Инфоурок Другое Другие методич. материалы«Үздік құқықтанушы» сайысының әдістемелік жасалымы

«Үздік құқықтанушы» сайысының әдістемелік жасалымы

Скачать материал

Орал «Мақсат» медициналық колледжі.

 

 

                                                                                 Бекітілді

      Директордың тәрбие ісі

      жөніндегі орынбасары

       ________Коптлеу А.Б.

 

 

«Үздік құқықтанушы» сайысының

әдістемелік жасалымы

 

Мамандығы 0301000 «Емдеу ісі», 0302000 «Медбикелік іс», 0304000  «Стоматология».

 

 

ҚАРАЛДЫ:                                                                                          Дайындаған:

Жалпы білім беру, жалпыгуманитарлық

және әлеуметтік-экономикалық №1                                                  Мустафиева Э.Б.

әдістемелік циклдік комиссия отырысында                               

 

Хаттама № «20» ақпан 2017 жыл.

ӘЦК төрайымы                Мустафиева Э.Б.

 

     КЕЛІСІЛДІ:

     Колледж әдіскері:             Коцелл С.О.      

 

 

 

 

 

2017 жыл

 

«Үздік құқықтанушы» сайысы

Сайыстың мақсаты: Студенттердің құқықтық білімдерін жетілдіру, құқықтық білім әр адамның ісіне керек екенін ұғындыру, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, студенттердің ой-өрісін дамыту, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасауға үйрету, сөздік қорын молайту, студенттердің бойына құқықтық патриоттық, адамгершілік тәрбиені сіңіру.

Сайыстың әдісі: тест, сұрақ-жауап, эверестикалық тапсырмалар, эссе.

Сайыстың түрі: сайыс

Сайыстың көрнекілігі: слайд, заңдар, интерактивтітақта, ҚР Конституциясы

Өтетін орны: акт залы

Өткізілетін уақыты: 22.02.2017 ж.

Қатысатын топ: Ф-11, 13, Мі-11,13,15, Дт-11

Сайыстың жүру барысы:

1.Ұйымдастыру.

2.Мәлімет беру. Қазақтан шыққан ең алғаш кәсіпқой-заңгер- Ж.Ақпаев

Жақып Ақпаев

Ақбаев (Ақпаев) Жақып (1876-1934) - қазақтың тұңғыш құқықтанушы-заңгері, Алаш зиялысы, Алашорда үкіметінің мүшесі. Қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында туған. 1903 жылы Санкт-Петербор университетінің заң факультетін алтын медальмен бітірді. Мемлекеттік сынақ комиссиясында «Қазақтардың некелік құқығы» атты еңбегін түрмеде отырғанда аяқтап, 1907 жылы Орыс географиялық қоғамының Семей бөлімшесінің жазбаларында жарияланды. 1907-1927 жылдары аздаған үзілістермен Семей, Сырдария округтік губерниялық соттарында қызмет атқарды. Ресейдегі төрт өкімет тарапынан қуғын-сүргінге ұшырады. 1919 жылғы шілдеде ақ қазақтардың далалық соты атуға үкім шығарды. Қарқаралы, Семей, Омбы, Алматы түрмелеріне қамалып, әлденеше рет жер аударылды.

3.Сайыстың шарттары:

1.Іріктеу.

2.Шынығу.

3.Сен білесің бе?

4.Жалғасын тап.

5.Тосын жағдай.

6.Сөз шебері.

4.Сайысымызға қазылық жасайтын қазылар алқасын тағайындайық.

1. «Іріктеу» кезеңі. Бұл кезеңінде сайыскерлер тест сұрақтарына жауап беру қажет, әр дұрыс жауап бір ұпаймен бағаланады. Жоғары ұпай жинаған бес адам келесі кезеңге өткізіледі.

1. ҚР азаматы бола алады:

а) 3 жыл тұрғандар;

б) 5 жыл тұрғандар;

в) барлығы, кез келген адам.

2. ҚР азаматы басқа жерге қуылады, егер:

а) ауыр қылмыс жасаса;

б) шетел азаматы;

в) егер ол кісі елдің саясатын қолдамаса.

3. Неше жастан бастап үміткерлер ҚР Президенті болып сайлана алады?

а) 35

б) 40

в) 30

4. ҚР-ның Конституциясы неше бөлім, неше баптан тұрады?

а) 90 бап 19 бөлім

б) 98 бап 9 бөлім

в) 131 бап 21 бөлім

5. Азаматтығына дәлел құжат:

а) Куәлік, төлқұжат;

б) Студенттік билет;

в) Зейнетақы кітапшасы.

6. Құқықтық нормалар және ережелер кімдерге арналған?

а) Заңгерлер;

б) Халық;

в) Адам;

7. ҚР 1997 жылы 16 шілдеде қабылданған заңы?

а) ҚР Конституциясы

б) ҚР Азаматтық Кодексі

в) ҚР Қылмыстық Кодексі

8. Сенат депутаты неше жылға сайланады?

а) 7

б) 5

в) 6

9. «Бала құқығы туралы конвенция» неше баптан тұрады?

а) 56

б) 54

в) 55

10. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы:

а) Халық

б) Президент

в) Парламент

Сайыскерлердің ең төмен ұпай жинағаны ойыннан шығарылады.

2-кезең –«Шынығу» кезеңі. Әр сұрақ бойынша жасырын сөздерді табу.

·        Двакато - азаматтар мен ұйымдарға заң мәселелері бойынша консультациялар мен түсініктемелер, заңдар жөнінде анықтама береді.

·        Иваз – әр мемлекеттің аймағына кіруге және шығуға немесе өтуге берілетін рұқсат.

·        Инзцялеи – мемлекет құзырлы органның  экспорттық не импорттық тауарларды әкелуге немесе әкетуге, сондай-ақ патентке өнертапқыштыққа тауар белгісін пайдалануға беретін арнайы рұқсатнама.

·        Енцрауз –бұқаралық ақпарат құралдарының және оларда жарияланатын кейбір материалды немесе мәліметтермен деректі шектеу не тыйым салу.

·        Цакия –бағалы қағаз.

·        Аңзегр –арнайы заң оқу-орындарының құқықтану немесе заңтану саласын бітірген маман.

·        Лауйса – әр 18 жасқа толған азаматқа берілетін таңдау құқығы.

·        Тиционкстуя – мемлекеттік құрылыс негіздерін мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын негізгі заң.

Дұрыс жауаптары:

·        Двакато –адвокат

·        Иваз –виза

·        Инзцялеи –лицензия

·        Енцурауз –цензура

·        Цакия –акция

·        Аңзегр –заңгер

·        Лауйса - сайлау

·        Тиционкстуя - Конституция

Сайыскерлердің ең төмен ұпай жинағаны ойыннан шығарылады.

3-кезең «Сен білесің бе?» деп аталады. Бұл шартта сұрақтардың дұрыс немесе бұрыс екендігі анықталады. Сұрақтар «Бала құқығы туралы» конвенциядан алынады.

·        1. «Бала құқығы туралы» конвенцияны 1989 жылы 20 қарашада БҰҰ-ның Бас ассамблеясы қабылдады.

                                                                Ж: Дұрыс

·        2. 18 жасқа толған жеткіншек бала деп саналады.

                                                                Ж: Бұрыс

·        3. Мемлекет баланы зорлық-зомбылықтың барлық түрінен қорғауға оның құқығын қорғауға тиісті шараларды қолдануға міндетті.

                                                                 Ж: Дұрыс

·        4.Әрбір бала өмір сүру құқығына ие.

                                                                 Ж:Дұрыс

·        5.Бала дүниеге келген соң өзіне есім алуға құқығы жоқ.

                                                                Ж: Бұрыс

·        6. Бала қандай шекара болсын өз ойын ашық жеткізуге, ақпарат алуға, ақпарат таратуға құқықсыз.

                                                                Ж: Бұрыс

·        7. Конвенцияның 18-бабында ата-ана жауапкершілігі туралы айтылған.

                                                                 Ж:Дұрыс

·        8. Заң бұзған бала өзінің ар-намысын, тұлғалығын оятатын, дамытатын лайықты ілтипат алуға құқықсыз.

                                                                Ж: Бұрыс

Сайыскерлердің ең төмен ұпай жинағаны ойыннан шығарылады.

4-кезең – «Жалғасын тап» деп аталады.

·        Тура биде туған жоқ,

         (Туғанды биде иман жоқ)

·        Дау мұраты...

           (біту)

·        Жігіттің құны –жүз жылқы,

           (ары- мың жылқы)

·        Қылмыскер кісіден қорықпайды,

           (ісінен қорқады)

·        Заңның құрығы

             (бәрінен ұзын)

·        Әділ істің ...

           (арты игі)

·        Сөз шынына тоқтайды,

           (Пышақ қынына тоқтайды)

·        Атаның баласы болма,

           (Адамның баласы бол)

Ең төмен жинаған сайыскеріміз ойын алаңын босатады.

5-кезең «Тосын жағдай» деп аталады. Эверестикалық тапсырмаларға жауап берейік.

1-тапсырма:

·        Сыныптастарының туған күнін атап өткен 10-сыныпта оқитын мектеп оқушылары түн ортасында тұрғын үйлердің ауласында би кешін ұйымдастырды. Музыканың үні мен шулаған оқушылардың айқай-шуынан тұрғындар ұйқыларынан оянып, шуды тоқтатуды өтінген. Тұрғындардың өтінішіне құлақ аспаған олар полиция қызметкерлері келгенше биді жалғастыра берді.

Сұрақ:

1. Мектеп оқушылары қандай құқықбұзушылыққа жол берді?

2. Оларды жауапкершілікке тартуға негіз бар ма?

3. Әкімшілік жазаны қалай қолдануға болады?

2-тапсырма:

·        Аудандық IIБ-не 8-сынып оқушысының ата-анасынан арыз түседі. Онда 11-сынып оқушысы С. өзінен төменгі сыныптағы балаларды қорқытып, ақша, бағалы заттарын алып қоятынын мәлімдеген. Осындай тінту, күш көрсетудің нәтижесінде баласының соққыға жығылғанын жазады.

Сұрақ:

1. С-ның әрекетін заң тұрғысынан қалай бағалауға болады?

2. Жауапкершілікке кімді тартуға болады?

3. Зиян қалай өтеледі?

3-тапсырма:

·        Қарттар үйінде екі жылдан бері тұрып жатқан Ахмет атай өзі қайтыс боларының алдында өсиет жазып қалдырады. Онда өзінің барлық қаржысы мен тұрғын үйін қарттар үйінде жәрдем көрсеткен мейірбикеге қалдыруды жөн көреді. Қарт өзінің соңғы тілегін қағазға түсіру үшін мекеменің бас дәрігерін шақыртып, қол қоюды өтінген. Дәрігер растап, қол қояды. Жерлеу рәсімінен кейін шетелде тұратын баласы өсиеттің заңсыз екендігін айтып, мұраны беруден бас тартады. Мейірбике сотқа шағымдануға мәжбүр болады.

Сұрақ:

Ахмет атаның жасаған өсиетінің заңдық күші барма?

Мұраны кім алуға құқылы?

4-тапсырма:

·        Соңғы кезде Парламент 16 жасқа толмағандарға темекі, спирт ішімдіктерін сатуға тыйым салу туралы заң жобасын енгізді.

 Сұрақ:

1.     Сенің көзқарасың?

2.     Кәмелетке толмағандардан өндіріп алынуы тиіс айыппұл кімдерден алынады?

5-тапсырма:

·        Парламент депутаттығына кандидат сайлау өткізілетін күні үгіт жүргізді.

 Сұрақ:

Кандидаттың мұндай іс-әрекеті заңға сәйкес пе?

Сайлау уақытында анонимдік үгіт материалдарын тарату мүмкін бе?

6-тапсырма:

·        2002 жылғы наурызда азаматтар Беркімбекова мен Имантаев үйленгілері келді. Олар ата-аналарының талабы бойынша бір айдан кейін мешітте некелерін қиды. Олар ата-аналарымен кеңесіп, некеміз қиылған және АХАТ органдарында мемлекеттік тіркеуден өтудің қажеті жоқ деп есептеді. Беркімбекова бір жылдан кейін күйеуімен жанжалдасу салдарынан некелерін бұзғысы келді. Алайда АХАТ органы некені тіркеу жөніндегі куәлігін көрсетуді талап етіп, оның некені бұзу туралы арызын қабылдамады.

Сұрақ:

АХАТ органы дұрыс істеді ме?

Лауазым иелерінің іс-әрекетіне баға беріңдер.

7-тапсырма:

·        Алматы қаласының тұрғыны Тохтахунов «Иегов куәлары» деген діни сектаға қатыса бастады. Арада біраз уақыт өткенде оған 12 жастағы ұлы Фархатты да тартты. Әйелі бастапқыда бұған онша мән бермесе де, бірақ күйеуі Фархатқа бірнеше сағат намаз оқытып, діни әдебиеттерді оқуға күштегенде мазасыздана бастады. Әйелінің бұл ренішінен тиісті нәтиже шықпады. Бір айдан кейін әкесі баласын мектепке жібермей қойды. Баласының тағдырына алаң болған анасы заңгердің көмегіне жүгінді.

Қалыптасқан жағдайды шешіп көріңіз.

 Сұрақ:

1.     Әкесі Фархаттың қандай құқығын бұзып отыр?

2.     Некелік-отбасылық заңда ата-аналардың өз балаларының құқықтарын бұзғаны үшін оларды жуапкершілікке тарту көзделген бе?

8-тапсырма:

·        9-сынып оқушылары Марат пен Денис жазғы демалыс кезінде ақша тапқысы келді. Оларды жүк тасушылыққа жұмысқа алды.

Сұрақ:

1.     Жұмыс берушінің шешімі дұрыс па?

2.     Еңбек заңын бұзудың қандай мысалдарын атай аласыңдар?

 

6-кезең

«Сөз шебері». Бұл шартта сайыскерлер таңдаған еркін тақырыптары бойынша өз ойларын ортаға салады.

·        Ішімдік ішу–ұлт болашағына зиян.

·        Президент–лауазымды тұлға.

·        Адам құқықтары Конституцияда.

·        Қазақ халқының дәстүрлі құқығы.

·        Жаза және тәрбие.

·        Ата-аналардың міндеттері мен құқықтары.

 

5. Сайысты қорытындылау: марапаттау

 

                       

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Үздік құқықтанушы» сайысының әдістемелік жасалымы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Системный аналитик

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 021 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.02.2019 587
    • DOCX 801.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мустафиева Эльмира Бакытовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мустафиева Эльмира Бакытовна
    Мустафиева Эльмира Бакытовна
    • На сайте: 5 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2869
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 483 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Мини-курс

Figma: основные принципы дизайна и композиции

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 106 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Управление проектами: концепции, практика и финансы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Басня как педагогическая технология

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе