Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Другие методич. материалы / "Қызықты география" атты сайыс сабағы

"Қызықты география" атты сайыс сабағы

  • География

Поделитесь материалом с коллегами:

«Қызықты география» атты сайыс сабағы

Сыныбы-8 сынып

1-жүргізуші

Жер шарында тіршілік етіп,географиямен таныспай кету,Египетте болып,пирамидаларды көрмей кету немесе Астанада болып,Бәйтерекке қарамай кетумен тең,деп айтсақ артық айтқандық болмас.Біз географияның тек ғылым емес,сонымен қатар өнер екендігін ұмытпауымыз керек.Жер ғаламшарын жоғарғы сапада сипаттап жазуда үлкен суретшілік

талант қажет.Сондықтан көптеген ұлы жазушыларды да тамаша географтар деуімізге әбден болады.Атап айтсақ,А.Дюма,Ж.Верн,М.Твен

2-жүргізуші

География-ерекше ғылым.Дүние жүзіне әйгілі географтар тізімінен сіздер әйгілі қарақшылар

мен авантюристер,барлаушыларды таба аласыздар.Олар алтын іздеді,бірақ дүниежүзілік

ұлы саяхатшылармен қатар атақ иеленді,олар билік пен қызықты оқиғалардың артынан қуды.

Бірақ дүниежүзілік картада олардың аттары өз орнын тапты.Олардың көпшілігі жаңа жерлерді ашуға ұмтылды.Осынау ерлік пен өрлікке толы мақсатпен өмір сүрген ұлы адамдарға әрқашан құрмет ғана лайық.

1-жүргізуші

Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған -8 сыныптар арасындағы «Қызықты география» сайысының мақсаты төмендегідей:

1.XXI ғасыр –білімділер ғасыры болғандықтан,бүгінгі таңда заманына сай ой-өрісі дамыған азаматты қалыптастыру,

2.Жас ұрпаққа сапалы білім беру,әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде болуға тәрбиелеу,

3.Оқушының пәнге қызығушылығын, ойлау қабілетін дамыту,мектептің көшбасшысын анықтау,алғырлыққа,тапқырлыққа және тез ойлана білуге үйрету.

2-жүргізуші-Ақыл-тастан,өнер-жастан

Шығады деп дарынды.

Халық айтса,қалт айтпайды

Әрқашанда нанымды,-дей келе,сайысымызды бағалайтын әділқазылар алқасымен танысыңыздар

1.География пәнінің мұғалімі-Құлбатырова Гүлфия Амантайқызы

2.Биология пәнінің мұғалімі- Демеубаева Гүлбану Сембекқызы

3.География пәнінің мұғалімі-Абдолова Әлия Дүйсенбайқызы

1-жүргізуші-Сайыс шарттарымен таныстырып өтейін-

1-кезең.Өзін-өзі таныстыру-екі команда ортаға шығып өздерін таныстырады.

2-кезең.Қатені тап. географиялық диктанттың тапсырмасы беріледі,тақырып ішінен қатені табу

3-кезең.Кім жылдам.Әріптер ішінде географиялық обьектілер бар,соны анықтау

4-кезең.Логикалық сұрақтар.

Сергіту сәті.

5-кезең.Адасқан нысандарды сәйкестендіру

6-кезең.Кім тапқыр.семантикалық карта дұрыс жауабына + белгісі қойылады

7-кезең.Ойлы болсаң тауып көр. Қызықты сұрақтар

8-кезең.Адасқан әріптер

9-кезең.Сыйқырлы қоржын. Сұрақтарға жауап беру

10-кезең.Ең,ең,ең...ойыны

2-жүргізуші-Ортамызда география пәні бойынша ерінбей еңбектеніп ,үнемі ізденіс үстінде жүретін алғыр 8-сынып оқушылары.

1-жүргізуші-1-кезең.Өзін-өзі таныстыру.Екі команда ортаға шығып өздерін таныстырады

2-жүргізуші-2-кезең.Қатені тап.Бір саяхатшы Оңтүстік Америкаға сапарынан кейін есеп жазады.Ол өз есебінде бірнеше

қателіктерге жол береді.Тапсырма:сол қателіктерді табыңдар.Оңтүстік Америка экваторға қатысты орны бойынша Солтүстік жарты шарда орналасқан.Материктің көп бөлігі –Африка платформасында жатыр.Солтүстігінде Дрейк Бұғазы бөліп жатқан Отты жер архипелагы бар.Материктің жағалауын шаяды.Конго өзенінің маңы өте әсем жерлерінің бірі,онда ғажайып Виктория-регия өсімдігі өседі.Ориноко ойпатында Поопо көлі жатыр.Амазонканың шыршалы ормандарында капибаралар,бұландар өмір сүреді.

1-жүргізуші:3-кезең.Кім жылдам.Әріптер ішінде географиялық обьектілер бар,соны анықтау.

1.чтарабиялервунілдцфдрейкксчэбжерортахшья

2.йебшбралтарцюскандинавияьфтайфундарал

3.мвацунамидыяанхельйфчамазонкааврпконгозх

4.чяьгольфстримкасқызылтсфямексикацубайкал



2-жүргізуші: 4-кезең.Логикалық сұрақтар

1.Республикамыздағы жер бедерінің ең төменгі нүктесі еліміздің батысындағы Маңғыстау түбегіндегі Қарақия ойысы,Ал биік нүктесі Хан тәңірі шыңына сәйкес келеді.Сұрақ:Қазақстандағы ең биік және ең төменгі нүктелердің айырмасы қанша.Жауабы:6995м+132м=7127м



2.Бұл тау Ақмола облысында орналасқан қырат.Орташа биіктігі 300-500м.Бұл жер туралы Сәкен Сейфуллин поэма жазды.Бұл жерде Қазақстанның ірі демалыс орны бар.Сұрақ: осы жерді ата.Жауабы:Көкшетау.

3.Бұл теңіз Еуразия мен Африка аралығында литосфералық тақталардың түйісу аймағында орналасқан.Мұнда дүниежүзілік мұхиттағы ең жоғарғы тұздылық байқалады.Сұрақ:бұл қай теңіз. Жауабы:Қызыл теңіз

4.Әбден мүжіліп,үйілген өте көне таулы өлке.Мұнда миллондаған жылдар бойы жел мен жаңбыр,ыстық пен аяз,қар мен ағын су өзінің әрекетін жүргізген.Қазіргі кезде таудың тек негізі ғана сақталып қалған.Мұнда жартасты басы сүйір және жіңішке келген қырқалар мен үйілген қорым тас сияқты формалар кездеседі. Тіпті оқшауланып қалған тасты

пирамидалар да байқалады.Сұрақ:Бұл қандай өлке .Жауабы:Сарыарқа

1-жүргізуші:5-кезең. Адасқан нысандарды сәйкестендіру.

1.Солтүстік Америка Мисисипи

2.Оңтүстік Америка Байкал көлі

3.Еуразия Амазонка өзені

4.Африка Пуэрто-Рико шұңғымасы

5.Тынық мұхиты Виктория сарқырамасы

6.Атлант мұхиты Мариана шұңғымасы

7.Үнді мұхиты Зонд шұңғымасы

2-жүргізуші :6-кезең.Кім тапқыр .семантикалық карта дұрыс жауабына +белгісі қойылады.

Нысандар Мұхит теңіз шығанақ бұғаз түбек арал

Пиреней

Бискай

Лабрадор

Кіші Азия

Отты жер

Үнді

Саргасс

1-жүргізуші:7-кезең.Ойлы болсаң,тауып көр. Қызықты сұрақтар

1.Шаян тектес жануардың атын жазбақ еді,орнына Солтүстік Африка халқының аты шықты. краб-араб

2.Астыңа салар мақта көрпе аты бар,болар енді Үндістанның портты қала заты бар. матрас-мадрас

3.Әрі суық,әрі тәтті дәм еді,болып қалды солтүстіктің тұрғыны. эскимо-эскимос

4.Италияның самсасы ол жейтұғын,Францияның курорты болды тамаша дейтұғын пицца-Ницца

5.Қандай өзен А-дан Я-ға дейін ағады. Амудария

6.Ең ашулы қандай қала. Грозный

7.Бір әрпін жоғалтса қандай арал геометриялық фигура болады. Куба

8.Қандай мемлекетті басқа киюге болады. Панама

9.Қандай өзеннің атынан музыкалық нотаны табуға болады Миссисипи

10.Қандай жер ешқашан қартаймайды. Жаңа жер

2-жүргізуші:8-кезең.Адасқан әріптер

1.фреасдигор

2.лөссссқысқыт

3.яидналси

4.нергналяид

5.бергсйа

6.Дарярыси

1-жүргізуші. 9-кезең Сыйқырлы қоржын . Сұрақтарға жауап беру

1.Қазақстан тәуелсіздігін алған жыл 1991ж.

2.АҚШ-тың батысындағы тау жүйесі. Кордильер

3.Бағдарлауға арналған аспап тұсбағар

4.Қазақстанның ең көп шекарасы қай елмен көп шектеседі Ресей

5.Көкжиектің негізгі тұстары солтүстік,оңтүстік, батыс,шығыс

6.Қазақстанда қанша әкімшілік,облыс бар 14

7.Ең ұзын параллель экватор

8.Жердің су қабаты қалай аталады гидросфера

9. Қазақтың тұңғыш географ ғалымы Ш.Уәлиханов

10.Теңіз деп аталатын қандай көлді білесің Каспий,Арал

2-жүргізуші 10-кезең Ең,ең,ең... ойыны



1.Ең халық саны көп ел- Қытай

2.Ең жері үлкен мемлекет- Ресей

3.Ең үлкен түбек- Арабия

4.Ең көп таралған дін христиан

5.Ең биік тау- Гималай

6.Ең үлкен арал- Гренландия

7.Ең көп сөйлейтін тіл- қытай тілі

8.Ең көп көмір өндіретін ел- Қытай

9.Мұнайды ең көп өндіретін елдер- Сауд Арабиясы,АҚШ,Ресей

10.Табиғи газды ең көп өндіретін ел- Ресей

1-жүргізуші-Әділқазылар шешімі дайын болғанша 2 топтың өнерін тамашалаймыз

2-жүргізуші- Сөз кезегі әділқазыларда

Сонымен, оқушылар бүгінгі «Қызықты география» атты сайысымызды аяқтаймыз.







Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Краткое описание документа:

Сыныбы-8 сынып

1-жүргізуші

Жер шарында тіршілік етіп,географиямен таныспай кету,Египетте болып,пирамидаларды көрмей кету немесе Астанада болып,Бәйтерекке қарамай кетумен тең,деп айтсақ артық айтқандық болмас.Біз географияның тек ғылым емес,сонымен қатар өнер екендігін ұмытпауымыз керек.Жер ғаламшарын жоғарғы сапада сипаттап жазуда үлкен суретшілік

талант қажет.Сондықтан көптеген ұлы жазушыларды да тамаша географтар деуімізге әбден болады.Атап айтсақ,А.Дюма,Ж.Верн,М.Твен

2-жүргізуші

География-ерекше ғылым.Дүние жүзіне әйгілі географтар тізімінен сіздер әйгілі қарақшылар

мен авантюристер,барлаушыларды таба аласыздар.Олар алтын іздеді,бірақ дүниежүзілік

ұлы саяхатшылармен қатар атақ иеленді,олар билік пен қызықты оқиғалардың артынан қуды.

 

Бірақ дүниежүзілік картада олардың аттары өз орнын тапты.Олардың көпшілігі жаңа жерлерді ашуға ұмтылды.Осынау ерлік пен өрлікке толы мақсатпен өмір сүрген ұлы адамдарға әрқашан құрмет ғана лайық.

Автор
Дата добавления 10.03.2015
Раздел География
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров682
Номер материала 436136
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх