Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Конспекты / «Заң бәрімізге ортақ» тақырыбында ашық тәрбие сағатының әдістемелік нұсқауы

«Заң бәрімізге ортақ» тақырыбында ашық тәрбие сағатының әдістемелік нұсқауы


  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Талдықорған агротехникалық колледжі C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\Эмблема — копия.jpg





«Заң бәрімізге ортақ»

тақырыбында ашық тәрбие сағатының

әдістемелік нұсқауы





Дайындаған: Шаймолданова С.Қ.

















Талдықорған 2015ж.

Кіріспе

Заң дегеніміз-қоғамның негізгі тірегі.Қоғам деп отырғанымыз-мына біздер. Ата заңымыз- еліміздің рәміздерінің бірі. Н.Ә.Назарбаев «Конститутция- бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі заңды елдің туы, әнұраны және елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу біздің парызымыз» деген.Сондықтан әрбір адамның заң талабына бағынып жат қылықтар, өрескел тәртіп бұзушылыққа бармауы, өзіне жүктелген міндетті уақтылы орындаудың өзін еліміздің Ата Заңын, халықты құрметтеуі деп білуімізге болады.Әрбір адам өзінің де, өзге елдің де заңына бағынуға міндетті.2002 жылы 2-қыркүйекте Қазақстан «Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қояды, сөйтіп Қазақстанның «Балалар құқығы туралы заңы» енгізілді. «Заң бәрімізге ортақ» ашық тәрбие сағатының мақсаты:

-Білім алушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру,саяси сауаттылыққа баулу;

-Өз құқықтарын қорғай білуге үйрету;

-Бойында демократиялық көзқарас қалыптастыру;

-құқықтық нормативтік актілерді орындай білуге, адамгершілікке, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу;

-Зиянды заттардан (ішімдік,темекі,есірткі ) аулақ болуға, салауатты өмір қалпына тәрбиелеу.























Тақырыбы: « Заң бәрімізге ортақ»

Мақсаты:Білімгерлердің құқықтық білімдерін тереңдету, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге, саяси сауаттылыққа булу,

білімгерлерді өз құқықтарын қорғай білуге үйрету,

білімгерлердің бойында демократиялық көзқарас қалыптастыру,

құқықтық нормативтік актілерді орындай білуге үйрету, адамгершілікке, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу,

зиянды заттардан (арақ,темекі,есірткіден) аулақ болуға,салауатты өмір қалпына тәрбиелеу.

Көрнекілігі: заң, тәртіп туралы нақыл сөздер.

1.Азамат жолы –ар жолы. (Бауыржан Момышұлы)

2.Біреудің нәрсесін ұрлаған адам о дүниеде де тозаққа түседі.(Хадистен)

3.Тәрбиелі – тәртіптің құлы,

Тәртіпті – елдің құлы. (Б. Момышұлы)

4.Әділ адамның адамгершілік қасиеттері заңды жоқтатпайды. (Менандер)

5.Заң адамды бағындырады. (Т.Футлер)

Барысы:

1.Жүргізуші сөзі: 1. Тәрбие сағатына қатысып отырған ювеналды полиция бөлімінің инспекторлары :Д.М.Мырзакулов және А.С.Ануарбек

Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Ж.Қанапиев.

3.Көріністер және видеофильм көру.



C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\20151120_143721.jpg


1-жүргізуші. І. Заң дегеніміз – қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз – мына біздер. Ата Заңымыз – еліміздің рәміздерінің бірі. Нұрсұлтан Назарбаев “Конституция – бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі заңды елдің туы, әнұраны және елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу – біздің парызымыз” деген. Сондықтан әрбір адамның заң талабына бағынып жат қылықтар, өрескел тәртіп бұзушылыққа бармауы, өзіне жүктелген міндетті уақтылы орындаудың өзін еліміздің Ата Заңын, халықты құрметтеуі деп білумізге болады. Конституция – елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтан да біз оны Ата Заң деп құрметтейміз. Әрбір адам өзінің де, өзге елдің де заңына бағынуға міндетті. Әр мемлекеттің өзіне тән заңы бар. Олай болмағанда дүние астаң-кестеңі щығып, небір жан түршігерлік нәрселер болар еді. Сан мыңдаған жылдар бұрын адамзат пайда болды. Міне сонымен қатар түрлі мәселелер де туындай бастады. Адамдар не істеуге болады, не істей алады? деген сұрақтар туындай бастады. Міне, осы кезде әр елдің заңы, ережелері шыға бастады.

Міне, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң – 1948 жылы 10-желтоқсанда қабылданған “Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы”, сонымен қатар 1959 қабылданған “Бала құқықтары декларациясы”. Міне осы демларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 жылы 20-қарашада “Бала құқығы туралы конвенция” қабылданды. Қазірде бұған 91 мемлекет кірген. Конвенция дегеніміз – арнаулы мәселелер жөніндегі келсім шарт. Осы Конвенция негізінде 2002 жылы 2-қырқүйекте Қазақстан “Бала құқығы



туралы конвенцияға” қол қояды, сөйтіп Қазақстанның “Балалар құқығы туралы заңы” енгізілді. C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\20151120_135952.jpg



2-жүргізуші. II. “Бала құқығы туралы халықаралық конвенция”

Конвенцияға кіретін құқықтардың бәрі барлық балаға бірдей тарайды. Конвенцияға қол қойғаннан кейін балаларды кемсітуден қорғауға және олардың құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдесу үшін белсенді шаралар қолдану міндетін мемлекет өзіне алады.



1-жүргізуші. III. “Бала құқығы туралы халықаралық конвенциядан”

Мемлекет әрбір баланың аман- сау өсіп, жаң-жақты дамуын қамтамасыз етеді.

Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы.

Әрбір бала өз отбасында ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы.

Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкімнің ұрысып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ.

Бала тынығуға және ой-пікір, ар- ождан және дін еркіндігіне құқығы бар.

Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы.

Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы.

Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.

1993 жылы 18-қаңтарда тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды да, 1995 жылы 30-тамызда өзгерістерге, жаңа талаптарға сай толықтырылған жаңа Конституциясы өмірге келді. Қазақстан Республикасының Конституциясын, оның мазмұндық құрылымын көз алдымызға тағы бір елестетер болсақ, 98 бапты өз бойына қамтитын тоғыз бөлімнен тұрады.

1.Жалпы ережелер

2.Адам және адамзат

3.Президент

4.Парламент

5.Үкімент

6.Конституциялық кеңес

7.Соттар және сот төрелігі

8.Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару

9.Қорытынды және өтпелі ережелер.

Осы ережелерді бұлжытпай орындау – біздің Отанымыз, еліміз, халықымыз алдындағы парызымыз.Біздің өмірдегі кейбір келеңсіз жағдайлардың көбі біздің осы заң талаптарын білмейтіндігімізден туындап жататын секілді.

2-жүргізуші: Сөз кезегін тәрбие сағатымызға қатысып отырған ювеналды полиция бөлімінің инспекторлары :Д.М.Мырзакулов және А.С.Ануарбекке берейік.



C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\20151120_140743.jpg




1-жүргізуші. ІҮ.Сұрақ - жауап:

1.Сұрақ: Конституция деген не?

Жауап: Конституция мемлекет пен қоғамның негізгі заңы болып табылады.

2.Сұрақ: Қазақстанда жаңа Конституция қашан қабылданды?

Жауап: 1995 жылы 30-тамызда.

3.Сұрақ: Биыл Ата Заңымыздың қабылданғанын неше жыл толды?

Жауап: 20 жыл.

4. Сұрақ: Сен өз құқығың туралы не айтар едің?

Жауап: -Әр баланың өмір сүруге құқығы бар.

-Әрбір адамның білім алуға құқығы бар.

-Әр адамның өз еленде еркін жүріп-тұруға және мекен таңдауға құқығы бар.

5.Сұрақ: Бала құқығының қандай түрлері таныс?

Жауап: -Дәрігерлік көмекті тегін алуға құқылы.

-Дербес ойға ие болуға.

-Қоршаған ортаға, табиғатқа құрметпен қарауға құқылы.

6.Сұрақ: Қазақстан Республикасы Конституциясында ең қымбат қазынасы адам өмірі екендігі айтылған. Конституциясының II бөлімі Адам және адамзат деп аталады. Онда адам құқығы мен бостандығы туралы не делінген?

Жауап: -Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.

-Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтары сот арқылы қорғауына құқығы бар.

- Әркімнің тынығуға құқығы бар.

-Қазақстан азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.

-Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар.

-әркімнің еңбек ету бостандығына құқығы бар.

7.Сұрақ: Күнделікті өздерің қолданып жүрген құқықтарыңды ата.

Жауап: -Мен тәртіпті бұзбауға құқықтымын.

-Мен мұғалімді тыңдауға құқықтымын.

-Мен ата-анаға көмек беруге құқықтымын.

-Мен табиғатты қорғауға құқықтымын.

-Мен құстарға қамқоррлық жасауға құқықтымын

-Мен өзенде шомылуға құқықтымын.

-Мен туыстарға баруға құқықтымын.

-Мен қалаға спорт түрімен шұғылдануға құқықтымын.

-Мен өнермен айналысуға құқықтымын.

-Мен демалуға құқықтымын.

-Мен театрға баруға құқықтымын.

2-жүргізуші: Әрбір азамат құқықтарын пайдаланып қана қоймай өз міндеттерін де білуі, орындауы керек.C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\20151120_141201.jpg

Ал Қазақстан Республикасы азаматтарының міндеттері мыналар:

  1. Заңдарға бағыну

  2. Басқа азаматтарды құқықтарын, бас бостандықтарын, арын құрметтеу

  3. Мемлекет рәміздерін құрметтеу

  4. Салықты төлеу

  5. Тарихи және мәдени байлықтарды сақтау

  6. Табиғатты және табиғат байлықтарын сақтау

  7. Ата-аналардың балаларына қамқорлық ету міндеттерін орындауы

  8. Орта мектеп білімін алу

  9. Қазақстан Республикасын қорғау.

Ал азаматтар өз міндеттерін дұрыс орындамаса, ол құқық бұзушылық болып табылады.

1-жүргізуші: Құқық бұзушылық дегеніміз қылмыс екен.Ал біздің өз арамызда қылмыс жасау жағдайлары болған жоқ,бірақ тәртіп бұзушылықтың өзі қылмысқа апарып соғары белгілі.

Қандай бала тәртіп бұзады? Әрине, тәртіпсіз бала, жат қылыққа бейім балалар. Ол жат қылыққа нелер жатады?.(ішімдік, темекі,есірткі,насыбай)

Ішімдік, темекі, насыбай қазіргі таңда ғасыр дертіне айналып отыр.Енді осы жат қылықтардың зияны туралы тыңдайық.

1-темекінің зияны туралы

2-ішімдіктің зияны туралы

3-Қылмысқа жетелейтін зиянды, жат қылықтардың тағы бірі- насыбай.

Денсаулыққа зор кесел,

Үйрете көрме ауызды

Насыбай- напақ,шылымға!

Насыбай напақ (нас) ол : - тауықтың саңғыры,- әктің суы сілті,-сексеуілдің күлі,-қарағаштың шайыры.

2-жүргізуші: Тәртіп бұзушылықтың, қылмыстың тағы бір түрі – ұрлық.

«Ұрлық түбі- қорлық» дейді ғой қазақ атамыз. «Біреудің нәрсесін ұрлаған адам о дүниеде де тозаққа түседі» делінген екен хадисте.Қылмыстық кодексте біреудің жеке мүлкін,меншік затына қол сұққан адам жазаланатыны туралы айтылған баптары бар.Ал кей жағдайда ұрлық мәселесіде кездесіп жатады. (көрініс)C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\20151120_142757.jpg



Қортынды: Ата Заң – қорғанымыз. Бауыржан Момышұлы “Азамат жолы – ар жолы” деп айтқандай, ешкімнің ала жібін аттамай, өз құқымызды да, өзгенің құқығын да бұзбай тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды, ақылды ұл-қызы болып өсейік. “Еліміздің ертеңгі тағдыры сіздермен байланысты” деген еді Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев.



Пайдаланған әдебиеттер:

1.Сыныптан тыс жұмыстар.Республикалық педагогикалық журнал 2013ж.

2. Сыныптан тыс жұмыстар.Республикалық педагогикалық журнал 2014ж.

3.Балалар құқығы туралы халықаралық конвенция.

4.Қазақстан Республикасы Конститутциясы.








































Автор
Дата добавления 10.03.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Конспекты
Просмотров78
Номер материала ДВ-516293
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх