Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / ҮЙІРМЕ ЖҰМЫСЫНДА ТАБИҒИ ОРТАНЫҢ АЙМАҚТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

ҮЙІРМЕ ЖҰМЫСЫНДА ТАБИҒИ ОРТАНЫҢ АЙМАҚТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ

библиотека
материалов


ҮЙІРМЕ ЖҰМЫСЫНДА ТАБИҒИ ОРТАНЫҢ АЙМАҚТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ


Курмангалиева К. К.

Ұлан ауданы,

Бозанбай орта мектебінің

ағылшын тілі мұғалімі


Аннотация


Табиғат, Жер - Ана, Отан, Туған жер, Атамекен деген киелі сөздер құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қасиетті ұғымдар. Табиғат – бүкіл тіршілік атауының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өсіп-өнер мекені. Сондықтан да мен ағылшын тілі пәнінен үйірме жұмысында оқушыларды аймағымыздың әсем табиғатын, флорасы мен фаунасын бақылауға, зерттеуге, сақтауға және дамытуға үйретемін.


Адам – табиғат пен Жер – ананың төл перзенті. Жер - Ананы сүйе білу, оны аялау – адамзаттың азаматтық борышы. Бұл туралы Елбасымыз өз жолдауында: «Жаһандандыру және күрделене түскен әлемдік бәсекелестік жағдайда қазақстандықтар адам дамуының басты салаларындағы таза ауыз су және табиғатты қорғау мәселелерін шешу адамдық және азаматтық борышы екендігін адамгершілік қасиетпен сезінуі тиіс» деген болатын.
Адам мен табиғат әрқашанда егіз. Табиғатты қорғаушың, асыраушың деуге болады. Ата-бабамыз «Жер – қазына, су – алтын, мал – байлық» деп өсиет айтып келгені тегін емес.
Бүгінгі көрсетілер жұмысым да табиғатты қорғау, жетілдіру мақсатында болып отыр.
Экология — 200 жылдық тарихы бар жас ғылым. Экология терминін неміс биологы Эрнест Геккель (1968ж.). "Естественная история происхождения" атты кітабында алғаш рет қолданған. Экология - "ойкос" деген грек сөзі, "үй, баспана" ұғымын білдіреді. Э.Геккельдің айтуы бойынша экология - зоологияның бір тармағы, жанды мақұлықтардың органикалық және анорганикалық ортамен өзара қатынасын зерттейді. Экология ғылымы жеке пән түрінде биология ішінде пайда болды. Экологияны ғылыми негіздеген эволюция туралы ілімнің негізін салушы ағылшын ғалымы Чарльз Дарвин, оның анықтауы бойынша экология тірі ағзалардың ортадағы тіршілік әрекетін және өзара қатынасын зерттейтін биологиялық ғылым. Экология дегеніміз - табиғатты пайдаланудың ғылыми - теориялық негізі. Экологиялық тәрбиенің көкейтестілігі Қазақстандағы экологиялық апат аймақтарының болуымен тығыз байланысты.

Ағылшын тілі сабақтарында, сабақтан тыс шараларында табиғаттың бір бөлшегі жануарлар мен өсімдіктер екенін, олармен жанды қарым – қатынас жасау керектігін , табиғат бақылаушысы, қорғаушысы нағыз хас жауынгері, нағыз досы бола білуіміз керек екендігін жас ұрпақтың санасына жеткізу азаматтық парызым деп білемін. Оқушылардың экологиялық білімнің белгілі жүйесін игеруі, табиғатты қорғауы, жер байлығын тиімді пайдалануы экологиялық мәдениетті жетілдіріп, дүниетану көзқарасын қалыптастырады.
Оқыту процесіндегі экологиялық тәрбие. Әр- түрлі пәндер бағдарламаларындағы экологияға байланысты оқу материалдарын сабақтарда терең түсіндіріп, сыныптан тыс экологиялық жұмыстарды тиімді қолдана білуге оқушыларды үйрету және дағдыландыру – әр пән мұғалімінің міндеті.
Бастауыш сыныптардың оқу бағдарламасындағы оқушылардың экологиялық іскерлік дағдысын қалыптастыруға бағытталған жұмыс түрлері: өсімдіктердің даму кезеңіне фенологиялық бақылау жүргізу, мектеп және қоғамдық мүлікті ұқыптылықпен күту, тұрмыста электроэнергияны, газды, суды үнемді пайдалану. Орта және жоғары сыныптар оқушыларын кең көлемде экологиялық біліммен қаруландырамыз.
Қазіргі жағдайда өндіріс табиғатқа күшті әсер етуші фактор болып отыр. Осыған орай табиғатты ұтымды пайдаланудың ғылыми білімге негізделетінін оқушылардың түсінуі керек. Өндірістік іс-әрекеттің нәтижесінде ортада әр түрлі өзгерістер болып жатыр.
Экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты:
•  қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол бермеу;
•  жастардың бойында экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру;
•  қоғамдық пайдалы еңбек және еңбек тәрбиесі арқылы табиғатты қорғау, күту және жақсарту;
•  экологиялық білімді насихаттау.
Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаты - жастардың экологиялық көзқарасын, санасын, табиғатқа үлкен парасаттылық, жауапкершілік, қарым - қатынасын қалыптастыру. Осы тәрбие арқылы адамның мәдениеттілік сезімі, экологиялық санасы қалыптасады.
Экологиялық тәрбиенің басты міндеттері:
•  өмірде және нақты іс-әрекетінде экологиялық білімді қолдана білу, іскерлікке төселу;
•  табиғатты қорғау және өзгертуге байланысты оқушыларды жаппай қоғамдық пайдалы еңбекке қосу;
•  мектепте экологиялық білім және тәрбие үйірмелерін ұйымдастыру;
Ең басты міндеттердің бірі - оқушыларды табиғатты қорғау мәселелері туралы ғылыми теориялық және тәжірибелік біліммен қаруландыру.

Экологиялық тәрбие жұмыстарының түрлері:
1. Ауыл мектептерінің оқу-тәжірибе алқабын әр-түрлі ағаштар тұқымының көшеттерін өсіріп, көгалдандыруға пайдалану.
2. Мектеп оқушылары ағаштар отырғызып, оларды күту, өрттен, ұрылардан қорғау, тоғайларды кеспеу, сындырмау.
- дәрі өсімдіктерін дайындау, жидек, саңырау-құлақ, т.б. жемістерді жинау;
- пайдалы жануарларды қорғау ; 
3.  Оқушылар ауылшаруашылық тәжірибе жұмысымен айналысады. Тәжірибе жұмысы технология, биология, химия мұғалімдерінің басшылығымен жүргізіледі.
4. Экологиялық тәрбиеге айланысты мектепте жаппай шаралар ұйымдастырылады. Олар: кештер, дәрістер, баяндамалар, ғылыми – ізденіс жобалары т.б.
Экологиялық үйірменің мақсаты: үйірме мүшелерін өздері тұрған аймақтың табиғатын қорғауға, күтуге тәрбиелеу, зерттеу жұмысына тарту, зерттеуді жүргізудің әдістері мен тәсілдеріне үйрету, мектепті экологиялық жұмыстың орталығына айналдыру.
Мектептегі үйірме мүшелері ынтымақтасып, тұрғылықты жерде экологиялық жорықтар, саяхаттар ұйымдастырады. Экологиялық деректерді, ғылыми мағлұматтарды білім және тәрбие процесінде пайдалану мұғалімнің білімділігіне, педагогикалық шеберлігіне, жоғары мәдениеттілігіне байланысты.
Экологиялық тәрбие оқушылардың - табиғатқа жаңаша көзқарасын қалыптастырып, әр түрлі нысандарда жүргізіліп, жеке тұлғаның эмоциялық сезімдік әлемін қалыптастыруға бағытталып, адамгершілік, жауапкершілік қасиеттерін жетілдіреді. Табиғатты аялайтын, қорғайтын бала, туған елін сүйетін Отанының нағыз патриоты болады деп ойлаймын.

Батыстағы толқындаған Каспий теңізі мен Жайық, Еділ жағалауынан шығыстағы Алтай тауларына дейін, солтүстікте Орал тауларынан Тәңір тау аталған Тянь – Шань тауларына дейін ұланғайыр жерді алып жатқан, тұнып тұрған табиғаты бар Қазақстан Республикасы. Менің туған өлкем – кең байтақ Қазақстан. Оның асқар таулары мен айдын көлдері, жайқалған орманы мен жасыл жайлауы – менің ақ бесігім. Туған жер, өскен ел, жүрекке жылы сөздердің бәрі де табиғат деген таңғажайып ұғыммен бірігіп жатады. Қазақстан – көз тартар аса көркем, бар сұлулықты өн бойына жинап алған өлке.

Болашаққа қарай қаншалықты жылдам аяқ басқан сайын біз тіршілігіміздің тарихи бастауларын, тегімізді, жерімізді, оның байлықтарын білуге соншалықты құмартамыз. Аңыз бойынша бір халық «биік таулардың беткейін қарағай ормандары жапқан, жарқыраған өзендер саф көлдерге құйған, көк аспаны жаһандағы ең биік те ең таза» жерге қоныстанған екен. Бұл түркілердің ақ бесігі – Алтай жері туралы айтылған. Сондықтан да бұл жерді мекендеген жандардың мойнында ата - бабалары мен ұрпақтары алдындағы ерекше жауапкершілік жатыр.

Алтай тауының Қалба жотасында орналасқан Бозанбай өлкесі – тарихқа, жан – жануарлар мен құстарға, емдік шөптерге, сирек кездесетін металдарға бай өңір. Ықылым заманнан бері біздің ата – бабаларымыздың алтын бесігі, кір жуып, кіндік кескен өлкесі болған қасиетті мекеніміздің сыры мен жыры бізді қызықтырды. Сол қызығушылықтың нәтижесінде оқушыларым, «Полиглот» үйірмесінің мүшелері Рамазанова Альбина мен Казез Айша «Менің өлкем - Бозанбай» атты ғылыми – ізденіс жобасымен айналысып, көптеген тарихи кітаптарды, анықтамаларды оқып, сараладық, өлкеміздің көркем орындары мен көне ескерткіштері бар тарихи орындарына, музейлерге саяхат жасадық. Жобаға Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің гуманитарлық ғылымдар оқу- ғылыми – зерттеу орталығының кіші ғылыми қызметкері, география магистрі Е.Е. Сансызбаев және экология оқу - ғылыми – зерттеу орталығының директоры, г.ғ.к. А.С.Чурсин жетекшілік етті. Рамазанова Альбина және Казез Айша аталмыш жобамен оқушылардың облыстық эколого-биологиялық конференциясына қатысып жүлделі 2 орынды, аудандық ғылыми - жоба конференциясында 1 орынды иеленді. Оқушылардың республикалық жарыстарының облыстық кезеңінде «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары» бағыты бойынша өлкетану секциясында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Аймағымыздың тарихын, табиғи байлығын білсек деген құлшыныс өлкеміздің кешегісі мен бүгінгісін зерттеуге, зерделеуге итермеледі. Ғылыми жобада оқушылар туған өлкеміздің тарихын, тарихи мұраларын, табиғи байлықтарын, экологиясын зерттеп, экологиялық туризм арқылы табиғи байлығымызды сақтаудың, дамытудың жолдарын халыққа насихаттады. Сондықтан да біз де аймағымыздың көркем жерлерін, табиғи және тарихи байлығын сақтау, қалпына келтіру және ұтымды пайдалану, дамытудың бір көзі экологиялық туризм бола алады деп шештік. Экологиялық туризмнің дамуының негізі табиғи ортаның неғұрлым саф күйінде сақталуы болғандықтан, жобамызда ұсынып отырған ерекше қорғалатын табиғи аумақты құру мәселесі өзекті болып табылады. Шетелдік туристердің Қазақстан аумағындағы демалыс орындарына деген қызығушылықтары күннен – күнге артып келе жатқан кезде Сібе көлдерінің, Қалба тауларының, Бәйші шатқалының мүмкіндігін пайдаланудың маңызы зор. Алайда, осы қайталанбас әдемі жердің сән – салтанаты жыл өткен сайын көркін жойып келеді. Себебі, көлдерден тиісті бақылаусыз балық аулау, тауда аңшылық құру тоқталмай келеді. Осының бәрі аң – құстың азаюына, өсімдік жамылғысының азуына әкеп соғып отыр.

Осыған байланысты осы өңірдің табиғи қалпын сақтап қалу мақсатында Сібе –Қалба табиғи кешенінде аймақтық табиғи ұлттық парк және демалыс орнын құруды ұсындық. Туристік бағыттардың кең ауқымы, соның ішінде Бәйші шатқалын ашып, жаяу ғана емес, сонымен қатар салт атты саяхаттар жасауға болатын тұмса табиғат аясына апаратын бағыттар құрып, соның бойында жабайы аңдарды тамашалап, суретке түсіруге болады. Қызылқайың жазығында тау велосипеді пен мотоцикл саяхатына, қыс мезгілінде тауларда тау шаңғысымен сырғанауға, көлдерінде балық аулауға мол мүмкіндік береді. Бұл жерлерде көз шағылыстырған тау шыңдарының көрінісін тамашалауға, шалғындардың сан алуан нақыштарын көруге, тау биігіндегі байырғы кеніштер мен ежелгі қорған орындарына барып қызықтауға болады.

Егер Сібе – Қалба табиғи кешенінде аймақтық табиғи ұлттық парк және демалыс орнын құру бастамасы жүзеге асар болса, осы аймақтың тұрғындары үшін де пайдасы шексіз болар еді. Біріншіден, жергілікті тұрғындарға қосымша жұмыс орындары ашылар еді, екіншіден, тұрғындардың әлеуметтік – тұрмыстық жағдайлары одан әрі жақсарар еді, үшіншіден, жергілікті бюджетке қосымша кіріс көзі болар еді, төртіншіден, туримзнің дамуы ағылшын тілінде сөйлейтін тілдік ортаның қалыптасуына игі ықпал етпек.

Бұл тақырыпты таңдап алу мақсатымыз :

  • Бозанбай өлкесінің көркем жерлерін насихаттап, туризмді дамытуды ұсыну.

  • Өлкенің табиғи байлығын көрсете отырып аймақтық табиғи ұлттық парк ашуды насихаттау.

  • Туризмнің дамуына байланысты ағылшын тілінде сөйлейтін тілдік ортаны қалыптастыру.

Міндеттері :

1. Туған өлкеміздің тарихын, флора мен фаунасын, табиғи байлықтарын зерттеу.

2. Жаһандану заманында жерімізді, елімізді басқа елдерге таныту.

3. Әсем де көрікті жерлерімізді, табиғи байлығымызды сақтауды, дамытуды халыққа насихаттау.

4. Туризмнің дамуына байланысты ағылшын тілінде сөйлейтін тілдік ортаны қалыптастыру.

Бозанбай өлкесінің табиғаты, тарихы, халқының этномәдени ерекшеліктері, көркем орындары, пайдалы қазбалары зерттеудің нысаны ретінде алынды.

Жобада: «Егер де өлкемізде туристік әрекет дамыса, табиғи және тарихи байлықтарымыз сақталуына және дамуына ықпал етер еді және жергілікті тұрғындар да бұған мүдделі болар еді. Соның аясында ағылшын тілін жақсы меңгеруге мүмкіндік артар еді» деген гипотеза ұсынылды. Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы ретінде өлкеміздің тарихы, табиғат байлығы туристік әрекетті дамыту тұрғысынан толық зерттелмегендіктен. аталмыш жобада Бозанбай өлкесіне бірегей туристік дестинация ретінде шолу жасалды. Күллі әлемге паш етуге тұрарлықтай көркем жерлерін, табиғи байлықтарын, тарихи нысандарын сақтау және дамыту жолдары қарастырылды. Ғылыми – ізденіс жұмысында жоспар бойынша біріншіден, аймағымыздың тарихы және тарихи мұралары: аймақ орталығының тарихы, ауылдық округ мінездемесі, аймағымыздың тарихи мұралары, білім беру мекемесінің тарихы зерттеліп; екіншіден, табиғаты: климаты, жер бедері, ландшафт, көркем орындары, өсімдіктер дүниесі, жануарлар дүниесі, пайдалы қазбалары зерттеліп; үшіншіден, тәжірибелік - зертханалық жұмыс: аймақ тұрғындары арасында сауалнама жүргізілді, Сібе көлдері суының сапалық құрамы сараптамасы мен көл маңы топырағының сараптамасы жасалынды; төртіншіден, экологиялық - туристік маршрут жобасы: туристік маршруттың қысқаша сипаттамасы мен туристік маршрут жобасының техникалық - экономикалық негіздемесін жасадық.

Ұлан ауданы 1928 жылы 17 қаңтарда Тарғын, Сібе, Ленинка, Ұлан, Пролетарка болыстарынан құрылып, Сібе селолық Советі аталды-орталығы Сібе кенті. Аудан құрылған кезде Семей уезінің қарамағына кірген. 1930 жылы Крупская селолық Советі болып өзгертілген. Советтің алғашқы басшысы А.Асқаров болды. Округтің орталығы Бозанбай ауылы / Никитинка селосы/ өзінің дамуын 1940 жылдардан бастады. Осы кезден аудан орталығы болды. 1997 жылдан бастап Бозанбай ауылы- аймақ орталығы. Аудан орталығымен траспорттық байланыс республикалық маңызы бар жолдар арқылы жүзеге асады. Аудан орталығына дейін 60 км, ал облыс орталығына дейін 80 км. Қазір Бозанбай ауылында - 2219 халық, Алгабас ауылында – 513 , Екатериновка ауылында – 75 , Кызыл-су – 65. Жер көлемі 93 790 мың гектар. Шаруашылық қожалықтардың жалпы саны – 177. Тұрғылықты халқы негізінен ауыл шаруашылығымен айналысатынын анықтадық.

Аймақта Сібе, Әлібек, Бозанбай, Қызылсу өзендері ағады, жауhардай жарқыраған Сібе көлдері орналасқан. Аймақтың жеріндегі ірі тарихи мұраның бірі атақты Аблайкит қорғанының қалдықтары. Қорғанның орны Сібе өзенінің бас жағында Алғабас ауылына қарама –қарсы бір километрдей жерде жатыр. Бұл қорғанды , яғни будда монастрін 1649 -1652 жылдар аралығында қалмақ ханы Аблай Қытайдан арнаулы алдырылған шеберлерге салғызған да өзіне резиденция еткен.

Аймағымызда едәуір шұғыл континентік климат басым. Қысы суық әрі ұзақ, қар қазанның 2- жартысынан сәуірдің 1- ші жартысына дейін, орта есеппен 5 - 5,5 ай жатады. Көктем мен күз мерзімі қысқа; көктемде күн тез жылынып, жер тез көктейді. Қоңыр салқын күз алғашқы қар жауысымен – ақ суық қысқа айналып кетеді. Шатқалдар мен беткейлерде қар қалың түседі. Ең суық ай қаңтардың орта температурасы тауда - -14, -17о С-тан, тау аралық ойыстарда - 27, -33о С-қа дейін барады.

Аймақ территориясы Қалба жотасының арасында орналасқан. Қалба сілемдері 400 метрден жоғары орналасқандықтан ауылымыз «қыр», яғни қыратты жерде орналасқан.

Аймақтың топырақ пен өсімдік жамылғысы оның физикалық- географиялық жағдайына байланысты өзіне тән ландшафты бар негізінен 3 биіктік белдеуге бөлінеді. Таулы дала белдеуі тау бөктерлері мен тау аралық ойыстарда 500 -600 м-ден /солтүстік пен батыста/ 1000 – 1500 м /оңтүстікте/ биіктікке дейін орын тебеді. Бұл – негізінен қара және ашық қоңыр топырақты, әр түрлі шөп өскен / селеу, бетеге, жусан, жоңышқа, қияқ, көде, ермен т.б./ шалғынды, кейде селдір шөпті дала. Көп жерлерінде бұта / итмұрын, ұшқат, тобылғы, қараған т.б./, ал өзен мен бұлақ бойларында тал, қайың, мойыл өседі. Таулық орманды белдеу, аласа және биіктігі орташа таулар мен биік жоталардың беткейінде орналасқан бұл белдеу салқын, ылғалды. Белдеудің төменгі жағында ұшқат, мойыл, долана, тошала, арша, қарақат, аю қарақаты, таңқурай, тал, терек, қайың; одан жоғары шырша, балқарағай, самырсын, қара самырсын өседі. Қарағай Қалба жотасында кездеседі.

Көктау - Қалбаның адамзатқа сыйға берген әдемі бір бұрышы. Бұл жерді көктем мен жаз айларында көрудің өзі бір ғанибет. Сай – салалардан сылдырап аққан таза бұлақтар, орман ішінде сайраған құстар, жеміс- жидекке толы беткейлер – бәрі - бәрі көңілдің хошын келтіреді. Көктаудың ішіндегі әйгілі Бәйші шатқалы бар. Оның қасиетін жергілікті ауыл тұрғындары ғана емес, өскемендіктер де жақсы біледі. Сібе көлдері - табиғаттың қайталанбас ерекше сұлу жерлері. Сібе таулы алқабы Бозанбай аймағының орталығынан 13 шақырым жерде жатыр. Бұл алқапты Ұранхай мен Сібе өзендері орай ағып жатыр. Сондай – ақ автокөлік жолдары да айнала тартылған. Қалбаның гранитті өңіріндегі көлдердің денсаулықты жақсартуға маңызы ерекше болып келеді. Салқын да таза тау суында адамды сергітетін қасиет бар. Былайша айтқанда, су құрамындағы натрий, кальций және калий, минералдандырылған карбониттердің адам ағзасына тигізер оңды әсері мол. Табиғи химиялық «зертханадағы» 1 литр судағы минералды заттардың мөлшері 26 грамды құрайды. Көлдер бір – бірімен шүмектер арқылы жалғасып жатыр. Көлдердің тереңдіктері 2 метрден 40 метрге дейін жетеді. Гранитті жартастардағы жарықшақтардан сыздықтап аққан таза су мен бастаулардан толығып тұрады. Көлдерде алабұға, табан, шортан, сияқты балық түрлері бар. Батыс жақ шеткі көлден үш километрдей жерде жұмбақ қуыс Бауқуыс бар.

Біздің ғылыми – зерттеу жұмысының бастапқы кезеңінде «Егер де өлкемізде туристік әрекет дамыса табиғи және тарихи байлықтарымыз сақталуына және дамуына ықпал етер еді және жергілікті тұрғындар да бұған мүдделі болар еді. Соның аясында ағылшын тілін жақсы меңгеруге мүмкіндік артар еді» деген гипотеза алдық. Өлкеміздің табиғатын және тарихи мұраларын зерттей келе жергілікті және шетелдік туристерді қызықтыратындай мол әлеует бар екенін анықтадық.

Зерттеу жұмысымыздың барысында дәледегеніміз:

  1. Өлкемізде табиғаты әсем жерлер мол;

  2. Тарихи ескерткіштерге бай;

  3. Орманы, тауы, даласы әртүрлі жабайы аңдар мен құстарға бай;

  4. Өзен - көлдердің суы таза;

  5. Ауасы таза;

  6. Өлкеміз салыстырмалы түрде облыс орталығына жақын.

Сібе көлдерінің суларының құрамын ауданық СЭС қызметкерлерінің көмегімен анықтадық. Сараптама нәтижелері бойынша суы ластанбағыны дәлелденді.

Өлке ауасының арнайы зерттелмегеніне байланысты өзіміздің бақылауларымызға және талдауымызға сәйкес қорытынды жасадық: өлкеміз таулы қыратты, табиғи өсімдік жамылғысы мол болып келеді. Зиянды өндіріс орындары орналасқан Өскемен қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 70-80 км қашықтықта орналасқан. Аймақтың жел кестесі бойынша қаланың ластанған ауасы өлкемізге жетпейді деген тұжырымға келдік. Сонымен қатар өлкемізде өсетін қарағай, тал тоғайлары ауаны тазалауға өз үлесін қосады.

Ластану заттары топыраққа түсетіндіктен көлдердің топырағын алып, Сарсен Аманжолов атындағы ШҚМУ - нің Экология оқу ғылыми зерттеу орталығынан сараптамадан өткіздік. Топырақты Садыркөл көлінің оңтүстік- шығысынан 45 метр жерден 20 сантиметр тереңдіктен, солтүстігінен 5 метр жерден 7 сантиметр тереңдіктен, батыстан 25 метр жерден 30 сантиметр тереңдіктен, солтүстік - батыстан көлден 30 метр жерден 10 сантиметр тереңдіктен алдық. Ауыр металдар мыс және қорғасынның суда еритін түрінің мөлшері нормаға сай.

Самар шоссесін зерттей келіп, туристердің жүру жолдарының эксперименттік маршруттық картасын сыздық.

Өлкеміздің орналасу жағдайы, көркем және тарихи орындарын, табиғатын зерттей келе басқа жақтан келген демалушылардан, тұрғылықты халықтан әлеуметтік сауалнама жүргізу арқылы көлдеріміздің кең халыққа танымал, демалушылардың сүйікті демалу орны және барлық адамдарға қолжетім екенін анықтадық. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде жергілікті халықтың экологиялық туризмнің дамуын қалайтындықтарын, оның біздің аймағымызда дамуы мүмкін екенін, бірақ әртүрлі кедергілердің бар екендігін анықтадық.

Тұрғылықты халық ағылшын тілін меңгеруді қалайды және туристердің келуімен тілдік орта қалыптасады деп санайды. Ағылшын тілін жақсы меңгеру туралы әлеуметтік сауалнама көрсеткіші келесі мәселелерді көрсетті: оқушыларға ағылшын тілінен үйірмені үзбей ұйымдастыру, қойылымдар қою, шетелге бару, ересектерге қосымша курс ұйымдастыру, тілдік орта болу керек. Ағылшын тілін жылдам меңгеру туралы әлеуметтік сауалнама көрсеткішінің нәтижесі келесідей: ағылшын тілінде қосымша сабақ өткізу, арнаулы курс ашу, ЕШКО – мен қосымша дайындалу арқылы, волонтерлық бағыт бойынша, ағылшын тілінде сөйлейтін орта қалыптастыру арқылы.

Бүгінде туризм табиғи ортаны сақтаудың маңызды бір тетігі болып табылады. Біздің өлкенің әсем табиғатын және бай тарихын насихаттау арқылы ішкі туристермен қоса шетелдік туристерді де тартуға болады. Шетелдік туристердің ағыны артса ағылшын тілінде сөйлейтін тілдік орта ұлғайып, оқушылар ағылшын тілін жақсы меңгеруші еді. Жергілікті тұрғындардың ағылшын тілін білуі туристерге қызмет көрсету деңгейінің жоғарылауына әсер етеді.

Болашақта осы ғылыми – зерттеу жұмысымен ғана шектеліп қалмай, өлкеміздің көркем жерлерін, тарихи мұраларын әлі де зерттеп, оларды сақтау және қорғау, дамыту туралы кең ауқымда үгіт - насихат жүргіземіз. Осы өзекті тақырыпқа оқушыларды, олардың ата-аналарын, мұғалімдерді, аймақтың басшылығын және қоғамдық ұйымдарды тарта отырып экологиялық туризмнің дамуына өз үлесімізді қосамыз деп ойлаймыз.

Ұлы данышпан Әл – Фараби дүниені сақтайтын 4-тілек:

-әділдік, турашылдық;

- қайырымдылық, жомарттық;

- қанағат, барға ризашылдық;

- инабат бер – деген екен, яғни Елбасының Қазақстан - 2030 Бағдарламасы да, «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауы да еліміздің болашағын ойлайтын жастарды тәрбиелеуді міндет етіп жүктейді. Ұлттық рухы қуатты ел – ұлы күш. Тек оны жас ұрпақтарымыздың бойына дарыта білсек, әрқашанда әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің алдыңғы қатарынан орын алып, тереземіз тең, еңсеміз биікте тұратынымыз хақ.

Ұрпақтарымызды парасатты да, білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп , олардың дүниетанымын жалпы азаматтық деңгейде дамытамыз десек, бойында ұлттық және азаматтық намысы бар, елін, жерін сүйетін ұрпақ өсіргіміз келсе, бүкіл қоғамдық өмірдің өзегін келешек ұрпақ тәрбиесіне бағыттауымыз қажет.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» деп мұғалімдердің ІІ съезінде сөйлеген сөзімен баяндамамды түйіндегім келеді.











ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:


  1. Республикалық «Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар» журналы №7 (79),

2011 жыл

  1. Республикалық «Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар» журналы №4, (76),

2011 жыл

  1. С. Ғабдоллаұлы «Ұлан есімі - ұлағат бесігі» анықтамалық. Барнаул: Азбука,

2008 жыл.

  1. В.А. Филиппов. «Заповедные сокровища природы Алтая». Алма-Ата, Наука. -

1986 жыл

  1. Мектеп мұражайының материалы «Стоит на селе школа»

  2. З. Қайсенов «Ұлан ауданы туралы тарихи - әдеби очерктер». Өскемен, 2005

жыл

  1. Е. Бережная мен В. Топорков «Шығыс Қазақстан - әрі көне әрі жас». Өскемен,

2006 жыл

  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы 12 том Алматы,1978 жыл

  2. Қазақстан табиғаты энциклопедиясы Алматы, 2009 жыл

  3. М. Қожабеков, Г. Қожабекова «Дәрілік өсімдіктер» Алматы, «Қазақстан», 1982

жыл

  1. Иващенко А.А. «Сокровища растительного мира по страницам Красной книги

Казахстана» Алматы, 2005 жыл

13. Самашев З. «Petroglyphs of the East Kazakhstan as a historical sources» Алматы

1993 жыл







Краткое описание документа:

Табиғат, Жер - Ана, Отан, Туған жер, Атамекен деген киелі сөздер құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қасиетті ұғымдар.Табиғат – бүкіл тіршілік атауының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өсіп-өнер мекені. Сондықтан да мен ағылшын тілі пәнінен үйірме жұмысында оқушыларды аймағымыздың әсем табиғатын, флорасы мен фаунасын бақылауға, зерттеуге, сақтауға және дамытуға үйретемін. 

Адам – табиғат пен Жер – ананың төл перзенті. Жер - Ананы сүйе білу, оны аялау – адамзаттың азаматтық борышы. Бұл туралы Елбасымыз өз жолдауында: «Жаһандандыру және күрделене түскен әлемдік бәсекелестік жағдайда қазақстандықтар адам дамуының басты салаларындағы таза ауыз су және табиғатты қорғау мәселелерін шешу адамдық және азаматтық борышы екендігін адамгершілік қасиетпен сезінуі тиіс» деген болатын.

 

Автор
Дата добавления 22.02.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров632
Номер материала 403946
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх