Инфоурок / Технология / Другие методич. материалы / Заманауи мамандар тәрбиелеудегі негізгі талап – білім сапасын күшейту.
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 20 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 203 курсов со скидкой 40%

Заманауи мамандар тәрбиелеудегі негізгі талап – білім сапасын күшейту.

библиотека
материалов

Заманауи мамандар тәрбиелеудегі негізгі талап – білім сапасын күшейту.


Нурулина Жанар Елеубаевна

Экономика және ақпараттық технологиялар колледжінің, арнайы пәндері бойынша І санатты оқытушысы

Әрбір оқытушының негізгі мақсаты–сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру, білім алушының сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденуін, танымын қалыптастыру. Осыған орай жаңа экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайларда Қазақстандық білім беру жүйесінің алдында тұрған білім беру сапаларын арттыруға, стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған түбегейлі қайта өзгертулер педагогикалық үрдіске жаңа талаптар жүктейді.

Елбасы бекіткен Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамытудың 2003-2015 жылдарға арналған бағдарламасы ақпараттық технологиялар саласындағы ақпараттық теңсіздікті төмендетудің және білім деңгейін арттырудың шешуші тұтқасы болып табылады. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі: «Білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін, нәтижеге бағытталған білім берудің жаңа жүйесіне көшу үшін әр оқытушы, жеке тұлға күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа ақпараттық технологияларға, әлеуметтік, тұлғалық және жеке құзыреттіктерге ие болуы тиіс. Бұл талаптар күнделікті әдістемелік жұмыстың жүйелі түрде ұйымдастырылуы негізінде жүзеге асырылады.

Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, қашықтан оқыту, дара тұлғаға бағыттап, оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылату – бүгінгі күннің басты талабы.

Осы мақсатта технология пәнінде әртүрлі әдістермен жүргізуге болады. Оқу – тәрбие үрдісінің сабақта дұрыс жүргізілуі үшін әр алуан оқыту әдіс-тәсілдерінің тиімдісін мүмкіндігінше және студенттердің жеке жағдайларына байланысты таңдап алуға көп көңіл бөлу керек.

Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңына сәйкес “Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын, талантын, қабілетін дамыту” сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Өйткені, ғылым мен техниканы, өндірісті әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғарғы дайындығы бар білікті мамандар қажет.

Қазіргі оқыту жүйесіндегі жаңаша мазмұн жас ұрпақтың әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруінің басты нысаны. Тұлғаға бағытталған білім оның жан-жақты дамуына ықпал етеді. Психологияда дүние есігін ашқан әрбір сәби қабілетті болып туылады, оның әрі қарай дамып, жетілуі тәрбиешіге байланысты делінген. Демек, оқытушы мен студенттің арасындағы ынтымақтастықтың негізінде біз оң нәтижеге қол жеткізе аларымыз сөзсіз. Олай болса, оқытушы педагогикалық ізденіспен озық технологиялардың әдіс-тәсілдерін аса жоғары талғаммен қолдана білуі тиіс.

Қазіргі заманғы оқыту технологияларына келесі талаптар қойылады:

-оқыту мақсатының нақты қойылуымен, оның ғылыми негізделуі, оқу іс-әрекетінің нәтижесінің жоғары сапалы болуы;

-оқу материалын толық қабылдау мүмкіндігінің болуы;

-оқу процесінде қарым-қатынастың еркін болуы;

- оны үнемі жетілдіріп, толықтырып отыру мүмкіндігінің болуы.

Осы орайда өз тәжірибемнің негізінде оң нәтижеге қол жеткізу үшін алдыма мынадай мақсат қойдым: заман талабына сай білімді, білікті, дүниетанымы кең, шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру.

Осы мақсат негізінде алдыма қойған міндеттерім:

-студенттердің қабілеті мен талантын ашу;

-шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру;

-өз алдына мақсат қою арқылы оны жүзеге асыра білу;

-өз әрекетінің нәтижелерін бағалай білу.

Оқытушының шығармашылық жұмысы ең бірінші сабаққа даярлықтан басталады, яғни, өтілетін сабақтың жоспарын құру, оны өткізу әдстемесі, студенттердің қабілеттерін ескере отырып, иллюстрация, техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды пайдалану. Оқытушының осы шығармашылық әрекеті арқылы студенттің шығармашылық қабілеті қалыптасады. Ал, шығармашылық қабілеттер шығармашылық елес, шығармашылық ойлау арқылы жүзеге асады. Студентті шығармашылық ойлауға, жылдамдыққа, икемділікке, тапқырлыққа үйрету ол оқытушының әр сабағында қалыптасып отыратыны анық.

Оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді таңдап алу оқытуда табысқа жетуге негіз болады, әрі сабақтың тиімділігі мен сапасын барынша арттыруға мүмкіндік береді. Студенттің терең білім беру үшін оқытушы мына төмендегі қағидаларды есте сақтағаны жөн деп есептеймін.

1. Оқытушы пәнді жетік меңгеріп, оны студенттерге ғылыми тұрғыдан негіздеп, қарапайым тілмен, өмірмен байланыстыра отырып бере білуі қажет.

2. Студенттердің жас ерекшеліктеріне қарай жеке бастарының психологиясын, жан дүниесін жете біліп, әр студенттің жүрегіне жол таба білуі абзал.

3. Ғылым мен педагогика саласындағы жаңалықтарды үнемі пайдаланып отыруы тиіс.

4. Мүмкіндігінше, кейбір үлкен тақырыптарды топтап жеке блоктар түрінде топтастырып өткізе білуі керек.

5. Студенттерге ұзақ уақыт есте сақтау қабілетін арттыру үшін жаңа сабақты, әсіресе заңдылықтар мен құбылыстарды тірек белгілері мен тірек конспектілері бойынша берген жөн

6. Студенттердің сапалы да тиянақты білім алуы үшін әр бөлім, әр тақырып бойынша олардың білімдерін тексеріп отырған жөн.

7. Сабақта халықтық педагогика элементтерін пайдалану қажет. Ол үшін халық ертегілерінен, аңыз әңгімелерінен, өлең жырларынан үзінділер келтіріп, олардың мағынасын түсіндіруге; әртүрлі табиғи құбылыстарға байланысты жұмбақтар шешіп, сөзжұмбақ, бейнесөз құрастыруға т.б. болады.

Техникалық пандердің негізгі заңдылықтары мен құбылыстарын өмірмен байланыстыра қызықты етіп беру жолдары да қарастырылады. Мұндай тапсырмалар студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, оларға заңдылықтарды өмірде кеңінен қолданылатынын да ұғындыруға мүмкіндік береді. Бұл үлгідегі оқытудың әдіс-тәсілдері студенттердің есте сақтау қабілетін арттырып, оларды жинақылыққа, дәлдікке, шығармашылыққа баулуға көмектеседі деп ойлаймын. Білім беру үрдісінде студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін әртүрлі педагогикалық технологиялар мен әдіс – әсілдер қолдануда. Соның ішінде студенттің белгілі бір жетістікке жету үшін сабақта табысқа жету жағдаятын туғызу. Егер студент өзі қандайда бір жетістікке қолы жетсе, ол қуанып қана қоймайды, онда тағы да алдындағы белестерден өту мақсаты тұрады. Осындай жағдайда оқытушы студенттің қандайда бір жетістікке жетуі үшін төмендегідей жағдаяттарды сабақта жиі қолданса, оқытушы жұмысының жетістігін көруге болады.

Біздің колледж қабырғасында технология пәні мектептің негізгі орта білім бойынша тәмамдаған студенттеріне жүргізілетін болғандықтан, сол мақсатта қарастырылған табысқа жету жағдаятын туғызу жолдарын көрсетпекпін.

1.     Мадақтау. Оқытушы сабақта студенттің өзіне деген сенімін арттыру үшін «Жарайсың!», «Мен сендерді мақтан тұтам!», «Бәрекелді!» деген сөздер жиі қолданғаны дұрыс. Бұл сөздер студенттің бойында оқытушының өзіне сенім артып тұрғанын сезініп,  өз еркімен талаптанып, жақсы оқуға тырысады.

2.     Бір мүмкіндік. Студенттің күтпеген жерден өзіннің қабілеті мен мүмкіндіктерін көрсетуге мүмкіндік беріледі. Мұндай жағдаятты оқытушы арнайы дайындамайды, ол  осы мүмкіндікті табиғи тәрбиелеудегі  дарынымен, бұл мүмкіндікті тиімді пайдаланады.

3.     Еліктеу. Кластағы немесе мектептегі үлгілі студенттердің жетістістіктерін үлгі ете отырып студенттің бойында «Сенде неге сондай болмасқа», «Мен саған сенемін», «Бұл сенің қолыңнан келеді» деп студенттің бойында еліктеушілікті туғызу.

4.     «Кешіктірілген баға». Оқушыға бірден төмен баға қоймай, «Сенің бағаң күндегіден төмен болып тұр. Сен үнемі сабаққа дайындалып келетіндіктен, мен саған бір мүмкіндік беремін. Келесі жолы бұданда жақсы жауап беретініңе сенемін» деп оқушыға алға қарай ұмтылуына жағдай туғызу.

5.     Алдына –ала ойластырылған қателік. Сабақта оқытушы есеп шығару барысында, теорияның тұжырымдау барысында «Мен бір жерден қателестім. Бір минут. Қазір қарайын» деп студенттерден көмек сұрайды. Бұл студенттің алған білімін жинақтап, тиянақтау үшін және шығармашылық қабілетін арттыруға қолданылатын әдіс-тәсіл.

6.     Көкжиек сызығы. Студенттің бойындағы қабілетін арттыру үшін өте қызықты тақырыпта (мысалы: «Сүңгуір қайық», «Танк» жайлы) баяндама жасауды тапсырады, бірнеше баяндама жасағаннан соң «Сен өте қабілеттісің, біз олимпиадаға дайындалсақ қайтеді» деген ұсыныспен студенттің өз еркімен ізденуге, ғылым мен техникаға деген ынтасын оятып, адамның ақыл –ойының дамуына ықпал жасайды.

Қорыта айтқанда, бүгінгі сабақ кешегі сабақтан өзгеше, ал ертеңгі сабақ бүгінгі сабақтан жақсы болуы тиіс демекші. Әрбір тақырыпты түсіндіргенде студенттердің мүмкіндіктеріне қарай тірек белгілері мен тірек конспектілерін пайдаланған жөн. Негізгі заңдылықтарды тірек белгілері арқылы студенттерді жинақылыққа, көркемдікке баулып, есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыруға, оларды шығармашылыққа баулуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ физикалық заңдылықтар мен құбылыстарға арнап жеке тірек белгілерін құрастыру қажет. Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі. Өйткені, құрылыс технологиясы – студенттердің ойлау қабілетін қалыптастыратын және дамытатын негізгі буын. Ол студенттердің интеллектін, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, табиғат заңдылықтарын толығымен түсінуге ықпал жасайды. Елбасы «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай жаңа білім беру өте  қажет» деп атап көрсеткендей, инновациялық оқыту технологиясын қолдану -  жаңа білім берудің бірден – бір шарты деп есептеймін.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауы. Егемен Қазақстан. 2008 ж. 7 ақпан.

2. Қазақстан мектебі. 2008 ж. №6 «Ақпараттық технологиялардың тиімділігі»

3. Қазақстан мектебі. 2006 ж. №4 «Инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану тетіктері»

4.Қазақстан мектебі. 2008 ж. №11 «Электрондық оқулықтарды пайдаланудың педагогикалық ұстанымдары»

5. Б.Б. Жолдасова Инновациялық технологияларды білім беруде қолдану.Білім, №5, 2007ж.




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 20 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-458168

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"