін жер бетіне жеткенше ұсақ-түйек бөлшектерге бөліп, жан-жаққа шашыратып жатады. Күн сәулесін жер бетіне өткізіп, жерден көтерілген жылуды дүние жүзіне жібермей, шыны жабылған парниктей әсер етеді.
Егер атмосферада ауа болмаса көк аспан қап-қараңғы болып, күн адамның көзін шағылыстыратын жарық сәуле шашып, жет беті кеуіп, жарылып, одан әрі қыза түсер еді. Бұлт пен жел, жауын-шашын болмай, жер бетіндегі температура күндіз +100
оС-тан астам ыстық, түнде -100оС-қа дейін төмендеп қақыраған аяз болар еді. Сөйтіп бір тәулік ішінде температура 200оС-қа өзгеріп отырар еді. 
Атмосфералық ауа тым жеңіл, 1метр кубта 1300грамм ауа болады. Соған қарамастан жет бетіне түсетін қысым (салмақ) әрбір 1 квадрат см-ге 1кг-нан келеді. Адам денесінің мөлшері орта есеппен 1,5 квадрат метр болса, оған түсетін салмақ 1,5 тоннаға жетіп қалады. Егер адамның ішкі атмосфералық қысымы қазіргідей тең болмай, аз болса, олар ауа салмағынан жаншылып қалар еді.
Жердің ең алғашқы ауасы сутектен, метаннан, аммиактан, су буларынан және оқшау, басқалармен қосылмайтын (инертті) гелий, неон сияқты газдардан тұрған.
Жер бетінде тіршілік пайда болған кезден бастап жердің алғашқы ауасына жер қойнауының және өсімдіктерден бөлінген күкіртті сутек пен көмір қышқылгаздары қосыла бастады. 
Алғашқы, көзге көрінбейтін ұсақ организмдер ауадағы сутек, метан, аммиак, күкіртті сутек газдарын біртіндеп азайта берді. Мысалы, сутек бактериялары ауадағы сутекті, күкірт бактериалары ауадағы сутекті, күкірт бактериалары жанар таулардан бөлінген күкіртті сутекті тотықтырып, қара қошқыл, көк және көкжасыл балдырлар көмірқышқыл газды пайдаланып, ауаға оттек газын бөле бастады.
80 км биіктіктен 1000-1200 км-ге дейінгі аралық Ионосфера болып табылады. Мұнда ауа өте сирек, молекулалар қаншама жылдам қозғалса да адамдары да жәй термометрді де жылытпайды. Ауаның ионды болуы оның электрлік қасиетіне байланысты. Мұнда мысалы криптон – 85 көп жиналғандықтан жердің кедергі күші азайып, тіпті өзгеруі де мүмкін.
Ауаның ең жоғарғы, өте селдір, биіктей келе көрінбей кететін, протондардан құралған, 1000-1200 км-ден 1500 км-ге дейінгі аралығын Протоносфера деп атайды.
Атмосфералық ауа таусылмайтын табиғи қорға жатады. Оның жалпы салмағы 500 трлн тонна, оның ішінде оттек 105 трлн тонна. Жыл сайын 10 млрд тонна оттек жұмсалып, осыншама ауаға қосылып жатады.
Табиғи ластаушылар:

  1. Радиоактивті ластау;

  2. Жанартаулар;

  3. Орман және жер өрттері;

  4. Шаң, тұз көшкіндері;

  5. Ғарыш шаңы;

Анторпогендік ластаушылар:

  • өнеркәсіп, оның ішінде үлес салмағы бойынша электроэнергетика, отын өндірісі, машина жасау, тау-кен өндірісі;

  • көлік (автомобиль, темір жол, су, әуе транспорттары);

  • тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық (орталық және жеке жылу орталықтары, қоқыстарды өртеу, олардың шіруі);

  • ауыл шаруашылығы (мал, құс өсіру кешендері, химиялық заттар қолдану, ауыл шаруашылығы заттарын өңдеу, ағаш өңдеу).

Ауаны ластаушыларды бұлай сұрыптау әр сала бойынша ластау
мөлшерін анықтап, атмосфераны қорғау шараларын жоспарлауға ыңғайлы. Сонымен қатар, ластаушы заттар құрамы, түрі бойынша, оларды шығаратын кәсіпорындарды топтастырып сұрыптау да қолданылады. Бұл табиғат қорғау шараларын аймақтық жоспарлауға пайдалы /4-6/
Өнеркәсіп салалары ішінен ауаны ластаушылар қатарына жылу
электростанциялары, қара және түсті металлургия, мұнай өңдеу мен мұнай-химия өнеркәсібі мен құрылыс материалдар өңдіру кәсіпорындары жатады.
Жылу электр станцияларының қалдықтары жағатын отынға, оның
химиялық құрамына және жағу әдістеріне байланысты болады.
Көмір жаққанда ауаға күл, күйе, шаң-тозаң қосылады. Мысалы,
Қарағанды көмірімен салыстырғанда Екібастұз көмірінің күлі көп. Қуаты орташа жылу электр станциялары ауаға сағат сайын 5 тонна күкіртті түтін мен 16-17 тонна күл қосады. /6-7/
Сұйық отын (мұнай және оның өнімдері) жаққанда күл аз болады да, 
күкірт пен көміртек қалдықтары көп қосылады.
Газ (табиғаттың немесе қолдан сұйытылған) жаққанда ауаға тек азот
тотығы қосылады.
Шым тезекті, ағашты, қамысты отын ретінде пайдаланғанда ауаға күл,
күйе, шайыр, күкірт, көміртек тотығы, шаң-тозаң қосылады.
Отынның барлық түрінің химиялық құрамында көміртек, сутек, күкірт,
азот және оттек болады. Олардан бөлінген газдар адамдар мен қоршаған ортаға зиянды.

Отынды жағу әдісі де ауаның ластануына әсерін тигізеді. Шаң-тозаң,

газ қалдықтарын ұстайтын қондырғылары бар кәсіпорындардың атмосфераға зияны аз, ал ондай қондырғылары жоқтардың келтіретін зияны көп болады. Өйткені қондырғылардың көмегімен қалдықтардың 90-95 пайызын ауаға жібермей, ұстап қалуға болады.
Әр саладағы кәсіпорындардың ауаға тигізетін зияны әртүрлі. 
Металлургия кәсіпорындары ауаны металл қалдықтары және қосындыларымен ластайды, олардың ішінде темір, қорғасын, мыс, мырыш, қалайы, никель, көмір, күкіртті түтін, глинозем (алюминий тотығы) т.б. қалдықтары бар.
Машиналар жасайтын кәсіпорындардан бөлінген газ бен шаң-тозаң
кремний тотығы (құю цехтары), күйе (темір соғатын цех), қорғасын мен көміртек тотығы (балқыту цехтары) бар.

Ауа газдары бар құрамының өзгеруі, ауада оттектің көбеюі жер

бітендегі тіршіліктің – өсімдіктер және жануарлар болып екіге бөлінуіне себепші болды.

Бүгінгі атмосфералық ауадағы газдар құрамы биосфераның көп жылдар
бойы дамуының нәтижесі. Тірі организмдер осы құрамға үйренген, көндіккен, егер ол өзгере қалса тіршіліктің осы күнгі қалыптасқан жағдайы да, түрі де өзгеруі мүмкін. /1-3/
Жаратылыстағы атмосфералық ауа құрамы мынадай газдардан тұрады
(пайыз есебімен) азот – 78,08; оттек – 20,95; аргон – 0,93; көмір қышқыл – 0,03; неон, гелий, ксенон, родрн, тағы басқалары – 0,01. Бұлардан басқа ауа құрамында қалқып жүрген шаң-тозаң атмосферада өтіп жататын процестер үшін қажет. Олар буларды сұйық түрге айналдыруға, күн сәулесін азайтып жерді өте ысып кетуден сақтауға, жер бетіндегі жылудың әлемге тарап кетпеуіне, жауын-шашын әкелетін бұлттарды жинауға қатысады. Жер бетінен көтерілген жылы шаң-тозаң ауаның араласуына әсерін тигізеді. Әрине, шаң-тозаң млн жылдар бойы қалып қалыптасқан мөлшерде болса ғана пайдалы. Егер өте көп болса келтіретін зияны да аз емес.

Адамдар ауасыз күн көре алмайды, таңдауға мұршасы болмай, қандай

ауа болса да дем алуға мәжбүр. Егер тамақсыз 5 апта, сусыз 5 күн өмір сүруге болса, ауасыз 4-5 минуттан артық тұра алмайды.

Тәулігіне адамдар өкпесі арқылы 25кг немесе 10-15 мың литр ауа

жұтса, қойға-20 мың, жылқыға-86 мың литр ауа керек.

Жоғарыда көрсетілген атмосфералық газдардың құрамы жер бетіне

жақын кеңістікте болады да, биіктеген сайын өзгеріп отырады. 1000км биіктіктен әрі ауа негізінен Гелий газынан, 2000км-ден әрі сутектен тұрады.

Ең төменгі жер бетіне жақын атмосфера қабатын ТРОПОСФЕРА деп

атайды. Мұнда атмосферада бар ауаның 84 пайызы жиналған. Бұлт пен тұман, жел мен дауыл, жаңбыр мен қар, басқаша айтқанда ауадағы барлық құбылыстар осы қабатта өтіп жатады.

Тропосферадан жоғары қабатты тропауза дейді. Өзендер сияқты белгілі

арнасы жоқ, желдің ыңғайыменжүретін тропаузаның ұзындығы мыңдаған км-ге, биіктігі 1-3 км-ге дейін созылып жатады. Мұнда үнемі қатты дауыл болып, желдің жылдамдығы секундына 80-100 метрге жетеді.

Одан жоғары қабатты стратосфера деп атайды. Биіктігі 55км

шамасында. Стратосфераның ішінде 25-30км биіктікте ОЗОН қабаты болады. (Озон – балауса иіс, найзағай ойнап, қысқа жаңбырдан кейін қарағайлы орманда болатын иіс)

Озонның тіршілік үшін маңызы өте зор. Ол күн сәулесіндегі өте күшті

ультракүлгін сәулелерді ұстап, организмдерді өлімнен сақтайды. Озонның көлемі өте аз, жалпы салмағы 3,29*10 тоннадай. Озон қабатын жер бетіндегі атмосфералық қысыммен бірдей қысымға алса, оның қалыңдығы 3мм шамасында ғана болар еді. Сондықтан – өте жұқа, жердегі тіршілік үшін маңызы зор озон қабатын сақтауға аса көңіл бөлу қажет.

Озонның тез бұзылып, жоғалуына адамдар кінәлі. Халық шаруашылық

салаларында түрлі азольдарды шашуға, бояуларды сұйылтуға, сырдың жылтыр түрін кетіруге қолданылатын хлорофторметандар атмосфераға зиянсыз газ ретінде қосылады да, 30км биіктікке көтерілгеннен кейін күннің ультракүлгін түстес сәулесінің әсерімен хлорға, фторға бөлініп, бұл екеуі де озонды бұзуға тікелей қатынасады. /3-4/

Соңғы 10-20 жылда озон қабатының бұзылу қарқыны күшеюіне байланысты 1985 жылы наурыз айында 37 мемлекет және Еуропалық экономикалық одақ озон қабатын қорғау жөніндегі халықаралық Вена конвенциясына қол қойды. Онда озон қабатын үнемі бақылау, зиянды заттарды қолдануға тыйым салу немесе оларды шектеу, озон үшін зиянды заттардың тізімін бекіту, хлорфторметан қалдықтарын атмосфераға шығармау туралы келісті.

Ауаның 55-75км аралығындағы қабатын Мезосфера деп атайды. Онда

ауаның қозғалысы тек тіке, жоғары қарай болып, температура қайтадан төмен түседі.

Экологтар есебі бойынша ауаны ластайтын ластағыш заттектер

агрегаттық күйіне байланысты қатты, сұйық және газ тәрізді бөлінеді. Газ тәрізді заттектер атмосфераға шығарылатын ластағыштардың шамамен 90%-ын құрайды. Ғалымдардың есептеуі бойынша әлемде жыл сайын адамның іс-әрекетінің салдарынан атмосфераға 25,5 млрд.т көміртек оксиді, 190 млн. Тонна күкірт оксиді 65 млн.тонна азот оксиді, 1,4 млн.тонна (хлорфторкөміртек), қорғасынның органикалық қосылыстары, көмірсутектер, соның ішінде канцерогенді ауру туғызатын көмірсутектер таралады. /6/

Қазіргі кезде өнеркәсіп өндірістері ауаны газ тәрізді және қатты

қоспалардан басқа жылу шығарындыларымен, электр магнитті өрістермен, ультракүлгін, инфрақызыл, жарық және радиоактивті сәулелермен, басқа да көптеген физикалық факторлармен ластайды.

Кейбір ластағыштардың ортатәуліктің концентрациялары мен

атмосфераның улылық жағдайының арасындағы әсерлік байланыс 8-ші кестеде келтірілген.


Атмосфераны ластайтын заттарды классификациялау.

Агрегаттық күйлеріне қарай, атмосфераны ластайтын заттарды 4 топқа бөледі: қатты, сұйық, газ және аралас. Сонымен қатар, өндіріс қалдықтарының атмосфераға тарайтын бөлігін төмендегідей етіп те топтайды:

  • Шығару және бақылау жүйелерін үйлестіру бойынша;

  • Ластаушы заттарды шығару режимі бойынша;

  • Температура бойынша;

  • Шоғырландыру бойынша;

  • Тазалау сипаты немесе тәсілдері бойынша;















2.2. Атмосфералық ауаны ластаушы көздер.

Атмосфера табиғи жолмен және адамның іс-әрекеті нәтижесінде ластанады. Атмосфераның табиғи жолмен ластануы жанартаудың атқылауына (жерде бірнеше мың жанартау бар, олардың 500-ден астамы активті түрде), тау жыныстарының үгітілуіне, шаңды дауылдардың тұруына, орман өрттеріне (найзағай түскенде), теңіз тұздарының желмен аспанға көтерілуі мен ауадағы сулы ерітінді тамшыларының қүрғауына, тірі организмдердің іріп-шіру процестеріне байланысты.

Атмосфераны табиғи жолмен ластайтындарға аэропланктондар, яғни әртүрлі аурулар қоздыратын бактериялар, саңырауқұлақ споралары, кейбір өсімдіктердің тозаңдары жатады. Сонымен қатар атмосфераны ластайтындар қатарына космос шаң-тозаңын жатқызуға да болады. Космос шаңы атмосферада жанған метеориттер қалдықтарынан пайда болады. Секундына атмосфера арқылы орасан жылдамдықпен (11-ден 64 км/с дейін) 200 млн-ға жуық метеориттер ауа қабатынан өтіп отырады, 60-70км биіктікте көбісі жанып үлгереді. Ғалымдар болжамына сәйкес тәулігіне жер бетіне 108 кішігірім метеорит түседі. Жерде атмосфера үлкен космостық жарқыншақтардан да сақтайды. Жыл сайын жерге 2-5 млн.тонна космостық шаң түсіп отырады. Табиғи шаң да Жермен жанасқан атмосфераның құрамдық бөлігіне жатады. Ол ауада қалқып жүретін радиусы 106-105м шамасындағы бөлшектерден тұрады. /7-9/.

Атмосфералық ластанудың антропогендік (жасанды) көздеріне өнеркәсіптік кәсіпорындар, көлік, жылу энергетикасы, тұрғын үйлерді жылыту жүйелері, ауыл шаруашылығы, т.б. жатады. Тек өндірістік кәсіпорындардың ғана қорғаныш ортаға әсер етін ластауын мынадай негізгі түрлерге бөлуге болады: шикізат материалдар, құрал-жабдықтар, отын, электр энергиясы, су, қалдықтар, өнімдер, атмосфераға таралатын шығарындылар (газ, бу, ауа тозаңы), энергетикалық шығарындылар, шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс, діріл, электромагнитті өріс, жарық, ультракүлгін, лазерлі сәулелер, иондағыш шығарындылар және т.б. Ауаны ластайтын компоненттердің химиялық құрамы отын-энергетика ресурстарының түріне, өндірісте қолданылатын шикізатқа, оларды өңдейтін технологияға байланысты келеді.








2.3. Атмосфераны ластағыштардың құрамы.

Атмосфераға тасталатын 52 Гт әлемдік антропогендік шығарындының 90%-ын көмір қышқыл газы мен су буы құрайды (бұлар әдетте ластағыштар қатарына кіргізілмейді). Техногенді шығарындының құрамында бірнеше мыңдаған қосылыстар кездеседі. Бірақ-та олардың ішінде ең көп мөлшерде, яғни тонналап атмосфераға шығарылатындарға қатты бөлшектер (шаң, түтін, күйе), көміртек оксиді, күкірт диоксиді, азот оксиді, әр түрлі ұшпа көмір сутегілері, фосфор қосылыстары, күкіртті сутегі, аммиак, хлор, фторлы сутек жатады. /9-10/

1-кесте

Негізгі ластаушы компоненттердің атмосфераға тасталатын мөлшері.

млн.тонна

Заттектер

Дүние жүзі бойынша

Қазақстан

Тұрақты көздер

Көлік

Тұрақты көздер

Көлік

Қатты бөлшектер

57

80

6,4

3,7

Көміртек оксиді

177

200

7,6

10,1

Күкірт оксиді

99

0,7

9,2

-

Азот оксиді

68

20

3,0

1,1

Көмір сутектері

4

50

0,2

2,0


Бензинді мұнайды айдау арқылы алғанда да күкірттің біраз мөлшері ауаға тасталады. Мұнай мен көмірге қарағанда табиғи газда күкірт болмайды. Осы тұрғыдан қарағанда газ экологиялық таза отын болып саналады.

















2.4. Ауаның стацоинарлы көздерден шыққан заттармен ластануы.

Ластанған ауа адамдардың ішкі мүшелеріне өтіп, денсаулыққа зиянын тигізеді, ал улы заттар денені улайды.

Өнеркәсіп пен көлік мекемелерінің ауаға шығаратын ластаушы заттарының 31,9 пайызы иісті газ, 27 пайызы күкіртті газ, 1,1 пайызы азот тотығы, 28,3 пайызы қалқып жүретін қатты түйіршіктер.

Өнеркәсіп салалары ішінен ауаны ластаушылар қатарына жылу электростанциялары, қара және түсті металлургия, мұнай өңдеу мен мұнай – химия өнеркәсібі мен құрылыс материалдар өндіру кәсіпорындары жатады.

2- кесте.

Өндірістің нешізгі салаларының ауаға шығаратын ластаушы заттардың үлес салмағы

Негізгі өндіріс салалары

Шаң-тозаң

Күкіртті газ

Көміртек тотығы

Азот тотығы

Көмірсутек

Жалпы үлес салмағы

Жылу электр станциялары

39

38

-

-

-

29,0

Құрылыс материалдарын өндіру

25

-

-

-

-

8,1

Қара металлургия

10

16

43

23

3

24,0

Түсті металлургия

16

22

-

-

-

10,5

Мұнай өңдеу, мұнай-химия өндірісі

-

3

13

-

82

15,5

Химия өнеркәсібі

-

-

-

12

-

1,3


Автопарктің облыс бойынша саны 2009 жылы 36214 бірліктен 2010 жылы 45278 бірлікке дейін өсті.

Автотранспорттан шыққан улы қалдықтар:

- 2009 жыл – 75,5%

- 2010жыл – 71,6%

- 2011 жыл – 60,8%





3-кесте

Қызылорда облысы бойынша стационарлы көздерден бөлінетін зиянды заттар туралы мәлімет.

Көрсеткіштер

2009ж

2010ж

1. Зерттелген мекемелер саны

48

37

2. Ластаушы көздер

1578

682

3. Зиянды заттар мөлшері мың.тонна

182

153

4-кесте

Қызылорда қаласында атмосфераны ластайтын зиянды заттардың ингредиенттер бойынша мәліметтері

Зиянды заттардың құрамы

2009ж

2010ж

Ауытқуы

+ -

Қатты заттар

31,8

24,1

-7,1

Газ тәрізді сұйықтар

32,1

31,3

-0,8

Күкірт оксиді

7,4

5,7

-1,7

Көміртек оксиді

16,7

17,7

+1,0

Азот оксиді

2,8

2,2

-0,6


Қызылорда қаласында атмосфераны ластайтын зиянды заттардың мәліметтері

Мұнай өңдейтін және жасанды жібек шығаратын кәсіпорындар сутек қалдықтарын ауаға шығарады; химия кәсіпорындары азот тотығын бөледі; құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындардың шаңы мен тозаңында, газдарында кальций тотығы, топырақтағы алюминий тотығы, кремназем (кремнийдің оттекпен қосындысы), магний, темір, көмір, гипс, асбест, әк, тағы басқа заттардың қалдықтары бар. Құрылыс материалдарын шығару технологиясында шикізатта қазу, тасу, ұнтақтау, елеу, араластыру, нығыздау, кептіру, күйдіру сияқты жұмыстар кіреді. Осы жұмыстарды жүргізгенде сол маңайға шаң-тозаң, күл, бу, түтін т.б. ластаушы заттар бөлетіні белгілі.

Сусымалы және ұнтақталған заттармен жұмыс істегенде шаң-тозаңды басу өте қиынға түседі. Мысалы, цемент шығаратын зауыттар, әсіресе күйдіру және ұнтақтау цехтары, әк пен цемент шығаратын зауыттар, әсіресе күйдіру және ұнтақтау цехтары, әк пен цемент тозаңын көп шығаратын, сол маңайдағы өсімдіктерді күйдіріп жібереді. Зауыттан 2 км қашықтықта 1 куб метр ауада 20 мг тозаң болады, ал санитарлық норма бойынша ол 0,15 мг аспауы керек. Асфальт шығаратын зауыттардың шаң мен түтіні көп болғандықтан оларды қаладан тыс жерлерге салу көзделген.

2.5. Ауаның қозғалмалы көздерден шыққан заттармен ластануы.

Ауаны ластаушылардың ішінде автомашиналардың алатын орны ерекше. Жыл сайын олар 280 млн тонна шамасында көміртек тотығын, 56 млн тонна көмірсутек, 28 млн тонна азот тотығын ауаға қосады. Бұл газдар құрамында 200-ден астам өте күрделі заттар қосындылары бар. Олардың ішінде зиянсыздары – азот, оттек, сутек, судың булары, зияндылары – көміртек, азот тотығы, этилен, бензол, этан, метан, толуол, бенз(а) пирен, күйе, күкіртті түтін т,б, /11-12/

Автомашиналардан бөлінген қалдық газдардың 75 пайызы көміртек тотығынан, 15 пайызы көмірсутектен, 7 пайызы азот тотығынан тұрады. Автомашина қозғағышы 1 тонна бензинді жаққанда 12,3кг, 1 тонна дизель отынын жаққанда – 24,5 азот тотығы бөлінеді.

Құрылыс жұмыстарын жүргізгенде де ауа көп ластанады. Ірге тас қалау, су қоймаларын салу үшін топырақтың үстіңгі қыртысын алғанда, құрылыс салу, бояу, сылақ жұмыстарында айнала шаң-тозаң, иіс болып, қалдықтар үйіліп жатады. Құрылыста қолданылатын полимерлі материалдар мен шайырлардың ішінде уыттылары да бар. Сондықтан да ауаға формальдегид, фенол, шайыр бөлетін фенолформальдегидтер мен шайырларды пайдалануға тыйым салынған.

Коммуналды – тұрмыстық қызмет орындары да от жаққанда, пәтер үйлерде пеш жағып жылытқанда ауаны ластайды. Қалдықтарды мезгілінде жинап, тасып, белгілі бір орынға дұрыстап үймей қоршаған ортаны да ластап жатады.

















2.6. Ластанған ауаның зиянды әсері

Ауаны ластаушы заттар негізінен жер бетінен санағанда 3км биіктікке дейінгі аралықта жиналады. Төменгі қабаттағы ауаның жылынып жоғары көтерілуіне байланысты мөлшері 4-10 мкм аралығындағы шаң-тозаң мен газдар 1км-ге көтеріліп жан-жаққа жүздеген км қашықтыққа тарайды. Онан ірілері 300-500 метрге көтеріліп, ешқайда жылжымай, ауа салқындаған кезде қайта түседі. Мысалы, Лондонда 1 квадрат км жерге жылына 390 тонна, Нью-Иоркте 300, Париж бен Чикагода-260, Алматыда125 тонна шаң-тозаң түседі. /9-12/

Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) мәліметтері бойынша дамыған елдердің 20 пайызға жуық халқы түрлі аллергиялық (тұмаудан бастап тыныс демікпесіне дейін) аурулармен сырқаттануы ауаның ластануымен байланысты көрінеді. Ауадағы шаң-тозаңның көп болуы өкпе ауруына себепші болады.

Ауаны негігі ластаушылар қатарында көміртек тотығы, көмірсутек, күкүртті газ, азот тотығы, шаң-тозаң, күйе мен күл айтылған болатын. Қоршаған ортаға аса қауіпті автомашиналардан ауаға қосылатын көміртек тотығы, халық оны иісті газ деп те атайды. Бұл газ адамдардың және жылы қанды жануарлардың қанындағы гемоглабинмен (қанның ішіндегі бояушы қызыл зат) қосылып, дененің оттекті пайдалануына кедергі жасап оттек тапшылығына, дененің әлсіреуіне түрлі ауруларға төтеп бере алмайтын халге, оттекпен нитрит топырақтан ауаға қосылған адамдар өкпе ауруына шалдығып, витамин алмасуы бұзылады. Нитрит емшек сүтімен балаға өтсе, олардың тынысы тарылып, ұйқысы бұзылып, денесі көгеріп кетеді.

Отын жаққанда, өрт болғанда, адамдардың іс-әрекетінен ауа көмір қышқыл газы өте көп қосылады. Осының нәтижесінде соңғы 100 жылда ауадағы көмір қышқыл газы 11-13 пайызға өсті. Бұл газдың адамға әсері жүрек соғу мен демалу жылдамдап, бас ауырып, құлақ шуылдап, қан қысымы көтеріліп, тамыр соғуы азаяды. Газ тым көп болса кісі есінен де танып қалады. /9-12/

Ластанған ауаның өсімдіктер мен жануарларға да зияны көп. Мысалы, ауада фтор көп болса жануарлардың тістері тез қажалып, бал аралары өліп қалады. Мышьяк көбейсе құлындардың аяғы ісіп, сал ауруына шалдығады.

Хлорлы сутек немесе Т73 қышқылы – металды өңдегенде қолданылады. Дымқыл ауада тұман пайда болып, жоғарғы дем алыс жолдарына әсер етеді.

Уран – радиоактивті элемент, атом электр станцияларында, шыны және фосфор өндірістерінде қолданылады. Сәулелену ауруына ұшыратады, бүйрекке зиянды.



2.7. Эксперименттік бөлім


Жұмыстың эксперименттік бөлігі газоанализаторда жүргізіледі. Универсалды газоанализатор МЕГАКОН 10К 300-ден астам улы газдар мен олардың буын анықтауға арналған. Бұл приборда 10 компонентке дейін анықтауға болады. Соның ішінде СО, СО2(О2), NО, NО2, SО2, СS, N2Н4, көмірсутектерді, спирттерді, күрделі эфирлерді, альдегидтерді т.б. заттарды анықтауға болады. Конструкциясында универсалды фотоакустикалық датчик және оптикалық тарамдар орналасқан Әсер ету принципі газды кампоненттің оптикалық сүзгінің инфрақызыл спектрін таңдамалы сіңіруге негізделген.

/ 1- сурет Газоанализатор түрлері /

Газоанализаторлар үш топқа бөлінеді.

  1. Қосымша химиялық реакциясы бар физикалық анализ әдісіне негізделген приборлар. Бұл газоанализатор арқылы газды қоспаның көлемі мен қысымының згерісін анықтайды.

  2. Қосымша термохимиялық, электрохимиялық, фотоколорметрлік, хроматографиялық әдістері бар физикалық анализ әдісіне негізделген приборларТаза физикалық анализ әдістеріне негізделген приборлар.
    Атмосфералық ауа – қоршаған ортаның негізгі компоненттерінің бірі болып табылады. Оның жағдайы аймақтық және ауқымды климаттық жүйеге айтарлықтай әсер етеді. Қызылорда облысы бойынша ауа бассейніне стационарлы көздерден 41 мың тонн, ал автокөліктерден – 64,4 мың тонна ластаушы заттар бөлініпшыққан
    2010 жыл
    Диаграммада көрсетілгендей стацоинарлы көздерден бөлінетін заттардың негізгі көлемі мұнай өндіру өнеркәсібінде басымдыққа ие.

Облысымызда табиғи және мұнайға ілеспе газдарды кешенді және тиімді пайдаланып Арысқұм ойтпатының Оңтүстік Торғай иінінде экологиялық жағдайды жақсарту және тұрғындар мен жылу көздерін Қызылордада газбен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 26.02.01ж. №281 және 29.08.01ж №1121 санды қаулылары қабылданды. Осы қаулыға сәйкес «Қызылорда қаласындағы жылу көздерін ілеспе газдарға көшіру» құны 7,48 млрд.теңге болатын жобасы жасалып, жылу турбинасы іске қосылғаннан кейін, Қызылорда жылу орталығынан бөлінетін қалдықтардың көлемі жылына 415 тоннаға азайды.

Ақшабұлақ кен орындарындағы қондырғы 300млн м3 казды өңдеп, зиянды заттарды 8563 тоннаға азайтады.

Атмосфераның жерге жақын қабатын автокөліктен шыққан улы заттар ластайды. Жеке сектордағы үйлерде жылу маусымында 80 мың тоннадан астам көмір жағылады.

5-кесте

Теміртау

Қара металлургия (болат, шойын өндірісі), автокөлік, синтетикалық каучук зауыты

Фенол, шаң, көміртек, азот оксидтері, бенз(а)пирен, сынап

Ақтөбе

Хром, форросплав, химия зауыттары, жасанды талшық өндірісі, энергетика, автокөлік,

Хром қосылыстары, азот оксидтері, фторлы газдар, сульфаттар, күкіртті көміртек, күкіртті сутек, қорғасын, т.б. ауыр металдар

Қостанай

Тау-кен өнеркәсібі, жөндеу механикалық зауыты, энергетика, машиналардың шинасын жөндейтін зауыт, түрлі түсті жасанды талшық өндіретін химия зауыты, құрылыс-монтаж конструкциялар комбинаты, темір-бетон, қызыл, силикатты кірпіш зауыттары, «Транс Петролеум»

Аммиак, көміртек оксидтері, шаң-тозаң, ауыр металдар, көмірсутектері.

Павлодар

АҚ «Қазақстан алюминийі», автокөлік, жылу электр орталығы, мұнай өңдеу зауыты

Фторлы қосылыстар, көміртек, азот оксидтері, бенз(а)пирен, көмірсутектері, шаң

Жезқазған

Тау-кен металлургия комбинаты, жылу электр станциясы, кірпіш зауыты

Күкірт оксидтері мен тұздары, мышьяк, ауыр металдар

Қарағанды

Синтетикалық каучук өндіретін зауыт, коксхимиялық өндіріс, металлургия комбинаты, автокөлік

Көмір қышқыл газы, аммиак, күкірт қышқылының буы, күкіртті сутек, азот оксидтері, күйелер, көмірсутектер

Семей

Цемент зауыты, автокөлік

Азот, күкірт, көміртек оксидтері, цемент шаңы, ауыр металдар, бенз(а)пирен, радиоактивті элементтер

Рудный

Соколов-Сарыбай кен-байыту комбинаты, асбест комбинаты, кірпіш зауыты, темір-бетон конструкциялар комбинаты, машина жасау комбинаты

Темір қосылыстары, шаң, күкірт, фосфор оксидтері, қорғасын, мырыш, көміртек оксиді

Лисвковск

Кен-байыту комбинаты, автокөлік

Фосфор оксидтері, темір қосылыстары, шаң, көміртек, азот оксидтері, күйе


Атап шыққан қалалардың көбінесе кейбір ластағынтардың мөлшер ШРК-дан асқан. Жалпы зиянды заттектерді шығарындылардан негігі үлес афтокөліктерге түсіреді. Қара жұмыс істейтін кісілер көміртек тотығын аз жұтса да инфаркт миокарда (жүрек бұлшықетінің жансыздануы) ауруына шалдығуы мүмкін.

Көміртек тотығымен аз мөлшерде этилен косылса өсімдіктердің жапырақтары түсіп, гүл түйнектері және өсімдіктердің өзі де қурап қалатыны белгілі.

Тар көшелерде, көше қиылыстарында, бағдаршам маңында, жер асты туннельдерде көміртек тотығы көп жиналады, норма бойынша 3мг/куб метр орнына 25-125мг/куб метрге дейін жетіп жатады.

Өте қауіпті ластаушылар қатарына жататын көмірсутектер топырақ пен судай тотықпай, ұзақ сақталып, тек ультракүлгін түстес сәулелер ғана табиғаттық жағдайда ірітіп, аздыратын газдар болып саналады. Олардың ішінде метан, этан сияқты қанған газдар болса, этилен, пропилен, бутилен сияқты қанбаған газдар бар. 3,4 бенз(о)пирен сияқты канцерогендік, ісік ауруына себепші болатындарына да кездеседі.

АҚШ-тың ұлттық онкология институты қатерлі ісіктердің 60-тан 90 пайызына дейінгі Экологиялық факторларға, әсіресе көмірсутектермен ауаның ластануына байланысты екенін айтады.

ГРД-дегі 12 жылға созылған зерттеулер автомашиналар жүретін тас жолдарға жақын тұратын кісілердің арасында қатерлі ісіктен өлгендер саны жолдан алыс тұратындармен салыстырғанда 9 есе артық болғанын көрсетті. Күкіртті каз оттекпен қосылып күкірт ангидридіне, су буларымен қосылып күкірт қышқылына айналады. Күкірт қышқылының тамшылары ауада тұман болып тұрады да, жауын жауғанда жерге түседі. Ол бояуды күйдіріп жеп қояды, кісілердің өңеші мен өкпесіне, жануарлар мен өсімдіктерге өте зиянды.

Топырақтың қышқылдануына байланысты өнім азаяды. Жапырақсыз тұрған бұталар мен ағаштар, ұшы соғылған қарағай мен шыршалар, түрі өзгерген жапырақ, жерге түскен қылқан – мұның бәрі ауада күкіртті газдардың көп екендігінің белгісі./11-12/

Судың қышқылдығы көбейсе балықтар, су жәндіктері мен жануарлары өмір сүре алмайды.

Барлық ұйымдастырылған көздерден шығатын ластанғыштардың жалпы жылдық массасы осы бесеуін бірге қосқанда орта шамамен 800 млн. тоннаны құрайды. Бұл көлемге жер эрозиясының, орман өрттерінің және жанар таулардың атқылауы салдарынан ауаға бөлінетін ластағыш және әр түрлі жолмен тазаланатын газдардағы зиянды заттектер кірмейді.

Атмосфераның ең көп ластанатын жері өнеркәсіпті аймақтар, атап айтқанда ірі кәсіпорындар орналасқан және көлік жүйесі дамыған қалалардың ауа бассейні.

6-кесте

Қазақстан қалаларының ауа бассейні туралы мәліметтер.

Қалалар

Негізгі ластаушы көздері

Атмосфераны жоғары мөлшерде ластайтын заттектер

Алматы

Энергетика, автокөлік, үй құрылыс комбинаты, асфальт-бетон зауыты, ауыр машина жасау зауыты

Бенз(а)пирен, фторлы сутек, аммиак, шаң, көмір қышқыл газы, күйелер, азот оксидтері, ауыр металдар, аммиак

Тараз

Фосфор зауыты, энергетика, автокөлік

Бенз(а)пирен, формальдегид, қорғасын, күкірт, көміртек, азот оксидтері, мырыш, хлор, ауыр металдар көмірсутегі

Өскемен

Қорғасын-мырыш зауыты, титан-магний комбинаттары, энергетика, автокөлік , цемент зауыты

Бенз(а)пирен, формальдегид, қорғасын, күкірт, көміртек, азот оксидтері, мырыш, хлор, ауыр металдар, көмірсутегі

Шымкент

Қорғасын, фосфор, цемент зауыты, автокөлік, ЖЭС

Қорғасын және т.б. ауыр металдар, шаң, бенз(а)пирен, азот, т.б. оксидтері

Түркістан

Мақта тазалайтын зауыт, қазандықтар, темір-бетон зауыты, автокөлік, теміржол обьектілері

Көміртек оксидтері, бенз(а)пирен, ауыр металдар, пестицидтер, тұздар, күл, шаң, күйе, мұнай өнімдері

Балхаш

Тау-кен металлургия комбинаты, жылу орталығы

Күкірт, көміртек, азот оксидтері, мышьяк, қорғасын, т.б. ауыр металдар, шаң-тозаң

Ақтау

Атом электр станциясы, автокөлік

Радиоактивті заттектер, мұнай, көміртек, азот оксидтері, көмірсутектер

Атырау

Мұнай өңдейтін өндіріс орындары, химия зауыттары, гипс өндірісі

Күкіртті сутек, көмірсутектер, шаң-тозаң

. Жалпы соңғы жылдары ауаға автокөліктен шығарылатын зиянды заттектер көлемі 2 млн.тоннадан асып отыр. /10-11/

7-кесте

Қазақстанның әр облысының ірі тұрақты көздерінен атмосфераға шығарылатын зиянды заттектердің орташа жылдық мөлшері.

ҚР облыстарының атауы

Зиянды заттек шығаратын кәсіпорындар саны

Атмосфераға тасталатын зиянды заттектердің көлемі

Қатты

Газ тәрізді және сұйық

Оның ішінде:

2

Н2S

СО

NOХ

NH3

Қазақстан

2921

687

1640

983

1,3

360,5

160

1,2

Ақтөбе

97

5

41,6

8,3

-

19,4

1,2

-

Алматы

293

31,2

41,1

23,5

-

5,6

4,0

0,1

Атырау

105

2,4

133

38,5

0,1

52,2

7,6

-

Шығыс Қазақстан

390

35,8

129

85,2

0,9

33,3

7,5

0,1

Жамбыл

261

5,6

14,2

6,9

-

2,2

4,6

0,1

Батыс Қазақстан

200

3,0

12,3

3,0

-

3,2

1,9

-

Қарағанды

231

240

770

567

0,3

157,9

39,9

0,2

Қызылорда

44

10,6

60,2

8

8

35,7

1,1

-

Қостанай

265

46,4

41,7

32

-

5,6

3,4

-

Маңғыстау

37

17,2

53,8

1,3

-

5,0

5,4

-

Павлодар

167

202

238,4

152

-

26,9

54,0

-

Солтүстік Қазақстан

267

42,7

39,5

25,6

-

6,1

7,1

-

Оңтүстік Қазақстан

84

0,9

19,2

2,8

-

2,3

1,0

-

Астана

56

20

21,5

13,8

-

1,0

6,7

-

Ғылыми зерттеулерге сүйенсек шу тағы басқа да физикалық ластағыштар адаммен қатар өсімдіктерге де, жануарларға да әр түрлі әсер етеді. Мысалы, реактивтік ұшақтардың шуынан аэродром аймағындағы өсімдік түрлерінің өсіп-өнуі тежеліп, олардың кейбір түрлері жойылып кеткен жағдайлар да кездеседі.

Американдық музыкант әрі әнші Д. Ретолэк 1969ж музыканың өсімдіктерге тигізетін әсерін зерттеген, Бах музыкасының және Индия әндерінің көптеген өсімдіктерге қолайлы әсер тигізетінін ашып көрсеткен.

8-кесте

Атмосфераның ластану деңгейі мен ластағыштардың орта

тәуліктік мөлшері арасындағы байланыс

Ауаны ластайтын негізгі заттектер

Қауіпті класы

Ластағыштардың концентрациялары жоғарылаған (мг/м3) кездегі ауа бассейінің жағдайы

Қауіптілік туғызуы мүмкін

Қауіпті

Төтенше қауіпті

Анорганикалық шаң

ІV

0,15

0,75

3,75

Күкіртті газ

ІІІ

1,05

0,2

0,38

Азот оксиді

ІІ

0,085

0,255

0,765

Көміртек оксиді

ІV

3,0

5,0

25,0

Көмірсутектер

ІV

1,5

7,5

37,5

Күйе

ІІІ

0,05

0,25

1,25

Фенол

ІІІ

0,01

0,04

0,16

Қорғасын

І

0,0007

0,00126

0,00224

Күкіртті сутек

ІІ

0,008

0,024

0,072

Күкіртті көміртек

ІІ

0,005

0,015

0,45

Аммиак

ІV

0,2

1,0

5,0

Күкірт қышқылы

ІІ

0,1

0,3

0,9

Тұз қышқылы

ІІ

0,2

0,6

1,8

Формальдегид

І

0,012

0,036

0,108

Сынап

ІІ

0,0003

0,00054

0,00096

Фтор қосылыстары

І

0,005

0,015

0,04

Атмосфералық ауаға ең қолайсыз әсер тигізетін автокөлік болып саналады. Ол көптеген қалаларда бірінші орындағы ластаушы көзге жатады. 6-шы кестеде келтірілген мәліметтерден бензин қозғалтқышынан тасталатын жанусыз қалған көмірсутектері мен олардың толық жанбауынан шыққан өнімдердің мөлшері дизель қозғалтқышыныкінен анағұрлым жоғары екені айқын көр
9-кесте
Әртүрлі қозғалтқыштарды пайдаланғанда ауаға шығатын газдардың мөлшері

Ластаушы заттектер

Шыққан газдың мөлшері, %

Карбюраторлы

Дизельді

Көміртек монооксиді

5-12

1,0-10,0

Көміртек диоксиді

0,5-12

0,01-0,5

Азот оксидтері

0,0-0,8

0,0002-0,5

Көмірсутектер

0,02-0,3

0,009-0,5

Альдегидтер

0,0-0,2

0,001-0,009

Күйе

0,0-0,4

10-ға дейін

Бенз(а)пирен

10-20 дейін

10-ға дейін

Автокөлік қозғалтқыштарында жану процесіне шығатын ең қауіпті құрауыштардың бірі бензиндегі тетраэтилқорқасыннан Pb(CН5)4 түзілген пайдаланылған газдағы қорғасын қосылыстары 1л бензиндегі жаққанда ауаға 200-700 мr Pb бөлініп отырады./9-12/

Күкірт қосылыстары ауаға негізінде құрамына күкіртті көп көмір мен мазутты жаққанда бөлінеді. Мысалы, электр энергиясын алуға пайдаланылатын көмірдегі күкірттің мөлшері орта шамамен 2,5%, сондықтан электростанцияларында 1млн.тонна көмір жағылғанда 25 мың тоннаға дейін күкірттің диоксиді бөлінеді.

10-кесте

Бензинді қозғалтқыштың пайдаланған газындағы көміртек оксиді мен бензапиреннің мөлшері


Жұмыс істеу тәртібі

Мөлшері

СО,%

Бензапирен, мкг/100м3

Бос жүрісі

2,5-3,0

4000

Бір қалыптылықпен қозғалу

0,5-3,0

>4000

Екпін

2,0-5,0

10000

Тежелу

4-ке дейін

28000


Мұнай өнімдерін отын ретінде қолданғанда қоршаған орта жану процесінің нәтижесінде түзілген күкірт оксидтерімен (SO және SO3) ластанады.

Өнеркәсіп орындары атмосфераны газдармен және ұзақ қалқып жүретін майда шаң-тозаңдармен ластайды. Әсіресе миллиондаған тонна көмір мен мұнайдың жануы негізінде пайда болатын көмір қышқыл газының көлемі аса үлкен. Халықаралық зертеу қорытындылары бойынша, бұл газдың көлемі жылына 0,3-0,5 пайызға өсіп отыратыны анықталды. Ал оның табиғи мөлшері 0,003 пайыз. 1958 жылдан бері оның көлемі тағы да 1,13 пайызға өсті. Ауаның көмір қышқыл газымен толықтырылуы жақсы нәтиже бермейтіні белгілі. Егер көмір қышқыл газы жинала берсе, онда күн сәулесі энергиясы жерге жетпей, биосферадағы сулар қатып қалып, мұзға айналады, яғни мұз дәуірі қайтадан орнауы мүмкін деген болжам бар.

Ауаға кейінгі кезде оттектің азаюы байқалып отыр, Өйткені оны көптеген организмдер, неше түрлі транспорттар пайдаланады. Бір автомобиль 1000 км жол жүргенде, бір адам бір жыл ішінде дем алуға жұмсайтын оттегін жояды.

11-кесте

Жер атмосферасында шығарылатын техногенді табиғаты бар қалдықтардың әлемдік мөлшері

Ластаушы заттар

Жылына млн.тонна

Көмір қышқыл газы

6000

Түтіннің қатты бөлшектері мен өнеркәсіптік шаң

580

Көміртегі (ІІ) оксиді

360

Ұшқыш көмірсулар және т.б. органикалық заттар

320

Азот тотығы

110

Күкірт тотығы

160

Фосфор қосылыстары

18

Күкіртті сутегі

10

Аммиак

8

Фторлы сутек

1

Хлор


Зерттеу нәтижесі :

Мерзімі

Уақыт

Обьект

Атм.қысымы

Температура

Ылғалдылық, %

Жел

Ластаушы көзі

Анықталған зат

Анықталған концентрация

Шекті.белг.конц

2011. 06. 06

14.00

Жаңа базар

740

21

34

0,93

Автокөлік

Азот оксиді

0,01

0,6









Аммиак

1,135

0,2









Күкірт сутек

0,6

0,008









Шаң

0,65

0,15









Қорғасын

0

0,003









Формальдегид

0,12

0,035









Күкірт оксиді

0,25

0

ІІІ. Қорытынды мен ұсыныста


Ауаның ластануын болдырмау және оның зиянды зардаптарын жою мынадай негізгі бағыттарда жүргізілуі қажет:

  1. зиянды, ластаушы заттарды ауаға шығармау;

  2. ластаушы заттар әсерлерінен қорғану;

  3. ластаушы заттардың зиянды әсерін, зардабын жою;

  4. зиянды әсерлердің алдын алу, оларды болдырмау;

Атмосфераны қорғау шараларын төрт топқа бөлуге болады:

  1. Техникалық тазалық шаралары: түтін мұржаларын биік салу, түтін, газ тазартқыштарын орнату, жабық газ шығармайтын технологиялық және тасымал машиналары, қондырғылар

  2. Технологиялық шаралар: толық немесе жартылай тұйықталған технология құру; шикізатты қалдықсыз өңдеу; шикізаттың, отынның зиянсыз түрлерін қолдану; өндірісті автоматтандыру.

  3. Өндірісті ұйымдастыру шаралары: өндірістік жасыл алаңдар, санитарлық алқаптар құру; өндірісті жел бағытына, жер жағдайына тиімді орналастыру; зиянды өндірісті жел бағытына, жер жағдайына тиімді орналастыру; зиянды өндірісті қаладан тысқары жерге орналастыру; қалалар, елді-мекендерді көгалдандыру және тиімді орналастыру;

  4. Тыйым салу, бақылау шаралары: ластаушы заттардың шығарылуын нормалау, шектерін белгілеу. Атмосфераны қорғау бағдарламаларын бекітіп, оларды уақыт, территория және зерзаттар бойынша шектеу. Атмосфераны қорғау бағдарламаларын бекітіп, олардың орындалуын қадағалау. Жекелеген өте зиянды заттар шығаруды тоқтату, өндірісте қолдануға тыйым салу, т.б
    Пайдаланған әдебиеттер:


  1. Ә.Бейсенбаева, А.Самақова, Т.Есболов, Ж.Шілдебаев «Экология және табиғатты тиімді пайдалану».

  2. Ғ.Сағымбаев. «Экология негіздері».

  3. Г.С. Оспанова, Г.Т. Бозматаева «Экология».

  4. Денсаулық журналы.

  5. Арустамов Э.А. и др. Экологические основы природопользования. Москва,2001.

  6. Федоров А.И, Никольская А.Н. Практикум по экологи. Москва: Гумм.изд. центр Владос,2001.

  7. Одум Ю.М. Экология 2х томах М.Мир, 1986г.

  8. Петров В.В Экологическое право Россия// Москва Изд. ВЕК 1996г




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Атмосфералық ауа құрамының ластануы және оны болдырмау шаралары

Тақырыбы;
Атмосфералық ауа құрамының ластануы және оны болдырмау шаралары
М А З М Ұ Н Ы

І. Кіріспе ……………………………………………………………………………… 1 бет

ІІ. Зерттеу бөлімі……………………………………………………………………2- 24 беттер 
2.1. Атмосфераның құрамы мен сапасына 
антропогендік әсер.……………………………2-9 беттер 
2.2 Атмосфералық ауаны 
ластаушы көздер…………………………………………………………….10бет
2.3. Атмосфераны ластағыштардың құрамы.………………………………..11 беттер
2.4. Ауаның ғарыштық көздерден шыққан заттармен ластануы.………………………………………………………………..12бет
2.5. Ластанған ауаның зиянды әсері……………………………………………. 14 -15 беттер 
2.6. Эксперименттік бөлім…………………………………………………………………..16-24 беттер 
ІІІ. Қорытынды……………………………………………………………………………25- бет 
Пайдаланған әдебиеттер. ……………………………………………………………. 20 бет 
Пікірлер ………………………………………………………………………………21 бет

 

 

 

 

 

 

Аннотация
Жұмыстың өзектілігі.

Қазіргі кезеңдегі ғылыми-техникалық прогресс пен өнеркәсіп өндірісі қарқынмен дамыған жағдайда қоршаған ортаны қорғау проблемасы өте өткір мәселеге айналып отыр. қоршаған ортаның негізгі компоненттерінің бірі – атмосфералық ауаның ластануы қазіргі кезеңде адам денсаулығына, ауқымды және аймақтық климаттық жағдайға айтарлықтай әсерін тигізуде.
Ластаушы заттардың негізгі түрлері газ тәрізді заттар. Отын жанғанда, автокөлік қозғалысы кезінде көміртек оксиді бөлінеді. Ол өте улы газ. Қанның құрамындағы гемоглобинмен оңай әрекеттесіп, организміді улайды. Сондықтан, автокөліктерден және өндіріс нысандардан шығатын улы қалдықтарды азайту өте өзекті мәселе болып отыр.

Жұмыстың мақсаты.
Атмосфералық ауа бассейнінің ластану проблемаларын, сондай-ақ оның стационарлы және қозғалмалы көздерден шыққан улы да зиянды заттардың түрлері мен әсерін зерттеу. Ластану және оны болдырмау шараларын айқындау.
Ғылыми жаңалығы.

Алғаш рет Қызылорда облысындағы атмосфералық ауаның жай-күйіне талдау жасалып, стационарлы және қозғалмалы көздерден шыққан зиянды және улы заттар анықталады.

Практикалық құндылығы.

Адам денсаулығына әсер ететін антропогенлің фактор әсерінен туындаған атмосфераны ластаушы химиялық заттар және оның әсері талданды. Қозғалмалы және стационарлы көздерден бөлінетін зиянды қалдықтарды азайтудың тиімді іс-шаралары ұсынылды

Автор
Дата добавления 07.03.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Номер материала 425106
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх