Инфоурок Иностранные языки Другие методич. материалыЗат есімдерді қайталауға арналған жаттығу жұмысы

Зат есімдерді қайталауға арналған жаттығу жұмысы

Скачать материал

Қысқа мерзімді жоспар

Қазақ тілі

Уақыты: 29.10.2016

Мұғалім:Ә.Сарғойшина

Сабақтың тақырыбы

  Жаттығу, талдау жұмыстары

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі. 6-сынып "Қазақ тілі" оқулығы, Қ.Ысқақов "Морфлогия" оқулығы

Сабақтың жабдығы

Интербелсенді тақта,суреттер, кеспе қағаздар, стикерлер

Мақсаты

Оқушылардың  зат есімнің мағыналық түрлері жалпы есім және жалқы есім, деректі және дерексіз зат есімдер туралы алған білімдерін бекіту;

Оқыту  нәтижесі

Зат есімді түсінеді, құрамына қарай ажырата алады.

Жалпы және жалқы  есімдерді ажыратады.

Деректі және дерексіз зат есімдерді ажыратады.

Зат есімдерге морфологиялық талдау жасайды.

Әдіс-тәсілдер

 - "Жасырулы ұяшық" әдісі.

-  "Жәрмеңке".

- "Көршіңді бағала".

- "Мадақтау сэнгвичі"

С а б а қ т ы ң    ж ү р у   б а р ы с ы

Сабақтың кезеңдері және уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру

 

1 минут

Ø  Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.

Ø  Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.

Ø  Сыныпты зат есімнің құрамына, мағынасына, тұлғасына бөлінуіне  байланысты сөздерді ажырату  арқылы жұптарға  бөлу.

1-жұп: Дара сөздер.

2-жұп: Күрделі сөздер.

3-жұп: Жалпы есімдер.

4-жұп: Жалқы есімдер.

5-жұп: Деректі зат есімдер.

6-жұп: Дерексіз зат есімдер.

7-жұп: Туынды зат есімдер.

8-жұп: Негізгі зат есімдер.

 

"Көршіңді бақыла" әдісі бойынша әр оқушы қасындағы көршісін  бағалауы қажет.

 

Үй тапсырмасын орындауы

Жәрмеңкеге қатысуы

Морфологиялық талдау жасауы

 

Зат есімдерді ажырата алуы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5  ұпай - өте жақсы

4 ұпай -

Жақсы

3  ұпай - қанағат-қ

2 ұпай төмен

1  ұпай өте нашар

 

25-23  ұпай - 5,  22-21  ұпай -4,  18-20  ұпай - 3.

 

Оқушының аты-жөні:

               

 

 

Оқушылар кеспе қағазда жазылған сөздер бойынша екі топқа  бөлінеді.

 

Оқушылар өздерінің алған қағаздарындағы кеспе қағаздардағы сөздерді дара я күрделі екендігін (күрделі болса қалай жасалғанын)  айтады. 

 

Бағалау парақшаларымен танысады.

Үй тапсырмасын сұрау

 

10  минут

 

Күннің жады мен сабақтың тақырыбын тақтаға жазу.

 

"Жасырынған ұяшық" әдісі бойынша оқушылардан үй тапсырмасын сұрау.  

Үйге берілген 81, 82 -жаттығулардың тапсырмасына сәйкес және өтілген тақырыптар бойынша  сұрақтар  дайындаймын.

 

 

Оқушылар ұяшықтарды таңдап, жауап беруі керек. Сол бойынша өздеріне "теңге" жинайды.

 

1-ұяшық  Деректі және дерексіз зат есім деген не?

100 тенге

2-ұяшық

200 теңге

 

82-жаттығудағы туынды зат есімдерді ата

 

3-ұяшық

100 тенге

 Өзіңе ұнаған 3 қыз баланын есімі және ұнау себебі?

4-ұяшық

500 теңге

Туынды зат есімдер қандай жұрнақтар арқылы жасалады? Мысал келтір.

 

5-ұяшық

100 теңге

 

Жалқы есім деген не? Мысал келтір.

6-ұяшық

200 теңге

 

Сөздердің қосарлануы арқылы жасалған зат есімдерге мысал келтір

7-ұяшық

100 теңге

Дара зат есім деген не?

8-ұяшық

200 теңге

Күрделі зат есімдер қалай жасалады?

9-ұяшық

100 теңге

Зат есімдер тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?

10-ұяшық

500 теңге

82-жаттығудағы туынды зат есімдерге талдау жаса

 

11-ұяшық

500

Дерексіз зат есімді қатынастырып сөйлем ойла.

12-ұяшық

100 теңге

 

Зат есім деген не?

13-ұяшық

500 теңге

Шы, -Ші жұрнақтары арқылы негізгі зат есімнен туынды зат есім жасаныз және жана сөздермен сөйлем кұрастырыңыз : Тігін , етік

 

14-ұяшық

 

15-ұяшық

16-ұяшық

17-ұяшық

18-ұяшық

 

 

Әр топтағы оқушылар өздерінің таңдаған түстеріне сай үй тапсырмасына   жауап береді.

 

Қайталау-оқу анасы

 

14 минут

 

 

 

 

 

 

Оқушылар дәптерлеріне жазады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар ынтымақтастықта, бірлесе отырып жұмыс жасайды, топ болып қорғайды.

Бекіту

 

15  минут

 

Жақсы жауап беріп отырған оқушыларды  мадақтап отырамын.

 

 

 

Оқушылар дәптермен жұмыс жасайды және ауызша жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақтаға шығып талдайды.

 

Дәптерге жазады. 

Қорытынды

5 минут

 

Оқушылар зат есімдердің мағыналық  түрлері бойынша белгілейді.

Бағалау

1 минут

Топтағы оқушылардың өздеріне қойған бағаларын ескере отырып, қорытынды баға қою.

 

Рефлексия

2 минут

"Мадақтау сэнгвичі"

http://www.kellyskindergarten.com/Games/GamestoMake/images/sandwich.JPG 

1 бөлік – позитивті комментарий, не ұнады;

2 бөлік – сындарлы сын, не нәрсені жақсарту керек;

3 бөлік – келешекке арналған комментарий: маған ұнады, бірақ келесі жолы …

 

Оқушылар сөйлемдерін  жазып тақтаға іледі.

Үйге тапсырма

 

Үй тапсырмасын дәртерлеріне жазады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Зат есімді пысықтауға арналған жаттығулар
1-жаттығу.
Мәтінді мәнерлеп оқыңдар. Берілген мәтіннен зат есімдерді тауып, мағыналарын анықтаңдар, оларды жасалу жолына қарай талдаңдар.

Үлгі: Мырзатай – тұлғасына қарай туынды, құрамына қарай күрделі (екі түбірдің бірігуінен жасалған), мағынасына қарай деректі, жалпылай немесе жекелей атауына қарай жалқы зат есім.

Мырзатай әке-шешесі тірі кезінде бұған арнап асыраған ақ кептерлерін көріп қайту үшін Сарқырамаға жиі барып тұратын. Бірақ оның бұл жолғы келуі көңіліне сүйеніш болған жоқ, қайта, жетім баланың қайғысына қайғы қоса түскен… Биіктігі екі арқан бойындай, үйдей-үйдей тастардың арасынан тік төмен шашырай құлап түсетін Сарқыраманың жоғарғы жағындағы қия жартас қуыстарына ұя салып мекендеген бір үйір ақ кептер барған сайын азайып бара жатқан…
(Жанат Ахмади)

2-жаттығу.
Берілген зат есімдердің қандай сөз табынан жасалып тұрғандығын анықтаңдар және соларды қатыстырып сөйлем құраңдар.

Үлгі: түбірі көрпе – не? зат есім, — ше зат есімнен зат есім тудырушы жұрнақ. Менің анам қонақтарға көрпеше төседі.

Көрпеше, ұшқыш, бұрғы, жұмыскер, адамдық, ерлік, ағатай, жеңілдік, түсім, сүзгіш, әнші, тәуелсіздік, ақылшы, достық, тарсыл, жаманшылық, жақсылық, егінші, ақылшы, тыңдаушы, құдаша, жарқыл, әдемілік, жинастырушы, қайраткер, оқушы, кідіріс, жастық, дүрсіл, сынықшы.

3-жаттығу.
Берліген күрделі зат есімдерді төмендегі үлгі бойынша жазыңдар.

Үлгі:
Бірігу арқылы жасалған зат есімдер: Мырзатай,
Қосарлану арқылы жасалған зат есімдер: ата-ана,
Тіркесу арқылы жасалған зат есімдер: Алматы қаласы,
Қысқартылып жасалған зат есімдер: БҰҰ,

Мырзатай, ақсақал, БҰҰ, ата-ана, қадір-қасиет, ҚазМУ, Алматы қаласы, бойжеткен, ағайын-туыс, медбике, Таңшолпан, оқушылар сарайы, «Ботагөз» романы, Бірлік ауылы, кеңшар, құрбы-құрдас, Махамбет Өтемісұлы, қазақ тілі, амал-айла, ВАЗ-009, Сәтжан, керегетас, арбакеш, Ұлболсын.

4-жаттығу.
Берілген мәтінді мәнерлеп оқыңдар. Қай шығармадан алынғанын анықтаңдар. Сөйлемдердегі зат есімдердің қызметін анықтай отырып, зат есім қандай жағдайда қай сөйлем мүшесінің қызметін атқаратынына ауызша талдау жасаңдар.

Аққасқаның бойы қасқырдан кем емес. Аяқтарының жуандық сандығы да содан кем емес. Өзінің барлық тұлғасында қасқырға ұқсайтын бітім бар. Түсі – тазылар түсіндей емес, қасқыр түс. Дене жүні ақ сарылау келген де, маңдайы шаңқиған ақ шаңғыл қасқа болатын. Екі көзі шатынап шарасынан шығып тұрғандай үлкен. Үнемі от шашып тұратын қып-қызыл көз. Ашу да, ерлік те – бір өзінде. Аққасқа өте қабаған, сіркесі су көтермейтін долы, ызалы. Сондықтан ауылдан келгенде шынжырдан босамайды. Далаға алып шығып, аңның ізіне салғанша, жә қарасын көрсеткенше ұзын кендірден босамайды. Әйтпесе жолда кез-келген иттерге де соқтыға береді.

5-жаттығу.
Мәтінді мәнерлеп оқыңдар. Көмекші есімдерді анықтап, тіркескен сөздерімен бірге теріп жазыңдар және құрамына талдаңдар.
Үглі: Ауылдың жаны – негізгі зат есім ауыл, -дың ілік септігінің жалғауы, көмекші есім-жан, -ы тәуелдік жалғауының ІІІ жағы.
Ауылдың жаны терең сай. Арттағылар бізге жақындап қалған сияқты. Сыртын көріп, ішінен түңілме. Анасының алдынан жүгіріп шықты. Балалар ауланың маңында ойнап жүр. Машина дүкеннің сыртына келіп тоқтады. Іштегілер даладағы аттардың дүбірін естіп, елең ете қалды. Дастарханның үсті әр түрлі тағамдарға толған. Залдың іші адамдарға лық толы. Жанындағылар ақыл-кеңестерін айтып, жөнге салғандай болды. Алдағылар қызу әңгімеге кірісті.
6-жаттығу.

 

Зат есімге байланысты тест тапсырмалары № 2
1. Тұрлаулы мүшелері зат есімнен жасалған сөйлемді табыңыз.
А) Жүйесіз сөз иесін табар. В) Ақылдының сөзі қысқа. С) Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.
Д) Ананың көзі балада. Е) Жалқау - өзіне жау.
2. Дара зат есімді көрсетіңіз.
А) тұрған В) оқыды С) күшті Д) қиял Е) ата-ана
3. Күрделі зат есімді табыңыз.
А) зейін В) білгіш С) әдеп-ғұрып Д) самғау Е) бос
4. Бастауыш қай сөз табынан жасалған? «Кішіпейілділік – кісінің көркі.»
А) күрделі зат есім В) дара сын есім С) деректі зат есім Д) туынды зат есім Е) жалқы есім.
5. Берілген сөзден туынды зат есім жасайтын жұрнақты көрсетіңіз. «Адам.......»
А) – дар В) – ға С) – ша Д) – шылық Е) – дікі
6. Берілген сөйлемнің ішінен күрделі зат есімді табыңыз.
«Ата-анамның Семейге көшіп келуіне байланысты мені лицейге қабылдаңыз»
А) Семей В) байланысты С) ата-анамның Д) лицейге Е) мені
7. Жіктік жалғауы дұрыс жалғанған зат есімді табыңыз.
А) аспанбыз В) керегесіздер С) шәкіртпіз Д) оқулықтармыз Е) тіліміз
8. Тырнақшаға алынып жазылатын зат есімді табыңыз.
А) Отырар. В) О.Бөкей. С) Зайсан. Д) Қорқыт ата. Е) Абай жолы романы.
9. Берілген сөйлемдегі қай зат есім бастауыш қызметін атқарып тұр?
«Ақ ниетпен күткен әке-шеше арманы орындалып, жайлауға көшіп, ақ отауымызды тіктік»
А) ақ ниетпен В) әке-шеше С) арманы Д) ақ отауымыз Е) жайлауға 
10. Жалпы есімді белгілеңіз.
А) «Абай жолы». В) Құлагер. С) Балқаш. Д) «Жас Алаш». Е) Тау. 
 

Зат есімді қайталау .

,тәрбие , аң , би , жұмыс , күзет , оку , балық , жүргізу , әдебиет .

 

 

Сабақтың тақырыбы: Зат есімді қайталау. Көктем (Жәрменке сабақ )

Сабақтың мақсаты
 : 

1. Білімділік: Зат есім тақырыбы бойынша оқушылардың білімін бір жүйеге
 

келтіру, зат есім сұрақтарын сөйлемде дұрыс қолдана білу. Жазба жұмыстар
 

арқылы оқушының білімін жинақтау.

2. Дамытушылық мақсаты: Мақал мәтелдер, ойындар, тақпақ оқуға деген
 

қызығушылығын, ынталарын, зейіндерін есте сақтау қабілетін дамыту.
 

3. Тәрбиелік мақсаты: Халықтың мәдениетімен таныстыру арқылы туған еліне
 

деген сүйіспеншілігін арттыру.
 
Көрнекіліктер: Алдар көсе, қоржын, карточкалар жасалған ойыншықтар, жәрменке деп жазылған киіз үй,компьютерлік бейне көріністер.
 


Сабақтың барысы: (Күй орындалады) Бір оқушы шығып

Көктем келді!
 

О, халайық, халайық,

Жәрмеңкеге келіңдер!

Мұнда көптеген заттар бар.

Сатып алыңдар, өнерлеріңді көрсетіңдер.




  • Балалар бүгін біз өткен тақырыбымыз зат есімді қайталаймыз. Бүгінгі бізге қонаққа Алдар көсе келіп отыр. Бұл сабағымыз жәй сабақ емес, жәрменке сабақ. Алдар көсенің бізге алып келген заттарын тегіс сатып алайық.
     






  • Сендердің сатып алатын заттарың бұл білімдерін. Кім көп зат сатып алса, сол оқушы осы тақырыпты жақсы меңгерген деп білеміз. Жәрменкеде сендер жаңылтпаш, мақал – мәтел, тақпақ айтасыңдар. Жақсы қатысқан оқушыларға Алдар көсеге сыйлықтар тапсырады.
     






  • 1. бөлім:
     Оқушылар жәрмеңкеде өздеріне ұнаған заттарды сатып алады. Сұраққа жауап берген топтың оқушылары затты сатып алған болып есептеледі. 






  • Карточкалар (сатып алынатын заттар)
     






  • 1 «зат есім деген не?»






  • 2 «20-ға дейін сана»
     






  • 3 «Апта күндерін ата»
     


2.

1 Жанды зат есімді ата
 

2 Жансыз зат есімді ата
 

3 Жалпы зат есімді ата
 

3.Дайын болған оқушылар сұрақтарға келіп жауап беріп, заттарын сатып алады,
 

әрі қарай қиынрақ тапсырмаалады. Бұл заттар өте қымбат тұрады, мұндағы
 

тапсырмалар фонетикалық талдау.


Бастауышшш
1.сабақ
 

2.парта

http://kk.convdocs.org/pars_docs/refs/40/39333/39333_html_m8a785b6.gif3.тақта


Кім? Не?
4.1
 


Жалпы

http://kk.convdocs.org/pars_docs/refs/40/39333/39333_html_m4051f879.gifhttp://kk.convdocs.org/pars_docs/refs/40/39333/39333_html_m29cf9bab.gifhttp://kk.convdocs.org/pars_docs/refs/40/39333/39333_html_32c671f3.gif

http://kk.convdocs.org/pars_docs/refs/40/39333/39333_html_2ae8ec1b.gifhttp://kk.convdocs.org/pars_docs/refs/40/39333/39333_html_m2e38c9f9.gif
Жалқы

Жанды

http://kk.convdocs.org/pars_docs/refs/40/39333/39333_html_m2d3c1f68.gif
4
 
Жансыз
.2
 Көктем туралы сөйлемдерді теріп жазайық 

1.қыс келді

2.қар ериді

3.Бәишешектер гүлдейді

4.Құстар жылы жақтан ұшып
 

5.Жапырақтар сарғаяды



5.    
Бастауыш тауып астын сызайық
 


2. бөлім. Балалар, жәрменке болғандықтан және ойнаиық, өлен, жанылтпаш, мақал-мәтел айтайық.

Алдар көсе бір оқушынын көзін байлап, қайшымен қиғызады. Бұл пакеттерде: жұмбақтар, мақал-мәтел, жанылтпаш деген жазу бар.

Оқушы қай пакетті қиып алса, соны оқушылармен ойнайды. Женімпаздарға сыйлықтар тапсырылады.

Қорытынды: Ал балалар! Жәрменкеміз, өте жақсы өтті- сендер түгелдей заттарды сатып алушы екенсіздер, білімдерінді жақсы көрсете алдындар. Жәрмеңке өлен сауықсыз болмайды. Сондықтан Алда көсеге өз өнерімізді көрсетейік.

Көктемде не ұзарады?

Бақта не өседі?

Жаздан кейін қай жыл мезгілі?

Оқу жылы қай мезгілде басталады?

Құс.

Сәуір айы тағы қалай аталады?

Көктем мезгілінің соңғы айы?

Наурызда адам не тілейді?

Мейрамды адамдар қалай тойлайды?, неайтады?
Үйге тамсырма беріледі:

Осымен біздің сабақ аяқталды

С А Б А Қ Т Ы Ң                  Б А Р Ы С Ы:
1.Ұ Й Ы М Д А С Т Ы Р У 
а) Оқушыларды  түгелдеу, сыныпты сабаққа дайындау,санау арқылы топқа бөліп отырғызу
ә) Үй тапсырмасын сұрау
1.Зат есім деген  не,  сұрақтары қандай?
2.Зат  есімнің мағыналық  түрлері.
3.Зат есімнің  құрамына қарай   түрлері.
4.Зат есімнің рең мәнін тудыратын  жұрнақтарды білеміз  бе?
5.
Деректі , дерексіз  зат есім деген   не?
6.Жалпы , жалқы есім деген  не?
                                               Ж А Ң А   С А Б А Қ
1.Қызығушылығын  арттыру    «Белгісіз   сурет»  әдісін  қолдандым

Әр топтан бір бала шығып,  белгісіз  суретті көріп , өз тобына барып , не көргенін келесі балаға жеткізеді,  сол суретті  басқа бала қағаз бетіне  түсіруі керек.Осы кезде  балалардың қызығушылығы басым болып,  белсенділігі артты. Зат есімге байланысты сөздер жазып, жалқы , жалпы зат есімдерді айыра білді. Сөйлемдер құрап, тың ойлар  айта бастады. Тиімділігі : балалар  ойнап жүріп ойланады, ойлана жүріп зат есімді меңгерді. Әр топ   өзінше пікір   айтып ойларын еркін жеткізе білді.Салынған суретке қарап, 3-4сөйлем жазды 
Салынған суреттерін тақтаға шығып, қорғап шығады.Сөйлемдерін оқиды.1-топ: Барлық тіршілік атаулы күннің көзінен жаралған . 2-топ : Күн, ай, жұлдыз,жүрек ,жер, бұлт бәрі де адамға қажет  дүниелер.

3-топ:Адамның  көңіл-күйі әр түрлі  болады. Бір кезде  бұлттай қатал, күндей күліп,  жұлдыздай жарық.
4-топ:Күн шуағын шашып тұр. Кеше ай жарық болды.  Аспанды қара бұлт  басты.Адамдардың жүрегі таза болуы керек.
Балалар сөз саптауда, сөйлем құрауда  біраз қинала отырып  жазды.Оның себебі де бар.Камераға түсіру, басқа мұғалімнің сабақ  беруі,жаңа әдіс- тәсілдер, топқа бөліп отырғызу оқушылар  күтпеген жағдай.
 2.Мағыныны  таныту.Болжау статегиясы. Берілген мәтінді бір оқушы оқиды да, тобына барып, ойласа отырып, жалғасын жазады.Мәтін ішінен зат есімді тауып мағынасына қарай ажыратады.
                                                Еріншек   бала
         Баяғыда  бір  еріншек  бала  болыпты. 
«Балам,  ел  қатарлы  жер  жыртайық, егін  егейік» -  дейді әкесі
Ертең   жер  де   жыртамын,   егін  де  егемін,  бүгін  кішкене   ұйықтап  алайын деген бала  пырылдап   ұйқыға  кетеді.Әкесі  де  баласының  сөзіне  сеніп,  көрші  ауылға  асқа   кетеді.
       Ертеңіне  әкесі  астан   келсе,   бала  үйде  жоқ  екен.Ауылда  тойланып  жатқан   Наурыз  тойына   кетіп  қалыпты. Келе  сала  ........
Ойды әрі қарай топ болып, ойласа отырып мәтін жазу.Мәтін ішінен зат есімдерді  табу
  
 3.Жеке  жұмыс. Жасырынған  жұрнақтар
Әке... маған құлын... ерттеп беріңізші.Әйтпесе , өзім көрпе...
салам да , Астанадағы аға...ыма жүйіткіп кетіп қаламын.
   Қой, балам, жолда небір айла...лер бар. 
Жоқ, апа... маған ешкім қарсы тұра алмайды.Себебі мен аға... қуан... сыйлауға барамын.
  Жасырынған жұрнақтарды тауып,зат есімнің қандай жұрнақтары екенін анықта.
  Тиімділігі:Әр бала жеке жұмыс жүргізді.Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнақтарды білмегенін тез арада біле қойдық.А деңгейіндегі қыз баланың өзінде 2қате бар,Вдеңгейіндегі балада 1ғана жауап бар,С деңгейдегі балада 2 жауап бар.Жауап диаграммасы былай болды      

4.Оқушылардың жалпы зат есімнен білген білімдерін тест арқылы бекіту.Оқушылар бұл тарауда бірін- бірі бағалап, тексереді.Содан соң дұрыс  жауап беріледі                          
                                        А деңгейдегі оқушы жауабы            16
                                        В деңгейдегі оқушының жауабы      15
                                        С деңгейдегі оқушының жауабы      12
Түрлері
Мысалдар Жалпы Жалқы Деректі Дерексіз Дара Күрделі
Төлеби ауданы
Достық
Тасбақа
Асқабақ
Ауа
Ауыл- аймақ
Адамгершілік
Асан
Тау  самалы
Айгүл
Тиімділігі:Баланың  жұмысы тез тексеріледі,қайта қортындылау, ой қорыту
Тиімсіз жағы: үлгерімі төмен оқушылар отырып қалады

Сабақты «Зат  есім»  сөзжұмбағымен  аяқтадым.Осы кезде  балалардың белсенділігі  артты.Әр топтан бір бала  тақтаға  жарыса  шығып,  зат есімнің  мағынасына  қарай  түрлерін  ажыратып ,қорытындылады.

Балаларды таңдандырған тағы бір ерекшелік:Оқытудағы бағалау 
тәсілі балаларға ұнады. Тақтаға смайликтерді ілдім, сабақ оған ұнады ма, жоқ па  бала өзі рефлекция жазып, әр түрлі белгілер арқылы бағалады.

 

ат есімді пысықтауға арналған жаттығулар
1-жаттығу.
Мәтінді мәнерлеп оқыңдар. Берілген мәтіннен зат есімдерді тауып, мағыналарын анықтаңдар, оларды жасалу жолына қарай талдаңдар.

Үлгі: Мырзатай – тұлғасына қарай туынды, құрамына қарай күрделі (екі түбірдің бірігуінен жасалған), мағынасына қарай деректі, жалпылай немесе жекелей атауына қарай жалқы зат есім.

Мырзатай әке-шешесі тірі кезінде бұған арнап асыраған ақ кептерлерін көріп қайту үшін Сарқырамаға жиі барып тұратын. Бірақ оның бұл жолғы келуі көңіліне сүйеніш болған жоқ, қайта, жетім баланың қайғысына қайғы қоса түскен… Биіктігі екі арқан бойындай, үйдей-үйдей тастардың арасынан тік төмен шашырай құлап түсетін Сарқыраманың жоғарғы жағындағы қия жартас қуыстарына ұя салып мекендеген бір үйір ақ кептер барған сайын азайып бара жатқан…
(Жанат Ахмади)

2-жаттығу.
Берілген зат есімдердің қандай сөз табынан жасалып тұрғандығын анықтаңдар және соларды қатыстырып сөйлем құраңдар.

Үлгі: түбірі көрпе – не? зат есім, — ше зат есімнен зат есім тудырушы жұрнақ. Менің анам қонақтарға көрпеше төседі.

Көрпеше, ұшқыш, бұрғы, жұмыскер, адамдық, ерлік, ағатай, жеңілдік, түсім, сүзгіш, әнші, тәуелсіздік, ақылшы, достық, тарсыл, жаманшылық, жақсылық, егінші, ақылшы, тыңдаушы, құдаша, жарқыл, әдемілік, жинастырушы, қайраткер, оқушы, кідіріс, жастық, дүрсіл, сынықшы.

3-жаттығу.
Берліген күрделі зат есімдерді төмендегі үлгі бойынша жазыңдар.

Үлгі:
Бірігу арқылы жасалған зат есімдер: Мырзатай,
Қосарлану арқылы жасалған зат есімдер: ата-ана,
Тіркесу арқылы жасалған зат есімдер: Алматы қаласы,
Қысқартылып жасалған зат есімдер: БҰҰ,

Мырзатай, ақсақал, БҰҰ, ата-ана, қадір-қасиет, ҚазМУ, Алматы қаласы, бойжеткен, ағайын-туыс, медбике, Таңшолпан, оқушылар сарайы, «Ботагөз» романы, Бірлік ауылы, кеңшар, құрбы-құрдас, Махамбет Өтемісұлы, қазақ тілі, амал-айла, ВАЗ-009, Сәтжан, керегетас, арбакеш, Ұлболсын.

4-жаттығу.
Берілген мәтінді мәнерлеп оқыңдар. Қай шығармадан алынғанын анықтаңдар. Сөйлемдердегі зат есімдердің қызметін анықтай отырып, зат есім қандай жағдайда қай сөйлем мүшесінің қызметін атқаратынына ауызша талдау жасаңдар.

Аққасқаның бойы қасқырдан кем емес. Аяқтарының жуандық сандығы да содан кем емес. Өзінің барлық тұлғасында қасқырға ұқсайтын бітім бар. Түсі – тазылар түсіндей емес, қасқыр түс. Дене жүні ақ сарылау келген де, маңдайы шаңқиған ақ шаңғыл қасқа болатын. Екі көзі шатынап шарасынан шығып тұрғандай үлкен. Үнемі от шашып тұратын қып-қызыл көз. Ашу да, ерлік те – бір өзінде. Аққасқа өте қабаған, сіркесі су көтермейтін долы, ызалы. Сондықтан ауылдан келгенде шынжырдан босамайды. Далаға алып шығып, аңның ізіне салғанша, жә қарасын көрсеткенше ұзын кендірден босамайды. Әйтпесе жолда кез-келген иттерге де соқтыға береді.

5-жаттығу.
Мәтінді мәнерлеп оқыңдар. Көмекші есімдерді анықтап, тіркескен сөздерімен бірге теріп жазыңдар және құрамына талдаңдар.
Үглі: Ауылдың жаны – негізгі зат есім ауыл, -дың ілік септігінің жалғауы, көмекші есім-жан, -ы тәуелдік жалғауының ІІІ жағы.
Ауылдың жаны терең сай. Арттағылар бізге жақындап қалған сияқты. Сыртын көріп, ішінен түңілме. Анасының алдынан жүгіріп шықты. Балалар ауланың маңында ойнап жүр. Машина дүкеннің сыртына келіп тоқтады. Іштегілер даладағы аттардың дүбірін естіп, елең ете қалды. Дастарханның үсті әр түрлі тағамдарға толған. Залдың іші адамдарға лық толы. Жанындағылар ақыл-кеңестерін айтып, жөнге салғандай болды. Алдағылар қызу әңгімеге кірісті.
6-жаттығу.
«Қазақ тілі» өлеңін мәнерлеп оқып шығып, өлеңнің мағынасын ашыңдар. Қарамен берілген сөздердің қандай тұлғада тұрғандығын айтыңдар.
Бұл сөзіме сенбе мейлің, сен мейлің,
Өз елімдей ешкімді де сүймеймін.
Қазағымның қаныменен қызынап,
Қазағымның тіліменен сөйлеймін.

Ана сүтін ақтамасаң – сол қайғы,
Нағыз қыран аласаға қонбайды.
Бозторғай да өз үнімен шырылдап,
Бұлбұл біткен өз үнімен сайрайды.
(Сәрсенбі Дәуітұлы)

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Зат есімдерді қайталауға арналған жаттығу жұмысы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор дома творчества

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 666 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.11.2016 6023
    • DOCX 79.1 кбайт
    • 53 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Саргойшина Асел Жубангалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Саргойшина Асел Жубангалиевна
    Саргойшина Асел Жубангалиевна
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 53102
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Английский для специальных целей (ESP)

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 117 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 460 человек

Курс профессиональной переподготовки

Английский язык: теория и методика преподавания в дошкольном образовании

Учитель

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 231 человек из 53 регионов
  • Этот курс уже прошли 458 человек

Курс профессиональной переподготовки

Английский язык: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель английского языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1543 человека из 85 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 469 человек

Мини-курс

Возрастные кризисы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Робототехника в школе: конструирование и программирование

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

Формирование социальной ответственности и гармоничного развития личности учеников на уроках

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе