Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / "Зат есімнің жіктелуіі" (4 класс)

"Зат есімнің жіктелуіі" (4 класс)

Такого ещё не было!
Скидка 70% на курсы повышения квалификации

Количество мест со скидкой ограничено!
Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок"

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок" 20 мая 2016 г. бессрочно).


Список курсов, на которые распространяется скидка 70%:

Курсы повышения квалификации (144 часа, 1800 рублей):

Курсы повышения квалификации (108 часов, 1500 рублей):

Курсы повышения квалификации (72 часа, 1200 рублей):
библиотека
материалов



«Отан отбасынан басталады» десек, сол әрбір кіші отанның ұйытқысы, берекесі болатын – әйел адам. Ұлттың адаспай, ұлт болып қалуы, қоғамның ырғақты дамуы, мемлекеттің өркендеуі – соңында келіп әйелге, келешек Ана болар қыздардың қалай тәрбиеленетініне байланысты болмақ.

http://www.minber.kz/wp-content/uploads/2011/10/sovr_kasymov_devushka.jpg


Заттай байлықтың құны өршіп тұрған бұл кезеңде руханият аяқ асты қалмауға тиіс. Адам тек тәнімен ғана адам болып тұрмағанын жақсы сезінуіміз – бүгінгі күннің өткір мәселесі. Біз рухымыз биік болғанда ғана Адам деген асыл есімге кір жуытпай қала аламыз. Діні мен Ділі берік ел –  алынбас қамал. Ал оның болашағы жастардың қолында. Сондықтан басқа елдердің өркениеттік жетістігі деп бағаланған арзанқол мәдениет үлгісі ата салт-дәстүріміздің тұнығын лайлатпасын десек, жастарымызға, әсіресе қыздарымызға дұрыс тәрбие беру – бәріміздің ортақ парызымыз. Өйткені кім-кімде болашақ әке, аға, әпке немесе ана.

Қай ұлттың әйел затына бөлетін орнын қазақ қоғамында бөлінген орнымен салыстыруға келмейді. Қыз баланы кішкентайынан төрге шығарып отырған қазақ оның болашақтағы Ел анасы боларына кәміл сенген. Қазақ қыздары даланың ерке елігіндей бұлаңдап өскен. Нәзік жанды қыздарға қарап, ер-жігіттердің бойына күш-қуат бітеді. Оларды қорғағысы келеді. Батыр атанған қазақ елінің ер-азаматтарын жігерлендіріп отырған осы нәзік жандыларды қорғау ниеті. Өйткені ер мен әйел әрқашанда бірін-бірі толықтырып отырған. Осыған қарама-қарсы  Батыс елдерінің өркениеттік үлгісі болып табылатын бала тумай, тек қара басының қызығы үшін өмір сүру үрдісі, әйел адамды ер адамнан жоғары қойып, ерлерге тән қылықтарды насихаттауы, т.б. кереғар тұстар қоғамда әйел киімін киетін еркектерді, еш мұқтажсыз өзін еркектерше ұстайтын еркекшора қыздарды әкеліп отыр. Бір хадисте адамзаттың қай ұлтында, қай дәуірде болмасын, қандай қоғамдық заңдармен әйелдерге түрлі құқық бергенмен, ол Алла берген жаратылыс болмысына сай болмаса, оны бұзады, тағдырын қор етеді делінген екен. Қазақ қызы әрқашанда еркін сөйлеп, ойын ашық айтқан, оның ішінде тіпті билік еткен әйелдерде болған. Алайда олар ешқашан да өзінің әйелдік болмысын жоғалтпаған. Қазіргі кезге сәйкестендірсек, қыз баланың құқығы ұл баладан еш кем емес, алайда рухани жағынан ол әрқашанда да өз нәзік болмысынан айнымауы қажет.

«Қызым үйде – қылығы түзде» демекші, қыз баланың жүріс-тұрысы мен киім-киісі тәрбиенің негізі болып саналады. Бүгінгі күнде қыздарымыздың көзге оғаш тиетін киімдерін айтып жатпайық, ол күнделікті өмірде не көгілдір экранда артылып жетіледі. Әрине әсемдіккке, әдемілікке құмар жандар сәнденгенді, әрленуді ұнатады. Және де үйлесімді сәнденудің еш оғаштығы жоқ. Тек ол өзіңе сай жарасып, мөлшерімен пайдаланып, жан сұлулығын аша түсер болса. Қазақ қыздары бұрыннан бері өздерінің алтын-күміс әшекейлерге, бағалы терілерге құмарлығымен танымал. Оны біз көптеген археологиялық зерттеулер барысында табылған жүзік, білезіктерден көре аламыз. Сондай-ақ шығыс елдеріне тән бізде де, сән-салтанат көрсету бойымызға сіңген. Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя»-сындағы әпкесінің ұзату кезін бір қайталап оқыңызшы. Қазақтың молшылықты көрсете білгенін, әсемдікпен сәндеп үйренгені білініп тұрады. Ал «Қыз Жібек»-тегі керуенді суреттеген кез ше? Әр күйменің сәні мен салтанаты кейінгісінен жүз есе артық болып отырғанына Төлеген ғана емес, біз де тамсана таң қаламыз. Ал Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран»-ындағы «Ол хан-сұлтандардың ғана емес, қолы жеткен дәулетті адамдардың қыздары да тәнін ақ биенің сүтімен шылайтынын, әртүрлі шөптің шырынымен бетіне әр беріп, дене мүшесін нәрлендіріп, көріктендіретінін білетін.» дегенінен қазақ қыздарының ықылым заманнан бері тазалыққа, сұлулыққа құмар екендігін аңғарамыз. Тағы бір айта кететін жайт, осы романда мынадай бір тұс бар, Ораз-Мұхамед пен Ай-Шешек Бегімнің арасындағы әңгімеде: «Олар әйелін…оңаша бөлмеге қамап қояды дейді. Атқа мініп, жүріп-тұрмақ түгілі, ешбір ер адаммен сөйлеспейсің. Сөйлеспейсің деймін-ау, ешкімді көрмейсің. Бетіңе пәренжі деген бүркеніш жауып аласың да, қаралы адамдай түнересің де отырасың…» айтып отырғандары басқа елдің салт-дәстүрі, яғни ол қазаққа жат болғандығы көрініп тұр.













Шынында да, қазақ «Тазалық — саулық негізі, саулық — байлық негізі» деп бекер айтпаса керек. Гүлденген экономиканы дені сау, саналы азаматтар жасайды
Осы күнге дейін, шынын айтқанда, адам өлімінің көбеюіне, сәбилердің шетінеуіне, халық денсаулығының төмендеуіне тек медицина қызметкерлерін ғана жауапты санап келсек, енді, міне, мұндай келеңсіздіктердің болуына әсер ететін түрлі себеп-салдарларға көңіл бөлініп, оған тосқауыл қоюдың жолдары белгіленіп отыр.
Денсаулықтың қадірін, әдетте, адам ауырғанда ғана білетіні өкінішті-ақ. Денсаулықтың мықты болуы адамның өзіне де байланысты. Дегенмен оған қоршаған ортаның, жүтқан ауаның, ішкен-жеген тамақтың, судың қүрамының лас болуы да айтарлықтай ықпал етеді, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне жүгінетін болсақ, адам денсаулығының 40 проценті экологияға, 40 проценті өзінің өмір сүру дағдысына байланысты болса, 18-20 проценті ғана дәрігерлік-медициналық көмекке тәуелді екен.
Адамдардың өз денсаулығын дұрыс күтпеуінің және коршаған ортаның ластануы салдарынан науқастар саны жылдан-жылға өсіп отырғаны да рас.
Ауруханаларда өлген адам саны 1984 -1991 жылдар аралығында әрбір 10000 аурудан 50 болса, ал 1991-1994жылдары410-ға өскен.
Қатерлі ісіктермен ауыратын адамдардың саны 1970 жылғы деңгейден 1993 жылы 22 процентке көтерілген.
Өкпе құрт (туберкулез) ауруы соңғы жылдары үдеген. Әсіресе жас босанған әйелдер арасында 3-5 есеге өскен.
Әйелдердің жалпы денсаулық көрсеткіші орта есеипен 30 процент, әрбір екіншісі қанның аздығымен (анемиямен), әрбір алтыншысы бүйрек ауруымен ауырады. Жылына 200 келіншек босану үстінде жан тапсырған.
1993 жылы Алматы қаласы бойынша босанған әйелдер санын 100 процент десек, бала түсіру (аборт) 104 процентке жеткен. Бала түсіруден жылына 40 келіншек өлген.
Балалар ауруының жалпы саны 5 миллионнан асьш кеткен. Әрбір 100 бала 95 түрлі ауру түрлерімен ауыруда. Ал 1993 жылы туған әр 1000 баланың 28-і шетінеген.
Қазақстанда мерез ауруы 1990 жылмен салыстырғанда 77 есе өскен.
Бекер обалы не керек, кезінде кеңестік жүйеде медицина саласы, әсіресе профилактикалық шаралар түрғысынан қарағанда, дүние жүзінде ең таңдаулылардың қатарында болатын. Осыдан тура жиырма жыл бұрын Алматыда Дүниежүзілік денсаулық сақтау үйымы өткізген конференцияға қатысқан белгілі ғалым-мамандар Қазақстандағы медицина саласының озықтығын атап айтқан да еді. Амал қанша, бүгінде ол деңгейімізді төмендетіп алғанымыз ешкімге де жаңалық емес.
Денсаулықтың мықты болуы көбіне адамның өзіне байланысты. Қаншама адам зардап шегіп, әр түрлі ауруға шалдығып жүр десеңізші! Ол бейшаралар қазіргі кезде жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтардай қаптап кеткен емші-экстрасенстарге алданып, ауыруларын әбден асқындырып алып, емханалар мен дәрігерлердің бірінен екіншісіне жүгіріп, әуре-сарсаңға түсуде. Өз денсаулығын өздері бүзып жүрген осындай адамдарды көргенде, шарасыз жағдайларына жүрегініз сыздап, қапаланып қаласыз.
«Денсаулық — зор байлық» дейді дана хал-қымыз. Тек ойлап қарасаныз, денсаулық -адам баласына табиғат сыйлаған ең басты байлық. Сау кезімізде сол теңдесі жоқ табиғат сыйының бағасы мен қадірін білмейтінімз өкінішті-ақ!
Денсаулықты сақтаудың бірден-бір дұрыс жолы — зиянды, жат қылықтарға (арақ ішу, темекі тарту, т.б.) үйренбей, салауатты өмір сүру, аурудың айықпас сырқатқа айналуына жол бермеу немесе алдын ала сақтандыру шараларын қолдану болып табылады. Медицинаның түпкі мақсаты да осы. Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген әлдеқайда тиімдірек.
Ғылыми-техникалық даму қоршаған ортаны ғана емес, сонымен бірге адамның өмір сүру жағдайын да өзгертеді. Яғни, олардың жаңа жағдайға бейімделу қажеттілігі де артты. Дегенменадам организмінің қоршаған ортаның зиянды әсерлерімен күресу шамасы әбден таусылғанда ғана барып, гипертония (қан қысымының артуы), жүрек инфаркты, невроз, вегетодистония, рак, қант диабеті және семіздік сияқты аурулардың пайда болатынын зерттеулер көрсетіп отыр.
Адамдардың көпшілігі өз организмінің кез келген ауруға қарсы күресетін табиғи күші бар екенін ескере бермейді. Әрбір адам аурудың алдын алып немесе ауруды асқын-дырмай түрып, табиғи күштерді толықтырып, шынықтырып, дер кезінде ауруға қарсы жүмылдыра білгені жөн. Өз организміне билік жүргізіп үйрену — кез келген аурудың алдын алудың бірден-бір кілті. Әрине, оған жас кезіңнен әрекет жасауың керек. Бүл тәсілді медицина тілінде — адамның өзін-өзі шынық-тыру немесе тәрбиелеу тәсілі («аутогенная тренировка») деп атайды. Ол туралы орыс тілінде соңғы жылдары бірнеше кітаптар басылып шықты. Бірақ, өкінішке қарай, көп адам күнделікті тіршілікте өз организмінің осы қасиеттерін сақтап, дамыту орнына, керісінше, оған өзі қиянат жасайды. Тіпті кейбіреулері оны өздері бүлдіріп, организмнің бейімделген жұмысын берекетсіздендіреді.
«Егер әр адам ақылға салып, табиғаттың өзіне сыйлаған мүмкіндіктерін орынды пайдаланып, гигиеналық тәртіпті бүзбай жүрсе, денсаулығына зиян келтірмей үзақ өмір сүрген болар еді… Сол себепті адамзатты гигиеналық режимдерді аса бұзбай, дүрыс өмір сүруге баулып, сондай өмірдің қажеттілігіне көздерін жеткізу керек», -дейді белгілі ғалым, жүрек хирургиясының әйгілі маманы, академикН.М.Амосов.
Салауатты өмір сүрудің, тазалықты сақтаудың белгілі ережелерін білмейтін жан кемде-кем. Тіпті ол мектеп бағдарламасына да енгізілген. Бірақ оған көпшілігіміз күнделікті өмірде аса мән бермейміз. Неге? Оның басты себебі, өз бойымызда қалыптасып қалған жалқаулық пен тоғышарлықты жеңетін күш-жігердің әлсіздігі. Әрине, күнде таңертең 30-40 минуттай ертерек тұрып, шама келгенше жүгіріп-секіріп, әр түрлі қимыл-әрекеттік жаттығулар жасауға, соңынан салқын сумен шайынып, шынығуға болады ғой. Көпшілігіміз жас кезімізде бүл мәселеге көңіл бөлмей, есейген соң жалқаулықтың қүрсауынан тағы босай алмай, жасымызға жетпей қартайып, әр түрлі созылмалы ауруларға шалдығып, қайғы-қасірет пен өлім қорқынышынан қалтырап күн өткіземіз. Әрине, уақтысында емделмей, созылмалы болған сырқаттан айыға қою да оңай емес. Соның үшін де, тағы қайталап айтамыз, ауырып ем іздегенше, сау кезінде салауатты өмір сүріп, ауырмаудың жолын іздеген анағүрдым тиімдірек. Енді сол ауырмаудың жолдарына тоқтала кетейік.
Қазір аурулар жайында әр түрлі кітаптар көп. Әсіресе кез келген кеселге «өз зәріңді іш» деп, ақыл айтқыштар көбейіп кетті және соны оңды-солды ішіп жүргендерді де білеміз. Дәрігер ретінде менін айтарым: «адамның кіші дәретін тектен-тек «зәр» демегенін ескерген абзал, онда әр түрлі улы заттардың болатынын үмытпаған жөн.
Менің дәрігер ретінде бір байқағаным, әсіресе біздің халықтың, денсаулықжөніндегі сауаты шамалы. Сол себепті де кез келген ақыл-кеңеске сенгіш және содан өзі кейін зардап шегіп жүреді. Осыны ескеріп, жоғары оқу орындарында, бірінші курс студенттеріне, жоспарға енгізіп, «Денсаулық тағылымы» деген сабақ жүргізсе жақсы болар еді. Ол сабақта жастарға, теледидардан көріп жүрген «911»-дегі сияқты, денсаулық жайында сабақ беріп, өмірге қауіпті кезде қандай жедел медициналық көмек көрсету керек екенін үйретуге болады.
Рас, бізде аурулар туралы кітаптар баршылық, бірақ денсаулық және салауатты өмір туралы кітап жоқ. Бар кітаптар: дене шынықтыру, диета, аутотренинг (өзін-өзі жаттықтыру), иогтар туралы ақыл-кеңестер береді. Әрине, бұлар аздық етеді.
Қазір жасы сексеннен асқан, әйгілі кардиохирург, академик Н.М.Амосов өзінің «Раздумья о здоровье» деген кітабында денсаулық жайында мынадай сегіз қағида ұсынады.
1 Аурулардың болуына көбше табиғат та, коғам да кінәлы емес, тек адамның өзі ғана кінәлі. Көбінесе ол жалқаулықтан, қомағайлықтан, ал кейде өзінің қисынсыз қылықтарынан ауырады.
2. Медицинаға сене бермеңіздер. Ол көптеген ауруларды жаман емдемейді, бірақ адамды сауықтырып та жібермейді. Әзірше ол тіпті адамды сау болуға да үйрете алмайды. Онын үстіне, дәрігерлердің қармағына түсіп қалудан сақ болыңыз! Кейде олар адамның әл-сіздігі мен өз ғылымының қуат-күшін көтер-мелей, әсірелеуге бейім келеді және адамдарға жоқ ауруды таңып, өтеуге мүмкіндік жоқ вексельдер (міндеттемелер) береді.
3. Дені сау болуы үшін адамның өз басы ұдайы және айтарлықтай күш жұмсау керек. Бұларды ештеңемен алмастыруга болмайды. бақытына қарай, адамның жетілгендігі сонша, ол денсаулығын әрқашан дерлік қалпына келтіре алады. Бірақ қартаю мен аурудың ұлғаюы дәрежесіне қарай, қажетті күш жұмсауда арта түседі.
4. Күш жұмсау мөлшері, негізінен, ынталандыру арқылы анықталады, ынталандырулар — мақсаттың маңыздылығы-мен, уақытпен және оған жету мүмкіндігімен анықталады! Әрине, ол әрбір адамның мінезіне де байланысты. Өкінішке қарай, адамның сырқаты асқынып, өлім жақында-ғанда ғана денсаулық, аса маңызды мақсат ретінде, адамның көз алдына келеді. Алайда әлсіз, баянсыз адамды өлім де ұзақ уақыт үрейлендіре алмайды. 5. Денсаулық мықты болу үшін адамға мынадай төрт шартты бүлжытпай орындау қажет: дене еңбегі, тамақ ішуді, уақытты дүрыс пайдалану, шынығу және демала білу. Оның бесінші шарты — бақытты өмір сүру! Өкініштісі, алғашқы шарттарсыз бақыт та денсаулықты баянды ете алмайды. Егер өмірде бақыт болмаса, алғашқы төрт шартты орындауға да қүштарлық шамалы болады. Әттеген-айы осы.
6. Табиғат ана мейірбан ғой: қимыл-әрекет жасап, біраз алқынып, терлеп-тепшіп, қан тамырыңыз екі есе қатты соғатындай етіп, күніне 20-30 минуттан дене шынықтырумен айналыссаңыз жетіп жатыр, .Егер осы уақытты екі есе көбейтсеңіз, тіпті жақсы.
7. Адам өзін тамақ ішуде шектеуі керек. Салмағыңызды бір қалыпты сақтаңыз, ол орта есеппен бойыңыздың үзындығынан 100 сантиметрді алып тастағандағы санға тең болғаны тиімді.
8. Өзін-өзі босаңсыта білу де — ғылым, бірақ оған қосымша, мінез-құлықтың да тәуір (салмақты) болғаны дұрыс. Егер солай болса, қандай жақсы десеңізші!


























Қазақ халқы баланың әсіресе, қыз баланың тәрбиесіне баса көңіл бөлген. Себебі – бүгінгі бүлдіршін қызды «ертең ибалы келін, одан соң абзал ана атанады» деп тәрбиелеген. Демек, ертең елдің батыры мен ақынын, көреген көсемін, сөзуар шешенін, топ жарар дүлдүлін де, өмірге әкелетін – ана. Сол себепті қыз баланы қонақ деп санап, бетінен қақпай, «қызға қырық үйден тыю» дей отырып, еркелетіп, ибалы, инабатты, тәрбиелі, ар-намысын алдыңғы орынға қоятын ару етіп өсірген. Құлағында шолпысы, шашында шашбауы бар жан сұлулығы мен тән сұлулығы тең қазақ қызының басты тәрбиешісі ана болған. «Есті қыз етегін жабады» деп, ұзын көйлек кигізіп, қыздың талшыбықтай бұралған сырт-келбетін сұқ көздерден сақтаған. Аналар қыздың киім киісіне, жүріс-тұрысына, қай ортада болсын, өзін-өзі қалай ұстау керектігіне, үлкеннің алдын кесіп өтпеуді, кішіге ізет көрсетуді құлағына құйып отырған. Қызының алдында әкесін асқар таудай ете білді. Отағасының айтқанын екі етпей, оның қадір-қасиетін балаларының алдында арттыра түсті. Мұны көрген қыз да ертеңгі күні ер адамның алдында қия баспасы, ерін, яғни балаларының әкесін қастерлейтіні анық. Қазақ аналары сонымен қатар, «Қызым үйде, қылығы түзде», «Шешесі қыдырмашыл болса, қызы бастаңғышыл болады» деп өзіне де барынша шектеу қойып, қызының әрбір ісін бағамдап отырған, «шеше тұрып қыз сөйлеуден» безген. Бойжеткен қыздың еркімен қыдыруын шектеп, құрбы-құрдасымен көңіл көтеру үшін алтыбақан, ақсүйек, бастаңғы, тоқым қағу сынды жастар бас қосатын ортаға ғана жіберетін болған. Бірақ, қыз баланың әр басқан қадамы анаға аян болып отыратын. Ертеңгі күні келін болып түскен ауылда өз отбасының, бір рулы елдің бетіне таңба болмасы үшін ар-намысын аяққа таптатпауды жалықпай санасына сіңіріп, қадап айтып отырған. Атақты «Қорғансыздың күні» шығармасындағы жауыздыққа тап болған қаршадай қыздың күнәдан пәк жерді басқысы келмей, өзін-өзі өлімге қиып, үсікке шалдығуы ертедегі ата-ананың баласын адалдыққа, кіршіксіз пәктікке тәрбиелегендігінің, әдеп пен әдемілікке үндегендігінің басты мысалы бола алады. Ал баршамыз сүйсіне де тамсана қарайтын «Қыз Жібек» фильміндегі мына бір эпизод есіңізде болар. Әлі некесі қиылмаған Жібек пен Төлегенді отауға кіргізген жеңгелері екі жастың ортасына белдік қояды. Бұл халқымыздың ақ некені аттамауды талап ететін әдемі бір салты. Бір-бірін құлай сүйсе де екі жас ата салтын бұзбаған. Осы мысалдардан-ақ бұрындары қыз баланың әр кезде әдептіліктің ауылынан алыстамай, «ар», «намыс», «адалдық» дейтін ұлы ұғымдарды шынайы жүрегімен түсініп, ұятына қылау түсірмегенін аңғаруға болады. Өйткені, ата-ана қыздың намысы – бүкіл бір ұлттың намысы екенін түсіндіре білген. Тіпті, бір қыздың намысы үшін бір рулы ел атқа қонған кезі де аз емес. Сол замандағы қыз тәрбиесі турасында Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп апамыз өзінің «Бабалар аманаты» атты кітабында былай деп жазады: «Қазақ қазақ болғалы қыз сыйлаған, қызын алқалаған текті халық еді. Сандығында кілті жоқ жомарт қазақ сол жомарттығын алдымен қызына жасаған. «Ұл – түтін, қыз – күтім» деп қызға жақсыны кигізіп, дәмдіні жегізіп, жорғаны мінгізген. Үйдің оң жақ төріне отырғызған. Тұрмысқа шықпаған қызды «оң жақтағы қыз» дейтіні сондықтан. «Ұрыс-керіс естіген қыздың мінезінің мәні болмайды» деп, қыз көзінше өрескел, бейпіл сөз сөйлемеген, анайы қылық көрсетпеген. «Бақыты байланады, жолы кесіледі» деп қызға кол көтермеген. Оны айтасың, отырған қыздың аяғынан аттамаған. Мұны кесір деп түсіндірген. Өйткені, еркектің де, әйелдің де тарайтын түбі – қыз. Адамзаттың ұлы анасы, ортақ анасы – Хауа ана да қыз болған. Бүгінгі қыз – ертең бір әулеттің оң жағын қызартып, отау тігетін келіні. Желегі желбіреген сол келін өмірге ұрпақ әкеліп, ақ жаулықты ана атанады. Ал аналар – елдің тәрбиешісі, ұлттың беломыртқасы, берекенің бесігі. Іргетасы мықты соғылған үйдің ұзаққа шыдайтыны секілді, жақсы тәрбиенің қаймағын қалқып ішкен қыздан көргенді келін, білікті ана шығады. Әйел-аналар өнегелі болса, елдің көсегесі көгеріп, керегесі кең жайылады. Төрт қанаты түгел, отының басы бүтін болады. Парасатты ананың тіккен шыбығынан бәйтерек өсіп, арғы ұрпағына саясын түсіреді. Осының бәрін терең ойлап, алыстан зерделеген бабаларымыз «қызға қырық үйден тыю, қала берді қара күңнен тыю» деген екен. Сөйтіп, қыздың тәлім-тәрбиесіне ерекше мән беріп, салмақты міндет жүктеген. Қызды тыйып ұстау – тірсектен қағып, еңсесін езу емес, қырық үйден, тіпті, қара күңнен де бір абзал өнеге үйреніп, ұлағатты сөз естіп, оңды талғам көрсін дегені. Қыз баланың ақылды да инабатты, өнерлі де өнегелі болып толысуына ата-анамен бірге ағайын-туған, ауыл-аймағы да жауапты екенін айтады. Қызды тектеп ұстауды меңзейді. Тыю деген, міне, осылардан құралады. Оң жақтағы кезде жүз жігіттің арманы болса да, қызға бір азаматтың адал жан жары болу – парыз». Міне, қазақ қызы осындай тәрбие алып, отбасының ұйытқысы бола білді.


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-552609

Похожие материалы