Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / ОБЖ / Другие методич. материалы / Зат есімнің сұрақтары. Қайталау сабағы ( 3 сынып )

Зат есімнің сұрақтары. Қайталау сабағы ( 3 сынып )



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • ОБЖ

Поделитесь материалом с коллегами:

Күні: 03. 2015 ж. Пәні: қазақ тілі Сынып 2 « » Сабақ реті______

Сабақтың тақырыбы: Етістік 395 -399 - жаттығу

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Сөз таптары, сөз таптарының түрлері туралы түсінік беру,сын есім,сан есім,зат есім,етістік – сөз таптары екенін дәлелдей отырып, етістікжайлы түсіндіру, сөз таптарын ажырата білуге, оларды сауатты әрі көркем жазуға үйрету;
2.Тәрбиелік:
Оқушыларды оқу - білім үйренуге, әдепті болуға, ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа, сыйластыққа, жауапкершілікті түсіне білуге тәрбиелеу

3. Дамытушылық: Оқушылардың сауаттылығын, сөз байлығын, ойлау және шығармашылық қабілеттерін мәдениетін, ойларын, зейіні мен танымдық қабілеттерін, қызығушылығын дамыту

4. Жаңа технология:дамыта отырып оқыту, оздыра отырып оқыту, іс- әрекетті бағалау, тірек сызбалары және тірек конспектілері арқылы оқыту, саралап оқыту, шоғырландырып қарқынды оқыту, деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыту, сын тұрғысынан ойлау, деңгейлеп оқыту, жобалап оқыту технологиясы, ақпараттық технологиялар

5. Техникалық құралдар түрлері:____________________________

Сабақтың типі: аралас сабақ, жаңа білімді игеру сабағы, оқу материалын бекіту сабағы, қайталау сабағы, материалды қорытындылау және жүйелеу сабағы, бекіту сабағы

Сабақтың түрі: сайыс сабағы, жарыс сабағы, ойын сабағы, саяхат сабағы, әңгімелесу, сырттай саяхат сабағы, аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Иллюстрациялық түсіндіру: Оқушыларға ақпаратты әңгімелеу, лекция, семинар, коллоквиум, демонстрациялық жеткізу

2. Репродуктивті әдіс: Білім – білік дағдыларын қайта жаңғырту арқылы білімді белсенді игерту.

3. Зерттеу әдісі: Мұғалімнің оқушыға шығармашылық тапсырма беруі, оқушылардың өз беттерімен шешіп, мәтінмен, есептер шығару, үлестірмелі материалдармен жұмыс.

4.Эвристикалық әдіс: Ішінара ізденгіштік әдіс,оқушылар мақсатты немесе міндетті мұғалімнің көмегі арқылы шешу.

5. Мақсатты әдіс: Мұғалім белгілі мақсат қойып, оған жету жолын көрсетеді, оқушылар одан әрі әрекетке көшеді.

Таным қызметін ұйымдастырудың үлгісі:

  1. Жекелік үлгі – танымдық қызметтер оқушының өз күшімен орындалады.

  2. Жан-жақтылы – барлық оқушылар үшін жалпы міндет қойылған кезде пайдаланылады.

  3. Топтық – жалпы міндеттен туындаған мақсатты шешу жолында топ түрінде әрекеттеніп, жауап топ ішінде жинақталады.

  4. Ұжымдық форма – ұжым өзінің әр мүшесін немесе әр мүше өз ұжымын оқыту, тәрбиелеу, дамыту әрекетіне келеді.

Сабақтың көрнекілігі және жабдықталуы: суреттер, кестелер

Пәнаралаық байланыс: әдебиеттік оқу

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

  3. Оқушылардың білімін жан-жақты тексеру кезеңі

  4. Сабаққа мақсат қою

  5. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі

  6. Жаңа сабақты қорытып, бекіту кезеңі

  7. Оқушылардың білімін бағалау

  8. Үй тапсырмасын хабарлау және орындалуы бойынша нұсқау беру кезеңі

Сабақтың барысы.
І Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық. Оқушыларды қазақ тілі сабағына даярлау.

Амансың ба алтын күн,

Амансың ба көк аспан,

Амансың ба достарым,

Сендерді көрсем қуанам
ІІ Үй тапсырмасын тексеру: 393 - жаттығу,
ІІІ Өтілген материалды пысықтау. "Тез ойла, сөз ойла"
Не? ... қоздайды. ... құлындайды. ... лақтайды. ... боталайды. ... бұзаулайды
Кім? ... емдейді. ... оқытады. ... ұшады. ... тігеді. ... жазады.
Сәйкестендіру. Адасқан сөздерді орнына қой.
Арыстан боздайды
Түйе ақырады
Жылқы маңырайды
Қой мөңірейді
Аю бақырады
Сиыр кісінейді

ІҮ Жаңа сабақты түсіндіру.
Заттардың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздерді - етістік дейміз. Етістіктерге не істеді? Қайтті? Не қылды? Деген сұрақтар қойылады. Мысалы: өсті, ойнады, сайрады.

Ү Жаңа сабақты бекіту.
395 - жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Мәтіннен етістіктерді тап.

Жер бетінде көк қылтияды. Жан жануарлардың арқасы кеңіп , жәндіктерге де жан бітеді. Құрт құмырсқалар қыбырлай бастайды.
Жұмбақтар шешіп етістікті тап
1-топ. Жазда қыдырады, қыста тынығады. (Су)
2-топ. Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады. (Күн)
3-топ. Түнде жортады, Жарықтан қорқады. (Үкі)
Сергіту сәті:

Ормандағы аю, қонжық,
Ұялардан бал іздейді
Мойындарын оңға бұрды,
Мойындарын солға бұрды,
Ағаштарды шайқап көрді
Қуанғаннан билей берді.
Сергіту сәтінен қимылды білдіретін сөздерді тап.
3
96 - жаттығу. Оқы. Етістіктерді қойылған сұрағына қарай екіге топтап жаз. Етістіктерді қатыстырып сөйлем құра.

Не істеді?

Не істейді?

АПравая фигурная скобка 1дам

Мал

Аң

Шығармашылық тапсырма. 397 – жаттығу. Кестені толтыр

Өзіндік жұмыс Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлемдер құра.

1-топ. Қонды, жауды
2-топ. Жүзді, тасыды.
3- топ. Жарқырады, түсті.

  • Төле би туралы айту. Төле Әлібекұлы (1663 – 1756) – қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Әлібекұлы Төле бидің атасы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде Есім ханды қолдаған (Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме дейін" кітабынан). Яғни Есім хан тұсындағы, халық аузында "Есім ханның ескі жолы" атанып кеткен қазақ халқының заңдар жинағын құрастыруға қатысқан билердің бірі деп айтуға толық негіз бар. Өз заманында Қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен қайраткер! Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды.


Сабақты қорыту:

1. Қандай сөз таптарын білесіңдер?

2. Зат есім дегеніміз не?

3. Зат есімнің түрлері.

4. Жалқы есім деген не?

5. Жалпы есім деген не?
6. Етістік деген не?

7. Етістікке қандай сұрақтар қойылады?

Үйге тапсырма: Сөйлемдер құрап, талдап келу. Ереже жаттау.




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 29.11.2016
Раздел ОБЖ
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров8
Номер материала ДБ-399957
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх