Инфоурок География Другие методич. материалыЗаманауи оқытудың 7 модулі. Баяндама

Заманауи оқытудың 7 модулі. Баяндама

Скачать материал

М.Б.Ықсанов атындағы №36 орта жалпы білім беретін мектебінің география пәні мұғалімі Уйсимбаева Шугыла Кузембаевна

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:

«Заманауи оқытудың негізгі 7 модулі»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орал қаласы, 2016ж

 

 

Заманауи оқытудың негізгі 7 модулі

Жаңашыл мұғалім ретінде шәкірттерге сапалы білім беру мен саналы тәрбие беру баршамыздың мақсатымыз. Осы мақсатта бізді орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген танымал білім беру әдістемелері арасында сындарлы теориялық оқытуға негізделген кең тараған білім берудегі Кембридж тәсілінің теориялық негіздерімен танысып, қазіргі таңда сабақтарымда қолданысқа енгізіп жүрмін.

Кембридж бағдарламасының негізгі міндеті сындарлы оқыту болып табылады. Бағдарлама мазмұнының оқыту әдістері заманауи идеялардың жеті негізгі модулі түрінде берілген:

Ø Білім беру мен білім алудағы жаңа әдіс-тәсілдер;

Ø Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;

Ø Оқу үшін және оқыту үшін бағалау;

Ø Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;

Ø Талантты және дарынды балаларды оқыту;

Ø Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сай білім беру және оқыту;

Ø Білім берудегі басқару және көшбасшылық;

Білім беру кешенді үрдіс. Егер мұғалім сындарлы оқытуда негізінен бағыттаушы болса, оқушы өз білімдері мен сенімдері жайлы ойланып, білімін толықтырып отырып, пікір талас жүргізіп, өз болжамдарына сыни тұрғыдан қарап, әлем туралы түсініктерін жетілдіретін болады. География пәні мұғалімі ретінде ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген құзіретті жеке тұлға қалыптастыруда оқытудағы жаңа тәсіл 7 модульді өз сабақтарымда пайдаланып жүрмін. Бұл тәсілдің басқа технологиялардан ерекшелігі жеті модуль арқылы іске асады. Осы жеті модульдің ішінде өзімнің пәніме тиімдісі, жарыққа шығарары, баланың қызығушылығын оятары, білімін жетілдірері қайсы екен деп көп ойланамын.

Мен мектепке алғаш жас мұғалім боп келгенімде оқушыларға кітаптағы мәтінді өзім түсіндіруге, кескін картамен жұмыстануды өзім кен орындары мен пайдалы қазбаларды сәйкестендіруді тақтадан немесе картадан көрсету арқылы дайын білім алуға үйрететінмін. Мұндай әдістің еш нәтиже бермейтіндігін түсіне отырып, қазіргі таңда өзімнің іс-тәжірибеме көп өзгерістер енгіздім. Оқушылардың кейбір мәселелерді өз бетімен оқып, жазып, нәтижесінде жаңаша бір мәселені біліп үйреніп жаттығуларына мүмкіндік жасауды үйрендім. Қазіргі таңда жаңа білім игеру мақсатында оқушының өз бетімен жасаған жұмыстарына үнемі көңіл бөліп, ұйымдастырып отырамын.

Мен «География сабақтарында АКТ, СТО технологияларын тиімді пайдалану» тақырыбында 5-11 сыныптар аралығында жұмыстанып келемін.

Ø Оқыту мен оқудағы  жаңа әдіс-тәсілдер: Білім беру әдістері ішінде ерекше орын алатын –диалог. Диалог оқушылардың сөйлеу әрекетін, сұрақты дұрыс қоя білуін, ақпарат алмасу, тіл үйрену, ойлауын дамытуда таптырмайтын жұмыс түрі. Әр түрлі тақырыпта диалог құру төмендегідей нәтиже береді:
-сабаққа деген белсенділігі жоғарлайды;
-сөздерді есте сақтау қабілеті дамиды;
-дұрыс сөйлемдер құрауға дағдыланады;
-оқуға деген қызығушылығы артады;
Бұл тәсілмен оқыту топпен әңгімелесу, сұхбаттасу, “миға шабуыл” логикалық сұрақ-жауап әдістері арқылы жүзеге асады. Білімді жеке тұлғаға бағыттау арқылы өзін-өзі таныған, ақыл-ойын жан-жақты дамытқан “Мендік” пікірі қалыптасқан оқушы қалыптасады.

Ø Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету: Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау. Өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. «Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» жобасының басты қағидаларының бірі шәкірттердің әр сабақта ой-өрісін, ойлау қабілетін дамытатындығы. Бұл модуль оқыту үшін бағалау, дарынды және талантты балаларды оқыту және жас ерекшелігіне сай оқыту модулдерімен тығыз байланысты. Сыни ойлауға  үйрету үшін мына төмендегі шаралар орындалуы шарт:

§  Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт беру арқылы мүмкіндік жасау;

§  Оқушыларға ойлануға рұқсат беру;

§  Оқушылардың әр түрлі идеялары мен пікірлерін тыңдау;

§  Үйренудегі оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;

§  Сенімділік.

Мұғалімнің іс-әрекеті:

- Топқа бөліп ой қозғайды;

- Тақырыпқа қызықтырып бағыттайды;

- Шығармадағы ең қажетті, құнды нәтижені анықтауды ұсынады;

- Ойларын жазуды ұсынады;

- Қорытындылауға бағыттайды;    

Оқушылар іс-әрекетінде мынадай өзгерістер байқалады:

§  Бірлесіп жұмыс істеуге, шешім қабылдауға, өзі білмегенін үйренуге, білгенін ортаға салуға үйретеді;

§  Ұжымдық, жұптық, топтық жұмыс істеу дағдылары қалыптаса бастайды;

§  Білімді өз бетінше іздеуге, салыстыра болжауға, ойын еркін жеткізе білуге дағдыланады;

§  Оқушылар сабақтың басынан бастап білімді игеруге белсене кіріседі, қызығушылығы артады;

§  Сабаққа енжар қатысып отырған оқушыларда ерекше белсенділік пайда болады;

§  Өзін-өзі бағалауға;

§  Саралауға;

§  Ғылыми жұмыспен айналысуға;  

Ø Оқу үшін және оқыту үшін бағалау: Бағалау – оқыту нәтижесін аңықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін негізгі фактор. Жалпы бағалау баға қоюмен ғана шектеліп қалатын тәсіл емес. Берілген материалды меңгеру, меңгермеу фактісімен қатар себептерін аңықтауға мүмкіндік бере тін оқытудың маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Бағалау «оқыту үшін бағалау», «оқытуды бағалау» болып екіге  бөлінеді. Оқыту үшін бағалау бұл формативті, оқытуды бағалау суммативті екенін де айта кетуге болады. Формативті бағалау әр сабақ кезінде, сабақ үстінде, оқушының барлық іс-әрекеті ойлауы, түсінігі бағаланады. Ал суммативті белгілі бір кезеңдегі бақылаулар, тесттер, тоқсандық, қорытынды жиынтық баға өлшемі.

Ø Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану: Ақпараттық коммуникациялық технологияны   еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтеру болып табылады.  Оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық  технологияларды пайдалану.  Ақпараттық – коммуникациялық  технологияларды пайдалану мен оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру. Қазіргі заман талабына сай ақпараттық  – коммуникациялық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Ал мұғалімдер  үшін ақпараттық  – коммуникативтік технологияларды пайдаланудың тиімділігі:

§  оқушының жеке жұмыс жасауы;

§  уақытын үнемдеуге;

§  қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;

§  қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;

 

Ø Талантты және дарынды балаларды оқыту: Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты - олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету - оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.

Ø Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сай білім беру және оқыту: Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту мұғалімнің жан-жақты ойластырылған шеберлігін, іскерлігін қажет етеді. Оқушы бойына білім нәрін сіңіруде ең бастысы оқушының жас ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырмаларды айқындау. Топтық жұмыс немесе диалог барысында оқушының жас ерекшелігіне сай сұрақтар түрлерін ойластыру болып табылады.

Ø Білім берудегі басқару және көшбасшылық: Мұғалімнің көшбасшылық қабілеті ең бірінші сабаққа даярлықтан басталады. Өтілетін сабақтың жоспарын құра отырып, әдістемелік жағын, иллюстрациясын, пайдаланатын техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды дұрыс таңдап, ұйымдастыру. Ал көшбасшылық қабілет шығармашылық елес, шығармашылық ойлау арқылы жүзеге асады. Оқушыны шығармашылыққа жетелеу, жылдамдыққа, икемділікке баулу, тапқырлыққа үйрету ол мұғалімнің әр сабақта қалыптасып отыратыны анық. Жоғарыда аталған алты модулдің оқыту барысы оқытудағы басқару мен көшбасшылық арқылы іс жүзіне асады. Яғни оқытудың барлық модулін осы көшбасшылық қоршап тұрады деген түсінік туады. 

Қорыта келгенде, білім беру мен білім алудағы жаңа әдіс-тәсілдер оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білу, олардың функционалдық сауаттылығын арттыру арқылы еліміздегі білім мен ғылымды дамыту мәселелеріне басымдық берілуі тиіс. Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында педагогтерді заманауи әдістермен, технологиялармен жаңаша жұмыс жасауға бейімдеу, интеллектуалдық кәсіби деңгейі және тұлғалық қасиеттері мен білімді дамытуға өз үлесін қосуды қамтамасыз ету арқылы педагог мәртебесін көтеру-біліктілікті арттыру жүйесіндегі қызметкерлердің басты міндеттерінің бірі деп ойлаймын.

  

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Заманауи оқытудың 7 модулі. Баяндама"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Системный аналитик

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 116 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.05.2017 3566
    • DOCX 26.7 кбайт
    • 13 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Уйсимбаева Шугыла Кузембаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Уйсимбаева Шугыла Кузембаевна
    Уйсимбаева Шугыла Кузембаевна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 91740
    • Всего материалов: 26

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

География: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель географии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 982 человека из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 3 376 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «География» в условиях реализации ФГОС СОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 220 человек

Курс повышения квалификации

Формирование первичных компетенций использования территориального подхода как основы географического мышления с учетом ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 114 человек

Мини-курс

Физическая культура и спорт: методика, педагогика, психология

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Особенности патриотического воспитания

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Мини-курс

Взаимоотношения в семье и успех детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек