Инфоурок Другое Другие методич. материалыЗар Заман тарихы.История Эпохи Скорби.

Зар Заман тарихы.История Эпохи Скорби.

Скачать материал

       Мен, Ерғалиева Ботагөз Оразбайқызымын,қазақ тілі және қазақ әдебиеті сабақтарың жүргізетін мұғаліммін.2015-2016 оқу жылында 10-ыншы сыныптарында Зар заман  тарихында болған  іс -әрекеттер туралы әңгімелеп,сол уақытында белгілі ақындар мен жазушылардың өмірбаяндарын және онерлік жолдарымен танысу,оқушылардың ой-пікірлерін толыктырып,оятып нығайту жолдарын іздеймін.

     Жоспар бойынша 34 сағаттың ішінде заманауи технологиялардың элементтерін пайдалану,интеграциялық түрінде ұйымдастырылатын  сабақтарды  өткізуге  мақсаттаймын.Құрметті әріптестерім,сіздің назарларыңызға Зар заман уақытына арнайы қысқаша мәтін ұсынамын.

       Зар Заман Ақындары – қазақ әдебиеттану ғылымына алғаш рет 1927 жылында белгілі қазақ жерінің жазушысы  М.Әуезов еңгізген термин. 

      Зар заман кезеңінде ғұмыр кешіп, отарлық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң-зармен жырлаған ақындар шоғыры. Зар заман ақындары шоғырының  белгілі ақындары Дулат Бабатайұлы, Сүйінбай Аронұлы,Шортанбай Қанайұлы, т.б.Олар патша өкіметінің отарлау саясаты қазақ халқының кері әсер еткенін,көптеген қиындықтар мен қайшылықтарды алып келгенін,заманның азғанын,ел- жұртқа береке қалмағанын,шығармаларының басты тақырыбы етіп алды.

        Жазушы М.Әуезов Зар заман ақындары дәуірін Абылай хан тұсынан Абайға дейінгі жүз жылға ұластырып, Нарманбетпен аяқтайды.Зар заман ақындары тұсынан қазақ әдебиеті жазбаша сипат алатынын атап көрсетеді. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы бұрынғы қалыптасқан құндылықтардың өзгеруі, елді басқару жүйесінің басқа сипатқа ауысуы, отаршылдықтың белең алуы, халықтың қатты күйзелуі .

       Зар заман ақындарын тарих сахнасына шығарған. Зар заман ақындары халқының жай-күйін, ойлаған ұлт қайраткерлері ретінде танылды. Олардың шығармалары халықтық салт-дәстүрлерді қаймағы бұзылмаған қалпында сақтауға, ұлттық болмыс-бітімнен ажырамауға үндейді.

             Зар заман ақындарының өлеңдерінің мәні.

       Ресей империясы отарлаушыларының озбырлығы мен сұрқия саясаты Зар заман ақындарының өлең-жырларында жан-жақты суреттеледі. Қазақ халқының шұрайлы жерлерін тартып алып, ұрпағын аздырып, діннен аулақтату сықылды империялық пиғылдың жүзеге асуына қарсыласу қозғалысы Зар заман ақындарының қайраткерлік поэзиясын өмірге әкелді.     Бұрынғы жыраулар поэзиясымен үндесіп жататын өршіл рух, әсіресе, Мұрат Мөңкеұлының жырларынан айқын байқалады.

       Зар заман ақындары шығармаларындағы ұлттық болмысты, қазақ  қадыр-қасиетті сақтап қалуға үндеген ой-пікірлер жанайқаймен, шарасыздықпен, соңғы төзімді сарқа айтылғандығымен ерекшеленеді.

         Зар заман ақындарының шығармаларында сары уайымға салыну, қайғы-мұңға берілу сарыны да байқалады. Олар елдің басына түскен нәубетті ақырзаманның келгені деп ұғады. Бұл жердегі ақырзаман – ғаламдық апат, жарық дүниедегі көзге ілінген нәрсенің тып-типыл болуы, турасындағы емес, отаршылдықтың шеңгеліне мықтап түскен, ұлттың күйреуі сипатындағы ақырзаман. Зар заман ақындарының бірі адам қолымен жасалған зұлымдықтан, екіншілері діннің бұзылғандығынан деп топшылайды. Әсіресе, Шортанбай ақын шарасыздықтан дінді таяныш қылады.

         Зар заман ақындарының өлең-жырларында елмен қоштасу, туған жердің өткенін аңсау сарыны орын алған. Жалпы “ауа көшу”, “қонысты тастау” ұғымы көптеген халықтардың фольклорлық шығармаларына тән. Талауға түскен елден кетіп, жайлы жер, ыңғайлы қоныс іздеу идеясы еркіндік, бостандыққа ұмтылу мұраттарымен орайлас келеді. Ақындардың бірқатары жұтаған жер мен көшкен елге қайырылып сөз айтып тұрып, басқыншылық пиғыл мен зорлықшыл әрекеттерді зарлана жырға қосады.

           Ақындарының шығармаларына тиым салынуы.

      Зар заман ақындарының қайраткерлік биікке көтерілуі отаршылдықтың белең алуынан басталады. Жыр жүріктерінің бар құдіреті, бар қабілеті ел-жұртының санасын оятуға жұмсалды. Солардың ойранына жол ашқан өз халқының кейбір жандайшаптарын аяусыз сынға алды, кей тұста ел бірлігінің кемістігін де түйреп өтті. Зар заманның өкілдері  тарихи оқиғаларын кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырды. Зар заман ақындары шоғырының белгілі өкілі – Дулат Бабатайұлы қазақ халқының дәстүрлі жыр үлгісін түр жағынан өзгертіп, өлеңді көркемдеп кестелеудің жаңа үлгісін жасады. Орта жүз құрамындағы, найман тайпасынан шыққан.

      Өмірі туралы деректер толық зерттелмеген. Өлеңдері ел ішіне ауызша жәнеқолжазба түрінде таралған. Кейбір өлеңдері, Қазан қаласынан 1880 жылы алғаш рет «Өсиетнама»  деген атты  жеке кітап болып жарық көрген. Осы кітапка, ақынның сол кезеңдегі қазақ елінің саяси-әлеуметтік өмірін шыншылдықпен жырлаған ой-толғаныстары енген. Дулат  ақынның кейбір өлеңдері кеңес дәуірінде әр түрлі хрестоматияларда «XVІІІ — XІX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары». Ал, «Еспембет» поэмасы, алғаш рет 1957 жылы, «Жұлдыз» журналының 5-нөмірінде жарияланды.   Дулат ақынның  шығармаларын барынша зерттеп, жинап баспаға әзірлеген Қ.Өмірәлиев болды. Дулат Бабатайұлы ақынның жеке жыр жинағы «Замана сазы» 1991 жылы жарық көрді.

       Дулаттың өлең-жырларының басты сарыны  XІX  ғасырдың алғашқы жартысындағы отаршылдық әрекеттерге рухани қарсылық көрсету.

     Келесі қысқаша айтып өтетін  ақынның аты Сүйінбай Аронұлы.

       Сүйінбай Аронұлының онер жолын қарастырсақ: Ел берекесі бірлікте екенін ескертіп, әсіресе, сыртқы жауға қарсы тұру үшін ауыз бірліктің маңызы ерекше екенін баса айтады.

Жау басынар халықты                  

    Басқарушы оңбаса.            

Малша айдап адамды                       

Орынсыз күштеп зорласа.          

Ауға тускен балықтай               

Шыға алмайсың бұлқынып.

     Әділеттік болмаса,

Күннің көзін жасырар.

Аспанды бұлт торласа,

Елдің бағы ашылар,

Әділеттік орнаса.

       

        Сүйінбай қайтыс болғаннан кейін, бір топ ақын оған арнап жоқтау өлеңдерін шығарған.Сүйінбайдың кейіңгі ақындарға осылай үлгі-өнеге болғаньш айта келіп, профессор Е. Ысмайылов былай дейді: «Сүйінбайдың бүкіл Жетісу ақындарына, әсіресе, ең талантты шәкірті, келешегінен зор үміт күткен Жамбылға берген ақындық, ұстаздық жолында екі үлкен ерекшелік бар.

       Бірі — айтыста болсын, шындықты жеткізіп өткір, шешен, тапқыр тілмен тыңдаушыны қүмарландырып сөйлеуі,екіншісі — тарихта болған батырларды үнемі желілі жырға айналдырып айтуы». Жамбылдан басқа ақындар да, Сүйінбайды өздеріне ұстаз тұтып, оның өнер жолының  алдында бас иген.

    

         Аталған ақындардың қай-қайсысы да ұлттық поэзиямызды мазмұн жағынан байытуға үлес қосты.  Кеңестік идеология үстемдік еткен кезеңде Зар заман ақындарының шығармаларын насихаттауға тиым салынды.

       Олар барлық оқулықтардан алынып тасталды. Соған қарамастан, Зар заман ақындары шығармалары  әр жылдарда зерттеу нысанасына айналды. Қазақ әдебиетінің тарихын оқып-үйренуге арналған ғылыми  жинақтарда, олардың кейбір өлең-толғаулары  жарық көрген тұстары да болды.

        Мысалы, 1978 жылы Ленинград қаласында  басылып шыққан “Поэты Казахстана” жинағында (құрастырған М.Мағауин) Зар заман ақындарының отаршылыққа қарсы жазылған бірқатар өлеңдері орыс тілінде жарық көрді.

 

Пайдаланған    әдебиеті:

 

1.М.Әуезов.Әдебиет тарихы (1991ж).

2.Өмірәлиев Қ.Қазақ поэзиясының жанры мен стилі  (1983ж).

3.Поэты Казахстана (1978ж).

4.Қазақ әдебиет.Оқулық- 10 сынып.

5.Қазақ энциклопедиясы  4  том, 3 бөлім.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қамысты ауданың білім беру бөлімінің Қамысты №1 орта мектебі »  «ГУ Камыстинская средняя школа №1отдела образования акимата Камыстинского района»

 

 

 

 

 

 

 

Зар Заман тарих уақыты. История Эпохи Скорби.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Иргалиева Б.О.

Преподаватель казахского языка и литературы

         

                   «_16_» сентября_ 2015 г.

Казахстан

Костанайская обл.,

Камыстинский р-н,

село Камысты

 

 

Камысты 2015год

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Зар Заман тарихы.История Эпохи Скорби."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Логист

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 650 475 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.09.2015 11428
    • DOCX 62.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Иргалиева Ботагоз Оразбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Иргалиева Ботагоз Оразбаевна
    Иргалиева Ботагоз Оразбаевна
    • На сайте: 8 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 39777
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 151 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 283 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 846 человек

Мини-курс

Подростковые проблемы: индивидуальный подход

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 388 человек из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 252 человека

Мини-курс

Психология сиблингов в семейной структуре

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 15 регионов

Мини-курс

Привязанность и воспитание

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 79 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек