Инфоурок Биология Другие методич. материалыЗат және энергия алмасу тақырыбына арналған сабақ жоспары

Зат және энергия алмасу тақырыбына арналған сабақ жоспары

Скачать материал


Сабақтың тақырыбы: Зат және энергия алмасудың маңызы

14 зертханалық жұмыс: «Тамыр соғуының санына сәйкес шамамен энергия жұмсау, тамақ рациясын құру»

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

СЫНЫП: 8


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ мақсаты

  • Организмдегі зат және энергия алмасу процесінің маңызын ашу, алған білімдерін өмірде қолдануға дағдыландыру.

Күтілетін нәтиже


  • Оқушылардың пластикалық алмасу, знергетикалық алмасу мағынасын түсінуі.

  • Оқушылар органикалық және бейорганикалық заттардың алмасудын айырады, салыстырады.

  • Зат және энергетикалық алмасудың маңызын талдайды, өмірде қолдана алады.

Бағалау

критерийі

  • Сұраққа жауап береді, жауаптарын дәлелдейді.

  • Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

  • Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік

Кө ірсулар, нәруыздар, майлар, витаминдер

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

химия.

Алдыңғы оқу

Асқорыту мүшелерінің жұқпалы аурулары

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Ұйымдастыру кезеңі 2 минут

Топтарға бөлу.

Үй жұмысын сұрау кезеңі:

1. Қарын сөлінің құрамына не кіреді,оның әсерінен қандай қоректік заттар қорытылады?

2. Ұлтабар ұшында ас қалай өзгереді?

3. Бауырдың маңызы қандай?

4. Ұйқы безінің сөлі қайда құяды?

5. Қорытылған ас қалай сіңіріледі?

6. Тоқ ішекте ас қалай қорытылады?

7. Қоректік заттарға сөл қалай әсер етеді?

8. Мына заттардың қайсысы ( нәруыз, май, көмірсу) сілекейдің әсерінен қорытылады?

9.Тамақтан уланған адамның белгілері қандай?

Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут

Мұғалімнің сұрағы:

«Тамақтану ережесі»





Сабақтың ортасы

15 минут







Білу және түсіну

(Берілген мәтіндерді балалар оқып алады)

  Зат алмасуы туралы жалпы түсініктеме.  Астың маңыздылығы мен сіңімділігі оның құрамына байланысты. Нанның, ет пен сүттің сіңімділігі мен маңыздылығы олардағы белок, май, көмірсу және витаминдерге байланысты анықталады. Зат алмасуы тірі табиғаттың ерекше маңызды және организмнің негізгі қызметі. Жаңадан қабылданған заттардан организмдегі ұлпалардың клеткаларының өздеріне бейімделген заттар жасалады. Бұл ассимиляция, яғни организмге енген заттарды оздеріне бейімдеп өзгерту. Мұнымен  бірге организмде клеткалар мен олардың бөлшектері ескіреді, олар ыдырайды, яғни диссимиляция байқалады. Ассимиляция мен диссимиляцияның нәтижесінде организм ескіріп тозған қажетсіз заттарды сыртқа шығарады және қызметіне қажетті қуат алады.

Зат алмасуы баланың өсіп, дамуы кезінде күшті болады. Бұл адамның жас ерекшелігінің ауқымды бір көрсеткіші. Балаларда ассимиляция диссимиляциядан басым болады, олар тек ересек адамда ғана теңеседі. Бала кезінде ассимимляция басым болса, қартайғанда, керісінше диссимиляция басым болады. Бұл заңдылық түрлі ауруларға, сыртқы ортаның қауырт жағдайларының әсеріне байланысты бұзылады.

Адам организміндегі клеткалардың құрамында  көптеген химиялық заттар бар. Олар органикалық және бейорганыкалық болып екі топқа бөлінеді. Органикалық заттарға: белок, май, көмірсу, гормондар мен ферменттер, ал бейорганикалық заттарға: су, түрлі минерал тұздары  жатады. Дені саулығы бар ересек, 70 кг салмағы бар, адамның организмінде шамамен 40-45 л су, 15-17 кг белок, 7-10 кг май, 2,5-3 кг тұздар , 0,5-0,8 кг көмірсу болады. Бірақ дененің химиялық құрамы біркелкі тұрақты  болмайды. Организмдегі үнемі болып жататын синтездеу мен ыдырау қажетті заттармен ұдайы дұрыс  және жеткілікті шамада қамтамасыздандыруды талап етеді. Организмге қажетті «құрылыс  материалдары» денеге тамақтану арқылы жеткізіледі.

Белоктың алмасуы. Азықтың ең құнды  бөлігі белок. Адамның тіршілігіне қажетті белок мөлшерін   б е локтік минимум дейді. Ол жасқа байланысты өзгереді. Қарапайым белоктың құрамында  4 зат қана бар: оттегі, сутегі, көмірсу және азот, ал күрделі белоктарда (мысалы мидың белогында) Бұлар дан басқа күкірт, фосфор, темір т. б. бар. Белоктар мономерлі амин қышқылдарынан тұрады.

Амин қышқылдарының 10% организмнің өзінде өндірілмейді, сондықтан оларды таптырмайтын қышқылдар дейді. Бұлар ға аргинин, триптофан, лейцин, изолейцин, валин, треонин, лизин, метионин мен фенилаланин жатады. Өсіп, дамып жатқан бала организміне Бұларға қоса 10-қышқыл — гистидин аса қажет. Осы аталған ауыстырылмайтын амин қышқылдары жейтін астың құрамында жеткіліксіз болғанда адам денесінде, әсіресе балалар мен жас өспірімдердің организмінде айтарлықтай өзгерістер пайда болады. Денеде белоктың қоры онша көп емес, сондықтан ашығу баланың өсуін мүлде тоқтатады, кейде ұзақ қа созылған жағдайда ақыл кемшілігі пайда болуы мүмкін, баланың жұқпалы ауруларға қарсы тұру  қабілеті нашарлайды.  Өмірге жаңа келген нәресте тек қана ана сүтімен қоректенеді. Сүт табиғаттың нәресте үшін арнап жасаған дайын тағамы. Нәресте тәулігіне 600 мл сүтті анасының емшегінен сорып алады. 3-6 айлығында оған 700-800 мл сүт керек. Ана сүтінің құрамында  белок, май, қант, минерал заттары, витаминдер т. б. бала тірлігіне қажетті заттардың бәрі бар және олар сапалы болады. Әсіресе биологиялық өте құнды  — альбумин, гамма-глобулин, т. б. — белоктың түрлері, ферменттер, гормондар, иммунды денешіктер жеткілікті мөлшерде болғаны баланың дұрыс  өсуіне өте қажет. Белокты бала ана сүтінен ғана ала алады. 1-3 жасар баланың жейтін тамағының белоктың 75 % жануар текті, ал 25 % өсімдік текті болуы қажет. 5 жасар балалар үшін Бұлар  тең мөлшерде қажет болса, жас оспірімдер үшін өсімдік белогының мөлшерін көбейте түсу қажет.

Май мен көмірсуының алмасуы, жас ерекшеліктері.  Май мен көмірсудың құрамдары белоктан гөрі қарапайым, Бұлар  химиялық үш заттан түзіледі: көмірсутегі, оттегі және сутегі. Бұл екеуінің құрылыс ының бірдей болуы организмге бірі жеткіліксіз болғанда оның орынына екіншісін пайдалануға мүмкіндік береді. Қажет болғанда майдан көмірсу, ал көмірсуден май оңай түзіледі. Орта есеппен алғанда денедегі майдың мөлшері 10-20 %, ал көмірсудың мөлшері 1% шамасында. Майдың көбі май ұлпасындағы организмнің қуат қоры. Аздаған мөлшері жаңа клетканың мембранасының құрылысына және соларды ауыстыруға пайдаланылады. Дененің кейбір клеткалары өз құрамында  майды өте көп мөлшерде жинайды да, организмнің жылу және механикалық изоляторы ретінде пайдаланылады, яғни ол қорғану қызметін атқарады.

Дені сау ересек адамның тамағында 30 %-дай май болуы тиіс. Олай болса, адам күніне 80-100 г май жейді. Тамақтың құрамында  жануар майы да, өсімдік майы да болуы тиіс. Олардың ара қатынасы шамамен 2:1 қатынасындай болуы керек. Өсімдік майының линоль, линолен, арахидон іспетті кейбір май қышқылдарының түрлері организмде ондірілмейді. Бұлар дың жейтін тамақта жеткіліксіз болуы зат алмасуын бұзады және жүрек-қан тамырлар жүйесінде атеросклерозды дамытады. Көмірсулары адам организмінде глюкоза, фруктоза, галактоза, лактоза т. б. іспетті моносахаридтерге дейін ыдырайды. Глюкозаның мөлшері адам қанында шамамен тұрақты  0,1 %. Глюкозаның қандағы мөлшері 0,11-0,12 %-ға дейін көбейгенде ол қаннан бауырға және бұлшық  еттерге тасылады да, онда жануар крахмалы деп аталатын зат -гликогенге айналады. Егер 0,12 %-дан асып кетсе, артық қантты денеден шығаруға бүйрек кіріседі. Мұны    глюкозурия   деп атайды. Бұл ауру ұйқы  безінің Лангерганс аралшаларының ішкі секрециялық қызметі бүзылып инсулин гормоны жетіспегенде байқалады.

Су мен тұздардың организмдегі маңызы мен молшері, жас ерекшеліктері. Тұздар  адам тамағына қажетті. Бірақ олар қуат көзіне жатпайды, клеткалар мен организмнің Сұйық ортасының құрамына кіреді, сөйтіп шкі ортаның тұрақтылығын және тіршілікті сақтауға қажет. Олар барлық ұлпаларда, әсіресе сүйекте жеткілікті болуы тиіс. Тұзсыз нервтің, еттің қозу белсенділігі мүмкін емес. Организмдегі ұлпалардың құрамында  3,45 % калыдий, 1,58 % фосфор, 0,65 % калий, 0,45 % хлор, 0,1% магний болады. Бұларға қосымша иод, темір, бром, мыс, цинк сияқты микроэлементтер бар. Олар қан өндіруге, гормондардың түзілуіне қатысады. Тұздар  денедегі осмостық қысымды реттейді, қанның сілтілі-қышқылды реакциясын бір қалыпта сақтауға қатысады, катализаторлық қызмет атқарады, сүйек, шеміршек т. б. ұлпалардың құрамына кіріп, олардың беріктілігін қамтамасыз етеді. Фосфор мен күкірт мидың құрамына кіреді, натрий мен калий жүйке жүйесінің қызметінде маңызды орын алып, электрофизиологиялық жағдайын қалыптастырады. Темір гемоглобиннің құрамына қажет. Фосфор, күкірт, натрий калий, кальций т. б. организмге айтарлықтай шамада қажет.Молибден, мыс, кобальт қан өндіру қызметіне қатысады, йод қалқанша безінің гормонының құрамына кіреді, фтор тіс ұлпасы ның, әсіресе эмалінің дұрыс  қалыптасуына қажет. Бұлар  организмге аз мөлшерде қажет болады, сондықтан микроэл ементтер деп аталады.



Топтық жұмыс:

1 топқа «Белоктың алмасуы»
2 топқа «
Май мен көмірсуының алмасуы, жас ерекшеліктері»
3 топқа «
Су мен тұздардың организмдегі маңызы мен молшері, жас ерекшеліктері»


Оқулық


















































































Постер қорғау

Сабақтың соңы

10 минут

14 зертханалық жұмыс:

Тақырыбы: Тамыр соғуының санына сәйкес шамамен энергия жұмсау, тамақ рациясын құру

Мақсаты:Тамақтану рационын құра білу, «тамақтану мөлшерінің» не екенін анықтау

Қ/жабдықтар: тағам өнімдерінің калориялық кестесі

Жұмыс барысы:

14 зертханалық жұмыс

Бағалау

3минут












Бағалау парақшасы Дұрыс жауапқа 5 балл.

«Постер қорғау»


14 зертханалық жұмыс

Балл







































Бағалау парақшасы











Үйге тапсырма


Тақырыпты оқу , эссе жазу





Кері байланыс

2 минут

(әр оқушыға үлестірме қағаз беріледі)

Сабақтың ерекшелігі неде?

Сабақта не аштыңыз, білдіңіз?

Сабақтан сіздің күткеніңіз расталды ма?

Сіз бүгінгі сабақтае не алдыңыз?

Сабақ ненің төңірегінде ойлануға мәжбүр етті?



Қосымша ақпарат


Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайыма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары

тиімді болды ма? Мен берілген

уақыт ішінде үлгердімбе? Мен

өз жоспарыма қандай түзетулер

енгіздім жəне неліктен?




Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

Жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Зат және энергия алмасу тақырыбына арналған сабақ жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист сварочного производства

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

зат және энергия алмасудың маңызы. зат алмасу немесе метаболиз екіге бөлінеді анаболизм және катоболизм. анаболизм грекше анаболе өрлеу деген мағынаны білдіреді. кейде оны пластикалық алмасу немесе ассимиляция деп аталады.

катоболизм деп грекше катаволе төменге қарай деген мағынаны білдіреді. кейде оны энергетикалық алмасу немесе диссимиляция деп аталады

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 849 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.04.2018 3451
    • DOCX 46 кбайт
    • 26 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Турумбетова Гулбану Мунажаддиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 5 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 22401
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии обучения биологии как основа реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 127 человек из 45 регионов

Курс повышения квалификации

Государственная итоговая аттестация как средство проверки и оценки компетенций учащихся по биологии

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 20 регионов

Курс повышения квалификации

Методика подготовки к ЕГЭ по биологии в соответствии с новой структурой и содержанием КИМ

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 23 регионов

Мини-курс

Формирование социальной ответственности и гармоничного развития личности учеников на уроках

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Прощение и трансформация: освобождение от родовых программ и травм

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 74 человека из 40 регионов

Мини-курс

Эффективные стратегии текстовых коммуникаций в бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе