Инфоурок Информатика Рабочие программыҚысқа мерзімді жоспар "Ақпарат көлемі және оның өлшем бірлігі"

Қысқа мерзімді жоспар "Ақпарат көлемі және оның өлшем бірлігі"

Скачать материал

 

 

Алматы облысы, Қаратал ауданы,

С.И.Морозов атындағы №51 ОМГ-ның

 информатика пәні мұғалімі

 Мухатаева Назира Далибековна, 1 деңгей

5 «А» сыныбы                   Өткізілген  күні 18.09.2014ж

Сабақ тақырыбы:

Ақпарат көлемі және оның өлшем бірлігі

Жалпы мақсат пен міндеттері

Ақпараттың өлшем бірліктерімен таныстыру, мәліметтердің ақпараттық көлемін анықтайтын есептерді шығаруды, ақпаратты бір өлшем бірлігінен басқа өлшем бірлігіне ауыстыруды үйрету. Сын тұрғысынан ойлауын дамыту, алған теориялық білімдерін практикада қолдана білу дағдыларын, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.

Оқыту нәтижесі:

Жұмыс орнын ұйымдастыра алады. Ақпараттың өлшем бірліктерін, ақпарат көлемін есептеуді, ақпарат өлшемін кішіден  үлкенге және керісінше үлкеннен кішіге ауыстыру алгоритмін біледі, ізденімпаздыққа, жаңашылдыққа ұмтылады.

Ресурстар:

 Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.Қ.Әбенов,-«Информатика 5 сынып» оқулығы, Астана:Арман ПВ, 2013ж. Презентация «Ақпараттың өлшем бірліктері»   

Сабақта қолданатын  әдіс-тәсілдер:

Топтық жұмыс,  СТО, АКТ – ны пайдалану, диалог, дарынды және талантты балалармен жұмыс, бағалау.

Құрал-жабдықтар:

проектор, мультимедиапрезентация (көзге арналған  сергіту жаттығулары), ДК, топтарға арналған тапсырмалар, деңгейлік тапсырмалар, дәптер, оқулық, стикер, түрлі-түсті маркерлер мен постерлер.

 

Мұғалім жазбасы:

Мұғалім оқушылар қызметін үйлестіруші, бағыттаушы, кеңесші, топ жұмыстарын бақылаушы, қажет болған жағдайда енжар, селқос оқушыға сабаққа қатысуға көмек беруші.

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

1.      Ұйымдастыру.(2 мин)

Амандасу «Бір қолмен амандасу»,  коллаборативті орта құру. Топқа бөлу үшін «Фото суреттің қиындыларын құрастыру» (ноутбук, ДК, планшет). Топ ережесін құру

 

1.Оқушылар  тренингке белсенді, көңілді қатысады.

Топқа бөлу тренингке оқушылар жарысып, бірігіп құрастырды. Оқушылар топ ережесін құру кезінде  ойланып өз  ұсыныстарын айтады

2.      Өткен сабақ бойынша білімдерін тексеру. Кумулятивті әңгіме.(4 мин)

Мұғалім оқушыларға сұрақтар қояды:

1.      Адам ақпаратпен не істей алады?

2.      Ақпаратты адам қалай сақтайды?

3.      Ақпараттарды қайда сақтауға болады?

Смайликтер арқылы формативті бағалау.

2. Оқушылар сұрақтарға жауап береді:

1.      Сақтайды, өңдейді, қабылдайды, бере алады.

2.      Адам ақпаратты «Сыртқы сақтау құрылғыларында» сақтай алады. (қойын дәптерінде, флешкаларда, дискілерде т.б).

3.      Электронды құрылғыларда.(СD, DVD дискілерде, флешккаларда)

Дұрыс жауаптарға смайликтер алады.

3.      Білімді өзектендіру.Тақырыпты ашу.  (6 мин)

 1. Жоғарғы сынып оқушыларының сабақта жасаған жобаларындағы ақпаратты сақтаудың түрлі әдістерін көрсету арқылы жаңа сабақты бастаймын.

2.Сұрақтар қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашамын.

3.Оқушылар алдына мәселе тудырамын: математика пәнінен беретін әріптесім менен көмек сұрады. Ол сабақ тақырыбына байланысты бейнесабақты бір флешкадан екінші флешкаға көшіре алмағанын  отырғанын айтты. Қалай ойлайсыздар неге? Яғни ақпаратты өлшеу керек шығар?

4.Сұрақ қоямын: балалар сендер ақпаратты қалай өлшеуге болатынын білесіңдер ме, қандай өлшем бірліктерін білесіңдер?

 

3. Оқушылар осы материалдарды көре отырып, мәселенің шешу жолдарын айтады.

 

Ақпарат флешкаға сыймайды, флешкада орын аз. Көлемі үлкен флешка алу керек немесе дискіге жазуға болады....

 

 

Байт, гигабайт, мегабайт….

 

 

Дәптерге сабақ тақырыбын жазады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты мен міндеттері анықталады

4.      Мағынаны тану.(8 мин)

Презентация көрсете отырып жаңа сабақтың түйінді идеяларын  түсіндіремін

4. Оқушылар  жаңа түсініктерді дәптерге жазып алады..

5.      Тақырыпты бекіту. (15 мин)

- Топтар бойынша жұмыс жасау ұсынылады. Топтарға (1 қосымша)  беріледі. Қосымша білімді бекітуге арналған 3 тапсырмадан тұрады. (3 деңгейлі).

- Жауаптарды «Табыс критерийлері» стратегиясы бойынша құрылған жауап  парағына жазып отыру керек.

 - Мұғалім ауызша жауаптары үшін алған смайликтер бойынша оқушылардың алған балдарын тақтаға жазып қояды.

- Топтар жұмысына қорытынды жасалады.

 

5. Топтар (1 қосымша) тапсырмасын алады. Топ спикерлері орындалған жұмыстарды қорғайды. Топ мүшелері сұрақтар қояды, хатшы мұғалім рөлінде болып,топтарға балдарын қойып отырады.  

Бағалау бірігіп жасаған табыс критерийлері бойынша жүргізіледі.

1 қате – 5 бал

2-3 қате -  4 бал

3-4 қате -  3 бал

 4 қатеден артық болса – 2 бал

Практикалық жұмыс  кезінде оқушылар бір-бірлерімен бірлесе отырып жұмыс істеді

6. Сергіту сәті. (2 мин)

Презентацияға қарап бойын еркін ұстау және көзге арналған жаттығуды жасау.

Оқушылар әр түрлі фигуралардың қозғалуы бойынша көздерін қозғай отырып жаттығулар жасайды.

7. Жеке жұмыс. (6 мин)

Сандарды бір өлшем бірліктен басқа өлшемдерге ауыстыру. Кілт бойынша жұп бірін-бірі бағалайды.

_______________________(Аты-жөні)

Бір өлшем бірліктен екінші өлшемге ауыстырыңыз:

5 байт = _______________бит

8 килобайт = ___________байт

1 мегабайт = _________________ байт

88 бит = ___________________ байт

5120 терабайт = ___________ гигабайт

Ученики выполняют задание. Используют программу Калькулятор

Жұптар бір-бірімен парақтарын ауыстырып бір-бірін бағалайды.

8. Үй тапсырмасы.(2 мин)

1. Оқулық - §4,.23-26 беттерді оқу

Тест «Өзіңді тексер» 29 бет  дәптерде орындау

2. Өз Атыңыз, Фамилияңыз, Тегіңіздің ақпараттық көлемңн анықтаңыз. (байты, Кбайты,Мбайты)

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. Сұрақтары болса сұрайды.

9. Рефлексия. (2 мин)

Тақтаға үш көңіл күйдегі смайлик ілінеді. Мұғалім оқушыларға осы смайликтер астына стикерге бүгінгі сабақ бойынша жазған:

1. Тақырып маған түсінікті, барлық тапсырманы орындадым

2. Маған барлық тапсырма түсінікті болған жоқ, кейбір тапсырманы орындамадым

3. Мен ештеңе түсінбедім.

Ілуді сұрайды.

Таңдаған смайликтер астына оқушылар өз стикерлерін іледі.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қысқа мерзімді жоспар "Ақпарат көлемі және оның өлшем бірлігі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Юрист

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Алматы облысы, Қаратал ауданы,

С.И.Морозов атындағы №51 ОМГ-ның

 информатика пәні мұғалімі

 Мухатаева Назира Далибековна, 1 деңгей

5 сынып, қысқа мерзімді жоспар

Жалпы мақсат пен міндеттері:Ақпараттың өлшем бірліктерімен таныстыру, мәліметтердің ақпараттық көлемін анықтайтын есептерді шығаруды, ақпаратты бір өлшем бірлігінен басқа өлшем бірлігіне ауыстыруды үйрету. Сын тұрғысынан ойлауын дамыту, алған теориялық білімдерін практикада қолдана білу дағдыларын, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. 

Оқыту нәтижесі:Жұмыс орнын ұйымдастыра алады. Ақпараттың өлшем бірліктерін, ақпарат көлемін есептеуді, ақпарат өлшемін кішіден  үлкенге және керісінше үлкеннен кішіге ауыстыру алгоритмін біледі, ізденімпаздыққа, жаңашылдыққа ұмтылады.

 

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 954 материала в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.11.2014 3938
    • DOCX 206.9 кбайт
    • Рейтинг: 2 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем МУХАТАЕВА НАЗИРА ДАЛИБЕКОВНА. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    МУХАТАЕВА НАЗИРА ДАЛИБЕКОВНА
    МУХАТАЕВА НАЗИРА ДАЛИБЕКОВНА
    • На сайте: 9 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 5
    • Всего просмотров: 40814
    • Всего материалов: 20

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Информатика")

Учитель информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Курс повышения квалификации

Методы и инструменты современного моделирования

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 69 человек

Курс повышения квалификации

Компьютерная грамотность для пенсионеров

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 22 человека

Мини-курс

Основы работы в After Effects

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Готовимся к ЕГЭ по литературе

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Детское развитие: ключевые моменты взаимодействия с детьми и подростками

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 307 человек из 68 регионов
  • Этот курс уже прошли 169 человек