Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Предпросмотр материала:
Бекітемін:
Мектеп директоры Сарымсақова
Математика пәнінің мұғалімі
№ 3 сабақ жоспары
|
Алгебра |
9 сынып |
|
|
Сабақ тақырыбы: |
Арифметикалық прогрессия (қайталау сабағы)
|
|
|
Жалпы мақсат: |
Оқушылардың арифметикалық прогрессия жөніндегі білімдерін жинақтау және жүйелеу, арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің, алғашқы n мүшесінің қосындысын формулалар арқылы табу дағдысын дамыту |
|
|
Сілтеме: |
|
|
|
Оқушылар үшін оқу нәтижелері: |
|
|
|
Сабақта қолданылатын материалдар: |
|
|
|
Қолданылған модульдер |
|
|
|
Оқыту әдістері: |
СТО Блум таксономиясы |
1. Жеке жұмыс 2. Жұптық жұмыс 3. Топтық жұмыс
|
|
Уақыт |
Сабақ барысы |
Міндеттері
|
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Әдіс-тәсілдер |
|
|
2 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
Психологиялық ахуал орнату. |
Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Топқа конфеттер бойынша бөлу, әр топ тәттілердің аты бойынша қорғайды (4 топ) |
Амандасады. Жоқ оқушыларды атайды. |
Диалогттік оқыту |
|
|
3 мин
|
Тақырыпқа шығу.
|
а) қызығу-шылықты оятуға түрткі болу. ә)тақырыптың атын және мақсатын анықтау в)тақырыпты бағалау критерийін анықтау. |
- Балалар, грек тілінен аударғанда «алға жылжу» деген сөз қалай айтылушы еді? - Дұрыс, ендеше біздің бүгін қайталайтын тақырыбымыздың аты қандай? - Қосуға байланысты құрылған сандар тізбегін қалай атаушы едік? Рахмет тақырып белгілі болды. Тақтаға назар аударып, мына сөйлемдерді толықтырайық: · Формулаларды орынды қолдана білу бұл- ....... · Мазмұндап айта білу бұл - ...... · Сауатты сөйлей білу бұл - ........ · Білімді жалпылап жүйелей білу бұл - ....... · Үндемей отыра беру бұл - ..... · Қисынды ойлай білу бұл - ......
- Бүгінгі біздің тақырыбымызға осы ойлардың қайсысы сәйкес келеді? - Мақсатымыз қандай болады деп ойлайсыздар? |
«Прогрессио» деп жауап береді.
«Прогрессия»
«Арифметикалық прогрессия»
Оқушылар ауызша сөйлемдерді толықтырады.
Сабаққа сәйкес келетін мақсаттарды атайды. |
СТО (миға шабуыл) Диалогтік оқыту. Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану
|
|
|
5мин
5 мин |
1. Білім |
Өткен тақырыпты еске түсіріп, қайталау |
- Прогрессия тақырыбын өтер алдында қандай негізгі ұғыммен таныстық? Жақсы, оқулықтағы §9 оқып қайталаңыздар
Оқушыларға екі шеңберге (ішкі және сыртқы) тұруын сұраймын. Ішкі шеңбердегілер сыртқы шеңбердегілерге сұрақ қояды. |
Тізбектер ұғымымен
Әр оқушы жеке оқулықтағы тақырыпты шолып еске түсіреді.
Қарама- қарсы тұрғандар жұбы болып, сыртқы шеңбердегілер әңгімелеп жауап береді. Негізгі ұғымдарды, терминдерді, ережелерді, ерекшеліктерді біледі, жауап береді. |
СТО, Диалогтік оқыту.
Өзара ынтымақтас-тық және топпен жұмыс |
|
|
5 мин |
2. Түсіну |
Оқылымның мәнін түсіну, мәліметті бір формадан басқа формаға ауыс-тыра білу (сөз-бен берілгенді математикалық тілге сәйкестен-діру) |
Топқа тапсырма: Жұмыста кездескен 8 адам бір-бірімен қол алысып амандасты. Неше қол алысып амандасу болғанын есептеңіздер?
|
Есептің мазмұнын түсінеді, сөздік мағлұматты интерпретациялайды, математикалық өрнек құрады, шығарады. |
СТО, көшбасшылық, формативті бағалау |
|
|
3 мин
5 мин |
3. Қолдану |
Ережелерді, формулаларды есеп шығаруда пайдалану
|
Интербелсенді тақтада формулаларды көрсету.
Әр оқушыға жеке тест беру.
Дұрыс жауаптар интербелсенді тақтада жазылады, әрбір оқушы өзінің жұмысын тексереді.
|
Формулаларды түсіндіре отырып сәйкестендіреді.
Тапсырманы көрсетілген формулаларды пайдалана отырып орындайды |
Жас ерекшелігіне байланысты тапсырмалар |
|
|
2 мин |
Сергіту сәті |
Жаттығу орындайды. |
|
|||
|
5 мин |
4. Талдау |
Тәжірибеден өткізу мақсатында тапсырма беру |
Топқа тапсырма беру: Халықаралық математикалық кенгуру ойынына аймақтық ұйымдастыру комитетіне мектептер сұраныс жасауы қажет. Бірінші күні 5 мектеп,екінші күні -7, үшінші күні – 9, ....мектептер сұраныс жіберген. Неше күннен кейін ұйымдастыру комитетіне барлығы 60 сұраныс тапсырылады. |
Оқушылар берілгендердің мәндерін ажырата отырып, саралап жазып шығарады. |
Диалогтік оқыту, бағалау |
|
|
7 мин |
5.Жинақтау |
Тақырып бойынша барлық мағлұматтар еске түскенін анықтау үшін эссе жазуды ұсыну |
- Тақырыпты талдадық, тест жаздық, есеп шығардық, енді қандай тапсырма орындаймыз деп ойлайсыздар?
Тақырыпқа байланысты эссе жазу |
Оқушылар ұсыныс жасайды.
|
Дарынды және талантты оқушылармен жұмыс. |
|
|
3мин |
6.Бағалау. Рефлексия. |
Берілген тапсырмаларды бағалау
|
Сыртқы шеңбердегілер ішкі шеңбердегілерге сұрақтар қою арқылы сабақ мақсаттарының орындалуын, сабақ кезеңдерінің құрылымы жөнінде бағалауын сұрайды. «Бүгінгі сабақ ұнады ма?» рефлексиясы |
Ішкі шеңбердегілер сабақтағы іс-әрекет бойынша өз ойларын айтады.
|
СТО. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау |
|
|
Арифметикалық прогрессия (қайталау сабағы)
|
|
Оқушылардың арифметикалық прогрессия жөніндегі білімдерін жинақтау және жүйелеу, арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің, алғашқы n мүшесінің қосындысын формулалар арқылы табу дағдысын дамыту |
|
Что Вы хотите изменить?
Например: обновить оформление, добавить задания, изменить класс, сократить текст или адаптировать материал.
|
Арифметикалық прогрессия (қайталау сабағы)
|
|
Оқушылардың арифметикалық прогрессия жөніндегі білімдерін жинақтау және жүйелеу, арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің, алғашқы n мүшесінің қосындысын формулалар арқылы табу дағдысын дамыту |
|
Что Вы хотите изменить?
Например: обновить оформление, добавить задания, изменить класс, сократить текст или адаптировать материал.
Профессия: Учитель математики и информатики
В каталоге 7 738 курсов по разным направлениям
Учебник: «Математика», Мерзляк А.Г., Полонский В.Б., Якир М.С./ Под ред. Подольского В.Е.