Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / "Зат есім" (4 сынып)

"Зат есім" (4 сынып)



  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы. Зат есім.

Сабақтың мақсаты:  1. Оқушылардың зат есім және оның түрлері туралы түсініктерін жаттығу жұмыстарын орындату арқылы қалыптастыру.

                                      2. Оқушыларға түрлі тапсырмалар орындата отырып, шығармашылық қабілеттерін, байланыстыра сөйлеу қабілеттерін дамыту.

3. Оқушыларды табиғатты қорғауға, шыдамдылыққа, топта өзін және өзгені тыңдап, сыйлай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: тірек сызбалар, интерактивті тақта, суреттер, жұмбақтар.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ

Сабақтың әдісі:  сұрақ - жауап

Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүние тану.

Сабақтың барысы:     І. Қызығушылығын ояту

- Балалар, бүгінгі сабағымыз туған еліміздің табиғатына арналады. Ендеше сөз кезегі өздеріңе беріледі.

Психологиялық жаттығу: - Балалар, бүгінгі сабағымыз табиғат тақырыбына арналғандықтан, «Менің табиғатым....» атты сөйлемді өз ойларыңмен жалғастырыңдар.

II Үй тапсырмасын сұрау:

2-3 оқушыға оқытып сөз құрамына талдату. Сөз таптары туралы не білеміз? 1- слайд.


hello_html_m764c114d.gifЗат есім Нені білдіреді?

hello_html_1b1739fa.gifЕтістік Қандай сұрақтарға

hello_html_m1665bce8.gifhello_html_m6b18b3ee.gifСын есім жауап береді?

Сан есім



Топтастыру әдісі арқылы зат есім, етістік, сын есімге мысалдар келтіру.

III. Дәптермен жұмыс :

Зат есім

-Балалар,бүгінгі сабақта зат есім туралы түсінігімізді қалыптастырамыз, тапсырмаларды орындау арқылы сөйлемдегі зат есімді анықтаймыз.

IV Оқулықпен жұмыс:

1 – жаттығу. Ауызша. 2- слайд. Құстардың суреті . Суреттегі құстардың атын ата. Құстардың атын қатыстырып сөйлем құрау.

Құстар бау- бақшамыздың көркі, табиғаттың әні, сәні .Құстар біздің досымыз. Құстарға қамқорлық жасап, қорғау керек.

Мысалы: Қарлығаш ұя салды.

2 – жаттығу.  Берілген зат есімдерді қатыстырып сөйлем құрап жаз.

Кім? сұрағына жауап беретін сөздерді тап.

Ережені қайталау: Зат есім деген не? Қандай сұрақтарға жауап береді?

V Сергіті сәті : Құстар қалай сайрайды?

Қарға қаңқылдайды,

Сауысқан саңқылдайды,

Торғай шырылдайды,

Қаз қаңқылдайды,

Бұлбұл сайрайды.

4 – жаттығу. Көп нүктенің орнына керекті зат есмідерді қойып, көшіріп жаз.

Малдың төлдері: қозы, лақ, бота...

Аңдар: аю, қасқыр...

Құстар: бұлбұл, тоқылдақ...

Отбасы мүшелері апа, ата, ана, әке , аға, іні, бауыр әпке.

Жұмбақпен жұмыс: Тақтаға жұмбақ беріледі. Әр топ жауабын тауып, сұрақ қою арқылы зат есім екендігін дәлелдейді.

1.Шидген ұзын сирағы,

Тастай керең құлағы.

Сөйтіп жүріп көп жерге,

Аспалы тор құрады.( Өрмекші)

Топпен жұмыс.Сөз таптарын қатыстыра отырып, сурет бойынша сөйлем құрастыру. 3- слайд.

1-топ. Қыз

2-топ. Тай (жылқы)

3-топ. Кітап

IV Қортынды.

Сөз таптарын атаңдар.

Зат есім деген не?

VII Үйге тапсырма.6 жаттығу. Ереже.



Алакөл ауданы

Үшарал қаласы

«Абай атындағы қазақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мекемесі бастауыш сынып мұғалімі Мұхашова Шолпан.




Автор
Дата добавления 19.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров107
Номер материала ДВ-355198
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх