Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Обществознание / Другие методич. материалы / "Заңгер-2015" кәсіби шеберлік сайысы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Обществознание

"Заңгер-2015" кәсіби шеберлік сайысы

библиотека
материалов

hello_html_m1c11e3f5.gifhello_html_m3d79ea82.gifhello_html_m4bbe1ddf.gifhello_html_726d2b84.gifhello_html_m30d3739f.gifhello_html_6cf69472.gifhello_html_m12925a54.gifhello_html_mc46f689.gifhello_html_53bbf35c.gifhello_html_4847ea43.gifhello_html_m7be9c930.gifhello_html_m73743cbc.gifҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі

Семей көп салалы колледжі










«Арнайы пәндер» апталығы

Тақырыбы: "Заңгер-2015" кәсіби шеберлік сайысы

(Сыныптан тыс іс-шара)




























Семей, 2015


Тақырыбы: "Заңгер-2015" кәсіби шеберлік сайысы

Мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларға заңгерлердің кәсіби шеберлігін арттыру. Оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, тексеру.
ә) Тәрбиелік: Оқушыларды заңды құрметтеуге тәрбиелеу, туған елін, жерін қорғау әрбір азаматтың міндеті екенін білгізу және ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеу. Адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу; Оқушылардың ойлау, тыңдау, өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шындау.

Оқушылар бойында демократиялық көзқарас қалыптастыру; Құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету,


б) Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамытып, білім деңгейін көтеру, шығармашылық ізденісін қалыптастыру, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасатуға үйрету, патриотизм сезімін қалыптастыру. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу дағдыларын, өз ойын ортаға салу дағдыларын жетілдіру.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: пікірлесу, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, іскерлік ойын.

Пайдаланылған көрнекіліктер: Қанатты сөздер, интерактивті тақта, сайыстың тақырыбы, слайд-шоу.


Сайыстың түрі: жарыс


Жоспар

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сайыстың барысы:

ІІ.Негізгі бөлім

ІІІ. Қорытынды бөлім.


Жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.
№1 слайдта сайыстың тақырыбы көрсетіледі

1 жүргізуші:

Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар мен білімді жастар! «Құқықтану» мамандығының 3 курс студенттеріне арналған «Заңгер-2015» сайысына қош келдіңіздер!


1 жүргізуші:

«Заңгер-2015» кәсіби шеберлік сайысын бастамас бұрын сайыс шарттарымен таныстырып өтейік.

Сайысқа 6 студент қатысады. Сайыс бес кезеңнен тұрады.


І-кезең. «Сәлем сөздің анасы»


ІІ-кезең. «Білгенге маржан...»


ІІІ-кезең. «Көз-көргеннің айнасы»


IV-кезең. «Қылмыстық іс ізі...»


V-кезең. «Заңгер-кәсіби маман»


1 жүргізуші:

Халықтың енді міне жетілгені

Құрыштың білінбейді кетілгені

Аталған Қазақстан ел боп туып

Үй тігіп, ірге қалап бекігені-деген өлең жолдарымен "Заңгер -2015" кәсіби шеберлік сайысын бастай отырып:

Сайыскер өрендерге қол соғайық,

Өнерлерін көріп бір тамсанайық

"Құқықтану" атынан келіп тұрған

Болашақ мамандарға қол соғайық.

Ондеше ортаға «Құқықтану» мамандығының студенттерін қошеметпен ортаға шақырайық!


1 жүргізуші:

Осы білімпаз болашақ мамандарды бағалайтын әділ-қазылар алқасымен таныстырайық.


Әділқазылар алқасы:

1.

2.

3.


1жүргізуші: Ережелері айтылды, әділқазылар алқасы таңыстырылды. Бәрімізге іске сәт! 1-сайысымыз «Сәлем сөздің анасы». Бұл сайыста әр студент өздерін болашақ құқытанушы ретінде таныстырады. Әділ қазылар алқасы студенттердің ерекшелігін, дұрыс және әдемі сөйлеу мәдениетін, көпшіліктің алдында өзін кәсіби дәрежедегі мәдениетін көрсетуін қадағалайды.

Ондеше сайысымызды бастамас бұрын жеребе тандайық. Кімге қандай сан келсе сол реттік номермен ойын аяғына дейін жүреді.

Әр сайыскерге 3 минут уақыт беріледі. 1 конкурс үшір жоғарғы балл

5- балл. Ондеше бастайық.

1.

2.

3.

4.

5.

6.


1 жүргізуші:

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді

Тауып айтқан сөзге шын жетпейді,-деген халық даналығымен "Білгенге маржан" сайысын бастаймыз. Бұл сайыста әр қатысушы Құқықтану пәндерінен тест сұрақтарына жауап береді. Әр ойыншыға 15 сұрақ беріледі, уақыт 10 минут. Ондеше уақыт басталды. Сайыскерлер тест жұмысын шешкенше корермендермен ойын жүргізейік.



ОЙЫН

1 ойын Жалпы шолу сұрақтар:

  1. Қазақ хандығындағы заңдар қалай аталады? (Жарғы)

  2. Қазақстан Республикасы Тәуелсіз мемлекет болып қашан жарияланды? (1991 жылы 16 жетоқсан)

  3. Қазақстан Республикасы қандай мемлекет? (демократиялы, зайырлы, әлеуметтік, құқықтық)

  4. Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы қашан енгізілді? (1993 жылы 15 қараша)

  5. Қазақстан Республикасының Парламенті неше палатадан тұрады? (2 палатадан Сенат және Мәжіліс)

  6. Қазақстан Республикасының Президентінің Резиденциясы қалай аталады? (Ақ орда)

  7. Қазақстан Республикасының Үкімет басшысы кім? (Премьер Министр)

  8. Қазақстан Республикасының атқарушы органы қалай аталады? (Үкімет)

  9. Қазақстан Республикасының Көк байрағының авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)

  10. Қазақстан Республикасының Елтаңбасының авторы кім? (Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уалиханов)

  11. Конституция құрылымы (9бөлім 98 бап)

  12. ҚР Парламенті нешеге бөлінеді (Сенат және Мәжіліс)

  13. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңес мүшелерінің өкілеттілігі неше жыл (7)

  14. ҚР-да Мәжіліс депутаттары өкілеттілігі неше жыл (5 жыл)

  15. Мемлекеттің сыртқы функциясы (елді қорғау)


Уақыт бітті, сайыскерлер жауап парақтарыңызды өткізулеріңізді сұраймыз. Әр дұрыс жауап 1 балдық ұпаймен бағаланады.

1 жүргізуші:

"Адамды адам ететін 3 мамандықты ел қадір тұтқан: жан емдейтіндер, тәнін емдейтіндер және заңгерлер" деген, дана аталарымыздың сөзіне сүйеніп "Көз-көргеннің айнасы" сайысын бастаймыз. Бұл сайыста сайыскерлер фоторобот бағдарламасымен жұмыс істейді. Әділ қазылар алқасы жылдамдықты, зейінділікті, нақтылықты қадағалайды. Әр сайыскерлерге 10 минут уақыт беріледі. Уақыт басталды. Ендігі кезек бізде көрермендермен ойын.



ОЙЫН

Ситуациялық есептер”


1 ситуация: Орманда жабайы андармен өмір сүретін бала Мауглидің, кәзіргі таңдағы жас өспірім балалардың құқытарынан айырмашылығы қандай?

(Жауабы: Бала конвенциясы бойынша кез келген 18 жасқа толған адамдардың құқықтары тең. 1 бап)


2 ситуация: Жалмауыз кемпір Аленушканың інісін Иванушканы шекарадан тыс алып қашады. Қандай құқық бұзылды?

(Жауабы: Бала конвенцисының 11 бабына сәйкес кәмілеттік жасқа толмаған баланы ұрлау және туыстарының рұқсатынсыз шекарадан тыс алып кету қылмыстық жазаға тартылады).


3 ситуация: Николаев, тротуармен келе жатып тайғанап жығылады, бала коляскасын төңкеріп кетеді. Нәтижесінде орында болған коляскада сегіз айлық бала асфальтқа құлап түсті және алынған зақым салдарынан өліп кетеді. Қылмыстық жауаптылыққа Николаев тартыла ма?

(Жауабы: Қылмыстық жауаптылыққа тартылады.ҚР Кылмыстық кодекстің 101 бабы бойынша абайсызда кісі өлтіру. 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.)


4 ситуация: Кешкі уақытта Азанов паркте серуендеп жүріп, үсті басы қансырап, қырылдап дем ала алмай жатқан ер адамды көреді. Көрген уақытта ешқандай іс әрекет жасамаған. Азанов қылмыстық жауапқа тартыла ма?

(Жауабы: Қылмыстық жауаптылыққа тартылады.ҚР Кылмыстық кодекстің 119 бабы бойынша қауіпті жағдайда қалдыру. 50 айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл салады және 3 айға дейінгі мерзімге қамауға жазаланады.)



Уақыт бітті, сайыскерлер өздерінің жұмыстарын тоқтатсаңыздар.

Егер сайыскерлер дайын болса, әділ қазылар алқасы сайыскерлердің жұмыстарын қарап, 5 балдық жүйемен бағаланады.


1 жүргізуші:

Сәкен Өзбекұлы "Соттар санатына тек қана ары таза, терең білімді, әдебиетті меңгерген адамдар ғана кіруі қажет" деген екен. Ендеше біздің болашақ мамандарымыз "Қылмыстық іс ізімен ..." сайысына қандай тәжірибелік дәрежемен келгендерін аңықтайық. Бұл сайыста сайыскерлер қылмыстық іс хаттамалар толтыру тәртібі мен білімдерін ортаға салмақ. Бұл сайысқа 7 минут уақыт беріледі.

Сайыскерлер өз жұмыстарын орындағанша көрермендердің заң жайында қандай білімдері бар екенін анықтайық.


ОЙЫН

Викторина «Заң және мен».

Қандай қылмыстық құқық бұзушылық

  1. Жас өспірімдер лифттің кнопкасын өртеп кабырғасына балағаттық сөздер жазып кеткен. Қандай құқық бұзушылық? (Әкімшілік құқық бұзушылық)

  2. Ковров азаматшасы тұрғын үйді жалдау шарты бойынша көрсетілген келісім шарттарды уақытында орындамаған (азаматтық құқық).

  3. Жасөспірімдер есірткі сақтап оларды пайдаланып таратқан. (қылмыстық құқық).

  4. Петров азаматы өзіне міндеттелген сот шақыруы мен отырысына келген жоқ. (әкімшілік құқық).

  5. Егер қызметкер жұмысына себепсіз келмесе қандай жауапқа тартылады? (тәртіптік жаза)

  6. ҚР азаматтарының қадір қасиеті мен ар намысы қай заңмен қарастырылады? (Конституциялық құқық)

  7. Адамды қорқыту қандай жазаға тартылады? (қылмыстық)

  8. Бағдаршамды тоспай жолды кесіп өту қандай жауапқа тартылады? (әкімшілік айыппұл)

  9. ҚР Конституциялық құрылысын күшпен құлатуға немесе өзгертуге не оның аумақтық тұтастығын күшпен бұзуға шақыру қандау жауаптылыққа тартылады. (қылмыстық құқық).

  10. Цензураға тиым салынады бұл қай заңда қарастырылған? (конституциялық құқық).



1 жүргізуші:

Сайыскерлер уақыт бітті. Өз хаттамаларыңызды әділ қазылар алқасына тапсырсаңыздар. Әділ қазылар алқасы 5 балдық жүйемен бағалайды.


1 жүргізуші:

Ел билеген Шеген би "Би болсаң даналық керек. Даналық үшін саналық керек" деген екен. Осы сөздің өзі "Заңгер кәсіби маман" сайысының бастамасы болмақ. Бұл сайыста әр сайыскер жеребе арқылы алынған кәсібилікке байланысты ролді сомдайды. Төрешілік, көсем сөз және кәсіби деңгейдің көрсеткіші екеніне сіз бен біз куә боламыз. Жеребия арқылы әр сайыскер өзінің ролін таңдайды, сол ролды ситуациялық жағдаят бойынша ойнап шығуы керек. Сайыскерлерге 4 минут беріледі.


Музыка


1 жүргізуші: Дайындық уақыты аяқталды. Келесі сөз сіздерде, құрметті сайыскерлер. Ортаға шықсаныздар.


1 жүргізуші: Құрметті әділ қазылар алқасы, бүгінгі сайыстың қонақтары осымен сайысымыз аяқталды. Әділ қазылар алқасы қорытынды бағасын шығарғанша мына видеоматериалды тамашаланыздар.


Видеоматериалды тамашалау.


1 жүргізуші:

Бойларында от бар екенін байқадық,

Жүректерде шоқ бар екенін байқадық.

Әрқашанда осы шоқты өшірмей,

Жалындатып, шарықтаңдар әр дайым

Маман бол түсініп сөздің парқын,

Әр кезде бола берсін жүзің жарқын.

Мәңгілік жоғарласын жұлдыздарың

Мол баққа бөлеңдерші қазақ халқын- деген өлең жолдарымен сайысымызды аяқтаймыз.

Жоспарланған барлық сайыс кезеңдері өтті. Ендігі кезек әділ қазыларға беріледі. Сайыскерлердің білімін, кәсіби құзреттілігін, шығармашылығын, ой ұшқырлығын анықтап, "Заңгер -2015" жеңімпазын марапаттауға шақырамыз.


Марапаттау.



1 жүргізуші: Келіп қатысқандарыңызға көп рахмет! Келесі кездескенше!















Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 26.01.2016
Раздел Обществознание
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров215
Номер материала ДВ-379851
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх