Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Рабочие программы / "Өз білімділігін жетілдірудегі жеке жұмыс жоспары" 2015-2016 жыл

"Өз білімділігін жетілдірудегі жеке жұмыс жоспары" 2015-2016 жыл



  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Ересек «Ә» тобының тәрбиешісі Жамелова А.Е. өз білімділігін жетілдірудегі жеке жұмыс жоспары 2015-2016 жж.

Мерзімі

Дидактикалық ойындар

(Мақсаты)


1

Қыркүйек

«Құртақандар сағаты» - тәулік және оның ұзықтылығы туралы білімдерін қалыптастыру,ойлау қабілеттерін дамыту.

«Геометриялық лото» - Геометриялық пішіндер турал білімдерін қалыптастыра отыра ойлау қабілеттерін дамыту.

«Тізіп сана» - есептік санау дағдысын қалыптастыру.

«Ғажайып қапшық» - геометриялық пішіндер туралы білімдерін қалыптастыру;

«Санды тауып ал» - есептік санау дағдысын қалыптастыру.

«Тәулік бөліктері» - тәулік бөліктері туралы білімдерін дамыту.

«Дұрыс жүрсен,құпияны табасын» - кеңестікті дұрыс ба,дарлай алуға,нұсқау бойынша жұре білуге үйрету.

«Есінде сақтап,қайтала» - қағаз бетінде дұрыс бағдарлай білуді дамыту.

«Ретімен қой» - ұзындығы бойынша 10 затты салыстыра білуді дамыту.

«Үйшікке барар жолды жалғастыр» - жуандығы бойынша 10 затты салыстыра білуді дамыту.

2

Қазан


«Төрт құбылыс»Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші «су» - десе қолдарын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді, «от» дегенде екі қолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса ойыннан шығарылады.

«Көңілді шеңбер» Балалар шеңбер жасап отырады. Бір-біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі бергенде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балаларға әр түрлі заттарды қыстырып қояды (гүл, орамал, көзілдірік т.с.с.). Балалар көздерін ашқанда не өзгерді? – деп сұрайды. Ең зейінді балаға сыйлық беруге болады.

« Орныңды тап»Балалар шеңберге тұрады. Әр бала өзінің жанындағы баланы есінде сақтап, қарап алуы керек. Жүргізушінің бірінші белгісі бойынша, бөлменің жан-жағына тарап кетеді (белгі: шапалақтау, барабанмен беріледі). Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғанын есінде сақтап, қайта шеңбер түзеді. Өз орнын таппаған балалар ойыннан шығарылады.

«Ойыншықты сипатта»Жүргізуші балаларға қолындағы ойыншықты мұқият қарап алуға ұсынады (1 минут). Алынатын ойыншықтар түрлі-түсті және бөліктері бірнешеу болуы шарт. Ойыншықты жасырып, балалардан сол ойыншықты көргендегі түр-түсі, көлемі, пішіні, дене бөліктерін есінде сақтағанын сипаттап беруді талап етеді. Ойыншықты дәл, нақты сипаттап берген бала ойынды әрі қарай жалғастырады.

« Сөзді есіңде сақта»Жүргізуші балаларға 7 қосарлы сөздерді оқиды. Балаларға мұқият тыңдау ұсынылады. Бірінші сөзді жүргізуші айтады, балалар келесі сөзді есінде сақтап қайталайды. Осылайша қалған сөздерді түгел айтып шығу керек.

Матадағы менің орным   Жердегі жатқан мата үстіне балалар белгі берген уақытта тұрып қалуы тиіс. Матаның өлшемін мұғалім кішірейте отырып ойынды жалғастырады. Бірақ ойында балалар мата бетінен шығып кетпеулері керек.

«Ойлан да аяқта»ойлау қабілеттерін дамыту

3

Қараша

«Менің көңіл-күйім қандай»Балалар өз көңіл-күйлеріне сәйкес келетін суретті тауып атайды (көңілді – көңілсіз, ренжулі, қорқынышты, ...т.с.с.). Сол кездегі өздерінің көңіл-күйлерін баяндайды. Басқа суреттегі көңіл-күйге сәйкес болған жайды әңгімелеп береді.

«Жаңа ертегі»Жүргізуші отырған балаларға ертегі кейіпкерлерін атайды, суреттерін көрсетеді. Мысалы: кемпір, шал, түлкі, арыстан, тышқан т.б. Аталған кейіпкерлерді біріктіре отырып жаңа ертегі мазмұнын құрастырып айтуды ұсынады. Балалар ертегі құрастырады. Ең қызықты ертегі ойлап тапқан бала жүргізуші болып ойын жалғастырады.

«Сиқырлы дөңгелектер»Баланың қиялын дамытуға арнайы бірнеше дөңгелектер беріледі, олардан балалар жануарлардың бейнесін жасау ұсынылады.

«Қиял жалғасы»Мұғалім ойланып, балалардың назарын тақтаға аударады да өзі бірнеше сызықтарды бормен сызып қояды. (Толқын, сынық сызық, ирек т.б.) 

«Қарама-қарсы сөзді ата»Балалар шеңберге тұрады.  Жүргізуші доппен балалардың арасында тұрады.  Жүргізуші балаларға кезекпен допты лақтырып, бір сөзді айтады. Балалар сол сөзге қарама-қарсы сөзді айтулары тиіс.

«Ине мен жіп»Сендер менің артымнан бір-бірлеріңнің белдеріңнен ұстап тұрыңдар. Қазір бәріміз алдымызда тұрған кедергілер арасынан үзілмей жүгіреміз. Кім жіпті үзсе сол ойыннан шығады.

«Бұл қашан болады?»Жыл мезгілдеріне байланысты суреттер көрсетіледі. Сол суреттер ішінен керек суретті көрсетіп әңгімелеп береді.

«Не үлкен» Отырған балаларға жүргізуші сұрақ қояды. Орындықтан не үлкен? Балалар кезекпен заттарды атайды. Ойын ойнаған кезде жүргізушіге атаған заттарды қайтадан айтуға болмайды және балаларға қайталауға болмайды. Кім екі рет шатасса ойыннан шығады. Жеңімпаз бала жүргізуші болады.

«Сиқырлы қапшық» Балаларды шеңбер жасай отырғызып жүргізуші олардың алдындағы кішкентай үстел басына отырады. Үстелдің басында сиқырлы қапшық тұр. Ішінде әртүрлі ұсақ ойыншықтар. Балаларды кезекпен шақырып қапшықтың ішіндегі екі бірдей затты тауып алуды талап етеді.

«Түрлі-түсті жолақтар»
Ойынның мақсаты: түстерді атауға, салыстыруға жаттықтыру; берілген тапсырманы орындауға ынталандыру; достық қарым-қатынастарын тәрбиелеу.

4

Желтоқсан

Мен жеңімпазбын Орындықтарды ортаға қойып, музыка әуені ойнағанда балалар шеңбермен айналып жүгіреді. Орындықтар саны балалар санынан 1 санға кем болуы керек. Ең соңында қалған бала орындықтың үстіне шығып, «мен жеңімпазбын» деп айтуы керек.

Құлақ-мұрын  Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші: құлақ – деп мұрнын ұстайды. Ал балалар айтылған мүшені дұрыс көрсетулері тиіс. Жүргізуші балалардың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатында оларды шатастырып атайды.

Өз орныңды тап  Балалар қатармен тұрады. Әр баланың қолында әр түрлі сандар. Жүргізуші белгі берген уақытта балалар сандардың реті бойынша тұруға тиісті. Ойын бірнеше рет қайталанады. Балалардың орындарын шатастырып алмауы қадағаланады.

Дайын бол  Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші бір сөз айтады, ал балалар сол сөзді іс-қимылмен көрсетеді. Мысалы: қоян – секіреді, құс – ұшады т.с.с.

Зейінді бол  Балалар шеңберде тұрады. Жүргізуші әр түрлі қимыл-қозғалысты көрсетеді. Балалар қайталап тұрады. Жүргізуші ескерткен қозғалысты, мысалы: қос аяқпен секіру қозғалысын қайталамайды. Қайталаған бала ойыннан шығарылып, жеңімпаз жүргізуші болады. 

Көпір . Ойнаушылардың санына шек қойылмайды. Ойынға көз байлайтын екі орамал керек. Ойын басқарушының нұсқауымен көпір жасайтын екі баланың көздері байланады. Олар біріне бірі қарама-қарсы тұрып, қолдарын созып «көпір» жасайды. Олар көпір жасағанда тек саусақтарының ұштарына тигізіп қана тұрады, қолдарымен ұстаспайды.

Шырмауық Ойнаушылардын санына шек қойылмайды. Балалар өзара қол ұстасып шеңбер бойына қатарға тұрады. Олар оңға, не солға шеңбер бойымен айнала қозғала бастайды.

Асау мәстек. Ойынды өткізу үшін күні бұрын арасы 1,5-2 метр, биіктігі бір метр екі бөрене жерге қағылады. Енді екі бөренені үш-төрт рет айналдыра тартып арқан керіледі. Жерге бір-екі тақия тасталады. Осы жасалған құрал «асау мәстек» деп аталады. Арқан үстіне көрпешік төселеді. Ойнаушылардьщ санына шек қойылмайды.

Тапшы кімнің дауысы?   . Ойынға көз байлайтын орамал керек. Ойнаушылардың санына шек койылмайды. Ойын басқарушы бір баланы шеңбер бойымен қатарда тұрған балалардың ортасына алып шығып, оның көзін байлайды.

Сол орынға тұра ғой,өлеңдетіп шеңберді айнала козғалып тұрады.Хор айтылып біткен соң, ойын басқарушы белгілеген оқушы «секір-секір»- дейді. Айтылып болған сон, басқарушы ортадағы тұрған баланың көзін шешеді. Ол «секір» деп айтқан баланы іздеуге кіріседі. Тапса, айтқан бала ортаға шығып, ойын баскарушы көзін байлайды. Егер таба алмаса, өзінін көзі кайта байланады. Осылайша ойын жалғаса береді.

5

Қаңтар

«Қанша екенің сана» - 10 ға дейін дауыстап оқу;

«кім кетті,қай жерде тұрды» - реттік санауды бекіту.

«Пішіндер шеберханасы» - әр түрлі геометриялық пішіндерді жасау.

«Ғажайып қапшық» геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту.

«Апта күндері» - апта күндері туралы білімдерін бекіту.

«Бұл қай кезде болады» - тәулік бөліктері туралы ойларын бекіту.

«Сынған баспалдақ» - көлемдердің біркелкі өсуіндегі қателіктерді таба білу.

8. «Көлемі бойынша ұқсасын тап» - көзөлшемін дамыту;

9. «Өз ойын туралы әңгімеле» -қағаз бетінде бағдарлай білуді бекіту.

10. «Жүру ережесі» - көрсетілкен бағыт бойынша жүре білуді жаттықтыру.

6

Ақпан

«Біркелкі пішіндерді сана»
Мақсаты: Пішіндерді танып, топтастыра білуге үйрету. Ойлау қабілетін, қол қимылын жаттықтыру.

«Бос торларды сәйкес пішіндермен толтыр»
Мақсаты: Геометриялық пішіндерді танып, атай білуге үйрету.

«Қандай пішін жетіспейді?»
Мақсаты: Геометриялық пішіндерді атай білуге үйрету. Қай пішін жетіспейтінін тапқызу.

«Пішіндерді боя»
Мақсаты: Түстерді тани білуге үйрету.
Ойын элементтерін пайдалана отырып математикаға қызығушылықтарын арттыру.

«Сиқырлы суреттер»
Ойынның мақсаты: балалардың логикалық ойлау қабілетін, ес, зейін, қабылдау процесстерін дамыту.

«Сиқырлы қапшық»
Ойынның мақсаты: заттарды белгілі бір қасиеттері бойынша салыстыруға, топтастыруға үйрету.

«Көзіңді жұмып, қолыңмен анықта»
Ойынның мақсаты: Ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, үлкен-

кіші ұғымдарын бекіту.

«Зейінді бол»
Ойынның мақсаты: Биік және аласа ұғымдарын бекіту; логикалық ойлауын дамыту.

«Шамдар»
Мақсаты: қасиеттері бойынша заттарды топтастыруға, түстерді, өлшемдерді ажыратуға жаттықтыру; зейіндерін дамыту.

«Сипаттамасы бойынша тап»
Ойынның мақсаты: ұзын-қысқа, кең-тар, биік-аласа ұғымдарын бекіту.

7

Наурыз

«Кеңістік»
Мақсаты: балаларды кеңістікті бағдарлауға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, зейін процесстерін дамыту.

«Оң және сол»
Ойынның мақсаты: үлкен және аз заттарды ажыратуға жаттықтыру.

«Суреттерді орналастыр»
Ойынның мақсаты: заттарды топтастыруға жаттықтыру, өз бетінше тапсырманы орындауға дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту.

«Танып ал да, атын ата»
Ойынның мақсаты: заттың түр-түсін, пішінін, атын атауға жаттықтыру; сөздік қорын молайту; ойлау қабілетін дамыту.

«Тәулік бөліктері »
Ойынның мақсаты: тәулік бөліктері жайлы білімдерін бекіту; тәулік бөліктерін атауға, ажыратуға жаттықтыру.

«Сипаттамасы бойынша тап»
Мақсаты: Ұзын-қысқа, кең-тар, биік-аласа, үлкен-кіші ұғымдарын бекіту.

«Қалай жүріп, нені тапқың келеді?»
Мақсаты: Кеңестікті бағдарлай білуге үйрету. Оң-сол, алдында- артында ұғымдарын бекіту.

«Ойыншықты тап»
Мақсаты: Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.

«Жоғарыда–төменде, биік-аласа»
Мақсаты: жоғары- өмен, биік-аласа ұғымдарын пысықтау.

«Автобус»
Мақсаты: Санның құрамын пысықтау.

8

Сәуір

«Сан құрастыр»
Мақсаты: Санның құрамын пысықтау.

«Ою құрастыру»
Мақсаты: Балаларды сандардың ретін, құрамын оңай табуға, таңбаны айыра білуге дағдыландыру.

«Поезд құрастыр»
Мақсаты: 1-ді қосу таблицасын қайталату.

«Заттарды сана»
Мақсаты: Балалардың назарын дамыту, байқағыштықтарын арттыру.Көкеністер санымен сандарды тауып қою.

«Дыбыс арқылы санды тап»
Мақсаты: Есту мүшелері арқылы баланың ойлау қабілетін анықтау.

«Қанша? Қандай?»
Мақсаты: 1. 10–ға дейін санауды бекіту. 1-ші, 2-ші ұғымдарымен таныстыру.

«Әрі қарай кері сана»
Мақсаты: 10 көлеміндегі сандарды кері қарай санауды қайталау.

«Жазылмай қалған сандарды ата»
Мақсаты: Балалардың сандардың реті туралы білімдерін бекіту. Ойын ойнау арқылы байқағыштыққа, тез орналастыруға баулу. Ойын элементтерін пайдалана отырып математикаға қызығушылығын арттыру.

«Қуыршақтардың сыйлықтары»
Мақсаты: Сандар мен олардың құрамы туралы білім беру. Ойын ойнау арқылы шапшандыққа, өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.

«Жәндікте неше аяқ бар?»
Мақсаты: Балалардың санау және есептеу дағдыларын қалыптастыру. Жәндіктер туралы түсініктерін жаңарту. Ойын элементтерін пайдалана отырып математикаға қызығушылықтарын арттыру.

9

Мамыр

«Нешінші?»
Мақсаты: «Нешінші?» ұғымын қалыптастыру.

«Қай қолымда көп?»
Мақсаты: Заттардың екі жиынтығын салыстыра білуге үйрету.

«Қол соғу»
Мақсаты: Тез, дәл қимыл жасау, есту қабілетін жетілдіру, ретімен санауды, қанша, қанша болса сонша ұғымдарын қалыптастыру.

«Өзара айырмашылығын тап»
Мақсаты: 1.Суреттерді салыстыра отырып, айырмашылығын тапқызу. Сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, ойлау қабілетін жетілдіру.

«Қанша болса, сонша»
Мақсаты: Сандарды тани білуге үйрету. Берілген тапсырманы дұрыс орындай білуге жаттықтыру.

«Керісінше айт»
Мақсаты: Тәулік жөнінде түсініктерін кеңейту. Қарама-қарсы мағыналы сөздермен жауап бере білуге үйрету.

«Неше саңырауқұлақ немесе көкеністер?»
Мақсаты: Артық-кем ұғымдарын бекіту.

«Апта күндері»
Мақсаты: Апта күндерін атап, есте сақтай білуге үйрету.

«Қиындыларды дұрыс бөл»
Мақсаты: Қиындыларды түсі мен ұзындығы бойынша айыра білуге жаттықтыру.

«Қандай сандар жетіспейді?»
Мақсаты: Сандарды тани білуге, аталған сан арасындағы санды атай білуге үйрету.

«Апта күндері» - апта күндері туралы білімдерін бекіту.




Автор
Дата добавления 02.04.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Рабочие программы
Просмотров104
Номер материала ДБ-003719
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх