Ана
тілім -ардағым.
Мақсаты:Балаларды ана тілін құрметтеуге,
таза ана тілінде сөйлеуге үйрету. Тәрбиеленушілердің өнерлерін арттыру.
Эстетикалық талғамдарын
орнату.
Көрнекілігі:Тіл туралы жазылған нақыл сөздер.
Суреттер
Әдіс-тәсілі:Мақал-мәтел сайысы, ән
айту.
Сабақ барысы:Әнұран
орындалады.
Тәрбиеші:Музыка ойналады. Тіл көп сөздерді айтып
келеді.
Тіл кейіпкері: Армысыңдар
балалар мені шақырдыңдар ма?
Тілдер
күні құтты болсын.
Мен
болмасам адам заты не болар еді. Қанекей балалар тіл бізге қаншалықты қажет
екенің көрейік.
Мақалдарын айтқызу
Үндемес ойыны
Тіл кейіпкері: Ал балалар
көрдіңдер ме біздің сөзіміз қаншалықты қажет екен, әлде үндемей тұрған жақсы ма
екен. Үндемегенде қандай қиын.
Жүргізуші:Тіл-ұлттың жаны, тіл-ұлттың аса
қазынасы.дей отырып тілді құрметтеп қонақ қылдырайық.Төрлетіңіз төрге шығыңыз,
біздің қонағы болып бүлдіршіндеріміздің өнерін көріңіз. Аяжан:
Сүйемін
туған тілді-анам тілін,
Бесікте
жатқанда-ақ берген білім.
Шыр
етіп түскен минутымнан,
Құлағыма
сіңірген таныс үнін.
Аида:
Ана
тілін білмеген,
Өмірден
құр қалады.
Ақылды
құлаққа ілмеген,
Алаулы
отқа жанады.
Мағжан:
Ата-анамыз әлдилеп,
Уатқан бізді баба тіл.
Сол туған тіл атауы,
Ежелгі біздің қазақ тіл.
«Ана тілім - тұғырым» Балдәурен
тобы
Тәрбиеші: Тілге байланысты мақал-мәтелдер
сайысына кезек береміз. Балалар кім көп мақал айтады, соған асық беріліп
отырады.
Балаларға мақал-мәтелдер айтқызады.
Дана:
Тіл
тас
жарады,
Тас
жармаса бас жарады.
Олжас:
Өнер
алды-қызыл тіл.
Нұрислам:
Тіл-тиексіз.
Айзере:
Ойнап
сөйлесең де,
Ойлап
сөйле.
Аруна:
Сөз
сүйектен
өтеді,
Таяқ
еттен өтеді.
Тәрбиеші:Енді балалар нақыл сөздерге кезек
берейік.
Смайыл:
Сүйсем
өз тілімді,
Боламын
білімді:
Мадияр:
Өз
тілім үйретер,
Өнерді,
ғылымды.
Сүйем
өз тілімді.
Жансая:
Ана
тілің – арың бұл,
Ұятың
боп тұр бетте.
Өзге
тілдің бәрін біл,
Өз
тіліңді құрметте!
Данияр:
Ана
тілім – ұраным,
Ана
тілім – құралым,
Тоғжан:
Ана
тілім – болмаса
«Алқисса» қазақ биі орындайтын:( Аида, Айзере,Жансая,
Дана,Ақерке,Аяжан )
Ақерке:
Даламыздың
үні деп,
Ана
тілін,
Ана
тілін,
Ана
тілін сүйеміз.
Аманат:
Өсірген
ой білімді
Сүйем
туған тілімді
Тәрбиеші: Осымен «Ана тілім – ардағым!»
атты тәрбие сағаты аяқталды. Қош сау болыңыздар!
«Мемлекеттік тілде
оқытатын Заречный орта мектебі»КММ
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Ана
тілім-ардағым!»
Тәрбиешілер:Рахимова
Г.У
Бексұлтанова Д.С
Ибраева А.М
2015 – 2016 оқу
жылы.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.