Инфоурок Другое СтатьиЗаманауи оқытуда 7 модулді ықпалдастыру

Заманауи оқытуда 7 модулді ықпалдастыру

Скачать материал

Заманауи оқытуда 7 модулді ықпалдастыру

 «Сабақ беру – жай үйреншікті нәрсе емес, ол – жаңадан жаңаны табатын нәрсе»
Ж.Аймауытов

«Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты әрі жан-жақты маман болу мүмкін емес...»

                                                                                                               Н.Ә.Назарбаев

Бүгінгі таңда Қазақстанның дүниежүзілік білім кеңістігіне ену қажеттілігі көтеріліп отырған кезеңде білім беру мәселесін, әдіс-тәсілдерді инновациялық үрдістермен алмастыру арқылы жалпы білім сапасын арттыру көзделген.Осы орайда әрбір мұғалім озық технологияларды терең талдаудан өткізіп, өзіне тиімдісін таңдауы керек.   Ал мен бастауыш сынып мұғалімі ретінде ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, мәдени құзіретті жеке тұлға қалыптастыруда оқытудағы жаңа тәсіл 7 модулді өз сабақтарымда пайдаланып жүрмін. Бұл тәсілдің басқа технологиялардан ерекшелігі жеті модуль арқылы іске асады. «Сабақ – оқытушының педагогикалық мәдениетінің айнасы», -деп А.Сухомлинский айтқандай, 3 деңгейлік курсты аяқтағаннан кейін осы жеті модульдің ішінде өзімнің пәндеріме тиімдісі, оқушылардың қызығушылығын оятары, білімін жетілдірері қайсы екен деп толғандырды.                                                                                                   1-модуль.  Оқыту  мен  оқудағы   жаңа  әдіс тәсілдері  оқу  бағдарламасының  басты  мақсаты  деп  білемін.  Сыныпты  топқа  бөліп  оқыту,  ережеге,  уақытқа  бағыну,  постер  қорғату.  Біз  жаңа  әдістер  ретінде  «Диалог  арқылы  оқыту»  мен  «Қалай  оқу  керектігін  үйренуді»  ғана  қарастырамыз,  себебі  олар  әлеуметтік – сындарлылық  көзқарасымен  тығыз  байланысты.  Диалог  негізінде  оқыту  мен  оқу  оқушылардың  өзара  сұхбаттасуы  және  мұғалім  мен  оқушы  арасындағы  диалогтің  шәкірттердің  өзіндік  ой – пікірін  жүйелеуі  мен  дамытуына  көмектесетін  амал  екенін  меңзейді.Топқа  бөліну  арқылы   жұмыс  жасау  үстінде Саралай келе әр сабақта бір немесе бірнеше модульді бірден қолдануға болатынын анықтадым. Бұл қолданыстан ұтылғанымнан ұтқаным көп болды. Әр мұғалім өз сабағының – көшбасшысы. Ал көшті дұрыс бағыттай білу ол шеберлігіне байланысты. Жалпы менің оқытудағы өз міндетім оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту, сөздік қорларын молайту. Сондықтан сабақта оқушылардан жиі тақырып бойынша жеке, жұптық, топтық жұмыс жүргіземін.

Менің сабақтарымда СТО әдістерін қолданған өте тиімді болды. Біріншіден, жеке, жұппен, топпен жұмыс барысында баланың белсенділігін, сабаққа қатысуын бақылауға болады. Өйткені бірін-бірі оқыту арқылы ойлау қабілеттері дамиды. Әр оқушының жауабы тындалуы қажет, әр топ мәселе бойынша өз ойларын ортаға салуы маңызды.   Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтау белсенділігін, дағдысын білім саласының дамуын қамтамасыз етеді.

2-модуль. Сыни  тұрғыдан  ойлау  модулі.   Бұл  жаңаша  әдіс тәсіл  арқылы  оқушының  өз  ойын  суреттеу  арқылы  ойлау  қабілеті,  сөйлеу  мәдениеті  дамиды.     «Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» жобасының басты қағидаларының бірі шәкірттердің әр сабақта ой-өрісін, ойлау қабілетін дамытатындығы.

  

3-модуль. Оқыту  үшін  және  оқытуды  бағалау.  Бұл  әр  сабақтың  соңындағы  оқушылардың  білімдерін  тиянақтау  жиынтығы.

 4 – модуль.Оқыту  мен  оқуда  ақпараттық  –  коммуникациялық  технологияларды  (АКТ) пайдалану.

АКТ-ны  пайдалану  үстінде

5- модуль.Талантты  және  дарынды  балаларды  анықтау.  Қазақстанның  көркеюі  үшін  оқушылардың  таланты  мен  қабілетін  ашып,  оларды  оқыту  барысында  дамыту  өте  маңызды.

6- модуль.  Оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес  оқыту.

7-модуль. Оқытуды  басқару  және  көшбасшылық.  Мектеп    жұмысы  мен  оқушы  жетістіктерін өрістетудегі  негізгі  тұлға –мұғалім. [12]

Мұғалімнің  міндеті – баланың  өзіне  деген  сенімін  арттыру,  өзін  тұлға  ретінде  сезінетіндей  мүмкіндік  ашу,  өзін  тұлға  ретінде  сезінген бала  әрқашанда  өмірде  өз  жолын  таба  алады.

Мен   тәжірибемді  өзім  оқытатын   сыныптан  бастауды  жөн  санадым.  Зерттеуге  5 «Ә»  сыныбын  алдым.  Бір  сабағымды  дәстүрлі  оқыту  аясында  өткіздім.  Өзім  түсіндірдім, өзім  бағаладым.  Бұл  сабағым  да  нашар  деп  айта  алмаймын,  оқушылар  жақсы  түсінді Екінші  сабағымды  жаңаша  әдіс-тәсілдер  арқылы  яғни  жеті  модуль  аясында  өткіздім.  Мен  оларға  сабақты  бастамас  бұрын,   ең  алдымен  ынтымақтастық  атмосферасын  қалыптастыруымыз  керектігін,  тапсырманы  орындауда  өз  ойын  постерге  түсіріп,  оны  қорғау  арқылы  орындауға  болатындығын  айттым,  сондықтан  бірінші  ынтымақтастық   атмосферасын   қалыптастырып   алдым.   Ең  бірінші  топқа  өзім  бөлдім.

Ол  үшін  әр  оқушының  неге  бейім  екенін  анықтап  алу  қажет.  Бастапқыда  оқушылар  бір  бөлінген  топ  бойынша  отыра  берейік  дегендері  де  болды,   содан  кейін  оқушылар  өздері  бөлгісі  келетінін  айтып,  тіпті  топқа  ат  қойып  бөлудің  өзіндік  мәні  бар  екенін  түсінді.

Ережелермен  таныстырдым,  әркім  өз  ойын  қысылмай  ашық  жеткізуіне  болатындығын  ескерттім. Бұл  сабақтың  ерекшелігі  оқушылар  өздерін  өзі  бағалайтындығын,   содан  соң  сабақтан  алған  әсерлерін  көңіл-күй  парақшасына  стикерлер  арқылы  жазып  қалдыруына  болатындығын  түсіндірдім.

Жиырмасыншы  ғасырдың  басында – ақ  Дьюи мектептің оқушылар «тобы» қатарға құрылған парталармен бөлінген орындарда  отыру  үшін  құрылған  көңілсіз  орын  болып  табылатындығын көре  білген.  Бұл,  ол айтқандай, материалды  тыңдаушылардың  белсенді емес тобына бірқалыпта беруге болатындығының анық айғағы болды. Шындығында,  ол  сыныптарды  бір  нәрсе жасауға емес, «тыңдауға» арналған  орын  деп санады (1990). Топтық жұмыстар оқушылардың белсенділігін, сенімділігін арттырады.   Топқа  бөлудің  де  өзінше  мәні  бар  екенін   оқушылар  сабақ  барысында  түсіне  бастады.

 Тағы  бір   сабағымда  «Кең ауқымды дәріс» әдісін  пайдаландым.  Робинзон  Крузо  мен  оның  кемесінің  суретін  интерактивті тақтадан  оқушыларға  көрсеттім.  Берілген тақырып бойынша өздеріне бұрыннан таныс  ақпараттың  тізімін  дәптерлеріне жазу,  содан  соң  жұпта талқылау, шағын топта  және жалпы тақырып бойынша ақпаратты тақтаға жазу, оқушылар дәптерлеріне толықтырып жазып алады. Көпке  дейін  жаңа әдіске  үйрену  оңай  болған  жоқ. Уақытқа  бағына  алмады,  тіпті  ережені  де  естен  шығарып  отырған  кездері  болды. Жаңа әдіске  басында  түсінбеген  оқушылар  суретті  қалай  саламыз,  оны  қалай  қорғаймыз  деп  біраз  қиналғандары  да  болды.  Артынша  бұл  жаңа  әдістің  тиімділігін  көргенде,  «Келесі  сабақтарда  да  осылай  бола  ма?» – деген  қызығушылық  сезімдері  байқалып  жатты.  Оқушылар  тапсырма  бойынша  топпен  бірлесе  жұмыс  жасады,  өз  ойларын  ортаға  салып  постер  арқылы  қорғап  шықты.

       Ол  бұрын  тек  тыңдаушы  болса,  енді  ізденуші,  ойланушы,  өз ойын  дәлелдеуші,  ал  мұғалім  осы  әрекетке  бағыттаушы, ұйымдастырушы. Оқушыларды  шығармашылық  жұмысқа  баулып,  олардың  белсенділіктерін,  қызығушылықтарын  apттыpa  түсу  үшін   шығармашылық қабілеттерін  дамытуда   әртүрлі  әдіс – тәсілдерді  қолдануға  болады.  Бұл   бағдарлама  жаңа   буын   оқулықтарының   талаптарын  жүзеге  асыруда  оқушылардың   білім  деңгейін  көтеруде,  балаларды  шығармашылыққа  баулуда,  ойларын  еркін  айтуда  тез   арада  дұрыс  шешімдер  табуға  атсалысатын   бірден – бір  тиімді  бағдарлама  деп  есептеймін. Бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды  жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір көзқарастары жүйелі  дамыған,  сандық технологияларда  құзырлылық  танытатын оқушы  ретінде  қалыптасуын  қамтиды.  Тапсырма  беру кезінде  жаңаша  әдіс-тәсілдерді  пайдаланудың  маңызы  зор.   Мысалы, мен  бір  сабағымда РАФТ                      ( роль/аудитория/ форма/тақырып  )  әдісін  пайдаландым.

  • оқыған мәлімет бойынша өз ойын талдайды ;
  • проблема бойынша өз көзқарасы  бойынша рефлексия жасай алады;
  • ұсынылған проблема бойынша өз көзқарасын шығармашылық тұрғыдан көрсете алады;
  • сыныптастарына ұсынылған проблема туралы өз елестетуін жеткізе алады;
  • таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі  артады.

Выготскийдің   оқытудағы  сөздің,  сөйлеудің  негізгі  рөлі  туралы  пікірі  эмпириялық  зерттеуде  қолдау  тапқан.  Барнс (1971) сыныпта  тіл  қаншалықты  қолданылса,  оқушылардың  оқуына  соншалықты  әсер  ететінін  айтады.  Барнс  оқытудың  мұғалімді  селқос  тыңдағанда  ғана  емес,  вербальды  құралдарды  қолдану  нәтижесінде,  яғни  сөйлесу,  талдау  және  дәлелдеу барысында  жүзеге  асатынын  көрсетті. [39]

            https://lh5.googleusercontent.com/iREjzwqFPALwZC6cu7QGWh11WYAzdUPxio_S5D1rpSz5pRrcoYHVlpjyvVQR2U6vXbA3JQ4mMs5E112wjVataA843P0I5NEYBRrscNHcZvgb5oblK4CM63De7WeAVNWY6gFQ-nw

Сындарлы  оқыту  нәтижесінде  мұғалім  мен  оқушыда  мынадай  жетіскендіктерді  байқауға  болады:

  • Жұмысына қызығушылық танытады;
  • Жоғары нәтижеге жетуге ұмтылады;
  • Озық ойлы оқушы қалыптастырады;
  • Шығармашылық бағытта жұмыс жасайды;
  • Жеке қабілеттерін айқындап отырады;
  • Әр оқушының ізденімпаздық қабілеті дамиды;
  • Жұпта ,топта бірлесіп жұмыс істей алады;
  • Бір – бірінің сөзін тыңдап , құрметтеуге үйренеді;
  • хОқушының жеке қабілеті айқындалады;
  • Еркін қиялдайды, сергиді.

     Сабақты  қорыту  кезеңінде  бағалау  критерийлері   жазылған   парақшалармен бағалау  жүргізіледі.  Формативті  бағалау,    сонымен  бірге  оқушылардың  бірін – бірі  бағалауы  жүрді.  Сол  арқылы  мен  өзім  жиынтықты бағалау  жүргіздім.  Зерттеу  нәтижесінде  оушыларға  да  ең  ұнағаны    осы  тәсіл  болды,  себебі  оқушылар  өз  деңгейлерін  білді.

Зерттеу нәтижесінде Бағдарламаның  оқыту  мен  оқудағы   жаңа  тәсілдерінің тиімділігі :

1.Бір – бірінің пікірін тыңдайды,  ынтымақты қарым -қатынастың негізі қаланады.

2.Өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға, бір – біріне құрметпен қарауға ұмтылады.

3.Өз ойын ашық, еркін айтуға , пікір алмасуға, бірін – бірі бағалауға, мұғаліммен еркін сөйлесіп,  пікір алмастырады .

4.Достарының ойын тыңдай отырып, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып , қиындықты шешуге көмектеседі .

5.Белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланады .

Выготскийдің  айтуына  қарағанда,  «баланың  мәдени  дамуындағы  кез келген  қызмет  екі  түрлі  келбетте  сахнаға екі  мәрте  шығады:  біріншісі-әлеуметтік,  содан  соң – психологиялық  санат ретінде  баланың  жан  дүниесінде  көрініс  табады».  Бұны  осы  дәрежеде  ерікті зейінге, логикалық  жадыға  және  түсініктердің  қалыптасуына қолдануға  болады [27]

Әр  сабағымның  соңында  «Қабырға газеті»  әдісін  пайдаланып  көрдім.   Бір  күнгі  бір  сабақтағы  тақырыптарды  орындап   болған  соң, оқушылар кіші топтарда түрлі-түсті қағаздардан өздеріне ұнаған түсті таңдап, өз әсерлерін,  пікірлерін,  өз  сезімдерін білдіреді. Көңіл – күй  парақшаларына  смайликтер  қыстыру  арқылы  да  сабақтан  алған  әсерлерін  білдіреді.  Кейбір  оқушылар  сабаққа  дейінгі  көңіл-күйі   қобалжулы  болса,  осы  жаңа  әдіс  бойынша  өткізілген  сабақ  арқылы  көңіл –күйінде  өзгешелік  болғандығын  жасырмай  смайлик  арқылы  білдірді.

Қорыта  айтқанда,  оқушылардың  білетіндігін  және  білмейтіндігін  анықтау  үшін  түсіністікпен  қарау  керек.  Оқушылар  қысқа  ғана  жауап  беретін  мұғалімнің  сұрағымен  салыстырғанда  диалогтік  сұхбаттасу  мұғалімдер  де,  оқушылар  да   білім  алуға  қомақты  үлес  қосатын  өзара  іс-қимылдың  шын  мәніндегі  тиімді  түрі  болып  табылады.

Балалар  өзінің  түсінігін  өзіндік  зерттеулері  мен  әлеуметтік  өзара байланысқа  сәйкес  құратын  белсенді  білім  алушылар  болып  табылады.  Осы  жаңа  әдіс- тәсілдерді  пайдалану  арқылы  оқушыларды  шынайылыққа,   өзіне  деген  сенімділікке  тәрбиелейміз.  Біздің болашақ – жастарымыз,  сондықтан олардың  жақсы  оқып  білім  алуына  бар  күш-жігерімізді  жұмсауымыз  керек.  Қазақстанның  көркеюі  үшін  оқушылардың  таланты  мен  қабілетін  ашып,  оларды  оқыту  барысында  дамыту  өте  маңызды.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Заманауи оқытуда 7 модулді ықпалдастыру"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Бренд-менеджер

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 167 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.04.2017 964
    • DOCX 419.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тюлюбаева Айгулим Жусуповна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тюлюбаева Айгулим Жусуповна
    Тюлюбаева Айгулим Жусуповна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8391
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой