Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Обществознание / Другие методич. материалы / Зайырлылық- қазақстандық қоғамның рухани дамуының кепілі

Зайырлылық- қазақстандық қоғамның рухани дамуының кепілі

  • Обществознание

Поделитесь материалом с коллегами:

Зайырлылық – қазақстандық қоғамның рухани дамуының кепілі

Бүгінгі заман адамзат баласының ақыл-ойы мен пікірінің бәсекеге түскен уақыты болып отыр. XXI ғасырдағы жаhандану үрдісі әлемнің көптеген мемлекеттерінің экономикалық және рухани құндылықтарының әлсіреуіне алып келуде. Бүгінгі таңда әлемнің барлық елдерінде өздерінің ішкі тұрақтылығы мен мәдени құндылықтарын сақтап қалу жолында жұмыс жалғасуда.

Қандай қоғам болса да ол бес негіз арқылы өзін сақтай алады. Ол - діннің, жанның, нәсілдің, мал-мүліктің және ақылдың сақталуы. Ал осы бес негіздің ең бастысы – діннің сақталуы. Дінаралық келісім,үндестік және татулық өзін сақтаумен қатар, қалған төрт негіздің де сақталуына арқау болады.

Дін саласындағы мемлекеттік саясат Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында, сондай-ақ «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған шеңберде қалыптасуда. Қазақстанның перспективалық дамуы мен қоғам өмірінің барлық салалары бойынша тапсырмалар айқындалған осынау стратегиялық құжаттарда еліміздегі дін саласындағы қауіп-қатерлер де ескерілген.

Жолдауда Елбасы: «Қазақстан – зайырлы мемлекет. Азаматтарды ар-ождан бостандығымен қамтамасыз ете отырып, мемлекет, дегенмен, қоғамға өз бетінше біздің дәстүріміз бен заңдарымызға қайшы келетін әлдебір қоғамдық нормаларды тықпалайтын әрекеттерге өте қатаң қарсы тұратын болады», деп ерекше атап көрсетті. Сол себепті мемлекеттік құрылымдар мен Қазақстан қоғамы алдында этносаралық және конфессияаралық келісім негізінде зайырлы, толерантты қоғамды әрі қарай дамыту міндеті тұр.

Ата заңымыздың 14-бабына сәйкес азаматтарымызды тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына сондай-ақ басқа-да жағдаяттар бойынша кемсітуге тиым салынған. Ата Заңымыздағы осы айтылған қағидалар мемлекетіміздің зайырлы сипатта екендігінің басты нышандары. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының 1992жылғы 15қаңтарында қабылданған «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» және Қазақстан Республикасының 2011жылы 13қазанында қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңдарында да еліміздің Конституциясын басшылыққа ала отырып зайырлы мемлекет ретінде қарастырған.

Қазақстан жері- бүкіл әлемдік діндердің: буддизмнің, христиандықтың және исламның, зороастризмнің де, иудаизмнің де тоғысқан жері. Қазақ халқы діни көзқарасы мен діни наным-сенімі айқын да терең, ұлттық және діни мәдениеті жоғары,иманды, имани түсінігі мол әлемдегі санаулы ұлттардың қатарына жатады. Исламды қабылдап, Аллаға шын жүрегімен берілген біздің арғы тегіміз, ата-бабаларымыз бізге бірліктің, тұтастықтың ұлы үлгілерін қалдырып кетті.Қазақ халқының ғасырлар бойы молынан қорланған рухани мұрасы бүгінде кез келген теріс пиғылды жалған дінге де, ұлттық мәдениетімізге жат мәдениетке де қарсы тұруға әбден жетеді.

Еліміз Тәуелсіздік алған алғашқы сәттен-ақ зайырлы қоғам құру мақсатында көптеген істер атқарды, ал бүгінде зайырлылықты күннен –күнге нығайту үстінде. 1995жылы қабылданған Қазақстанның қазіргі Конституциясы еліміздің мемлекеттік тәуелсіздігінің жаңа өрлеуін заңды түрде нығайтты. Қазақстан Республикасы өзінің демократиялы,зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет екенін Ата заңы арқылы да бүкіл әлемге таныта бастады.

Тәуелсіздік алған 24 жылдың ішіндегі ең ірі жеңісіміз бен жетістіктеріміздің бірі, біздің шыққан биігіміз- ол елімізде діни наным-сенім бостандығының, діни еркіндіктің толық бекуі. Қазіргі қолданыстағы заң бойынша еліміздегі барлық діни бірлестіктердің құқығы бірдей және тең. Демократиялық үкіметтің ең басты міндеті халық үшін қызмет ету болса, сол халықтың діни қажеттіліктерін ескеріп, оларды қамтамасыз ету де үкіметтің басты міндеті болып саналады.

2009жылы Қазақстанда өткен халық санағы бойынша, еліміздегі халықтың 70,2 пайызы – Ислам дінін, 26,3 пайызы – Христиан дінін, 0,1 пайызы- Буддизм дінін, 5281 адам Иудаизм дінін ұстанған. Қазақтардың 98,3 пайызы Ислам дінін ұстанамын депті, басқа дінде жүрген қазақтардың саны – 43462 адамды құраған, 1,0 пайызы- ешбір дінге сенбейтінін білдірген. Қазақстандағы орыстардың 92,5 пайызы – православие дініндеміз десе, ал 1,4 пайызы, яғни 54277 адам ислам дініндеміз, 6,1 пайызы ешбір дінге сенбейміз деген. Осындай мәліметтер өзге ұлт өкілдеріне де тән болған. Егер келтірілген деректерге назар аударсақ, қай халық қай дінді ұстанамын десе де өз еріктеріне берілгенін көруге болады. Бұл дегеніміз, Қазақстан толықтай зайырлы мемлекет екенін көрсетеді.

Біздің Республикамыздың дінаралық келісім мен үнқатысудағы құнды тәжірибесі әлем назарына ілікті. Кең-байтақ Қазақ елі қазіргі таңда күллі әлемге өзінің дінаралық келісім мен ұлтаралық татулықтың алтын ордасы екендігін көрсетіп отыр.Дініміздің үлкен жанашыры әрі қамқоры Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтің бастамасымен елордасы Астанада 2003 жылдан бастап өтіп келе жатырған«Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің»съездері соның жарқын көрінісі.

Көптүрліліктің, көпұлттылықтың және көпконфессиялылықтың толерантты дамуы-ғаламдық бейбітшілік пен келісімнің кепілі. Жаhандану заманында бір мемлекетте бейбіт қатар өмір сүріп жатқан азаматтардың сыртқы әсердің ықпалымен жікке бөлінуіне, тұтастық пен ынтымақтың бұзылуына апарып соғу қаупін туғызады. Бұл орайда ұлттық ерекшелік, салт-дәстүр, тарихи этномәдениет дегенді тәрк ететіндер - діни фанаттар. Олар діни сенім-нанымдағы адам факторын мүлдем жоққа шығарып, төзімсіз көзқарас ұстанады, адамзатты ұстанған дініне, нәсіліне, салт- дәстүр ерекшелігіне қарай дос және дұшпан деп екіге бөледі.

Бүгінгі сананың дамып, надандықты білім мен ғылым жетістіктері жоя бастаған өркениет заманында әртүрлілікті дау-жанжалдың нысаны емес, құрметтеуге тұрарлық Жаратушы сыйы ретінде қабылдау бейбіт өмірге бастамақ.

Бұл орайда сан ғасырлар бойы түрлі этностар мен діни нанымдардың рухани мұрасымен кемелденген, өз бойына толеранттылық, діни төзімділік және жаңа атаулыны қабылдауға деген ашықтық секілді қасиеттерді қалыптастырған Қазақстанның біртұтас халқының бірлігі жарасқан бүгінгі өмірі әлемге үлгі жоба бола алады. Оған мәдениетаралық үнқатысуды нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік дәрежедегі тың бағыт болған - Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылуы дәлел. Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім,келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады.

Зайырлы мемлекет ретінде елдің ішкі саясатының маңызды бір құрамдас бөлігі гендерлік саясат болып табылады. Биік мінбелерден әйел-ана құқының қорғалуы туралы жиі айтылғанымен оның қалай жүзеге асатыны заңмен негізделмесе «баяғы жартас бір жартас» күйінде қала беретіні анық. Осы мәселенің шешімін табуда әлемдік қауымдастық алдында Қазақстанның жүзі жарқын деп айтуға болады. Бұл бағыттағы жұмыстар базалық гендерлік заңдарға және мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген«Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясына» сәйкес жүзеге асырылуда.

Тәуелсіздікке қол жеткен уақыттан бастап әйел-ана өмірін дұрыс ұйымдастыру саясатын алдыңғы қатарға шығарған Мемлекет басшысы Қазақстан әйелдерінің съезінде гендерлік және отбасылық-демографиялық саясаттың одан әрі даму перспективаларын тағы да айқындап берді. Бұл «Отан отбасынан басталады» дейтін халық даналығының мемлекеттік ұстанымға айналғанының белгісі.

Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет болғаннан соң оның негізгі басымдықтары адамдардың өз құқықтарына беріледі. Құқықпен қорғалған және сол берілген құқықты жақсы пайдалана білген адам, қоғам, мемлекет қана жоғары қарқынмен дамиды.

Мемлекетке қажетті нағыз азаматтар құқықты қару етіп ұстана білумен қатар, руханияты, патриотизмі өте жоғары деңгейде болуы керек. Адамның санасының жоғарылығынан,әділеттілік үшін күресте белсенділігінен, өзгелерге қайырымдылығы мен ізгі ниеттілігінен көрініс беретін оның ішкі әлемі «рухани байлығы» болғандықтан,президентіміздің зайырлы қоғам мен жоғары руханиятты ел құру бастамасы біздің ең абыройлы міндетіміз болып саналады. Рухани байлық бар жерде елдің бірлігі де нығая түседі. Ал ел бірлігі мықты болса,онда мемлекет те мықты,оның іргесі де берік. Біздің Елбасымыздың саясатының басты бағыты да осы.







К.Мендалиев атындағы орта жалпы білім беретін мектептің тарих пәнінің мұғалімі А.Ж.Молдашев



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 23.01.2016
Раздел Обществознание
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров320
Номер материала ДВ-370228
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх