Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Конспекты / Ғылыми жоба Графикалық бағдарламаның шексіз мүмкіндіктері
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Информатика

Ғылыми жоба Графикалық бағдарламаның шексіз мүмкіндіктері

библиотека
материалов

Қарағанды облысы Қаражал қаласы Жәйрем кенті

30 орта мектеп












Жобаның тақырыбы:



hello_html_m707af8a6.gif


Секция: Техникалық

Пәні: Информатика







Жобаны орындағандар:

10 «б» сынып оқушысы Рахимов Айбатыр

10 «в» сынып оқушысы Тайтолеуов Мадияр




Жетекшісі: Минабил Амангуль








Жәйрем -2012


Аннатоция


Өнердің қолданылу аясында шек жоқ, ерекше орынға сурет өнерін, соның ішінде компьютерлік графиканы қолдану арқылы көптеген нәтижелерге қол жеткізуге болатындығын қазіргі таңда техниканың даму ғасыры көрсетуде. Жоба барысында Adobe Photoshop бағдарламасының шексіз мүмкіндіктерін қолдану арқылы көптеген нәтижелерді көруге болады.


Нет границ в использовании этого вида искусства. Отдельное место уделено рисованию, а именно с использованием компьютерной графики, что показывает нынешнее достижение техники и результаты способностей учащихся. В проекте исследованы безграничные исследовательские возможности программы Adobe Photoshop.



































Мазмұны


Кіріспе..........................................................................................................3

Зерттеу бөлімі.............................................................................................5

1.1 Жобаға қажетті материалдар мен ресурстар......................................6

1.2 Adobe Photoshop бағдарламасының даму тарихы............................7

1.3 Adobe Photoshop графиктік редактормен жұмыс жасау режимі............8

1.4 Adobe Photoshop бағдарламасының қосымша мүмкіндіктері .............11

Қосымшалар

Қорытынды................................................................................................12

Қолданылған әдебиеттер тізімі .................................................................14






























Кіріспе


ХХІ ғасыр техника мен ақпараттық, компьютерлік технологиялардың соның ішінде ең бастысы компьютерлік графикалардың алға дамып, уақыт өткен сайын өз шарықтау шегіне жетуде. Бүгінгі таңда кез-келген салада компьютерсіз қызмет етуді елестету мүмкін емес. Ең басты жұмыс күші компьютердің көмегімен жүзеге асуда, сондықтан ондағы әртүрлі бағдарламаларды игеріп, жан-жақты зерттеп, оны іс жүзінде қолданудың өзі үлкен жетістік.

Photoshop графикалық редакторы – суретшілер мен дизайнерлер, фотографтар үшін ең негізгі бағдарламалардың бірі. Бүгінгі таңда Photoshop бағдарламасы растрлық графикалық редакторлардың ішінде ең жоғарғы деңгейде тұрған өте беделді бағдарлама.

Photoshop бағдарламасының мүмкіндіктері шексіз сондықтан оны жан-жақты игеріп, әртүрлі салада қолдануға болады атап айтатын болсақ:

  • Қарапайым құжатқа суретке түсу барысында;

  • Балабақшадан мектеп бітіргенде, тіпті жоғары оқу орындарын бітірген кезде естелік ретінде суретке түсу;

  • Сайт беттерінде суретті көркемдеу оны жан-жақты етіп сәндеу, әртүрлі стильде қолдану;

  • Кез –келген ескі суретті жаңалап, оны нақыштап, оған әртүрлі эффектілер беру;

  • Газет беттерін сәндеу;

  • Суреттерді шаблондарға қолдану;

  • Логотип жасау;

  • Визит карточкаларын жасау;

  • Шақыру, құттықтау билеттерін жасау;

Графиктік редакторлар –бұл графиктік объектілерді құру, редакторлау мен өңдеуге негізделген қолданбалы программа.

Растрлік графика-бұл экранның графиктік торларындағы пиксельдер жиынтығынан тұратын кескін.

3


Векторлық графика – бұл геометриялық объектілердің жиынтығынан тұратын кескін.

Графиктік редакторлардың мүмкіндіктері:

  • Графиктік бейнелерді салу мен оны редакторлау құрал-саймандарын және кез- келген бояуларды қолдану.

  • Бейнелердің кез- келген бөлігін қиып алып жалғау және оны өшір мүмкіндігі.

  • Бейнелердің кішкене бөлік үзінділерін өңдеп, үлкейту (электорндық линза режиі).

  • Суреттерді мәтінмен толтыру (хабарландыру, плакаттар, визиткалық карточкалар, жарнама және т.б.).

  • Сурет үзінділерін түрлендіру (масштабын өзгерту, суреттерді бұру, көшіру, орын ауыстыру және т.б.).

  • Графиктік файл түрінде сыртқы тасымалдаушыларға суреттерді сақтау.

Жоба барысында графиктік редакторды қолдану барысында әр түрлі тәжірибелерді алуға болатындығы қарастырылады. Photoshop бағдарламасында жасалған тәжірибелер басқа бағдарламаларға қарағанда өте сапалы, мүмкіндігі шексіз екендігін көруге болады.












4


Зерттеу бөлімі


«Photoshop бағдарламасының шексіз мүмкіндіктері»



1.1 Жобаға қажетті материалдар мен ресурстар:


Жабдықтар - технологиялар

  • Фотоаппарат

  • компьютер

  • принтер

  • сканер

  • флешка

  • интернет- байланысы.


Бағдарламамен жабдықтау технологиясы

  • операциондық жүйе Windows XP/Vista/7

  • суреттерді өңдеу бағдарламасы Adobe Photoshop.



























5

1.2 Adobe Photoshop бағдарламасының даму тарихы


Photoshop бағдарламасының шығу тарихы өте ертеден басталған, нақты уақыты көрсетілмеген. Негізін салушыларға Томас Нолл мен Джон Нолл атауға болады. Балалық шақтарынан бастап әкелері оларға компьютерлік техникамен сурет салу өнеріне баулыған. Әкесінің фотозертханасына Томас түскоррекциясын терең зерттеуді бастаған, олардың қызығушылығы арта түскен. 1984 жылы әкесі балаларына ең бірінші Макинтоштардың бірін сатып береді, бұның функционалдың мүмкіндіктері Томас пен Джонның көңілінен шықпады, сондықтанда жаңа бағдараламаның шығуына себеп болды және де бұл бағдарлама шексіз мүмкіндіктерге ие болатын, миллиондаған доллар кіріс кіргізетін ең беделді бағдаралмалар қатарына кірді.

1987ж. Джон Нолл Lucasfilm фирмасының бөлімшесі Industrial Light and Magic (ILM) – жұмыс істеді, (“Stars Wars”) «Жұлдыздар соғысы» жобасына арнайы эффектілер енгізумен айналысты. Ал Томас болса осы уақытта суретті өңдеу процессін зерттеуге диссертация жазумен айналысты. Джон «Компьютердің негізгі графикикасы» атты кітап жазды. Ағайындылар екеуі бірлесе отырып, күрделі де әмбебап суретті өңдеу процессін жүзеге асыратын бағдарлама жасады Display. Уақыт өте келе Джон жаңа түрлі түсті экраны бар Макинтош II сатып алды, Томасқа Display түрлі түсті суреттер үшін жаңалап жазуды ұсынды. Джон “Display” көп жұмыс жасаған сайын ол одан, көп функциялардың орындалуын талап етті: түс гаммасын коррекциялау, импорт және файлдарды әртүрлі форматта сақтау, және тағы басқа қажеттіліктер. Уақыт өте келе Томас инновациялық әдістеме ойлап тапты, яғни суреттің жеке бөлігін бөліп алу, онымен ары қарай өңдеуді, суретті өңдеу қосымшалары оған әртүрлі әрлеу беруді кейін келе ол келе – “Plug-ins” атауымен таныс бола бастады. Содан кейін түс өңін беруді құрастыру, баланспен басқару функциясы, түстерді басқару және жарқырату. Бұл мүмкіндіктер Photoshop бағдарламасының негізін құрады, сол уақытта бұл бағдарламалар зертханаларда арнайы жабдықталған бағдарламаларда

6

ғана болған. 1988 жылы «Display» бағдарламасы, “ImagePro” атауына ауысты. Сол уақытта бағдарлама заманауи болды, Томас бұл бағдарламаны коммерциялық негіз түрінде сатуды ойлады. Осындай негіздердің, талаптардың артуына байланысты бағдарлама өзінің даму тарихын бастады.

XXI ғасырдың даму барысында қолданыста ең сапалы, ең қажетті бағдарлама ретінде жоғары деңгейге шыққанына сол кезде негізін салушылардың еңбегін ерекше бағалауға болады. Бұл бағдарлама жыл өте келе өзінің кемшіліктерін біртіндеп толықтыру арқылы бүгінгі таңда ең жоғары талғаммен, жоғары әмбебап бағдарламаны құрауда.






























7

1.3 Adobe Photoshop графиктік редактормен жұмыс жасау режимі

Сурет салу: жұмыс алаңында құрал-саймандарды бейнелеу орналасқан. Суретші сурет салады, оны редакторлайды, сурет үзінділерін бөліп алып, құрастырады.

Құрал –саймандарды таңдау және оны баптау

Меңзер –бұл «құрал -саймандар» меню алаңында орналасқан көрсеткіш. Қолданушы оның көмегімен қажетті құрал-саймандарды таңдайды, сызықтардың енін анықтайды, бояулар өрнегін таңдайды.

Сурет салуға қажетті түстерді таңдау

Меңзер экран алаңында түстер палитрасымен қатар орналасқан. Онда түстер фоны мен суреттің түсін таңдауға болады. Кейбір графиктік редакторларда қолданушының палитраны өзгерту мүмкіндігі бар.

Сыртқы құрылғымен жұмыс

Бұл режимде операцияларды (дискіге, флешкага суретті жазу, дискіден суретті оқу және т.б.) орындау мен қағазға графиктік бейнелерді шығруға болады.

Adobe Photoshop – бұл фотография мен суреттерді редакторлау мен құруға негізделген программа.

Adobe фирманың атауы. Осы фирмада төмендегідей программалар жасақталған:

  • Adobe Illustrator – векторлық графика редакторы. Бұл программаның версиясы PDF форматындағы файлдарды редакторлау мен оны ашуға мүмкіндік береді.

  • Adobe Dimentions – үшөлшемді графика редакторы. Бұл программа Macintosh типті компьютерлер үшін жасақталған.

  • Adobe Streamline – сканерден өткізілген нүктелі бейнелерді векторлық графикаға түрлендіруге негізделген программа.

  • Adobe Photoshop –нүктелі графика редакторы.

  • Adobe Pagemarker – полиграфиялық және типографиялық баспалардың құжаттарын түрлендіруге негізделген программа және т.б.

8

Adobe Photoshop программасымен жұмыс жасау барысында қолданылатын терминологиялық сөздіктер:

Растрлық графика полиграфиялық баспалар мен оларды өңдеу үшін қолданылады. Ең бастысы бұл графикада түсті таңдап алу болып табылады. Мұндай типтегі бейнелерді үлкейткен кезде оның сапасы төмендеп, бейнеге айналып кетеді.

Векторлық графика сызба бейнелер мен безендірулерді құруға негізделген. Ең бастысы, бұл графикада объектілер формасы болып табылады. Оны үлкейткен кезде оның формасы өзгермейді. Керісінше фекторлық бейнелерді үлкейткен кезде, олардың өлшемі өзгермейді.

Фрактальды графика математикалық есептеулер жолымен бейнелерді автоматты түрде түрлендіруге негізделген. Теңдеулер немесе формулалар бойынша бейнелер салынады және олардың бейнелері емес, коэффициенттері сақталынады. Мысал ретінде ақша қардың бейнесін алуға болады.

Штамп бейнелерден таңдаулы үлгілерді көшіруге мүмкіндік береді. Сиқырлы таяқша және Лассо – жалпы композициядан бейнелердің үзінділерін таңдау.

Бөліп алу (Выделение) – шекераның ішіндегі бейнелерді бөліп алып, көшіру, орын алмастыру және оны редакторлау.

Монтаж, коллаж – басқа бейнелердің үзінділерін бөліп алып, бір бейнені жинақтап, шығару. Ол слои және каналдар қызмет атқарады.

Передний план, задний план,слои, канлы – бейнелер бөліктері.

Слои – мөлдір фондармен қоршалған бейнелердің көрінбейтін бөліктері. Ол бөлек элементтерден композициялар құрастыру кезінде қолданылады. Оның мысалы ретінде контурлық карта (артқы жағын), онда мемлекеттер тізбектей бейнеленген (алғашқы қабаты), қалалар (екінші қабаты), орман, батпақ, шөлейттер және т.б.

Каналы – бұл бейнелердің түстерінен біреуіне сәйкес келетн монохромды бейне. Мысалы, қызыл-жасыл-көк.

9

Маски (маскированные областы)-слойдың көрінбейтін аймағы. Сондықтан оны түрлендіруге болмайды. Немаскированные области –бұл бейненің көрінетін аймағы Құрастырылатын бөліктерге бейнелерді бөлу үшін қолданылады.

Растушевка –бұл шекаралар аралығынан бөлек үзінділерді бөліп алу.

Түстер модельдер

RGB (қызыл+жасыл+көк). Бұл түс бейнелерді экранға шығару үшін қолданылады.

CMYK (көгілдір+сұрғылт+сары+қара). Мұнда қосымшаға негізгі түстерден ақ түстерге дейін енгізіледі. Ол полиграфиялық баспалардың материалдары үшін қолданылады. Мысалы, көгілдір=ақ-қызыл, сұрғылт= ақ-жасыл, сары=ақ-көк.

HSB (ерекше ашық+жарқын түс). Өнер шығармаларын құру үшін қолданылады. Онда түрлі құралдар, атап айтқанда, акварель, гуашь, картон, тушь, уголь, пастель және т.б.

Ақ –қара –палитраның қара-ақ түстері.

Графиктік файлдар форматтары:

.BMP- суреттер мен фотографияларды сақтауға негізделген файлдыың форматы.

.JPG-түрлі түсті фотографиялардың форматы. Бұл формат қара-ақ түсті бейнелер үшін тиімсіз.

.GIF-аз түсті бейнелер үшін ең тығыз графиктік формат (сурет иллюстрациялар үшін)

.TIF-полиграфиялық сығылған формат. Ол қосымша ақпараттарда көрінбейтін қосымша слой-каналдардағы бейнелерді файлға сақтауға мүмкіндік береді.

.PSD- Photoshop-та сақталынған және өңделген бейне.




10

1.4 Adobe Photoshop бағдарламасын қолдану арқылы алынған жұмыстардың нәтижелері


Жоба барысында Photoshop бағдарламасының шексіз мүмкіндіктерін қолдану барысында, бағдарламаның арнайы командалары мен функцияларын қолдану арқылы көптеген нәтижелерді алуға болады.

Жоба барысында алынған жұмыстардың нәтижесін басып шығарылған суреттерден көруге болады.

Жоба барысында, арнайы суреттерді өңдеу, оларға нәр беру, оларды сәндеу, көркемдеу, ескі суретті жаңарту, құжатқа түскен суреттерді монтаждау, арнайы жазу стильдерін қолдану, суреттегі әжімді монтаждау, шақыру билетін жасау, арнай тапсырыспен суреттерді көркемдеу, плакат, визит карточкаларын жасау, арнайы жарнамаларды суретпен сәндеп, көркемдеп, арнайы анимацияны қолдану тағы басқа көптеген мүмкіндіктерді қолдануға болады.


hello_html_m99aa1a8.jpg



hello_html_9003f8c.jpg


hello_html_m195e08fa.jpg


11

Қорытынды


Жоба барысында «Photoshop бағдарламасының шексіз мүмкіндіктері мен анимацияны қолдану» мүмкіндіктері жан-жақты зерттеу негізінде қарастырылды. Негізгі мәселелер толығымен қарастырылды деп айтуға болады. Photoshop бағдарламасының мүмкіндіктері шексіз, сонымен де бұл бағдарлама қазіргі таңда сұранысы өте жоғары, экономикалық жағынан кіріс көзінің негізін құрайтын өте беделді бағдарламалардың бірі. Бұл бағдарламаның мүмкіндіктеріне сай сұраныста алатын орны ерекше, ол кез-келген салада, технологиялардың шарықтап тұрған саласында өте қажетті бағдарлама.

Жоба барысында атқарылып, зерттелген жұмыстардың нәтижесінде көптеген мәселелерді шешуге болады.

Бағдарламада зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында көптеген мүмкіндіктерді қолдануды, оларды тиімді пайдалануды, жан-жақты толықтырып, дамытуды жетілдіруге болады.

Бағдарлама өзінің шексіз мүмкіндіктерін әртүрлі салада қолдануға болатындығын көрсетеді. Жалпы компьютерлік графиканы қолдану арқылы әртүрлі тәжірибелерді қолдану арқылы нақты нәтижені алуға болады.

Бағдарлама барысында қолданылған тәжірибелер, болашақта көптеген салаларда қолдануға болады. Бағдарлама өзінің даму сатысына байланысты көптеген мүмкіндіктерді шешуді негізге алуда. Яғни адам өзінің қандайда бір қызығушылығымен тәжірибе жасау арқылы көптеген талаптардың туындауына жол ашады, ал ол талаптарды толықтыру үшін бағдарлама жаңа мүмкіндіктердің ашылуына жол бастайды.

Photoshop бағдарламасында жұмыс жасау өте қызықты, әртүрлі тәсілдерді қолдану арқылы көптеген нәтижелерді көруге болады.

Бұл бағдарламамен жұмыс істеу барысында көзделген нәтижеге жету, инициативтілік, төзімділік, сәндеп, көркемдеу саласына деген қызығушылық, әртүрлі мүмкіндіктерді қолдану барысында фантазияның шексіздігін сезінуге болады.

12

Photoshop бүгінгі таңда ең атақты беделді бағдарламалардың бірі. Оның көмегімен барлық тәжірибелерді жасауға болады, бірақта тек қана суреттермен.

Сонымен қатар бұл бағдарламаның көмегімен үшөлшемді объектілерді құрып оларды екі өлшемді суреттерге интегрирлауға болады. Бұл бағдарлама:

- Фотографтарға

- Графичесалық және веб-дизайнерлерге

- Медицина саласындағы мамандарға

- Архитекторлар мен инженерлерге

- ғылыми зерттеушілерге өте қажетт.

Бұл бағдарламамен жұмыс жасауды бірден игеру мүмкін емес, оған уақыт, төзім, шыдамдылық пен қажымас қайрат керек, уақыт өте келе бағдарлама арқылы жасалған нәтижелер өз жемісін береді. Бағдарлама өте қызықты, кез келген жұмыстың нәтижесі адамды қызықтырып, шығармашылық жұмыстармен айналысуға деген құштарлыққа жол ашады. Тек қана оның жасалу жолдарын білу арқылы көптеген нәтижелерге қол жеткізуге болады. Кез келген адам өзінің шығармашылықпен айналысқанды жақсы көреді деп ойлаймыз.


















13

Қолданылған әдебиеттер тізімі


  1. Электронды оқулық: «Photoshop Шаг за шагом». 2001 «Руссобит-М».

  2. «Информатика» 7-11 сыныптар оқушы анықтамасы Астана -2007

Іздеу жүйелері:

  1. http://www.yandex.ru

  2. http://www.google.ru

Сайттар:

  1. http://photoshop.demiart.ru - Уроки Photoshop

  2. http://www.photoshop-master.ru - Photoshop, уроки для тех, кто ценит качество

  3. http://globator.net - Всё для работы в Photoshop
































14

Краткое описание документа:


         Өнердің қолданылу аясында шек жоқ, ерекше орынға сурет өнерін, соның ішінде компьютерлік графиканы қолдану арқылы көптеген нәтижелерге қол жеткізуге болатындығын қазіргі таңда техниканың даму ғасыры көрсетуде. Жоба барысында Adobe Photoshop бағдарламасының шексіз мүмкіндіктерін қолдану арқылы көптеген нәтижелерді көруге болады.

 

Нет границ в использовании этого вида искусства. Отдельное место уделено рисованию, а именно с использованием компьютерной графики, что показывает нынешнее достижение техники и результаты способностей  учащихся. В проекте исследованы безграничные исследовательские возможности программы Adobe Photoshop.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



скачать материал свидетельство о публикации

Автор
Дата добавления 18.11.2014
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров1728
Номер материала 127005
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх