Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / «Заманауи сабақ- математика мұғалімдерінің инновациялық қызметінің негізі»

«Заманауи сабақ- математика мұғалімдерінің инновациялық қызметінің негізі»


  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:


Павлодар облысы Екібастұз қаласы. Ә. Марғұлан атындағы ЖОББ мектебі

2016-2017 оқу жылы

Математика пәнінің мұғалімі: Тылешова Ардакты Аралбековна

Тақырыбы: «Заманауи сабақ- математика мұғалімдерінің инновациялық қызметінің негізі»

Мақсаты: Қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс -әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеру .

Елбасымыздың білім саласына қойған талабы ерекше. Біз ұстаздар, осы тәрбиелеп отырған жас келер ұрпақты дүниенің кез- келген жерінде білімін жалғастыруға, қызмет атқаруға қабілетті, ғылым мен техниканың кез-келген саласын меңгеретіндей дарынды қабілетті ұрпақ тәрбиелеуіміз тиіс. Осы мақсатта білімді жүйелі түрде, оқушыларға нақты беру үшін- біз заманауи сабақ арқылы беруіміз керек.Ал заманауи сабақ дегеніміз не?

Оқушының жеке тұлғасын , рухани әлемін ынтасы мен қабілетін дамыту. Заманауи сабақ- инновациялық технологияны қолдану болып табылады. Инновациялық оқыту дегеніміз-оқушының мүмкіндігі мен қабілетін ашу,оның іс-әрекетіне ой салу,яғни шығармашылық тұрғыдан ойлауға үйрету.Заманауи сабақтың дәстүрлі сабақтан ерекшелігі көп.

Дәстүрлі сабақта үй тапсырмасы толық , мазмұнды тексерілмейді, себебі уақыттың көбі мұғалімнің жаңа тақырыпты түсіндіруіне кетеді, оқушылар жаңа тақырып бойынша бір немесе бірнеше тапсырма ғана орындайды, ал нашар оқитын оқушылар сытылып қала береді назарсыз.Оқушылар өз ойын ашып жеткізе алмайды, шығармашылық қабілеттері ашылмай сойлеу тіл қоры байымайды.Ал заманауи сабақтың тиімділігі мұғалім оқушының білімді өзі алу мүмкіндігі болатындай етіп ұйымдастырады, оқушы еңбек жасап, іздене отырып, өз жұмысына өзі баға береді, әр оқушының өзінің интеллектуалды және шығармашылық мүмкіндіктері анықталады

Заманауи сабақ мұғалімнен нені талап етеді?
- шығармашылық ізденісті
- мамандықты білумен қатар педагогиканың теориялық және практикалық білімін
- тиісті оқу материалын оқушының қабылдау ерекшелігіне бейімдеуін
- сыныптағы әр баланың мүмкіндіктері шегінде белсенді әрекет ететініне жағдай жасауын
- оқу жоспарлары мен материалдардың үнемі жаңартылуын
- қажетті ақпаратты іріктей алуын
- сабақ барысында мұғалімнің жұмысқа жағымды эмоционалды көңілінің болуын
Заманауи сабақ оқушыдан нені талап етеді?
- Оқуда жетекшілікті қабылдау
- Оқуда жетекшілікті іздеу
- Өз оқуы үшін жауапкершілікті өзіне алу
- Өздігінен басқара оқуын көрсету
- Өз оқуын бағалау және оқуды жалғастыру үшін қажетті оқудағы қажеттіліктерді анықтау
- Өз оқуын бірізді бағалау және оқудағы қажеттіліктерді анықтау
- Оқу үрдістерін түсінудің жоғарғы деңгейін және оқуды басқарудағы автономиялықты көрсету
- Жаңа идеялар мен үрдістерді әзірлеуге тұрақты қызығушылығын және оқу үрдістерін түсінудің жоғарғы деңгейін көрсету
- Сабақтың мақсатына жетуде тапсырмалардың дұрыс орындалуын
- Мектеп өмірінде алған білім - біліктерін пайдалана отырып, ситуациялық жағдаяттарды шеше алу
- Берілген тақырыптағы жүйеленген тапсырмаларды нақты орындау алу
- Алты деңгейдің де тапсырмасын берілген имерзімде орындап шығу
- Өз оқуын уақытты тиімді ұйымдастыру және жеке немесе топтарда басқару арқылы ұйымдастыра алуы қажет
- Өзінің оқу үрдісін, қажеттіліктерін ұғыну
- Қол жетерлік мүмкіндіктерді анықтау

Заманауи сабақтың бастапқы идеясы:оқыту, дамыту және тәрбиелеудің бірлігі.

Сабақтың жалпы функциясы: тәрбиелеуші және дамытушы оқыту негізінде тұлғаны қалыптастыру.

Сабақтың үш бірлікті мақсаты: танымдық аспект,тәрбиелеуші аспект, дамытушы аспект.



Мұғалім әр сабақта сабақ өтетін сыныптың ерекшеліктеріне байланысты оқытудың түрлі жаңа инновациялық әдістерімен тәсілдерін дұрыс таңдай білуі қажет.Сабақта қолданылған оқыту әдістемесі оқушылардың логикалық ойлау, өз бетімен жұмыс істеу, өзін-өзі бағалау қабілеттерін дамытуға олардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға негізделген болуы керек.Сонда ғана мұғалім өзінің алдына қойған мақсатына жете алады. Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі - «интерактивті оқыту әдісі» Интерактивті тақта мүмкіндігін пайдалана отырып, өткізген сабақтар мұғалімнің оқу процесінде уақытын үнемдей отырып, оқушыларға көптеген ақпараттарды беруге көмектеседі.

Мысалы, 6 сыныпта «Оң және теріс сандар» тақырыбын оқушылар өздері талқылап,тақырыпты ашты . Бұл жерде мен оқушыларға проблемалық мақсат қойып, тірек сұрақтар арқылы тақырыптың мазмұнын ашуға мумкіншілік туғыздым. Бұл жерде оқушылар ең бірінші биіктік және тереңдік деген сөзге тоқталып , осы жерден оң және теріс санның мағынасын ажыратып алды. Осы тақырыпты бекіткенде оқушыларға «Ауа райын болжа » слайдты арқылы , әрбір оқушы біріншіден ауа температурасының жылы суықтығын ажыратып,екіншіден сөйлеу мәдениеті дамиды. Яғни интерактивті тақтаның керемет мүмкіндіктері оқушыларды таңғалдырады, шабыттандырады, пәнге деген қызығушылықтарын арттырады .

Қазіргі сабақ мақсатына сай, жеке тұлғаның дамуына қолайлы жағдай жасайтын оқытудың жаңа инновациялық технологиялары өте көп .

Мысалы , дамыта отырып оқыту әдістемесі (Л. Занков) ;

-оза отырып оқыту (С.Лысенкова);

-іс-әрекетті бағалау (Ш. Амонашвили);

-тірек- схема және тірек конспектілері арқылы оқыту (В. Шаталов);

-саралап оқыту;

-деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту;

-модульдік оқыту (М. Жанпеисованың)

Соның ішінде мен өз іс тәжірбиемде жиі қолданатын педагогикалық технологиялардың бірі-Ж.А. Қараевтың деңгейлеп оқыту әдістемесі.

Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты - әрбір оқушы өзінің даму қабілетін айқындай түсу . Деңгейлеп оқыту ерекшелігі : деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып, белгілі деңгейде білім алып деңгейін жоғарылату.

Мысалы, 6 сыныпта «Сызықтық функция және оның графигі» тақырыбында «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп оқушыларды екі топқа бөліп , деңгейлік карточкалар арқылы мынандай тапсырма бердім. Бұл жерде оқушылардың білім деңгейі ескеріліп,әрбір топ өздеріне берілген функцияларын зерттеп графиктерін салды. Заманауи сабақты қарапайым тілде айтсам, ол әрбір өткізілген сабақтың қызықты,тартымды, бұл сабақта оқушымен мұғалім арасында еркін тіл табысуы деп ойлаймын. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ,өз сабақтарымда ойын элементтерін жиі қолданамын.

«Сен маған- мен саған» деп үй тапсырмасын қайталаймыз . Мен бір оқушының атын атаймын,ол орнынан тұрып екінші оқушының атын атайды . Бірінші оқушы оған үйден дайындап әкелген сұрағын қояды, ол жауап береді, егер жауап бере алмаса ,бірінші оқушы өзі жауап береді солай жалғаса береді. «Кім жылдам», «Ойлан тап», «Математикалық саяхат», тағы басқа және ұлттық ойындар «Арқан тартыс», «Көкпар», «Байге» тағы басқа ойындарды сабақтың әрбір кезеңдерінде ұйымдастырып өткіземін .Тек бір ескеретін жай ,ойын сабақ ұйымдастырғанда ,ойынның тек элементін ғана белгілі кезеңге, өз орнымен жалықтырмайтындай,ұзақ уақытқа созылмайтындай етіп қолдана білу қажет. Сабақта тірек схемалар және әртүрлі диаграммалар қолдану оқушылардың есте сақтау қабілеттеріне өте жақсы әсер етеді . Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық,  кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Сонымен құрметті әріптестер! Қандай әдіс- тәсіл қолдансақта, мақсатымыз бір ол- сапалы білім, үлгілі тәрбие беру болып табылады.Олай болса барлықтарыңызға жаңа оқу жылында сәттілік пен еңбектеріңіздің жемістерін көрулеріңізге тілектеспін!





Автор
Дата добавления 20.11.2016
Раздел Математика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров72
Номер материала ДБ-371106
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх