Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Өздік есімдігі туралы 3 класс

Өздік есімдігі туралы 3 класс



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:



pic

Маңғыстау облысы

Жаңаөзен қаласы

Қашаған Құржымаұлы атындағы № 8 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Муханова Гүлмира


Сабақтың мақсаты

1. Білімділік: оқушыларға есімдік, оның түрлері, өздік есімдігі жайлы толық мәлімет беру.

2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, олардың ой-пікірін қалыптастыру, сауаттылыққа баулу.

3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.

Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

Өткен сабақта өтілген тапсырмаларды жаңылтпаштар арқылы жаңылмай,

жылдам айтып, сұрау есімдіктерін табамыз

1.Үш кіші ішік піштім,

Бес кіші ішік піштім,

Неше кіші ішік піштім?!

2. Шеше кеше неше есе кесе көп алдыңыз?

Шеше, кеше неше есе кесе кем алдыңыз?

3. Менің нем кем деп ең?

Бер үйді ең кең деген!

Бер үйді ең кең деген!

Менің нем кем деп ең?

4. Нешінші, қайсысы деген

сұрау есімдіктерін

жіктейміз, тәуелдейміз?

5.

Жіктеу

нешінші


қайсысы


І



І



Сыпайы түрі



ІІІ



6.

Жіктеу

нешінші


қайсысы


Тәуелдеу




І



Сыпайы түрі



ІІІ





Өткен сабақты қалай бекітеміз?

Көршіме бір сауал” ойынын ойнайық!

Берілген сұрау есімдігін қатыстырып

көршімізге сұрақ қояйық:

Кімнің, қайсымыз,

нешеуі, кімдермен,

нешеуден, кімсіздер,

қандаймыз.

Мысалы: Сен кімнің баласысың?

Жаңа сабақ:Өздік есімдігінің түрленуі


Бүгінгі жаңа сабақта «Өздік есімдігінің түрленуі» тақырыбы жайлы түсіндіремін. Өздік есімдігі.

Өздік есімдігіне әрқандай тұлғадағы өз деген бір ғана сөз жатады. өз есімдігі көбінесе тәуелдеулі, көптеулі, септеулі түрде қолданылады да, жіктеу есімдіктерінің немесе зат есімнің орнына қолданылады. Мысалы: менің өзім, сенің өзің, баланың өзі, т.б. Өздік есімдігі түбір түлғада зат есімді анықтап түрады. Мысалы: өз баласы, өз ісім, т.б.

Оқушылар, өздік есімдігі бізге өзінің түрленуі жайлы үш құпия жолдау жіберіпті. Құпия жолдаудың дұрыстығына жаттығулар арқылы көзімізді жеткіземіз.

Бірінші құпия:

Өз есімдігі тәуелденіп барып септеледі.“Қыз қуу” ойынын ойнайық!

Өздік есімдігінің септелу үлгісі:

Септік


қыз


жігіт


қыз


жігіт


Атау

Өзім




Ілік

Өзімнің




Барыс

Өзіме




Табыс

Өзімді




Жатыс

Өзімде




Шығыс

Өзіммен




Көмектес





Екінші құпия:

Өз есімдігітәуелденіп барып жіктеледі.

Өздік есімдігінің жіктелу үлгісі:


жақ



өзім



өзің



өзіңіз



өзі

I

Мен

Біз





II

Сен

Сендер

Сіз

Сіздер





III

Ол

Олар







Кейде өз есімдігі

өзі орнына жүретін жіктеу есімдігімен

немесе

зат есіммен де тіркесіп қатар жұмсалады

Мысалы:

Мен өзім айттым Сен өзің айттың

Сіз өзіңіз айттыңыз Ол өзі айтты

Біз өзіміз айттық Сендер өздерің айттыңдар

Сіздер өздеріңіз айттыңыздарОлар өздері айтты

Үшінші құпия:

Өз есімдігіменжасалған өз-өзінен, өзінен-өзі, өзді-өзі деген қос сөздер

дефис арқылы жасалады.

Өзімізді ширатып,

Жаттығайық, кәнекей!

Білгеніңді қолданар

Жаттығулар мінекей...

Өлеңдегі түсірілген сөздерді орнына қойыңдар:

Өзім – тәңірі, табынамын ...

Сөзім – құран, бағынамын ...!

Бұзушы да, түзуші де ...,

Енді, ескілік, келдің өлер ... !

Мағжан Жұмабаев.

Керекті сөздер: сөзіме, өзіме, өзіммін, кезіңе.

Мақал-мәтелдерді

сөйлем мүшесіне талдайық:

Хас сараң өз затын өзінен қызғанады.

Қорқақ өзінің көлеңкесінен де қорқады.

Өздік есімдігі қалай түрленіп тұр?

Балалар!Өлең патшалығына қош келдіңдер!

Өздік есімдігінің түрленуінеталдау жаса:

Сенбе жұртқа,

тұрса да қанша мақтап.

Әуре етеді ішіне қулық сақтап,

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар

Еңбегің мен ақылың екі жақтап.

Өздік есімдігінің емлесіне байланысты бүгін не білдің?

Өзіңе-өзің жүк артып,

Өмір деген тер төгу.

Бір нәрсеге құмартып,

Бір нәрседен жиіркену.

Білімді шәкірттерім!Ән патшалығына қош келдіңдер!

«Ән – көңілдің ажары»

Қалың ағаш жапырағы

Сыбдырласып өзді-өзі.

Көрінбей жердің топырағы

Құлпырып жасыл жер жүзі.

Бойында Арыстың

Өзіңмен таныстым.

Жайнаған гүлдей құрбым ең,

Жағада тұрдың сен.

Өнерлі шәкірттерім! Ойын патшалығына қош келдіңіздер!

+” белгісін тиісті жеріне қояйық!

Өздік есімдіктері


Тәуелденіп тұр


Жіктеліп тұр


Септеліп тұр


көптеліп тұр


Өзін





Өздері





Өзіңсің





Өзім






Жаңа сабақты бекіту.

  1. Өздік есімдігіне қандай сөз жатады?

  2. Өзісіздер есімдігі қандай тұлғада тұр?

  3. Өзіңмен қай септікте тұр?

  4. «Өз үйім - өлең төсегім» деген мақалда өздік есімдігі қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұр?

Үйге тапсырма: Өздік есімдігі бар бір мақал жаз.



















Жаңа материалды бекіту. Логикалық диктант

Өздік есімдігіне қандай сөз жатады? (өз)

Өзісіздер есімдігі қандай тұлғада тұр? (түбірі өз, -і -тэу. жал. IIIжағы, -сіз - жік. жал. IIжағы
(сыпайы түрі),
-дер -көп. жал.)

Өзіңмен қай септікте түр? (көмектес септікте)

4. "Өз үйім - өлең төсегім" деген мақалда өздік есімдігі қай сөйлем мүшесінің қызметін
атқарып тұр? (анықтауыш)

5. Өздік есімдігі бар бір мақал жаз.

Сабақтың қорытындысы:

Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.

Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

Үйге тапсырма: 201-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін:
Сөйлемдерді көшіріп жазып, жалпылау есімдіктерінің астын сызыңдар. Оның қай сөзбен
тіркесет

Жалпылау есімдгі.

Жалпылау, жинақтау мағыналарын білдіретін есімдіктің түрі жалпылау есімдігі деп аталады. Жалпылау есімдігіне бэрі, барлық, бар, барша, бүкіл, күллі, бүтін, түгел, тегіс

деген сөздер жатады. Мысалы: бар ойы—өлең айтып, ән салайық, т.б.

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жүмыстарын орындатамын. Алғашкы орындалатын тапсырма: 198-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Макал-мәтелдерді көшіріп жазыңдар. өздерің қалаған үш мақалдың мәнін ашып айтыңдар. өздік есімдігін тауып, олардың қандай тұлғада тұрғанын анықтаңдар.

Келесі тапсырма: 199-жаттығужұмысының орындалу шарты төмендегідей: Сөйлемдерді оқып, өздік есімдігінің қандай сөзбен тіркесіп түрғанын жэне мағыналық ерекшелігін айтыңдар. Қосымшалардың түрлерін анықтандар.

Келесі тапсырманы ауызша түрде орындатамын: 200-жаттығу жүмысының орындалу шарты мынадай: Оқып шығып, жалпылау есімдігін табыңдар.

Жаңа материалды бекіту. Логикалық диктант

Өздік есімдігіне қандай сөз жатады? (өз)

Өзісіздер есімдігі қандай тұлғада тұр? (түбірі өз, -і -тэу. жал. IIIжағы, -сіз - жік. жал. IIжағы
(сыпайы түрі),
-дер -көп. жал.)

Өзіңмен қай септікте түр? (көмектес септікте)

4. "Өз үйім - өлең төсегім" деген мақалда өздік есімдігі қай сөйлем мүшесінің қызметін
атқарып тұр? (анықтауыш)

5. Өздік есімдігі бар бір мақал жаз.

Сабақтың қорытындысы:

Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.

Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

Үйге тапсырма: 201-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін:
Сөйлемдерді көшіріп жазып, жалпылау есімдіктерінің астын сызыңдар. Оның қай сөзбен
тіркесетінін айтыңдар. .

Тексердім:



























57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 04.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров99
Номер материала ДВ-416213
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх