Инфоурок Физика Конспекты"заттың магниттік қасиеттері" 8 класс

"заттың магниттік қасиеттері" 8 класс

Скачать материал

Күні: 17.04.2012 ж                                Сыныбы:  8 «Б»

Сабақ тақырыбы:               §57. §58. Заттың магниттік қасиеттері. Ақпараттың  

                                                                 магниттік жазылуы.

Сабақ мақсаты:

Білімділік  мақсаты:            Оқушыларға  магнетиктер,  ақпарапттың 

                                             магниттік жазылуы қалай жүзеге  асырылатыны  

                                             туралы түсінік беру.

Дамытушылық  мақсаты:    Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай    

                                             білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік  мақсаты:            Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа   

                                              тәрбиелеу.

Сабақ түрі:                           Аралас

Сабақ әдісі:                           Баяндау, сұрақ-жауап

Сабаққа қажетті құралдар:  Интерактивті тақта, компьютер, слайдтар,  

                                                     видеопроектор, электрондық оқулық.

Пән аралық байланыстар:     Информатика, химия.

Сабақ барысы:                      I.  Ұйымдастыру кезеңі. 

                                                  Оқушылармен амандасу, түгендеу  (3 мин)

 

                                                 II. Үй тапсырмасын сұрау  (10 мин)

1.            Тұрақты магнит дегеніміз не?

     Жауабы: Магниттелуін ұзақ сақтайтын денелер

2.            Магниттік полюстер?

     Жауабы: Магниттің қасиеттері бойынша бір-біріне ұқсамайтын 

      екі полюсі бар:  солтүстік (N)  және оңтүстік (S).

3.            Магниттік  аномалиялар  дегеніміз  не? 

     Жауабы:  Жер қойнауындағы жергілікті магнит өрістері

4.            Магнит өрісіне анықтама беріңіз.

    Жауабы:  Өткізгіштердің электр тогымен өзара әрекеттесуі жүзеге  

     асатын материяның түрі

5.            Электрмагнит деп нені атаймыз? 

    Жауабы:  Ішіне  темір  өзекше орналастырылған  шарғы

6.            Электрмагниттік реленің құрылысы қандай? 

   Жауабы: Электрмагниттік реле –ток реттегіш құрал. Ол токтың  

  жұмыс тізбегін қосқан немесе ажыратқан кезде жұмысқа қосылады.

7.            Электрқозғалтқыш  дегеніміз қандай құрал? 

   Жауабы: Электр энергиясын механикалық энергияға айналдыратын  

    электр машинасы

8.            Электрөлшеуіш құралдардың  қандай түрлері бар? 

    Жауабы: Электрөлшеуіш аспаптар магнит өрісіндегі тогы бар  

    рамаға әрекет ететін күштерді пайдалануға негізделген.

                              

Электрөлшеуіш аспаптар

 

 

                           Магнитэлектрлік                               Электрмагниттік

 

 

III.   Жаңа сабақ   (20 мин).

 

      Магнит (грекше magnetіs, Magnetіs lіthos – Магнесия  тасы; Магнесия – Кіші Азиядағы көне қала) – магнит өрісін туғызатын дене. Магнит өрісіне ендірілгеннен  дененің магниттік қасиетке ие болатын кесегі жасанды

магнит деп аталады. Ал алдын-ала магниттелген ферромагнитті не ферримагнитті материалдан жасалған белгілі бір пішіні (таға тәрізді, ұзынша жолақ түрінде, т.б.) бар магнит тұрақты магнит деп аталады.

     Ол электроникада, радиотехникада және автоматикада тұрақты магнит өрісініңавтономды көзі ретінде кеңінен қолданылады.

    Магнит – Fe, Co, Nі, Аl, гексогональді ферриттер, т.б. негіздегі қорытпалардан  жасалады. Асқын өткізгіш материалдан жасалған орамасы бар  соленоидты  немесе электрмагнитті асқын өткізгішті   магнит   деп   атайды.  Оны заттардың магниттік-электрлік және оптикалық  қасиеттерін, плазманы, атомдық ядроларды және элементар

бөлшектерді зерттеуге арналған тәжірибелерде қолданады.

 

 

Заттың магниттiк қасиеттерiн қарастырғанда оларға магнетик деген терминдi қолданады.

      Магнетиктер деп магнит өрісі  әрекетінен магниттелетін заттарды айтамыз.

     Магниттік қасиеттері бойынша магнетиктер шартты түрде 3топқа бөлінеді.

МАГНЕТИКТЕР

 

 


ФЕРРОМАГНЕТИКТЕР                                             ДИАМАГНЕТИКТЕР

 

ПАРАМАГНЕТИКТЕР

 

      Ферромагнетиктер  дегенiмiз магниттiк өтiмдiлiгi өте үлкен заттар, μ>>1.
      
Магнетиктердің ішінде сыртқы магнит өрісі жоқ кездің өзінде де магниттелуге бейім заттар болады. Сондықтан олар үлкен магнит өтімділігімен сипатталады. Бұлардың негізгі өкілі темір болғандықтан олар ферромагниттер деп аталады.

       Ферромагниттер күшті магниттелетін заттар болып саналады. Олардың магниттелуі нашар магниттелетін заттардың түріне жататын диа – және парамагнетиктердің магниттелуін көптеген есе артық.
Ферромагнитті денелер магниттелгенде олардың сызықтық өлшемдері мен көлемдері де өзгереді, яғни деформацияланады. Сондықтан бұл құбылыс магнитострикция деп аталады.
       Ферромагнетизм теориясын алғаш француз физигі П. Вейс (1865-1940) жасаған.  Кейінірек 1928 ж. бұл теорияны кванттық механика тұрғысынан дамытқан совет физигі Я. И. Френкель мен неміс физигі В. Гейзенберг болды.
     Ферромагнетизм заттың қатты фазасымен тығыз байланысты. Ферромагнитті элементтердің еркін атомдары белгілі бір ерекше магниттік қасиеттерге ие.

Ферромагнетиктер

 

 


Темір       Болат       Шойын     Никель      Гадолиний      Кобальт

 

      

 

Диамагнетиктер дегенiмiз сыртқы өрiс индукциясына қарама-қарсы бағытта бәсең магниттелетiн, яғни сытрқы магнит өрiсiн бәсеңдететiн заттар. Мысалы, күмiстiң, қорғасынның, кварцтың және көптеген газдардың да диамагнетиктiк қасиеттерi бар. Диамагнетиктерде μ<1. Өте күштi диамагнетик деп саналатын висмуттың магниттiк өтiмдiлiгi – μ=0.999824.

            Диамагнитті заттардың молекулаларында тұрақты дөңгелек тоқтар жоқ. Олардағы  дөңгелек тоқтар тек сыртқы магнит өрісінің қоздыруынан ғана пайда болады, яғни индукцияланады. Осы индукцияланған тоқтардың бағыты, яғни магнит индукциясы   сыртқы магнит өрісіне  қарама – қарсы бағытта болады.
                                                

Диамагнетиктер

 


                                                                      

 

Күміс       Қорғасын      Кварц       Висмут    Су      Мәрмәр    Шыны

 

 

 Парамагнетиктер дегенiмiз сыртқы өрiс индукциясы бағытында бәсең магниттелетiн заттар. Парамагнетиктердiң магниттiк өтiмдiлiгi бiрден сәл үлкен, μ>1. Ең күштi пармагнетиктiң бiрi - платина, оның өтiмдiлiгi μ=1.00036.      

       Өткізгіштерде өтетін тоқтардың магнит өрісіндегі кез келген магнетик ерекше күйге келеді – осыны магниттелі деп атайды. Сөйтіп, магнетик магниттелген күйде қосымша магнит өрісінің индукциясын  береді, осы микро токтың индукциясы өткізгіштердегі ток туғызатын сыртқы магнит индукциясымен сипатталады.  Сонымен, жалпы магнит индукциясының векторы   дегеніміз  макроскопиялық  және микроскопиялық  тоқтар туғызатын магнит индукция векторларының қосындасы болып табылады.
     Көптеген тәжірибелердің нәтижесінде, кеңістікті түгел толтырып тұратын біртекті магнетиктер ішінде қосымша магнит индукцияссы  бастапқы магнит индукциясымен  не бағыттас, не оған қарама – қарсы бағытта болады.
Сонымен парамагнитті заттардың магниттелуі дегеніміз ондағы молекулалық тоқтардың  белгілі  бір ретпен  бағытталуы  болып  табылады.        Парамагнетиктер теориясын жетілдіріп дамытқан  П. Жпнжевен (1872-1946) болды.

Парамагнетиктер

 

 

Ауа    Алюминий    Платина     Сілтілер

 

 

 

АҚПАРАТ ҰҒЫМЫ

 

      Ақпаратты шындығында да ғылыми ұғым ретінде қарастыруға болады. Өйткені бұған дейін ақпараттың кұрылымы мен қасиеттері барлық ғылым салаларында зерттелінді. Мысалы, физика - ақпарат таситын сигналдардың қасиеттерін зерттейді. Табиғаттағы көптеген құбылыстардың сигнал шығаратыны белгілі. Ал тіркелінген сигналдар белгілі бір мәліметтерді құрайды. Мәліметтер түрленіп, тасымалданып, әдістердің көмегімен қолданыс табады. Мәліметтер мен әдістердін өзара әсерлесуінен ақпарат түзіледі. Өлі табиғаттағы процестер үздіксіз энергия алмасу түрінде өтеді. Энергия алмасумен қатар тірі табиғатта бағытталған зат алмасу процесі жүреді. Зат алмасу мен энергия алмасу процестерінің арасындағы өзара байланыс ақпарат алмасу турінде өтеді немесе оны ақпараттық процесс деп атайды.

 

 

Ақпараттың магниттік жазылуы.

 

      Ежелгі дәуірлерде, байланыс құралдары пайда болмаған кездерде де адамдар байланыс жасай алған. Яғни, шапқыншы жіберу арқылы, ауызша немесе жазба ақпараттар алмасу арқылы байланыс жасап отырған. Біздің дәуірімізге дейінгі 525- 426 жж. атақты Троя соғысында от арқылы қала жауланып алынды деген белгі беру тәсілі қолданылғаны тарихтан мәлім. Ал, Эсхилдің классикалық шығармасы «Агамемнон» трагедиясында осы шабуыл, Грецияға Трояның алынғандығы туралы әр биіктік басында жағылған от арқылы хабарланғаны көркем баяндалады. Яғни, бір қабылдаушыдан келесі қабылдаушыға жеткізу арқылы акпарат беру-ретрансляцияның белгілері болып табылады.

 


 

 

Тұңғыш рет дыбыс 1885 жылы американдық жаңалық ашушы Томас Альва Эдиссон деген  өнертапкыштың құралымен жазылған. Ол фонограф деген аппарат ойлап тапқан. Осы жаңалық дүниеге келген күн 1887 жылдың 24 желтоқсаны тарихта механикалық дыбыс жазу дәуірінің басталған күні деп есептелінеді. Өнертапкыш фонографтың көмегімен валикке дыбыс жазуды жүзеге асырып көрген, екі жылдан соң бұл құралды жетілдіріп, екі минуттық дыбыс жазған.

             

  Сонан кейін екі жылдан соң  1889 жылы Вашинггонда 20 жасар Берлинер граммофонды, жалпақ пластиканы ойлап шығарды. Ол    дыбыс жазудың тік емес, көлденең түрін ұсынды. Бұл граммафон күйтабақтарының көшірмесін жасап, оны көптеп шығаруға мүмкіндік жасады және де фонографқа қарағанда граммафондағы дыбыстың естілуі, дыбыстылығы анағұрлым сапалы еді. Бұл құралдың ерекшелігі - дыбыс валикке емес, дискіге жазылды және тік емес, көлденең жазу пайдаланылды. Осы механикалық дыбыс жазу әлі күнге дейін қолданудан шығып қалған жоқ.

 

 


 

 

 

Диск– есептеуіш техникада – жазылған ақпаратты ұзақ уақыт есте сақтай алатын магниттік қабыршақпен қапталған дөңгелек пластина түріндегі дерек жинақтауыш құрылғы. Ақпарат пластина бетіне шеңбер бойымен жазылған жолсызықтар арасындағы секторлар бетінде сақталады. Дискінің (ағылшынша dіsk) дискіқозғалтқыш (дискіжетек) құрылғысы болады. Ол дискіні айналдырып, деректі дискіге жазуды, қажет кезінде оны оқуды атқаратын бастиекті керекті сектор маңына жеткізіп тұрады. Компьютерлер қатты, иілгіш және жинақы (компакт-диск) дискілермен жабдықталады. Қатты дискіде немесе винчестерде магниттік қабықша көлемдірек металл тұғырға жағылып, дискіқозғалтқыш құрылғысымен ауа кірместей етіп, тұмшаланған (герметикалық) бір қорапта орналасады. Винчестерлік дискілер сыртқы көлеміне (форм-факторына) және сыйымдылығына қарай бөлінеді.

          

 


 

 

Бейнетелефон  (орыс. видеотелефон) екі жақты дыбыстық және көру байланысына (беру және қабылдау) арналған құрылғы. Ол телефон аппаратынан, берілетін теледидар камерасынан және қабылдауыш индикаторлық құрылғыдан түрады. Бейнетелефон жиіліктің жіңішке жолағында жұмыс істейді, бұл әдеттегі телефон сымдары арқылы бейнелеу белгілерін беруді камтамасыз етеді. Қабылдау пунктінде алынған бейнелер мен олардың графикалық түсіндірмелері фотоға түсірілуі, магниттік таспаға жазылуы және қажет жағдайда қайта шығарылуы мүмкін.

 


     Құжаттарды   табыстауға   арналған бейнетелефон 1 минут ішінде 900 сөзі бар ақпаратты бере  алады, осындай ақпаратты радиотелефон арқылы беру 3-4 есе, ал радиотелеграф арқылы беру 20-30 есе көп уақыт алар еді. Бейнетелефон ірі әскери құрамаларда, аэродромдарда және ірі кемелерде (авианосецтерде) қолданылады.


 

 

Бейнемагнитофон—телевизиялық бейнелерді және дауысты магниттік лентаға жазуға және көруге , оқуға  арналған құрал.

    Бейнемагнитофон—видио сигналдарының магниттік лентаға жазылуын қамтамасыз етеді.

Алғаш бейнемагнитофон 1950 ж жасалып шығарылған және ол өте үлкен болған. Оны арнайы студияларда немесе арнайы үлкен автобустарда алып жүрген.

Алғаш рет бейнемагнитофон 1963 жылдың 24 маусымында Лондондағы Би-Би-Си студиясында қолданылған.

 

 

 

 

 


 

 

IV. Жаңа сабақты бекіту: (10 мин)

 

Физикалық диктант

1.      Заттың магниттік қасиеттерін сипаттаңыз.

2.       Әр атомдағы  ядроның   айналасында электрондар бар ма?

3.       Магнит  өрісі   әрекетінен  магниттелетін заттар не деп    

   аталады?

4.       Ферромагнетиктер дегеніміз не?

5.       Қандай заттар ферромагнетиктер болып табылады?

6.       Қандай заттарды  парамагнетиктер деп атайды?

7.       Парамагнетиктерге нелер жатады?

8.       Диамагнетиктер денегіміз  қандай заттар?

9.       Диамагнетиктерге қандай заттар жатады?

10.                      Ақпараттың магниттік жазылуы қалай жүзеге асады?

 

 

Insert—түртіп алу стратегиясы бойынша кесте толтырамыз.

 

Білемін

Білгім келеді

Білдім

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиет

      1.Илиясов Е. Физика курсы, А – 1989

      2.    Абдуллаев. Жалпы физика курсы, А – 1993

      3. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайышов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2

Жалпы физика курсы, II том. Электр. Савельев И. В.«Наука» баспасы, физика-математика әдебиетінің бас редакциясы М., 1970 ж. ИБ № 618

    4. Б.М.Дүйсембаев,  Г.З.Байжасарова,  А.А.Медетбекова.

Физика және астрономия: Жалпы білім беретін  мектептің 8-сыныбына арналған оқулық . –Алматы: “Мектеп” баспасы, 2004.—256 бет, суретті.

 

 

V.  Бағалау.  (2 мин)

 

VI.  Үйге тапсырма беру:  §57,58.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""заттың магниттік қасиеттері" 8 класс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по работе с молодежью

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 615 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.02.2016 16975
    • DOCX 2 мбайт
    • 76 скачиваний
    • Рейтинг: 2 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Имангалиева Асель Имангалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 33489
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Физика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель физики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 22 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по физике в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 73 человека из 31 региона

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по физике в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 28 регионов

Мини-курс

Цифровая трансформация в бизнесе: аспекты управления и развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные направления в архитектуре: архитектурные решения гениальных изобретателей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Особенности психологической помощи детям

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 237 человек из 52 регионов