Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Занятие по художественной литературе на тему "Два петуха"

Занятие по художественной литературе на тему "Два петуха"

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

4-жастан 5 жасқа дейінгі № 5«Бәйшешек» тобы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы №4


Өткізілетін күні, айы, жылы: 19.10.2016 ж

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Драма

Тақырыбы: «Екі әтеш »(ертегі)

Мақсаты: Ертегіні түсіндіру.

Білімділік міндеті: Ертегіні тыңдап,өз түсінігін жүйелі айта білуге баулу.

Дамытушылық міндеті: Әдебиетке қызығушылықтарын арттыру.

Тәрбиелік міндеті: Сыйластыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Көрсету,түсіндіру, сұрақ-жауаптар, әңгімелесу.

Көрнекі құралдар: хрестоматия, суреттер,әтештің басперделері,ыдыстағы дән,сыйқырлы қалта.

Сөздік жұмыс: Ертегі.

Қостілділік компоненті: әтеш-петух, балапан-цепленок, дән-зерно.

Іс-әрекет қызметтері

Педагогтің қызметі

Балалардың іс-әрекеті











Мотивациялық-қозғаушылық

Балалар шеңбер болып тұрып, жылы шыраймен амандасып, шеңбер бойымен өлең жолдарын айтады.

Ғажайып түс көрдім,

Таң ата мен бүгін.

Ертегі әлемінің

Нұрына шомылдым.

Жұлдыз-айы көркем,

Әдемі еді неткен.

Құстары сөйлейді,

Бұлттары тербейді,

Мен оянып кеттім,әттең...

Ертегілер,ертегілер,

Неге мені ертпедіндер?

Әлемінің ғажап күйін

Шертпедіңдер сендер.

Гүл тердім бақтардам.

Әр гүлде бір арман.

Таусылмайтын тәтті

Сый әкеліп жатты.

Жан біткеннің бәрі маған.

-Бәрекелді қандай тамаша!Енді бәріміз орнымызға барып жайғасып отырайық.

Балалар шеңбер бойын да дөңгелене тұрып,бір-бірімен жылы шырай жүзбен амандасады.

Шеңбер бойымен тұрып, «Ертегілер» әнін тыңдата отырып, қимылдар жасайды.


Ұйымдастыру-іздестіру

Кіріспе әңгіме

-Балалар өлең ұнады ма?

-Өлең не туралы?

-Қандай ертегілерді білесіңдер?

-Бүгін «Екі әтеш» халық ертегісімен танысамыз.

Мұқият тыңдаймыз ертеде бір кемпір шалдың құс дегенде,асырап отырған екі әтеші бар екен. Қолдарына түскен жемдерін ата мен әже соларға беріп бағып қағыпты.Күндердің бір күнінде кемпір құсына жем шашады.

Ғажайып сәт:Кемпір келді жем шашады.Қарындары ашқан әтештер дүрсе қоя берді.Әрқашан бірге жүрген досынан шұбар әтеш жеиді қызғанып,шекесінен адырая қарады.

Шұбар әтеш: шіркін мынаның бәрін жалғыз өзім жеп тыңқия бір тойсам ау дейді,сөйтеді де шұбар әтеш қасындағы сұр әтешті қайта-қайта шоқып,жем жегізбейді мазасын алады.Сұр әтеш бір рет менсінбей екінші рет абайламаған болады.Тіпті қоймаған соң,ақырында ызаланып,ол да шұбар әтешті шоқып алады осыдан соң екі әтеш жүндері үрпейсіп әрмен мен бері төбелесе кетеді.

Екеуінің де үсті –басы жұлым-жұлым болады.Бұлар өстіп қызыл шеке болады. Бұлар өстіп қызыл шеке болып жатқанда көршінің балапандары келіп желді түгел қалдырмай жеп кетеді.

Міне балалар таласқанға түкте жоқ деген осы.

Сұрақ-жауап

-Ертегі қалай аталады?

-Әтеш қандай құсқа жатады?

-Ертегі не жайлы?

-Екі әтеш нені қызғанды?

-Не үшін төбелесті?

Сергіту сәті

Қораз,қораз,қоңқылдақ,

Ерте тұрып қоңқылдап,

Алтын айдар басында,

Ән салар үй қасында.

  • Ал енді балалар Әтеш болып қанатымызды қамдап шақырайықшы ку-ка-ре-ку

ку-ка-ре-ку

Балалар бүгінгі танысқан ертегіміз қалай аталады.

-Екі әтеш

  • Әтеш қандай құсқа жатады?

  • Екі әтеш нені қызғанады?

  • Әтештер дұрыс жасады ма?

  • Бір-бірімен таласпау керек еді.

  • Жемді кім жеп кетті?

Балалар әтештер төбелеспеу керек еді.Дұрыс жасамады. Бізде бір топта тату-тәтті болу керек Әтештерге ұқсас талассаң аузымыздағы дәннен айырылып қаламыз. Сол үшін екі әтештей таласпай тату болайық.Әжеміз сендерге дорба қалдырып кетіпті сендер ертекті жақсы түсінгендерің үшін.


-Ұнады.


«Қасқыр мен жеті лақ», «Бауырсақ», «Шалқан»,т.б

Екі әтеш

Үй құсы

Әтеш жайлы

Балалардың жауабы.



Балалар қызыға қарасады.




Екі әтеш шоқысып қимыл жасайды.



















Сұраққа жауап береді.







Тыңдайды таңдана қарайды.

Балалар әтешке ұқсап қанаттарын қағады.

Үй құсы

Жемді

Жоқ


Көршінің балапандары.










Рефлексивті-түзетушілік

Оқу қызметін Ойын арқылы пысықтау.

Дидактикалық ойын

«Үй құстарын ата» ойынымен аяқтау. Суретен үй құстарын атап көрсету.

1.Тауық, Әтеш.

2.Қаз.

3.Үйрек.

Балаларды мақтап мадақтап сыйлықтар береді.



Балалар ойынды қызығушылық пен ойнады.

Сұраққа жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Ертегінің мазмұнын біледі;

Қандай түсініктерді игерді: Жақсы қасиеттерді игереді.

Меңгерген дағдылар мен іскерліктері: Әтештердің жағымсыз қылықтарын түсініп меңгереді.








Тәрбиеші: Кенжебекова Р.Т.

Қолы: ____________



















































Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 19.10.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров29
Номер материала ДБ-274662
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх