Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Химия / Другие методич. материалы / Задания по химии (9 класс)

Задания по химии (9 класс)



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Химия

Поделитесь материалом с коллегами:

«Электролит» тапсырмасы


Электролиттер және бейэлектролиттер — кейбір заттардың ерітіндіде тоқ өткізетіні ал, кейбір заттардың сол жағдайларда тоқ өткізбейтіні бәріне белгілі. Оны анықтайтын көптеген эксперименттер бізге мәлім.

  • Ертіндіде тоқ өткізетін заттар – электролиттер деп аталады.

  • Ертіндіде тоқ өткізбейтін заттар – бейэлектролиттер деп аталады.

Электролиттерге негіздер, қышқылдар және тұздардың көбі, ал, бейэлектролиттерге көптеген органиқалық заттар жатады. Ерітіндіде электролиттер иондарға ыдырайды осының арқасында олар тоқ өткізеді. Ерітіндіде неғұрлым ион көп болса соғұрлым тоқ жақсырақ өтеді.

Электролиттердің ерітіндіде иондарға ыдырауы электролиттік диссоциация деп аталады. Мысалы, NaCl ерітіндіде түгелдей Na+ және Cl- иондарына ыдырайды

hello_html_m45e11607.png


Аккумулятор (лат. accumulator — жинақтауыш) - химиялық реакция энергиясын электр энергиясына айналдыратын аспап; ол электржәне су энергиясын гальвани батареяларының көмегімен жинайды. Ол жиналатын энергия түріне сәйкес электр аккумуляторы,гидравликалық аккумулятор, пневматикалық аккумулятор, жылу аккумуляторы, бу аккумуляторы және инерциялық аккумулятор болып бөлінеді.

hello_html_6c0db338.jpg



Сұрақ № 1.


Төменде берілген заттардың ішінен электролиттік диссоциацияға ұшырайды

Сірке қышқылы

Ия/Жоқ

Қант

Ия/Жоқ

Ас тұзы

Ия/Жоқ

Ас содасы

Ия/Жоқ





Сұрақ № 2


Жергілікті зақымдау электр тоғы кіріп шыққан жерлердегі ұлпалардың күйуінен көрінеді. Тоқтың соғуы- организмге термиалық, электрлік және механикалық әсерден туындайтын күрделі химиялық-физикалық құбылыс.

Электр тоғы өткен кезде зардап шегушінің жеке түйсінулері әртүрлі: жеңіл соққы, дененің күйіп ашуы, бұлшық еттің құрысуы, дірілдеу.


Кішкентай Қанат ескі үтіктің ток көзіне қосылу тетігін туаып алып, оны ток көзіне қосты. Оны ток соғып жатқанда оған қалай көмектесуге болады?


Сұрақ № 3


Аккумуляторды зарядтау

Аккумуляторды зарядтау - аккумулятор арқылы жұмысшы тоққа қарсы бағытта тоқ жібергенде аккумулятор электродтарындағы тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты регенерациялау (бастапқы қалпына келтіру) процесі.


Аз уақытта үлкен ток көзімен зарядталған аккумулятордың көлемі ұзақ уақыт аралығында шағын токпен зарядтаған аккумулятордың көлеміне сәйкес емес. Айырмашылығы неде?Неліктен? Аккумуляторды зарядтаған кезде нені есте сақтау керек?








































Қағаз» тапсырмасы


Қағаз (парсыша: كاغد‎ — «кағоз») — өсімдік талшықтарын белгілі бір тәсілмен өңдеу және бір-бірімен ұйыстыра байланыстыру арқылы жұқа парақ түрінде жасалатын материал. Италиянша bambagіa, яғни мақта деген ұғымды білдіреді; кейін осыдан барып қағаз сөзі өмірге келді.

Қағаз өндірісі

Қағаз өндірісі әртүрлі 7-8 технологиялық операциядан тұратын процесс. Аз уақытты алмайды. Егер бір тоннадай қағазды қайта өңдеуден өткізетін болса, 17 ағашты, 26 мың литр суды, 3 текшеметр топырақты, 240 литр жанар-жағар май мен 4000 киловатт - сағат электр энергиясын үнемделеді екен. Ал қайта өңдеуден өткізілген өндіріс барысында электр қуатын екі есе аз үнемдеуге болады. Осының арқасында ауаны былғайтын зиянды қалдықтар 70 пайыз төмендейді.

Соңғы 20 жыл ішінде әлемде қағаз бұйымдарын тұтыну 92 миллионнан 208 миллионға артып, оның көрсеткіші 128 пайызға артты. Қазіргі заманғы технологияның жанданып, электрондық құжаттың өмірге келуі мен компьютерлік байланыстың артуы бәрібір қағаз өндірісіне кері әсерін тигізіп отырған жоқ. Сұраныс та, қажеттілік те бар. Мысалы, миллион тонна қағаздың 14 мың теміржол вагонына сиятынын ескерсек, бұл саладағы өнімнің азаймай, қайта жыл сайын артып келе жатқанын түсінуге болады.

Экологияға әсері

Қазір әлемде АҚШ, Канада, Жапония, Швеция елдері әлемдегі қағаз өндірісінің басым бөлігін шығарады. Индустриялық мемлекеттерде тұратын халықтың 20 пайызы әлемдегі қағаз өндірісі көлемінің 85 пайызын пайдаланып отыр. Бүгінде жер бетіндегі қоқыстың төрттен бірі қағаз өнімдерінен қалған қалдық болып отыр. Бір ғана дерек, америкалықтар жыл сайын пошта арқылы 4 миллион тоннаға жуық хат-хабар, бандероль алады екен. Бұл әрбір америкалыққа шаққанда, ондаған келіге тұратын зат болып табылады. Ең қызығы, осының барлығы электрондық байланыс арқылы келсе, жыл сайын 150 мың ағашты сақтап қалуға мүмкіндік бар екен. Егер бір тоннадан астам қағаз қалдықтарын қайта өңдеуден өткізетін болса, 17 ағашты аман алып қалады екенбіз. Жалпы қағазды тиімді пайдалану жағына келсек, әр елдің тұтынуы әртүрлі. Мысалы, Қытай мен Үндістанда оны көп пайдаланады. Орташа есеппен алғанда, әрбір еуропалық жыл сайын 4 тонна қағаз тұтынады, ал австралиялыққа қажеттілігі-130 келі ғана екен. Ал британдық отбасы жыл сайын кесілетін 6 ағаштан жасалатын қағаз қалдықтарын далаға тастайтын көрінеді.



Сұрақ № 1.

Дәретхана қағазы-қағаз өнімі арнаулы тазалық - гигиеналық мақсатында жұмсалады. Дәретхана қағаз орам немесе парақ түрінде шығарылады

hello_html_675987fd.jpghello_html_m2baf5c33.jpg

Жалпақтығы 6 метр магистральмен сіз 110 км/с жылдамдықпен келе жатқаныңызды елестетіп көріңіз. Міне, дәл осындай жылдамдықпен дәретхана қағазы өндіріледі – минутына 1800 метр, күніне 24 сағат, 365 күн бойы. Бүгінгі күнде дәретхана қағазы өндірісінің маңызы зор. Себебі неде?

Сұрақ № 2.

Үкімет сізге қағаз өндіруге тапсырма берді. Төмендегі берілген өңірлерден сіз қай аймақ тиімді деп ойлайсыз? Таңдағаннан кейін тұжырымыңды дәлелде.

  1. Шығыс Қазақстан облысы

  2. Атырау облысы

  3. Қызылорда облысы

  4. Солтүстік Қазақстан облысы



Сұрақ № 3


2014 жылдың 16 сәуірінде Қазақстан Ұлттық Банкі «Индагро групп» ААҚ-мен көлемі 1 миллион теңгені құрайтын қағаз өнімін тасымалдауға келісім-шарт жасады. 2013 жылмен салыстырғанда ҚҰБ қағаз өнімдерінің сұранысын көбейтті. Оны сендер келесі диаграммадағы дәретхана қағазының сұраныс көлемі бойынша көре аласыңдар.

hello_html_29cf8ead.gif

Қағаз өнімідерін үнемдеу жолдарын ұсын ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 15.01.2016
Раздел Химия
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров122
Номер материала ДВ-342206
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх