Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Рабочие программы / Ұзақ мерзімді жоспар. Тақырыбы: "Бұл кім?" (1 сынып)

Ұзақ мерзімді жоспар. Тақырыбы: "Бұл кім?" (1 сынып)



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

2- САБАҚ

Тақырыбы:

Бұл кім?

Мектебі: КММ «№31 орталау мектеп»

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні: Еркін Майра Жанатқызы

1 «А, Б, В» сыныптары

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

        1. Сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым мен ишараны қолдану, іс-әрекет жасау).

1.1.2.1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын

түсіну.

1.2.3.1. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік

нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.

1.3.2.1. Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Кім? сұрағына жауап беретін сөздер қатарын (ата, әже, мұғалім, оқушы) атай алады, амандасу және қоштасу үлгілерін (Сау бол! Сау болыңыз!) қолдана алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Сабақта үйренген сөздер қатарын өзара тілдесу кезінде еркін қолдана алады, үйренген сөздерге сұрақты дұрыс қоя алады.

Кейбір оқушылар:

Амандасу, танысу, қоштасу үлгілерін өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады, кім? сұрағына жауап беретін басқа да сөздер қатарын атай алады.


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

(2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.


Сабақтың ортасы

(6-30)

(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген сөйлесу үлгісіне аударады. Осы диалог арқылы оқушылар Бұл кім? деген жаңа сұрақ үлгісімен танысады. Оқушылармен диалогті тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі. Содан кейін осы диалог негізінде ата сөзінің орнына әже, мұғалім, оқушы сөздерін қолдануға жаттығады.

«Есте сақта!» айдарында оқушылар амандасу үлгілерін (Сәлем! Сәлеметсіз бе!) еске түсіреді, сондай-ақ мұғалім оқушыларға қоштасу үлгілерінің қолданысын (Сау бол! Сау болыңыз!) түсіндіреді.

(Ж) Амандасу, қоштасу үлгілерін жатықтыру үшін, оқушылар мұғаліммен және өзара амандасып, қошасады.

(МК) 2-тапсырмада оқушылар жаңа сөздер қатарын (ата, әже, мұғалім, оқушы) суреттер бойынша Бұл кім? деген сұраққа жауап беру арқылы қайталайды.

(МК, Ұ) 3-тапсырма арқылы оқушылар жаңа тақырып бойынша сөйлесу үлгісін, сондай-ақ амандасу, танысу қоштасу үлгілерін бір диалог ішінде қайталайды. Оқушылардың бойында мынадай дағдыларды қалыптастыру қажет: мұғаліммен амандаса алу, өзінің атын айта алу, мұғалімнің сұрағына (Бұл кім?) жауап бере алу, қоштасу үлгісін дұрыс қолдана алу.

(ОТ) 3-тапсырмада берілген диалог сыныптағы оқушылармен жеке-жеке сыныпта ойланады. Бір оқушы үлгіде берілген баланың рөлін ойнайды, ал басқа оқушылар оның жауабын бағалай алады.

Оқушының іс-әрекеті:

1) Оқушы сыныпқа кіреді, мұғаліммен амандасады, өзінің орнына отырады.

2) Мұғалімнің сұрағына (Сенің атың кім?) жауап береді.

3) Тақтаның алдына шығып, мұғалімнің екінші сұрағына (Бұл кім?) жауап береді. Ол үшін мұғалім тақтаға төрт суретті (ата, әже, мұғалім, оқушы) іліп қояды.

4) Оқушы мұғаліммен қоштасып, сыныптан шығады.

Сергіту сәті.

«Қара жорға», бейнетаспа.


(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

Оқулық


Аудиодиск:

1.2.1.; 1.2.3.



































1жұмыс дәптері

Сабақтың соңы

(31-35)

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.


Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Сабақ барысында өзгертулер енгіздңіз бе?


2.Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?











57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 02.11.2016
Раздел Другое
Подраздел Рабочие программы
Просмотров12
Номер материала ДБ-312531
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх