Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / «Үйрек балапандарымен» (сюжетті мүсіндеу)

«Үйрек балапандарымен» (сюжетті мүсіндеу)

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Жұма: 21.11.2014ж

Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті: Мүсіндеу

Тақырыбы: «Үйрек балапандарымен»(сюжетті мүсіндеу)

Мақсаты: Балаларға заттардың көлеміндегі және бөліктерінің айырмашылығын көрсетіп, балшықты сәйкес пропорцияларға бөліп, пішіндерді мүсіндеуге үйрету.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Үлгі суреттер, үй құстарының суреттері

Қажетті құрал-жабдықтар: Ермексаз, тақтайша, ермексазды кесуге арналған құралдар


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Тыныштық сәті

(Жәй әуен ойналады)

Т/ші: «Балалар қане барлығымыз ақыын көздерімізді жұмып, әуен ырғағымен көз алдымызға жақсы нәрселерді елестетіп, жақсы заттар ойлайық»

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырды

Балалар өздерін жұмып, тынышталады.



Балалар жұмбақ шешуін табады.


Ұйымдастырушылық-ізденістік

Т/ші: балалар сендер жұмбақтың шешуін таптыңдар, енді мен сендерге бір сурет көрсетемін сол бойынша сендер маған әңгіме құрап айтаыңдар.

  • Балалар мына суретте сендер нені көріп тұрсыңдар?

  • Бұлар қандай құстар?

  • Үй құстары қайда өмір сүреді?

  • Бұл суретте қандай үй құстары бар?

  • Олар қайда жүр?



Дұрыс айтасыңдар балалар бұлар үй құстары, олар аулада, қорада өмір сүреді. Оларға адамдар қомқорлық жасап, күтіп-баптап, тамақтандырады.

Оладың біздерге пайдасы бар ма?

Қандай пайдасы бар?

Дұрыс айтасыңдар балалар күнделікті біздер жейтін жұмыртқаларды осы құстардан аламыз.

Балалар, енді құстардың дене бітіміне қарайықшы, олар қандай бөліктерден тұрады?

Ал, балапандарды көріп тұрсыңдар ма?

Олар қандай?



Балалар мен ойланып, осындай құстарды балапандардымен бірге, ермексаздан жасап, аула салып тобымызға қойғым келді. Бірақ, балапандар мен құстар көп болған соң мен олардың барлығын жасай алмайтын болдым. Сондықтан барлығымыз бірігіп жасасақ қалай болады?

Сендер маған көмектесесіңдер ме?

Қане балалар біздер барлығымыз бірігіп, қандай үй құсын мүсіндейтінімізді қарайықшы.

Балалар бұл қандай үй құсы?

Балалар мына құстар ауласындағы суретте үйрек бар ма?

Ал балапандары ше?

Ендеше біздер осы үйректі, балапандарымен бірге мүсіндеуіміз керек.

Тәрбиеші балаларға мүсіндеудің әдіс-тәсілдерін түіндіріп, көрсетеді.

Балалар уретке қарап, т/ң сұрақтарына жауап береді.



Құстарды



Үй құстары

Аулада, қорада

Үйрек, әтеш, тауық, балапандар

Аулада, шарбақта жүр.









Бар

Құстардан жұмыртқа, ет, жүн аламыз.





Бас, қанаты, тұмсығы, құйрығы, аяқтары бар



Иә, біздер көп балалпан көріп тұрмыз.

Олар кішкентай.















Балалар тәрбиешімен бірге құстарды мүсіндеуге келіседі.



Бұл-үйрек

Бар, әні тұр



Балапандарда бар.



Балалар құстардың бейнесін мүсіндейді.

Рефлекциялық-түзетушілік

Қорытындылау

Тәрбиеші құстарға арнап аула дайындайды, ал балалардың жасаған құстарын сол аулаға орналастыруды ұсынады. Балалардың жұмыстарын мадақтайды, оларды қалай жасағандарын сұрайды.

Балалар жұмыстарын аяқтайды. Өздерінің жұмыстарын аулаға орналастырады. Оларды қалай жасағанын айтады.



Күтілетін нәтижелер:

Біледі: үй құстары және олардың тіршілігі туралы;

Игереді: құстардың бейнесін мүсіндеуді (сюжеттік мүсіндеуді);

Меңгереді: мүсіндеудің әдіс-тәсілдерін.



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 20.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров237
Номер материала ДВ-471067
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх