Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / "Әй,жарайсыңдар!" зияткерлік сайыс (5-6 сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

"Әй,жарайсыңдар!" зияткерлік сайыс (5-6 сынып)

библиотека
материалов

Двуречный орта мектебі















«Әй,жарайсыңдар!» зияткерлік сайысы















Дайындаған және өткізген: Ахметов М.С













2015-2016 оқу жылы

«Әй,жарайсыңдар!» зияткерлік сайысы


Мақсаты: Оқушылардың жан-жақты білімдерін тексеру, логикалық ойлау, есте  сақтау қабілеттерін шыңдау. Өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.

1. Ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыру арқылы оқушылардың білім деңгейін анықтау;

2. Пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білуге дағдыландыру;

3. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, әдеби тілде көркем сөйлеуге тәрбиелеу

Көрнекілігі: нақыл сөздер, тапсырмалар, логикалық тапсырмалар, әр топқа даярлаған үстел, интерактивті тақта,бағалау парағы, түрлі-түстің қағаздар, қайшы, желім

Түрі: Топтық сайыс


Қатысушылар: 5,6 орыс сыныбының оқушылары. 

Барысы: 
1.Мұғалімнің кіріспе сөзі: 
Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар. Қазақстан көп диаспоралы, әр тілде сөйлейтін ел. «Жеті түрлі білім біл, жеті  жұрттың тілін біл» деген дана халқымыз. Өз ана тілімен қатар мемлекеттік тілді-қазақ тілін жетік меңгеруіміз керек. Қазақ халқы  “ақыл – жастан, асыл - тастан” деп бекер айтпаған, олай болса ұшқыр қиял мен ойлылықты қажет етер, “Әй, жарайсыңдар! ” зияткерлік сайысына қош келдіңіздер!


Ал келіңдер, келіңдер,

Біріңе - бірің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер,

Көңілді тапқыштар, алғырлар,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады

- дей отырып, « Әй, жараысыңдар!» атты сыныптан тыс зияткерлік

сайысымызды бастаймыз.


Шын жүйрік шабысынан танылады, 
Нақты білім, терең ой сыналады. 
Баға берер әділқазы ортамызда, 
Оларға құрметпен қол соғылады деп, сайыскерлерімізді бағалайтын, 
шындықты жарып айтатын әділқазылар алқасымен таныс болыңдар.

  1. Илюбаева Динара Ташетовна-оқу ісінің меңгерушісі

  2. Сейдина Жанагуль Закировна-қазақ тілі және әдебиет мұғалімі

  3. Каркабатова Сулу Эраловна-ағылшын тілі мұғалімі


Енді сайыскерлерімізді ортаға шақырайық. «Алғырлар» тобы, «Тапқырлар» тобы. Екі топқа сәттілік тілеймін.

 Сайысымызды бастамас бұрын екі топ мына екі шарды алып оның ішіндегі санды көрсетсе екен. Сол сандар арқылы қай топ бірінші бастайтынын анықтаймыз.

Енді бөлімдермен таныстырып өтейін:

1.Сәлем-сөздің атасы

2. Жүйрік болсаң,озып көр.

3.Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар

4.Ұшқыр қиял

5. Шебердің қолы-алтын

6. Топ басшылар айтысы


1.Сәлем-сөздің атасы

Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін,
Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп.
Таныстырып өздерін өтсе деймін, -дей келе кезекті таныстыруға берсек.


1топ «Алғырлар»

Ұраны: Жарыс десе жанамыз

              Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.

Сәлемдесуі: Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз

                   Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз

                  Қияларға самғап ұшқан құстаймыз

                  Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз

2топ. «Тапқырлар»

Ұраны:Білікті бірді жығады

             Білімді мыңды жығады

Сәлемдесуі:Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым

                 Көрсетеміз бізде қандай күш барын

               Алға қойған мақсатымыз бір екен

              Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

Бұл кезеңде әділқазылар 1 мен 5 аралығында ұпай қояды.


2. Жүйрік болсаң,озып көр.

Шарты: Екі топқа ортақ сұрақ қойылады. Қойылған сұраққа қай топ бірінші болып қолын көтерсе сол топ жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріліп отырады.

1.Қазақстанның Президенті кім?

(Н.Назарбаев)

2. 22 қыркүйекте Қазақстандықтар қандай мерекені тойлайды.

(Тілдер күні)

3. Қазақстан Республикасы Халықтарының Бірлік күні

(1 мамыр)

4.Бір жылда неше ай бар?

(12 ай)

5. Қай жылы еліміз Тәуелсіздік алды?

(1991 жылы)

6.«Өлең — сөздің патшасы,сөз сарасы,» қай ақынның өлеңі?

(Абай Құнанбаев)

7. ҚР Мемлекеттік рәміздерін ата.

( Әнұран, елтаңба, ту)

8. ҚР Әнұранының авторлары кім?

( сөзі:Н.Назарбаев, Ж.Нәжімединов.

Әні: Ш.Қалдаяқов)

9. Ақындар сайысы

(Айтыс)

10. Қазақстанда 1 желтоқсан қандай мереке?

( Тұңғыш Президент күні)

11. ҚР Тұңғыш ұшқышы кім?

( Тоқтар Әубәкіров)

12. Көктем айларын ата.

(Наурыз, сәуір, мамыр)

13.Абайдың шын есіміhello_html_71436067.png

(Ибраһим)

14. Қазақтың ұлттық киімдеріне нелер жатады?

(Бөрік, шапан, қамзол, сәукеле т.б)

15. Ұлттық аспаптарды атаңдар

(домбыра, сырнай,жетіген, қобыз т.б)


3.Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар

Шарты: интерактивті тақтада бірнеше суреттерді 1 минуттай көрсетіп жауып тастайды. Екі топқа екі түрлі сурет көрсетіледі. 1-ші топ суретті көріп болған соң теріс қарап тұрып атап берулері керек. 2-ші топта солай орындайды. Әр дұрыс суреттерге 1 ұпайдан беріліп отырады.

hello_html_m5148af3c.pnghello_html_m553c79a.pnghello_html_2b865b47.png










4.Ұшқыр қиял

Шарты: бұл кезеңде екі топқа интерактивті тақтада жаңылтпаш беріледі. Осы жаңылтпашты дұрыс, жылдам, қатесіз айта білу керек. Ұпай саны 1 мен 5 аралығында қойылады. hello_html_m7ceb2c30.png




5. Шебердің қолы-алтын

Шарты: Топтардың алдына үш түсті парақ , қайшы, желім беріледі. Екі топқа ортақ тапсырма қазақ қыздарының ұлттық баскиімі «сәукеле» жасау. Оларға берілетін уақыт 3 минут. Жасап болған сәукелені қазылар алқасына апарып тапсырады. Бұл кезеңде 3 пен 10 аралығында ұпай қояды.hello_html_m2c5d490c.png


6. Топ басшылар айтысы


Мінекей ане-міне деп сайысымыздың соңғы кезеніне де келіп жеттік. Бұл кезеңде топ басшыларды ортаға шақырғым келіп тұр. Ойын шартын түсіндіріп өтейін.

Шарты: Екі топтың басшылары отраға шығып кезекпен кезек мақал-мәтелдер айтып жарысады.

Әр айтқан мақал-мәтелге 1 ұпайдан беріліп отырады.

«Мақал сөздің мәйегі» деп мақал мәтелдер жарысын бастайық. 


Қорытынды: Осымен сайысымыздың кезеңдері аяқталды. Енді әділқазылар алқасы ұпай сандарын толық шығарғанша барлығымыз орнымыздан тұрып би билелік.


Би: Қара жорға


 Марапаттау кезеңі:

Сайысымыздың жеңімпаздарын анықтайтын да уақыт келіп жетті.Олай болса құттықтау сөз әділқазылар алқасына беріледі.


Сайысқа қатысушылар мен көрермендерге рахмет айта отырып бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Сау болыңыздар!






C:\Users\Асер\Desktop\Медет ашык сабак фото\P2240031.JPGC:\Users\Асер\Desktop\Медет ашык сабак фото\P2240006.JPG

C:\Users\Асер\Desktop\Медет ашык сабак фото\P2240039.JPGC:\Users\Асер\Desktop\Медет ашык сабак фото\P2240018.JPG

C:\Users\Асер\Desktop\Медет ашык сабак фото\P2240058.JPGC:\Users\Асер\Desktop\Медет ашык сабак фото\P2240037.JPG

C:\Users\Асер\Desktop\Медет ашык сабак фото\P2240010.JPGC:\Users\Асер\Desktop\Медет ашык сабак фото\P2240039.JPG


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 25.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров467
Номер материала ДВ-483069
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх