Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Дайындық тобында өткізілген сабақ конспектісі Тақырыбы: "Көңілді дыбыстар"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Дайындық тобында өткізілген сабақ конспектісі Тақырыбы: "Көңілді дыбыстар"

библиотека
материалов

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті:Сауат ашу және жазу.

Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және әріптер

Сабақтың мақсаты: Дыбыс пен әріп туралы түсінік беру, дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажырата білуге үйрету. Сіздерге дыбыстық талдау жасату арқылы ақыл-ойын дамыту, сөйлем құрату арқылы сөздік қорын молайту. Топтық жұмыста бір-біріне көмектесуге үйрету. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Әдіс- тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Көрнекі құралдар: Сюжетті суреттер,сызба түректері , кеспе әріптер.

Билингвальды компонент: Әріп-буква, сөз-слова, дауысты- гласный

Сабақтың барысы: ұйымдастыру кезеңі

Психожаттығу: «Күлімдейік».

-Балалар адам жанының, жүрегінің кілті біздің езуімізде.Егер біз үнемі достарымызға, ата-анамызға, апайларға күлімдеп, жадырап көңілді жүрсек біз мейірімді,ақылды болып өсеміз. Жан- жағымызға күлкі сыйлайық.

Олай болса кел,балалар күлейік!

Кел балалар күлейік,

Күлкіменен түлейік

қабақ шытқан не керек

Күліп өмір сүрейік!

-Балалар бүгінгі сабағымыз өте ерекше.Сабаққа деген ынтамызды көтерейік.

Жаттығу «Біз байсалдымыз»

Біз байсалдымыз,

Мұқият тыңдаймыз,

Есте сақтаймыз,

Бөгет жасамаймыз,

Сабақта өткенді,әрдайым қайталаймыз!

-Балалар мен сендерге К.Ерешовтың «Ала бұзау» атты әңгімесін оқып беремін.

Әңгімелеу.

Ескендір күнде ала бұзауына сүт беріп жүріп, көгорай шөпке жайып, қамқорлық жасап жүрді.Бір күні ала бұзау тоғайда жүрген малға қосылып кетті. Ескендір бұзауын іздеп тоғайға келді.бір кезде қатты жел соқты.Жел соққанда қандай дыбыстар шығады? Жел улейді. У-у-у

Желдің әсерінен ағаштардың жапырағы шулайды.

Қандай дыбыстар естіледі? Ш-ш-ш

Тоғайда жүру өте қиын болды.

Маса ызыңдап, мазасын алады. З-з-з

Ескедір қасына еріп келген Ақтөстің ырылдаған дыбысын естіді. Р-р-р

Ескендір айналасына қарады. Шөп арасында басын көтеріп, Ақтөске қарап айбат тұрып тұрған жыланды байқады.

Жылан Ақтөске қарап ысылдап тұр екен. С-с-с

Жыланды көрген Ескендір қорыққанынан өсіп тұрған емен түбіне қарай шегінеді. Ыжылдаған дыбысты құлағы шалады.Ол еменнің бұтағына орналасқан араның ұясын көреді. Ыжылдаған аралар -Ж-ж-ж.

Ескендір ала бұзауын шақырады .

-Кәне балалар, бұзауын шақыруға көмектесейікші: Ауқау-ауқау!

Жақын жерден жүрген бұзауын үйіне айдап қайтты.

Балалар, сонда біз әртүрлі дыбыстар естідік, біз дыбысты қайтеміз?(естиміз)

-Әрине. Балалар көзімізді жұмып ештемені көрмесекте менің дауысымды, иттің үруі, машинаның гүрілін естисіңдер. Бұлар дыбыстар.

Оларды көзбен көрмегенмен құлақпен естисіңдер.

Дыбыстар әріппен таңбаланып жазылады. Мұны біз әріп дейміз.

-Балалар енді үш дыбыстан тұратын сөз ойлап табыңдар. ( күн, түн, көк, жаз, қыс, күз, лақ, көз, қаз т.б.)

2. Жұмбақ

Бұл не? Сиыр.

Қай дыбыстан басталып тұр? (С)

С и ы р сөзінде қанша дыбыс қанша әріп бар? (4 ). әріп 4 дыбыс. Сиыр сөзін буынға бөлу.

Сиыр сөзі неше буынға бөлінеді?

Си-ыр сөзі екі буын .

-Неліктен сиыр сөзі екі буынға бөлінді? Сөзде қанша дауысты дыбыс болса сонша буын болады. Сөздің естілуіне қарай бірнеше бөлікке бөлуге болады. Оны буынға бөлу деп атаймыз.

Сиыр сөзіне текшелермен дыбыстық талдау жасайық.

(Тақтаға бір бала, басқа балалар орнында текшелермен жазады )

Қанша дауысты дыбыс,қанша дауыссыз дыбыс.оларды атайды.

Екі дауысты,ол и және ы дыбыстарыы. Ол өйткені созылып әндетіп кедергіге ұшырамай айтылады. қызыл текшемен белгілейміз.

С, Р-дауыссыз өйткені қысылып кедергіге ұшырап дыбыстауға келмейді. Дауыссыз дыбыстарды көк текшемен белгілейміз.

Сиыр бұл сөз.

Сиыр қандай болады ?

(Үлкен, кіші, қара, ала.)

Ала - бұл да сөз. Енді екі сөзді байланыстырайық. Ала сиыр. Бұл енді сөйлем болады.

Сөйлем сөздерден құралады.Ол тиянақты ойды білдіреді. Оны мынадай сызба түрінде береміз. Тірек сызбалармен сөйлемді жазу.(тақтада)

Сөйлем арқылы адам өз ойын көргенін түсіндіреді.Сөйлемдегі сөздер бір бірінен бөлек жазылады.

-Балалар алдарыңдағы тірек сызбаларын пайдаланып – «Құстар ұя салды» сөзін жазыңдар. (бір бала тақтада, басқа балалар орындарында орындайды).

Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен беріледі. Сөйлем соңында .! ? белгісі қойылады. Саусақ жаттығуы.

Ағайынды еку екен, Біреуі оқымаған. Біреуі сауатты екен, Көп іске жауапты екен. Ататын асықты да, Ұстайтын қасықты да Хаттарды жазатын да, Есікті ашатын да өзі екен.

3.Дидактикалық ойын «Қай дыбыстан басталады?»

Суреттегі заттың қай дыбыстан басталғанын табады. (бақа, ағаш, ұя, шана, тарақ т.б.)

4.«Көңілді дыбыстар» ойын. Ойын шарты : 1.геометриялық пішіндерді пайдаланып әріптер жазу, жасырынған сөзді тауып оқу. (Қала, бота, кілт)

«Бақа» сөзіндегі «қ» дыбысын басқа дыбыстармен алмастырып оқу. Б,л,ғ,т. т.б.

5. Буындарды қосып оқу:

ОР-ман

Дор-ба

Тақ-та

Оқу-лық

Ба-қа

Ба-тыр

6.Сергіту сәті.

Алтын айдарлы әтеш оянды, Тым ерте тұрыпты. Ойқастап жүгіріп, жан-жаққа қарапты, Ко-ко-ко -депті Қорада ойранды салыпты, Бар тауық қайран қалыпты. Секіріп, секіріп айғайлап, Шарбаққа қоныпты.

7.Мнеможолдар арқылы балаларға мазмұнын айтқызу.

8.Сөздік ойын «Қарама –қарсы сөздер»

Мен «жоғары» десем,сен........ Мен «биік»десем, сен.....

Мен «төбе» десем,сен....... Мен «ауыл» десем,сен......

Мен «үлкен» десем, сен..... Мен «кең» десем,сен.....

Мен «алыс» десе,сен.....

12.Кім жылдам? логикалық ойын

Мұзды қала неден жасалған? (Мұздан).Кітап неден жасалған? (қағаздан)

Орманда не көп? (ағаш). Анасы қызын үйге шақырды кім үйде? (анасы) Күзде жапырақтар сары , ал қыста....

Қорытынды: Балалар бүгін біз дыбыстар және әріптертуралы өз білімдерімізді пысықтадық.

-Дыбыс дегеніміз не екен?

-Әріп дегеніміз не екен?

-Сөйлем неден құралады?

-Дыбыстар қалай белгіленеді?

Жарайсыңдар балалар бүгін өз білімдеріңді көрсеттіңдер. Көрсеткен білімдерің үшін сендерге сыйлық тарту етемін.














Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 02.12.2015
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров153
Номер материала ДВ-221888
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх