Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Затталған сын есімнің көптелуі, жіктелуі, тәуелденуі (7 сынып)

Затталған сын есімнің көптелуі, жіктелуі, тәуелденуі (7 сынып)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Күні : 26.10.2013

Сынып: 7Ә

Пән: қазақ тілі.

Тақырып: Затталған сын есімнің көптелуі, жіктелуі, тәуелденуі.

Саб.мақсаттары:

  1. Білімділік: оқушыларға сын есімнің қалай заттанатынын түсіндіру. Олардың түрлендіру жолдарын көрсету. Тапсырмалар арқылы алған білімдерін бекіту.

  2. Дамытушылық: бір-бірімен пікір таластырып ашық сөйлеу, еркін сөйлеу, сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту.

  3. Тәрбиелік: топпен жұмыс жасау арқылы оқушыларды ұйымшыл болуға, жүйелі түрде жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Саб. түрі: жаңа сабақ

Саб. типі: жаңа тақырыпты меңгеру.

Саб. әдісі: СТО стратегиялары(кубизм, топтастыру, қарлы кесек, венн диаграммасы, фишбоун, 5 жол өлең, инсерт картасы, эссе)

Саб.көрнекілігі: кубик, А3 парағы, стикерлер, маркерлер, түрлі –түсті қағаз.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. амандасу

2. түгендеу

3. кезекшілік

4. саб.тақырыбын, мақсатын түсіндіру.

5. саб.дайындықтарын тексеру.

6. саб.назарларын аудару.

ІІ. Психологиялық дайындық. 1)Зат есім (оқушының аты)+сын есім(оқушының аты басталатын әріптен басталуы керек) және алдындағы атқандарды қайталайды. Мысалы: Инабатты Илияс- инабатты Илияс, көңілді Күлмаш- инабатты Илияс, көңілді Күлмаш, салиқалы Салтанат- т.б.

2) Сыныпты топтарға бөлу. (түрлі-түсті қағаз арқылы)

ІІІ. «Жаңа білімге көпір салу» .(кубизм)

  1. Зат есім дегеніміз не?

  2. Зат есімнің түрлері.

  3. Зат есімнің түрленуі.

  4. Сын есім дегеніміз не?

  5. Сын есімнің күшейтпелі шырайы.

  6. Сын есімнің салыстырмалы шырайы.

IV. Жаңа тақырып.

  1. Сын есім әдетте көптелмейді, тәуелденбейді, септелмейді. Егер сын есімге көптік, не тәуелдік, не септік жалғауы жалғанса, онда сын есім зат есімнің орнына жүреді. Сын есім сөйлемде осылай зат есімнің орнына жұмсалып, зат есімнің қызметін атқаруын сын есімнің заттануы дейді.

  2. Мысалы: «Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат» деген мақалда жақсыдан, жаманнан деген сын есімдер шығыс септік (кімнен?) жалғауында тұрып зат есімнің орнына қолданып тұр.

  3. «Ұялшақ сыбағасынан құ қалар» деген мәтелде ұяшақ сөзі кім? деген сұраққа жауап беріп атау септікте тұр.

  4. «Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез» деген Абайдың сөзінде білімдіден шығыс септікте(кімнен?), талаптыға барыс септікте (кімге?) тұр.

V. Бекіту.

  1. Мақал-мәтелдермен жұмыс. Мақалдарды оқып шығып, затталған сын есімдерді табыңдар. Оларға сұрақ қойыңдар.

  1. Сыпайы сырын сақтар, әдепті арын сақтар.

  2. Жаманның тілі ащы, көк мияның гүлі ащы.

  3. Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды.

  4. Жаманға еткен жақсылығың, жатқа кеткен малмен тең.

  5. Ашулыдан алты табан қашық тұр.

  6. Жақсыға барсаң, жазылып қайтарсың. Жаманға барсаң, жабығып қайтарсың.

  7. Жақсылықты қызғанба, бәріңізге жетеді. Жақсы болып бір жүрсең, дүние қызық боп өтеді.

  8. Жақсымен жанассаң, жетерсің мұратқа. Жаманмен жанассаң, қаларсың ұятқа.

  1. Топтық жұмыс.

  1. Мақал-мәтелдердің ішінен тапқан затталған сын есімдерді теріп алып, түрлендіріңдер.

Сыпайы, әдепті, жаманның, үлкенді, кіші, жаманға, ашулыдан, жақсыға, жаманға, жақсы, жақсымен, жаманмен.

1 топ - септеу

2 топ- жіктеу

3 топ- тәуелдеу.

  1. Сөздерді теріп жазу. Мен сын есімдерді оқимын, ал сендер солардың ішінен тек қатыстық сын есімдерді ғана жазасыңдар.ақылды, ашқылтым, аудандық, асыранды, ащылау, айтқыш, әйдік, әлсіз, балалы, жаңа, биік, гүлді, еңбекқор, әдемі, еліктей, еңгезердей, жалқау, кішілеу, кең, күзгі, қатты, құмды, лас, өнерлі, өткір, ренішті, сәнқой, сұрғылт, сөзшең, сарғыш, жуас, тақыр, тарихи, тоңғақ, удай, ұйқышыл, ұзақ, ұрысқақ, үлкен, шолақ, шыдамсыз, шашыраңқы, шешен, ізетті.

  2. «Қарлы кесек». 1-ші топ бір сөз айтады, 2-ші топ соған сәйкес сөз айтады, солай-солай жалғаса береді. Мысалы: гүл- әдемі гүл- әдемі қызыл гүл- әдемі қызыл раушан гүлі- әдемі қызыл раушан гүлі өсіп тұр- әдемі қызыл раушан гүлі далада өсіп тұр.

  3. «Қазымыр оқушы». Әр топтан бір оқушы басқа топтарға сұрақ қояды.

VI. Қорытынды.

  1. 1 топ- «Венн диаграммасы». Зат есім мен сын есімнің белгілері, ұқсастықтары.

2 топ- «Фишбоун» (балық сүйегі). Сын есімнің белгілері. Зат есімнің белгілері.

3 топ- «5 жол өлең».

  1. Зат есім

  2. 2 сын есім

  3. 3 етістік

  4. 4 сөзден тұратын сөйлем.

  5. Синоним.

  1. «Инсерт картасы». Әр топ кестені толтырады.

VІІ. Үйге тапсырма беру.

Затталған сын есімдерді қатыстырып эссе жазу.

VІІI. Бағалау.

Қай топта ең көп стикер- «5», олардан кейінгілерге- «4», қалғандарына – «3» деген бағалар қойылады.

ІХ. Рефлексия.

Тақтаға кесте іленеді, оқушылар стикерлерді қалаған бөлігіне жабыстырады.


Сабақ аяқталды!

Сау болыңыздар!




Автор
Дата добавления 12.07.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров553
Номер материала ДБ-141562
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх