Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Школьному психологу / Другие методич. материалы / Занятие по психологии дос болайық бәріміз

Занятие по психологии дос болайық бәріміз

  • Школьному психологу

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы : Дос болайық бәріміз 
Сабақтың мақсаты: оқушылардың арасындағы жағымды қарым – қатынас орнату, бір – бірін сыйлауға , адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету, коммуникативтілікті дамыту. Достықтың адам өміріндегі өзіндік ерекшеліктерін ұғындыру арқылы, оқушылардың достық қасиеттерін ұштастыру. 
Көрнекілігі : қағаздан қиылған жүрекшелер , гүлдер , музыка , слайд. 
Сабақтың барысы : 
Шаттық шеңбері 
1. Күліп тұрған адамның бейнесі 
2. Алақан суреті 
3. Күннің суреті 
4. Жүрек суреті 

Ерте заманның ойшылы және асқан шешен Цицерон «Достық өз бойына қаншама сан алуан пайдалы нәрселерді біріктірген десеңізші! Қайда барсаңыз да ол сізге қызмет етеді, ол барлық жерде бар, ол ешқашан мезі қылмайды, ешқашанда орынсыз килігетін жері болмайды; ол сәттілікке жаңа сәулет, әр береді, ол ортақтасқан сәтсіздіктер де көп мөлшерде өзінің уытын, дәмін жоғалтады» деген. 
Достық - адам өмірінің сан бояулы, көп қырлы қасиеті. Сондықтан да достық ұғымына толық анықтама беру мүмкін емес. Достықтың да түрлері көп. Адал достық, шынайы достық т.б. Ең алдымен дос болу үшін бізге қарым – қатынас жасау жолдарын білуіміз керек. 
Дос қандай болуы керек? 
Ақылды, көмегін аямайтын, сенімді, қамқоршы, шыншыл, қайырымды, білімді, ұқыпты т.б. 
«Керемет бақ» арт – терапия, релаксация. 
Өзімізді ыңғайлы, қалыпты ұстап көзімізді жұмамыз. Аяғымызды, денемізді толықтай бос ұстаймыз. Үш рет терең дем аламыз. Енді көз алдыңызға әдемі гүлдерге толы, әсем керемет бақтың ішінде жүрміз деп елестетіңіз. Сіздің алдыңызда иісі мұрынды жаратын жұпар иісті, әдемі жүздеген, мыңдаған гүлдер өсіп тұр. Кенеттен бетіңізге самал жел соққандай болды. Жүріп келе жатып сізді алыстан көз тартып шақырғандай болып тұрған гүл өзіңіздің жаныңызға жақын. Сол гүлді қолыңызға алып иіскеп, гүлге аялап қарап тұрдыңыз. Сол гүлді сіз өзіңіздің жақын адамыңызға немесе досыңызға тарту еттіңіз. Жақын адамыңыз да осы гүл сияқты өте әдемі. (Транстан шығып өз әлемімізге ораламыз). 

«Еркін би» жаттығуы. 
Мақсаты: Бұл жаттығу қатысушыларға басқалардың алдында қысылмай билей алуына мүмкіндік береді. Топтың араласып кетуіне , өзіндік ашылуына жағдайлар туғызу. Сонымен қатар ол би терапиясын аяқтауға көмектеседі. 
Жүру барысы: Қатысушы топ дөңгеленіп отырады. Осы қатысушының арасынан біреуі ортаға шығып билейді. Алайда оған «жақсы биші» болу қажет емес. Оның қимылы еркін болуы керек. Оны ешкіммен салыстырмайды, ол өзінің денесіне бағынады. Бірнеше минуттан кейін ол отырады да, оның орнына яғни ортаға басқа қатысушы шығады. Осылайша әркім өз еркімен шығып, 1-2 минут болса да өзінің биін билеп ойын ары қарай жалғасады. 

«Май шам» тренингі. 
Барлығымыз бір – бірімізбен жағымды қарым – қатынас орнату үшін, достығымызды нығайту үшін жылы сөздер, тілектер айту арқылы жалғастырамыз. 
Қоштасу ритуалы. 
Күлім қағып қолымды, 
Бір-екі, үш деп соғайын. 
Қарап тұрған көршіме, 
Қолымды мен бұлғайын. 
Жылы – жылы жүзбенен, 
Маңдайыңнан сипайын. 
Жылы-жылы сөзбенен, 
Жүрегімді сыйлайын. 
Ыстық алақаныңмен, 
Қолыңды бер қысайын. 
Амандасып өзіңмен, 
Құшақтап бір қысайын. 

Балалар бүгін біздер достықты берік сақтау үшін, оны одан әрі нығайту үшін көптеген нәрселермен таныстық. Сонымен қатар бойымыздағы жаман қасиеттерден арылуға күш салдық. Әрқашанда бір – бірімізді сыйлап жүрейік, өйткені сыйластық арқылы адамның бойында жақсы, ізгі қасиеттер қалыптасады екен. 

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 30.10.2015
Раздел Школьному психологу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров130
Номер материала ДВ-109399
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх