Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Тесты / Ю әріпі мен дыбысы 1 класс
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Ю әріпі мен дыбысы 1 класс

библиотека
материалов

Ю әріпі мен дыбысы

Сабақтың тақырыбы: Ю әріпі мен дыбысы
Сабақтың мақсаты: 1) Оқушыларға Ю әріпі мен дыбысы туралы жалпы ұғым беру, ю дыбысы бар сөздер айту, жазуға үйрету, буындық талдау жасату, геометрикалық фигуралармен таныстыру;
2) оқушының сөздік қорын, тіл байлығын дамыта отырып, өз ойларын еркін жеткізе білу дағдыларын дамыту;
3) өнерді қастерлеуге, үлкенді сыйлауға, жол ережесі тәртібін сақтауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ю әрпінің баспа түрі, ауыл көрінісі, суреттер, геометрикалық фигуралар.
Әдісі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап, талдау, көрнекілік, ойын, әңгімелесу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақты меңгеру.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, дүниетану, математика
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
- оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- оқу құралдарын түгендеу.
2. Өтілген тақырыпты бекіту:
Менің әжем гүл әжем,
Алтын әжем, күн әжем.
Атам үшін күн әжем,
Нағыз ана - тілі әжем.
- Балалар, мына өлеңде кім туралы айтылған? Әже деген кім? Сендердің әжелерің бар ма? Әжелеріңе қолғабыс тигізесіңдер ме? Олай болса біз бүгінгі сабағымызда сол «Ақ әжемнің» ауылына қыдырып қайтайық. Мына геометрикалық фигуралардан қандай көлік түрін құрастыра аламыз? (Автобус құрастыру)

(Төртбұрыш) (Дөңгелек) (Шаршы)
Әжеміздің ауылына жеткенше көңілді отырып, жаңылтпаш, мақал - мәтел, өлең айтып үй тапсырмасын оқып, қайталап барайық.
- Я дыбысы қандай дыбыс?
- Я әріпі бар сөздер айтыңдаршы!
«Қоян туралы» өлең айту.

3. Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы - қырлы жерлермен,
Ытқып - ытқып жүгірді.
Қоянды сипаттау. Оқушылар қоянды сипаттап береді, қоян туралы білгендерін ортаға салады.
Міне балалар, әжеміздің ауылына да жетіп қалдық. Ауылдың көрінісіне көз салайықшы. Ауылдың табиғаты қандай тамаша! Міне біздің әжеміз де көрінді.
- Біз үлкендерді көргенде не істейміз? (сәлем береміз)
- Ауылда қандай үйлер бар? (киіз үйлер)
- Сәлеметсіз бе әже? Біз сізге қонаққа келдік. Әжеміз бізге сыйлық әзірлеп қойыпты, қараңдаршы!
Әжей балаларға сандықша менен сырмақ береді.
Ендеше, әуенді сандықты ашайық,
Ішінде не барын қарайық.
Сандықтың ішінде оюлар бар екен. Сары ою - 5, жасыл ою – 4, қызыл ою - 3 деген бағаларды білдіреді. Балалар мына нәрсе сырмақ деп аталады. Киізден жасалып, өрнектелген қазақ төсеніштері. Көбіне үйдің қабырғалары мен еденін сәндеу үшін қолданылатын, қолдан жасалған бұйым.
- Рақмет әже!
Балалар, осы сырмақтың ортасынан, шетінен не көріп тұрсыздар? ( Ою)
- Ою бізге не үшін қажет? (Сәнді көріну үшін және әр халықтың өз ұлттық оюлары болады. Қай халықтың оюы екенін білу үшін қажет.)
- Оюды қайдан көрдіңдер? ( кілемнен, қоржыннан, киімнен, ыдыстан )
Ендеше бәріміз ою - деп айтайықшы. Сіздерге қай әріп, қай дыбыс таныс емес? (Юю әріпі мен дыбысы ) Дұрыс.

4. Олай болса біздің жаңа сабақта танысатынымыз - Юю әрпі мен дыбысы.
- Ю - ю - ю деп айтайық. Хормен айту.
Ю дыбысын айтқанда, өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында ешқандай кедергіге ұшырамай созылып, әндетіп естіледі. Мұндай дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз. Ю дыбысы й мен у - дың естілуі арқылы айтылатын еріндік, қосарлы дауысты дыбыс. жазғанда бір әріп жазамыз, көбінесе орыс тілінен енген сөздерде кездеседі. Өз алдына буын құрайды.
Білсең де й мен у - ды
Жаза алмас едің аюды,
Ою, тою, қоюды.
. Тақтамен жұмыс:
Сөздерді оқу, буынға бөлу, дыбыстық талдау жасау. Мағыналарын ашып түсіндіру, сөйлем құрастыру.
А - ю, о - ю, қо - ю, құ - ю, тү - ю, то - ю, кү - ю.
. Оқулықпен жұмыс.
Сөздерді тізбектей оқу. «Ою» мәтінін мәнерлеп оқу, мазмұнын түсіндіру.
«Жақсы көрем» өлеңін үш қайтара айтқызып, жаттату.
5. Дәптермен жұмыс жүргізу. Саусақпен ауаға жазу.
Ұстап әкеп шеңберді,
Байлап қойдым бағанға. (I - O)
Тақтаға жазып көрсету. Балалар өте жақсы жаздық, ендеше осы әріпті жазу үлгісі дәптерімізге жазамыз.
6. Сергіту сәті: Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп - теріп аламыз,
Қалтамызға саламыз.
- Балалар біздің енді ауылымызға қайтатын уақытымыз болды. Әжемізге келіп ю әрпімен таныстық, сыйлықтар алдық. Әжемізге алғысымызды білдіреміз.
7. Сабақты қорытындылау:
«Жаңа сөз ойла» ойыны ойнатылады. Ю әріпі бар сөздерді кім көп ойлап тапса, сол жеңімпаз атанады.
8. Үй жұмысы: Бағандағы сөздерді оқу. «Ою» мәтінін мазмұндау. Дәптерге ю әрпін жазу.
9. Бағалау. Мадақтау



Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Ю әріпі мен дыбысы
Сабақтың мақсаты: 1) Оқушыларға Ю әріпі мен дыбысы туралы жалпы ұғым беру, ю дыбысы бар сөздер айту, жазуға үйрету, буындық талдау жасату, геометрикалық фигуралармен таныстыру;
2) оқушының сөздік қорын, тіл байлығын дамыта отырып, өз ойларын еркін жеткізе білу дағдыларын дамыту;
3) өнерді қастерлеуге, үлкенді сыйлауға, жол ережесі тәртібін сақтауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ю әрпінің баспа түрі, ауыл көрінісі, суреттер, геометрикалық фигуралар.
Әдісі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап, талдау, көрнекілік, ойын, әңгімелесу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақты меңгеру.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, дүниетану, математика
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
- оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- оқу құралдарын түгендеу.
2. Өтілген тақырыпты бекіту:
Менің әжем гүл әжем,
Алтын әжем, күн әжем.
Атам үшін күн әжем,
Нағыз ана - тілі әжем.
- Балалар, мына өлеңде кім туралы айтылған? Әже деген кім? Сендердің әжелерің бар ма? Әжелеріңе қолғабыс тигізесіңдер ме? Олай болса біз бүгінгі сабағымызда сол «Ақ әжемнің» ауылына қыдырып қайтайық. Мына геометрикалық фигуралардан қандай көлік түрін құрастыра аламыз? (Автобус құрастыру)


Автор
Дата добавления 26.01.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Тесты
Просмотров739
Номер материала 340593
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх