Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Технология / Другие методич. материалы / Өз қолыңмен жасалған сыйлық 7-сынып.

Өз қолыңмен жасалған сыйлық 7-сынып.

  • Технология

Поделитесь материалом с коллегами:

Күнделікті сабақ жоспары

Пәні: технология

Сыныбы:7

Сабақтың тақырыбы: Өз қолыңмен жасалған сыйлық 7-сынып.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға қағаздан гүл шоғын және себет дайындау әдісін үйрету.
Дамытушылық:  
Эстетикалық ойлау, көзбен көру қабілетін, қол шеберліктерін және жұмысты орынды дұрыс ұйымдастыруды дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды көркемдік танымға, жұмысты орындау кезінде ұқыптылықпен дәлдікке, жасалатын бұйымға ынтамен қарауға, біткен бұйымды талдап, сәндік талап қоя білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: практикалық жұмыс, топтық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Дайын гүл шоғы, слайд , сабаққа қажетті дидактикалық материалдар.
Сабақты қажетті құрал жабдықтар: қатырма қағаз, қайшы, жіп, сым, бояу, қылқалам,желім түрлі түсті А4 қағаз.

Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Ой шақыру.
3. Мағынаны тану.
4. Теория бөлімі.
5. Сарамандық жұмыс.
6. Сергіту сәті.
7. Бағалау.
8. Қорытынды
9. Үйге тапсырма

Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу
ә) сабаққа қатысуын бақылау: жоқ оқушыларды белгілеу, кезекшілерді анықтау, құралдарды тексеру.
б) оқушыларды екі топқа бөлу

ІІ. Ой шақыру, жұмбақ жасыру.

ІІІ. Мағынаны тану.
Ендеше, бүгін біз қағаздан және капроннан «Роза» гүлін ,ескі газеттерден себет жасаймыз. Балалар, гүлдер ежелден сәндік қызмет атқарған. Гүлдерді әр түрлі әдіспен жасайды. Ал, мереке, туған күн кештеріне гүл сыйлау қалыптасқан дәстүріміз. Гүл жасағанда бізге шыдамдылықпен шеберлік керек.

ІV. Теория бөлімі. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Өз қолыңмен жасалған сыйлық ». Сыйлық жасау – халықта ізгі әдет-ғұрып. Сендер қалай ойлайсыңдар, бүгін сабақта біз нені үйрену керекпіз? Қандай мақсатқа жету керекпіз? (Оқушылармен бірге сабақ тақырыбын, мақсатын анықтау.)

2. Сыйлық адамға қуаныш әкеледі, және сыйлық жасаған кезде адам өзін-өзі де қуанышты болып сезінеді. Олай болса жұмыс жасауды бастайық.
V. Сарамандық жұмыс.
Қауіпсіздік техникасын сақтайық.
1. Қауіпсіздік техникасын сақтай біл.
2. Қайшыны қасыңдағы оқушыға сілтеме.
3. Қайшыны ашық тастама.
4. Сабақ соңында жұмыс орнын жинау.

Ал, қазір біз мынадай гүл және себет жасаймыз. (дайын гүл шоғын себетті көрсету) Ол үшін: қызыл, жасыл түсті А4 қағаз, ескі газеттер, қатты қартон, желім, қайшы, сым, акварель немесе гуаш, қылқалам қажет.
- Жұмыс орны дайын ба?
- «Роза» гүлі үш бөліктен тұрады.
1.- Гүл күлтесі.
2 - сабағы.
3 - жапырағы.
- Себет түбі және қабырғалары.

Жұмыс жасап болған соң мұғалім берген қағазға қасындағы көршісіне 1-2 сөзден тілек жазу.

VІ. Сергіту сәті
VІІ. Бағалау
Оқушылардың жұмыстарын келесі топқа көрсетеді. Оқушыларды топ мүшелері жұлдызша, төртбұрыш, үшбұрыш арқылы бағалайды. Мадақтап, ескертулер айтылады. Содан соң тілегі оқылып тақтаға ілінеді.

VІІІ. Қорытынды
Таяқшаны бір - біріне беру арқылы сабақтан нені меңгергенін айтады.
ІХ. Үйге тапсырма.сыйлық жасау жайлы мәлімет жазу.


hello_html_mb7239d1.jpg






Автор
Дата добавления 08.01.2016
Раздел Технология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров304
Номер материала ДВ-314203
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх