Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Ғылыми жоба Төрт түліктің бірі - сиыр
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Ғылыми жоба Төрт түліктің бірі - сиыр

библиотека
материалов


МАЗМҰНЫ



КІРІСПЕ ...........................................................................................................3


НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1 Төрт түліктің бірі ретінде сиыр малының тіршілігі ................................4


2. 2 Сиырдың шығу тарихы...............................................................................6


2. 3 Сиыр төлінің аталуы...................................................................................8


2. 4 Сиырға қатысты мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар,

жұмбақтар..........................................................................................................8


2. 5 Сиырға қатысты сөздер мен сөз тіркестерінің шығу тегі.......................9

ҚОРЫТЫНДЫ .............................................................................................17


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .....................................................18









Аңдатпа

Текті мал – киелі де. Халық аңызында сиыр малын көлденең кесірден, ауру-кеселдерден сақтайтын, өсіп-өнуін желеп-жебейтін қамқоршы пірлер бар. Сиыр малының қамқоршы пірі – Зеңгі баба. Сан ғасыр көшпенді дәуірде тұмыс-тіршілігі тікелей мал шаруашылығына байланысты өткен қазақ халқы төрт түліктің сыр-сипатын, қадыр-қасиетін жете біліп, ерекше қастерлеген, малды былапыт сөздер айтып балағаттамаған, теппеген, басына ұрмаған, сылап-сипап баққан. Жаман ырымға жорып малды санатпаған.

Малдың шаруашылыққа қажетті өнімдік, күш-көліктік, т.б. қасиеттерін жетілдіру мақсатында үзбей бір ізділікпен сұрыптау жүргізіп, көрікті, сұлу, әсем асыл тұқымды өсірумен шұғылданған. Әсіресе, төл басына (алғашқы төлге) айрықша мән берген. Оларды іріктеп, барлық жағынан өскелең талапқа сай келген үлгілерінен тұқымдық ақ нар, боз айғыр, көк бұқа, көк қошқар өсірген. Аса бағалыларын сатпай, соймай, сыйға тартпай ерекшелеп, сетер атаған. Сиыр малын бағып-күту, шығынсыз өсіру оңай еместігін, малшының маңдай терін, қажырлы еңбегін, қиыншылықта төзімділік талап ететінін: «Сиыр бақтым – сидаң қақтым» мәтелі арқылы шаруа адамның зердесіне жеткізген.













46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-

лицейдің 4 «А» сынып оқушысы

Өскенбаева Мерейдің «Төрт түліктің

бірі – сиыр» атты ғылыми жобасына

Пікір



Оқушы Өскенбаева Мерейдің «Төрт түліктің бірі - сиыр» атты ғылыми жұмысы күнделікті өзіміз көріп-біліп жүрген сиыр малының шығу тарихы, оның еті мен сүтінің пайдалы жақтары, сиырға қатысты халық аузында айтылатын сөздерге тереңірек тоқтала отырып, оның қыр-сырын ашып көрсетуге арналған.

Ғылыми жұмыста сиыр малының қыр-сыры, олардың түрлері және өзіне тән қасиеттері жан-жақты ашылып көрсетілген. Сиырдан алынатын ет пен сүттің қасиеттері көрсетіліп, олардың тұрмыста қолданылуы, адам ағзасына тигізетін қасиеттерін көрсету ғылыми жұмыстың құндылығын арттыра түскен.

Ізденуші сонымен қатар, сиыр малына қатысты ел аузындағы мақал-мәтелдер, жаңылпаштар мен жұмбақтарға тоқталған.

Сиыр малының өзіндік ерекшеліктері мен қасиеттерін тани алсақ, оны шаруашылықта кеіәнен пайдалансақ, ұрпақ денсаулығының нығая түсеріне сенім білдіреді.

Жалпы алғанда ғылыми жоба өз дәрежесінде жасалынған деуге болады. Зерттеу жұмысының мазмұндылығы мен мәнділігін ескере отырып, жоғары дәрежеде бағалауға ұсынамын.

46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-

лицейінің бастауыш сынып мұғалімі: Махажанова Ләйлә

Мырзаханқызы




«№46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейі» КММ-нің 4 «А» сынып

оқушысы Өскенбаева Мерейдің ғылыми зерттеу

жұмысы жайлы


К Ү Н Д Е Л І Г І

(2014 жыл)


Атқаратын жұмыс тізімі

Мерзімі

Жетек-ші қолы

Нәтижесі

1

Ғылыми жұмыстың тақырыбын айқындау мақсатында ғылыми жетекшімен кеңесу, пікірлесу

Қаңтар,

2014 ж


«Төрт түліктің бірі - сиыр» зерттеудің тақырыбы болып бекітілді.

2

Ғылыми жетекшімен үнемі кеңесе отырып, зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Ақпан,

2014 ж.


Жұмыстың мақсатымен, міндетімен таныстым. Орындау барысы туралы мағлұмат беріп, пайдаланатын әдебиеттерді көрсетіп берді.

3

Зерттеу тақырыбы негізінде интернет, баспа материалдарымен танысып, олардың ішінен қажеттілерін іріктеу


Сәуір-тамыз

2014 ж.


Берілген материалдармен танысып, өзіме қажетті мағлұматты алдым.

4

Ғылыми жетекшіден кеңес алу

Қыркүйек-қазан

2014 ж.


Қажетті материалдарды жинақтап, саралап-жүйеледім.





Кіріспе


Қазақ – ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай шежіресі бойынша олар малдың өрісін, тіршілік табиғатын, қадір-қасиетін әбден зерттеп білген. Қазақтың жерін малсыз елестету мүмкін емес. Сәлемдесудің басы «Мал-жан аман ба?-дан» басталатынының өзі халық өмірінде малдың шешуші фактор, тіршілік көзі екенін көрсетеді. Кең сахарасында үйір-үйір жылқы, келе-келе түйе, табын-табын сиыр, отар-отар қой өсірген халықтың төрт түлік кисе – киімі, ішсе – тамағы, шөлдесе – сусыны, жүрсе – көлігі, жатса – төсеніші болған. Демек, қазақтың бүкіл тіршілік көзі төрт түліктің өсімі мен одан алынатын өнім түрлеріне байланысты еді. Сондықтан халқымыз төрт түлікті аса қадірлеп, қасиет тұтып, оларды барынша дәріптеп, бүкіл өмір тіршілігінің қуанышы мен ренішін, өзіндік дүниетанымын, рухани мәдени-өмірін, әдет-ғұрпын солармен байланыстырады.

Ғылыми жұмыстың мақсаты: Сиыр малының өзіндік ерекшеліктерін таныта отырып, оның еті мен сүтінің адам денсаулығы үшін аса пайдалы екенін ғылыми түрде дәлелдеу. Сиырдың түрлері, оның жас ерекшеліктеріне қарай аталуын көрсету, ел аузында сақталған мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар мен жұмбақтар, сондай-ақ тұрақты сөз тіркестерінің қолданылу аясын айқындау.

Міндеттері:

  • төрт түліктің бірі ретінде сиыр малының тіршілігімен танысу;

  • сиырдың шығу төркіні, оған қатысты атауларға зер салу;

  • сиырға қатысты мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, жұмбақтарға тоқталу;

  • сиыр сөзінің және ол туралы тұрақты сөз тіркестерінің жасалу жолдарына сипаттама беру.





Негізгі бөлім


2. 1 Төрт түліктің бірі ретінде сиыр малының тіршілігі


Төрт түлік жұп, аша, айыр тұяқты және тақ, тік тұяқты болып бөлінгенімен, олардың бәрін қосып халық аяқты мал деп атайды. Малдың шығу тегі туралы аңыз көп. Солардың біріне құлақ ассақ, сиыр – судан жаратылыпты-мыс. Текті мал – киелі де. Халық аңызында сиыр малын көлденең кесірден, ауру-кеселдерден сақтайтын, өсіп-өнуін желеп-жебейтін қамқоршы пірлер бар. Сиыр малының қамқоршы пірі – Зеңгі баба. Сан ғасыр көшпенді дәуірде тұмыс-тіршілігі тікелей мал шаруашылығына байланысты өткен қазақ халқы төрт түліктің сыр-сипатын, қадыр-қасиетін жете біліп, ерекше қастерлеген, малды былапыт сөздер айтып балағаттамаған, теппеген, басына ұрмаған, сылап-сипап баққан. Жаман ырымға жорып малды санатпаған. Түйені келеге, жылқыны үйірге, сиырды табынға, қой мен ешкіні отарға топтастырып, төрт түліктің жалпы санын содан есептеп шығарған. Малдың шаруашылыққа қажетті өнімдік, күш-көліктік, т.б. қасиеттерін жетілдіру мақсатында үзбей бір ізділікпен сұрыптау жүргізіп, көрікті, сұлу, әсем асыл тұқымды өсірумен шұғылданған. Әсіресе, төл басына (алғашқы төлге) айрықша мән берген. Оларды іріктеп, барлық жағынан өскелең талапқа сай келген үлгілерінен тұқымдық ақ нар, боз айғыр, көк бұқа, көк қошқар өсірген. Аса бағалыларын сатпай, соймай, сыйға тартпай ерекшелеп, сетер атаған. Сиыр малын бағып-күту, шығынсыз өсіру оңай еместігін, малшының маңдай терін, қажырлы еңбегін, қиыншылықта төзімділік талап ететінін: «Сиыр бақтым – сидаң қақтым» мәтелі арқылы шаруа адамның зердесіне жеткізген.

Халқымыздың көшпелі өмірінде күш көлігі ретінде сонау ерте кезден пайдаланылып келе жатқан сиыр малының басқа қасиеттерін де бабаларымыз тым ерте білген сияқты. Археологиялық қазба материалдарының деректері бақташы елдің сиыр малының сүті мен етін азық етумен бірге оның терісін киім, еңбек құралы ретінде сол көне заманнан-ақ пайдаланып келе жатқанын дәлелдейді. Сиырдың сүтін ішіп қана қоймаған, одан қаймақ, май, ірімшік, құрт секілді тамақтың алуан түрін де дайындай білген. Ал терісін илеп, былғары жасаған. Қайысынан күш көлігін ұстап тұратын, салт мінетін арбаға немесе шанаға жегетін құрал-жабдықтар, әбзелдер әзірлеген. Жалпы, халқымыздың тарихына қатысты көне деректерге қарағанда, осындай ішкі қажеттіліктері үшін болмаса бұрынғы кезде сиыр малы байлықтың көзі ретінде онша көп өсірілмеген тәрізді. Тіпті бертінгі тарихтың өзінде ондай деректер көп кездесе бермейді. Көне көз қариялардың ескі кептен сыр шерткен шежіре әңгімелерінен де, мысалы, пәленшебайдың сиыры пәлен мыңға жетуші еді деп айтып отырғанын ести қоймаған секілдіміз. Мұның бұлай болуының басты себебі – сиыр малының суыққа төзімсіз, қыс айларында қолға қарап қалып, аса көп күтім тілейтіндігінен де шығар, әйтеуір қалай болғанда да барлық жерде бірдей түліктің бұл түріне ерекше көңіл бөле бермегені байқалады. Сондықтан да бұрынырақта қысқы соғымға сиыр сою дәстүр болмаған. Көбіне балалары көп кедей-кепшіктер сойған. Өйткені жылқы еті асуға бағалы болғанмен, салма (кеспе) жасауға келмейді. Сорпасы сылдырап сұйық болады. Сондықтан күнде ет асып жеуге шамасы жетпейтін кедей үйі балалары қарын-қажағын, сорпа-суын ішіп, ашықпай, тоқ отыру үшін сиыр сойған. Әдетте соғымға қысыр қалған сиыр, жасы ұлғайған өгіз шығарылып, олар қоңыр күзден-ақ қолға алынып күтіледі. [1]

Сырт көзге сылбыр, жуас көрінетін сиыр малының да көп қасиеттерін көркем шығармалар, аңыз-әңгімелер арқылы біліп жүрген жоқпыз ба? Жалғыз өгіздің бір табын малды ұялы қасқырдан түні бойы қорғаудағы ерлігінің өзі неге тұрады? Ал, шынтуайттап келгенде кейінгі жастарымыз, үлкен қалаларды былай қойғанда, облыс, аудан орталықтарында тұратын жеткіншектердің өзі Зеңгі баба тұқымының қасиеттерін, оның басқа түліктерден қалай және қандай қасиеттері арқылы ерекшеленетінін ашып айта алмайды. Кезінде сиыр малының көшсе көлік, сауса сүт, сойса ет болып, халқымыздың қажетіне жарағанын кейінгі жастар нақты бір аңыздай қабыл алып жүрсе, соған ең алдымен өзіміз кінәліміз. «Зеңгі баба», «сиыр малы» дегенді былай қойып, осы түлікті «сүт бағытындағы мүйізді ірі қара» деп оқытып жүрген жоқпыз ба? Осыны санасына сіңірген кейінгі жастардың сиыр малының тек ет пен сүт үшін өсірілетінін пайымдағаны болмаса, одан арғыға терең байламасы анық. Ал, шынтуайттап келсек, басқа да жан-жануарлар секілді Зеңгі баба тұқымы адамға серік, әрі момын жануарлардың бірі. Ол да түйсіне, сезіне алады, қажет кезінде иесін қауіпті жағдайлардан құтқарып та алады.


2. 2 Сиырдың шығу тарихы


Сиыр, ірі қара, мүйізді ірі қара — сүтқоректілер класына жататын аша тұяқты, қуыс мүйізді, күйіс қайыратын жануарлар. Сиыр малы осыдан 7-10 мың жыл бұрын Жерорта теңізі маңындағы елдерде қолға үйретілген.Қазіргі үй сиырларыныңшыққан тегі тур деп аталады.Тур деген жабайы сиырды қолға асырап, үйретілгеннен кейін үй сиыры пайда болған. Жабайы сиырлармен салыстырғанда, үй сиырларының аяқтары қысқа, денелері ірі, үлкен, шекелері кіші болып келеді. Бұл ірі қара әр түрлі тұқымдардың шағылысуы арқылы көптеген будандарға айналады. Мұндай сиырлар Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, т. б. туысқан республикаларда кең таралып өсті. Жергілікті сиыр тұқымдары көбейді.

Қазақстан сиырларының тұқымдары еттілік, сүттілік, көліктік жағынан ерекшеленіп, өсіп-өніп келеді

Сиырдың түрлері. Қазіргі кезде дүние жүзінде сиырдың 250-ге жуық түрі бар.Сиырдың дене бітімі олардың өнімділік бағытына (сүт, ет) байланысты болады. Сүт бағытындағы Сиырдың денесі ұзын, сүйегі салыстырмалы түрде жіңішке, терісі жұқа, жұмсақ, түгі жылтыр, қарыны кең, басы мен мойыны ұзын, құрсағы мен желіні үлкен болады. Ет бағытындағы Сиырдың тұрқы төртпақ әрі кең, омыраулы, аяғы мен мойыны қысқалау, желіні кішілеу, сүтті малға қарағанда бұлшық еттері жақсы жетілген, терісі қалың әрі жұмсақ, тері астындағы май қабаты жақсы дамыған.

Сүтті бағыттағы қолтұқымдар. Бұл бағытта өсірілетінірі қара қолтұқымдарынан сүт алу мақсаты көзделеді. Қазақстанда қырдың (даланың) қызыл сиыры, әулиеата, алатау, қарала, симменталъ қолтұқымдары өсіріледі.

Сиырдың өмір сүру кезеңі. Сиырлар 5 жасқа дейін өсіп жетіледі, кейбір кеш жетілетін тұқымдары 6 - 7 жасында өсуін тоқтатады. Ұрғашысы 20 — 35 жыл, бұқасы 15 — 20 жыл тіршілік етеді.Ересек Сиырдың салм. 250 — 600 кг, ең таңдаулысы 1000 кг; бұқасы 300 — 900 кг; ең таңдаулысы 1600 кг-нан асады.

Сүт бағытындағы сиырдан 9 — 12 жыл жақсы өнім алынады, бұдан кейін олардың тісі қажалып, өнімділігі төмендейді.

Сиырды күту. Шаруашылықта малды қолда және жайылымда үстайды. Қолда бағу кезеңінде мал қора — жайда, ал жайылым кезеңінде табиғи өрісте ұсталады. Жаз айларында көк шөп құрама жем, қыста сүрлем, пішендеме береді. Бұзауларды сүтпен қоректендіреді.

Сиырдың қасиеті. Сиыр малы момақан,көп күтімді талап етеді. Қазақта: «Сиыр малы-үйдің асыраушысы» деп тегін айтылмаған. Себебі: сиыр сүтінен қаншама тағам түрі жасалады. Ертеде қазақ халқы сиырдың терісінен құдықтан су тартатын ыдыс қауғалар, қымыз ашытатын сабалар мен сусын құятын торсықтар жасады. Сиырдың тезегін отын ретінде пайдаланды. Кейбір тұқымдардың бұқалары мен өгіздерін арба, шана тартуға пайдаланған.

Материалды слайдымен бірге толық жүктеу үшін saulealt@mail.ru поштасына хат жазыныз

Қолданылған әдебиеттер:


1. Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл. Құрастырған Б.Әлімқұлов, Е.Әбдіраманов, Алматы, «Санат», 1994, 154-155 б.б.

2. Т.Б. Сағатбекқызы «Түркі тілдеріндегі төрт түліктің жасына қатысты атаулардың этнолингвистикалық сипаты», Афтореферат, Алматы, 2005, (16, 17 б.б.)

3. І.Кеңесбаев «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі», Алматы, «Ғылым» баспасы, 1977, (27, 461, 425, 128 б.б. )



12


Краткое описание документа:

Аңдатпа

Текті мал – киелі де. Халық аңызында сиыр малын көлденең кесірден, ауру-кеселдерден сақтайтын, өсіп-өнуін желеп-жебейтін қамқоршы пірлер бар. Сиыр малының қамқоршы пірі – Зеңгі баба. Сан ғасыр көшпенді дәуірде тұмыс-тіршілігі тікелей мал шаруашылығына байланысты өткен қазақ халқы төрт түліктің сыр-сипатын, қадыр-қасиетін жете біліп, ерекше қастерлеген, малды былапыт сөздер айтып балағаттамаған, теппеген, басына ұрмаған, сылап-сипап баққан. Жаман ырымға жорып малды санатпаған.

Малдың шаруашылыққа қажетті өнімдік, күш-көліктік, т.б. қасиеттерін жетілдіру мақсатында үзбей бір ізділікпен сұрыптау жүргізіп, көрікті, сұлу, әсем асыл тұқымды өсірумен шұғылданған. Әсіресе, төл басына (алғашқы төлге) айрықша мән берген. Оларды іріктеп, барлық жағынан өскелең талапқа сай келген үлгілерінен тұқымдық ақ нар, боз айғыр, көк бұқа, көк қошқар өсірген. Аса бағалыларын сатпай, соймай, сыйға тартпай ерекшелеп, сетер атаған. Сиыр малын бағып-күту, шығынсыз өсіру оңай еместігін, малшының маңдай терін, қажырлы еңбегін, қиыншылықта төзімділік талап ететінін: «Сиыр бақтым – сидаң қақтым» мәтелі арқылы шаруа адамның зердесіне жеткізген.

Автор
Дата добавления 16.11.2014
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров2306
Номер материала 115457
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх