Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Рабочие программы / «Құқықтық сауаттылық – заман талабы»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

«Құқықтық сауаттылық – заман талабы»

библиотека
материалов

Сынып сағатының тақырыбы: «Құқықтық сауаттылық – заман талабы»


Мақсаты:

 1.Оқушылардың  құқықтық білімдерін тексере отырып, жауапкершілікті арттыру, алдына мақсат қоя білуге баулу.
2. Оқушылардың ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, сөздік қорларын молайту.
3. Конституцияны, құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.


Сабақтың барысы: Ұйымдастыру
1. Кіріспе сөз
2.Сұрақ - жауап
3. «Ой жалғау» (мақалдардың жалғасын табу)

4. Ой талқы (маңызды тақырыптар бойынша студенттердің пікірлерін тыңдау)

5.Қорытынды бөлім


Қазақстан Республикасының Конституциясында — Қазақстан Республикасы зінің  демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет  ретінде орнықтыратыны   аталған. Бұл  еліміз  үшін  мәртебелі  мақсат.  Сондай-ақ,   Қазақстан Республикасының Конституциясының  1 – бабында:  «Қазақстан Республикасының ең  қымбат қазынасы – адам  және адамның өмірі,  құқықтары мен бостандықтары»,  — деп  баян етілген.
     Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуының басты  алғышарттарының бірі – азаматтардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық мәдиениетін қалыптастыру, әсіресе  оның  құрамды  бөлігі – адам құқығының мәдениеті. Адам  құқықтары туралы  ақпаратпен  жүйелі қамтамасыз  етудің  қажеттілігі  маңызды екенін ескерсек, онда   бұл салада  адам құқығы мәдениетін  қалыптастыруда  маңызды  құралдың   бірі  – білім  беру  ұжымдары  десек  қателеспейміз.
    Қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі – қылмыстың,  құқық  бұзушылықтың алдын алу. Бұны бүгінгі таңда  барлық деңгейдегі шенеуніктерден бастап, құқық қорғау органдары қызметкерлері,  ұстаздар  мен  ата-аналар,  азаматтар  да түсінуде. Құқық  бұзушылық  жөнінде «Құқық бұзушылық дегеніміз – адамның қоғамға, мемлекетке немесе жеке тұлғаға зиян келтіретін, соңы заң алдындағы жауаптылыққа апаратын құқыққа қайшы әрекеті немесе әрекетсіздігі», — деп көрсетілген. Қоғамда тәртіп орнамаса, ол құлдырайды, яғни  келешегі болмайды. Бұл бәрімізге белгілі және оны жақсы түсінеміз. Дегенмен, қоғамда қоғамдық тәртіпті бұзуға  бейім  азаматтар да кездеседі  және  бұл — құқық бұзушылықтың  орын алуына әкеп соқтырады, сондықтан құқық  бұзушылық — қоғам өміріне  тән  қауіпті  дерт. Құқық бұзушылықтың себептеріне қатысты  ықылым заманнан осы  күнге дейін  әр түрлі пікірлер айтылып келеді.  Солардың ішінде  құқықтық   нормаларды   бұзуына   ең  алдымен  әлеуметтік және  биологиялық  жағдайлар  әсер  ететінін  байқауға  болады.
Жастар арасында  құқық   бұзушылықтың   алдын  алуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға, заңды жауапкершілікті сезінуге  өз  үлесін қосатын,  атсалысатын субъектілердің  бірі — оқу орындары болып табылады. Оқу орнында  жасөспірімнің азаматтық, патриоттық, адамгершілік, салауаттық, құқықтық, мәдени, шығармашылық т.б. қасиеттерін  дамыту  және қалыптастыру процесі жүзеге асырылады. Бұл ұжым мүшелеріне   үлкен  жауапкершілік  пен  міндет  жүктейді.
Құқық  бұзушылық  пен  келеңсіз  жағдайларды  барынша  болдырмау және  алдын алу,   оның  зияндылығы мен қауіптілігін түсіндіруде  — өскелең  ұрпаққа  құқықтық тәрбие беру,  оның  мақсат – міндеттерін   дұрыс түсіндірудің  маңызы  ерекше. Құқықтық тәрбие беру жан — жақты  тәрбиелеудің маңызды  бір саласы. «Құқықтық тәрбие  мақсаты – оқушыларда құқықтық мәдениет пен құқықтық әрекет – қылық қалыптастырып, оларды  құқықтық  заңдылық талаптарын түсінуге әрі мойындауға баулу», — деп анықталған.
Жастарды құқықтық  сауаттылыққа  тәрбиелеу – олардың  қылмысқа ұрынбауына, өздігінен өмірдегі мәселелерді шешуде дұрыс шешім қабылдауына, келеңсіз, жағымсыз  жағдайлардан  тартынуына,  қоғамға пайдалы іспен шұғылдануларына  жәрдемдеседі.
Көп ұлтты тәуелсіз мемлекетті нығайту, өскелең ұрпаққа адамгершілік, патриоттық, азаматтық тәрбие  беру  біздің баршамызға  міндет  екенін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Құқықтық тәрбиені   ұстаздар қауымы    ата – аналармен, құқық   қорғау органдары қызметкерлерімен,  салауаттылық және денсаулық сақтау мекемелерімен, спорттық   ұйымдармен,  қоғамдық  бірлестіктермен  бірлесіп,  тәрбиенің өзге  түрлерімен  байланыстырып  жүйелі  жүргізер болса,  нәтижелі  болмақ.
Оқу орны мен отбасында  балалар  әлеуметтік іс-әрекеттің алғашқы дағдыларын  қалыптастырып адамгершілік, әдеп,заңды мінез-құлық,  орынды әрекет- қылық, құқықтық нормаларды меңгере бастайды. Әлеуметтік нормалардың  негізгі маңызды түрі болып табылатын әдептік нормалардың құқытық сипаты болмағанымен, оның  ережелеріне сусындап өскен бала  әрине қоғамға  зиян келтірмейді, керісінше, өмірдегі өзінің орнын  тауып, елжанды, саналы азамат болып қалыптасады. Әдептік нормалар құқықтық нормаларға  негіз, арқау болып, белгілі бір дәрежеде адамның ар-ұятын, намысын қалыптастыруға, қоғамдық тәртіпті сақтауға ұйтқы болады.  «Құқықтық нормалардың басым көпшілігі әдептік нормалардан нәр алады, соларға арқа сүйейді. Неғұрлым құқықтық нормаларға  әдептік  нормалар арқау болса, соғұрлым заңдардың әділеттілік, адамгершілік мәні жоғары болады»
Құқықтың тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялык пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін атқарады. Мемлекетіміз жастарға құқықтың тәрбие беру ісіне үнемі маңыз беріп келеді. Қазақстан заңдарына терең құрмет сезімін қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау және орындау -ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргізудің жемісі. Көбіне құқықтық сананың төмендегі, материалдық және рухани игіліктердің не екенін жөнді түсінбеушілік қоғамға жат қылықтарды туғызады. Сондықтан да әр оқушының санасына құқықтық нормаларды жеткізу, жеткізіп қана қоймай оның күнделікті мінез-құлық нормасына айналдыру үшін күресу құқықтық тәрбиенің міндеті болып табылады.
Құқықтың тәрбие негізі отбасынан басталады. Оқушылардың тәртіп бұзуының бір жағы отбасында жатыр. Бізде отбасы әр қилы: маскүнемдікпен күн өткізетін, ұрыс -керістен көз ашпайтын, басқалардың, мемлекеттің есебінен арам жолға барып қалғысы келетін отбасылары бар. Осындай отбасында өскен баланың оқуға, еңбекке қалай қарайтыны өз-өзінен түсінікті емес пе? Мұндай отбасында тербиеленген бала өзімшіл болады, қылмыс жасауға бір табан жақын тұрады.
Құқық қоғам мен қоғамның әрбір мүшесінің бүкіл өмірін қамтып жатады. Құқықтық мәдениеті төмен дамыған адам тек заңның өрескел бұзылған жағдайында ғана оған зейін аударады да, құқықтық талаптарды мойындамаған көп жағдайларды байқамайды.
Заңды білмеу — құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайды. Бұл жерде оқушы заң және құқықтық мәдениет ұғымын шатастырмау керек. Құқықтық мәдениет оқушыдан жан-жақты құқықтық білімдерді талап етеді. Адамның құқықтық мәдениеті — күрделі психологиялық құбылыс. Бұл құбылыс қоғамның, мемлекеттің көптеген маңызды салаларында көрінеді. Ең бастысы адамгершілікті адам тұлғасының сапалық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал жасайтын тәрбие құралдарының бірі — орынды тәртіп және мінез-құлық тәрбиесінің жоғары деңгейінде болуы. Сонымен адамның құқықтық мәдениеті дегеніміз — орынды тәртіп пен мінез-құлық, жан-жақты құқықтық білімдері мен заңды құрметтеу, құқықты қорғау іс-әрекетінің терең бірлігі.
Құқықты құрметтеу, әділдікті, борышты, жауапкершілікті, заңдылықты, сезіну — адам тұлғасының жоғарыдан көрінуі. Осыдан келіп заңдылықты сезіну құқықтық мәдениеттің құрамы екендігін түсіну қиын емес.
ІІ. бөлім «Сұрақ - жауап»
1. Конституция сөзінің аудармасы қандай? (Құрылым, өкілім)
2. ҚР-ның биліктің бірден бір бастауы (халық)
3. Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (Президент қол қойғаннан кейін)
4. Егемендік алғаннан кейін ҚР-да Конституция қанша рет қабылданды? (2-рет
1993 жылы 28-қаңтар, 1995 жылы 30-тамыз)
5. Республикадағы жоғары заң шығарушы органды ата? (Парламент)
6. Қасым ханның қасқа жолы қанша тараудан тұрады? (5 тараудан)
7. ҚР өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырды? (Демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік)
8. Құқық дегеніміз не? (Мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі)
9. ҚР Конституциясының 17-бабы не туралы? (Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды)
10. 17-желтоқсан қандай күн? (Демографиялық жаңару күні)
11. ҚР тәуелсіздігін қашан қабылдады? (1991жылы 16-желтоқсан)
12. ҚР-ның төл теңгесі қашан қолданысқа енгізілді? (1993 жылы 15-қараша)
13. ҚР-ның «Мемлекеттік нышандары» туралы заң қай жылы қабылданды? (1992 жыл 4-маусым)
14. «Жеті жарғыны» қабылдаған қазақ ханы кім? (Тәуке хан)
15. Бала құқықтары туралы конвенция қашан қабылданды? (1989 жылы 20-қараша)
16. Конституцияның бөлімі ретінде Преамбула білдіреді? (Кіріспе бөлімді)
17. ҚР жаңа әнұраны қашан қабылданды? (2006 жылы 2-қаңтар)
18. Еліміздегі мемлекеттік тіл? (Қазақ тілі)
19. ҚР Конституциясының 15-бабында не туралы айтылған? (Әркімнің өмір сүруге
құқығы бар)
20. Қос азаматтық қалай аталады? (Бипатрид)

ІІІ бөлім «Ой жалғау» (мақалдардың жалғасын табу)


1. Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын)
2. Өш алғаннан гөрі ... (кешірген жөн)
3. Ақырын жүріп... (анық бас)
4. Асыл тастан ... (өнер жастан)
5. Тура биде ... (туған жоқ)
6. Ұрлық түбі ... (қорлық)
7. Жазасын тартпайтын ... (жамандық жоқ)
8. Әдепті бала ... (арлы бала)
9. Тәрбие ... (отбасынан басталады)
10. Әділ істің ... (арты игі)

 

IV. бөлім «Ой талқы» (маңызды тақырыптар бойынша студенттердің пікірлерін тыңдау)


Тақырыбы: Жастарды қылмысқа итермелейтін не?
Тақырыбы: Жастар арасындағы қылмысқа жол бермеу үшін не істеу керек?

V.  Қорытынды бөлім


Біз бүгінгі «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» атты тәрбие сағатымызды қорытындылай келе, сіздердің келешекте өз білімдеріңізді шыңдай, рухани жан дүниеңізді байыта отырып, өз құқықтарыңызды жете меңгеріп, еліміздің жақсы азаматы болуларыңызға сенім артамыз.
Бауыржан Момышұлы  атамыз«Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деп айтқандай  қашанда Ата-заңымызды қорғауға, бекітілген тәртіпке бағынуға, өз құқықтарыңызды орынды пайдалана білуге шақыра отырып, бүгінгі іс-шарамызды  аяқтаймыз.
Сіздерге әрқашанда сәттілік тілейміз!

 




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Сынып сағатының тақырыбы: «Құқықтық сауаттылық – заман талабы»

 

Мақсаты:

 1.Оқушылардың  құқықтық білімдерін тексере отырып, жауапкершілікті арттыру, алдына мақсат қоя білуге баулу.
2.
Оқушылардыңойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, сөздік қорларын молайту.
3.
Конституцияны, құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.


Сабақтың барысы: Ұйымдастыру
1.
Кіріспе сөз
2.
Сұрақ - жауап
3. «
Ой жалғау» (мақалдардың жалғасын табу)

4. Ой талқы (маңызды тақырыптар бойынша студенттердің пікірлерін тыңдау)

5.Қорытынды бөлім


ҚазақстанРеспубликасыныңКонституциясындаҚазақстанРеспубликасызінің  демократиялық, зайырлы, құқықтықжәнеәлеуметтікмемлекет  ретіндеорнықтыратыны   аталған.Бұл  еліміз  үшін  мәртебелі  мақсат.  Сондай-ақ,   Қазақстан Республикасының Конституциясының  1 – бабында:  «Қазақстан Республикасының ең  қымбат қазынасы – адам  және адамның өмірі,  құқықтары мен бостандықтары»,  — деп  баян етілген.
     Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуының басты  алғышарттарының бірі – азаматтардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық мәдиениетін қалыптастыру, әсіресе  оның  құрамды  бөлігі – адам құқығының мәдениеті. Адам  құқықтары туралы  ақпаратпен  жүйелі қамтамасыз  етудің  қажеттілігі  маңызды екенін ескерсек, онда   бұл салада  адам құқығы мәдениетін  қалыптастыруда  маңызды  құралдың   бірі  – білім  беру  ұжымдары  десек  қателеспейміз.

Автор
Дата добавления 06.06.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Рабочие программы
Просмотров2070
Номер материала 557507
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх