Выдаём удостоверения и дипломы установленного образца

Получите 5% кэшбэк!

Запишитесь на один из 793 курсов и получите 5% кэшбэк стоимости курса на карту

Выбрать курс
Инфоурок Классному руководителю КонспектыҮздік топ жетекшісі байқауы

Үздік топ жетекшісі байқауы

Скачать материал
библиотека
материалов

«Үздік топ жетекшісі» байқауы



I.Жүргізуші

Қайырлы күн, құрметті қонақтар мен көрермендер!

II.Жүргізуші

Армысыздар, жиналған қауым.



1 - жүргізуші: Сан ғасырға татып білім бұлағы

Өткізген еді, талайлардың сынағы

80 жылдық тарихы бар шаңырақ

Үздіктердің үздігі боп тұр әні


ІІ жүргізуші: Әр жүректе достардың сыры тынды

Әрбірінің жүзінде нұры тұрды

Мамандықтың түрлісін таңдағанда

Болашаққа жалғағандай үмітіңді


1 - жүргізуші: Жиылған қауым, армысыздар, бәріңіз,

Келіп жетті көптен күткен салтымыз.

Бірге болып қуанышта бәріңіз,

Бізбен бірге шаттық әнін салыңыз.


2 - жүргізуші: Байқау келді, баршамызды,қуантып

Байқау келді, той думанды тербетіп.

Бүгінгі күні алтын нұрын шашады,

Жердің жүзін шұғылаға батырып.

I.Жүргізуші

Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,

Жеміс күткен гүл ашпаған бақшадан.

Жігерің мен талантыңды жұмсамай,

Оңай боп па, тәрбиелеу жақсы адам.

Осы жолдың қиясы мен өрі бар,

Сүріндірер қиын өткен жолы бар,-дей келе бүгінгі

«Үздік топ жетекшісі-2013» байқауын

тамашалауға қош келдіңіздер!

II.Жүргізуші

Топ жетекшісі міндеттерінің көлемі өте ауқымды, әрі қуаныш пен жеңістен гөрі қобалжу мен қиындықтарға толы. Дегенмен де колледжімізде топ ұжымының іс-әрекетін басқаратын одан қызық, одан жемісті жұмыс жоқ деуге болады. Топ жетекшісі болу-бұл педагогикалық қарым-қатынасты, ынтымақтастықты жүзеге ысыру, өзінің әрбір тәрбиеленушісіне қажет болуға талпыныс және адам тәрбиелеудегі кішігірім жетістіктер мен үлкен жетістіктер қуанышы.


I.Жүргізуші


Мақсаты: Тәрбиенің кешенді бағдарламасын жүзеге асыру, шығармашылықпен жұмыс жасайтын топ жетекшілерін анықтау, жас ұрпақты тәрбиелеу әдістерімен педагогикалық ұжымды таныстыру.

II.Жүргізуші


Тәрбие жұмысының беделі мен маңызын,құндылығын арттыруда жоғары кәсіби қабілеті қалыптасқан, шығармашылықпен айналысатын топ жетекшісінің тәрбие жұмыстарын жүргізудегі жұмысын жетілдіру
I.Жүргізуші


Өз ісіне шебер, үйренері мен үйретері көп, білімді де, білгір, жаңа ойшыл топ жетекшілер өз орталарынан суырылып шығып, сынға түскелі отыр.Үйде аяулы ана, асыл жар, сүйікті қыз, асыл әке отбасының тірегі, жігіттің султаны колледжде шәкіртке сыйлы ұстаз бола білген, бүгінгі байқауымызға қатысқалы тұрған топ жетекшілеріне сәттілік тілей отырып ортаға шақырайық.


II.Жүргізуші

22 «Аспаз» Медеубаева Айнұр Райымбайқызы

12 «Газбенэлектрмен дәнекерлеуші» Досанов Нұрсұлтан Едігеұлы

23 «Жылжымалы құрамдарды жөндеу слесары» Жақсылықова Әйгерім Кеңісқызы

24 «СОБ электромонтері» Раймбердиев Мейрамбек Темірханұлы

30 «Теміржол станциясының кезекшісі»Әліпбаева Фариза Жанәбілқызы

32 «Жол бригадирі» Досекеева Гүлжанат Маратқызы

9 «Вагондарды қараушы»Таңжанов Ақылбек Мәлікұлы

31 «СОБ электромонтері» Оңдағанов Мейірбек Шаймырзаұлы

29 «Жылжымалы құрамдарды жөндеу слесары»Сисенова Зинат Нұрланқызы

14 «СОБ электромонтері»Іскендірова Айгүл Тәуірбайқызы


I.Жүргізуші

Қазылар орнықтылар әділдікті
Кімдердің жауаптары әділ шықты.
Білім мен тапқырлықтың сайысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты-
деп сайыс барысында баға беретін қазылар алқасымен таныс болайық.


II.Жүргізуші


1.Қазылар алқасының төрағасы Қазалы көлік-техникалық колледжі директоры Ахметов Болатбек Әбиұлы

2. Қазалы аграрлы- техникалық колледжі директорының оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Мусаев Арман Қонысбайұлы

3. Қазалы ауданындағы Сәкен Сейфулин атындағы №165 қазақ орта мектебінің директорының оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Балкембаев Сағынтай Әлжанұлы

4. Қазалы көлік-техникалық колледжі директорының оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Күзембаева Гүлнар Алпысбайқызы

I.Жүргізуші

Тарқалмасын қызықтың шағы қызған,
Жана берсін бақ арт ып бағыңыздан.
Құрметпенен ұсындық сізге сөзді
Ақтарылып көріңіз ағыңыздан!, дей келе

колледжіміздің басшысы, қазылар алқасының төрағасы, аудандық маслихат депутаты, аудандық «Нұр- Отан» фракциясының жетекшісі, жастар жанашыры Ахметов Болатпек Әбиұлын ортаға шақырамыз

I I.Жүргізуші


Ал, келіңіздер, келіңіздер
Дарындарыңызға сеніңіздер
Өнерлеріңізге сүйеніп
Сайысқа қатысып көріңіздер!- сайыскерлеріміз бен көрермендерге сайыстың жүру барысын таныстырып өтейік.

I.Жүргізуші


1. Таныстыру (портфолио технологиясы арқылы)

Кәсіби біліктілігі:

а) сабақ үрдісіндегі;

б) тәрбие сағатындағы;

в) қоғамдық жұмыстардағы;

Өз білімін көтеру жолдары:

а) жаңа технологияны енгізу жолдары;

б) баспасөз беттерінде;

в) оқушылармен жеке жұмыс істеу формалары

2. Шығармашылық жұмыс ( еркін тақырыпта панорамалық сабақ көрсету - 10минут )

3. «Өнерім - өшпес қазынам» ( өз өнерін көрсету - 5 минут)

4. «Менің жетістігім...» көрмесі (топ жетекшісінің тәрбие жұмысындағы құжаттар жинағы - 5 минут )


Топ жетекшілеріне өз жұмысын таныстыру үшін стол қойылған, қазылар

алқасы топ жетекшісінің жұмысымен жақынырақ барып танысуына болады.

5. Ситуациялық жағдаят

(оқушы мен мұғалім, ата-ана мен мұғалім арасындағы байланыс )

6. Тест сұрақтары ( педагогика және психология пәндерінен - 20 минут)


I I.Жүргізуші



Құрметті байқауға қатысушылар және қазылар алқасы осы шарттар бойынша сайыскерлердің 10 балдық жүйе бойынша бағаланатынын назарларыңызға саламыз


I.Жүргізуші


Ақыл керек білім таңдап аларға
Білім керек іске жақсы қарарға.
Ақыл шырақ, қараңғы түнді ашатын
Білім-жарық, нұрын әлемге шашатын
Біліктіні тыңда – ақыл бұлағы
Білімді сөз-шырын жанның құнары.
Тәрбиесіз бала ұғар ма?
Олай болса уысыңнан шығарма.
Тартар күйік ет кескендей етінен
Қатал тәртіп көрсе бала күнінде,
Өнерімен қуантады түбінде.


I I.Жүргізуші


Халық даналығы –тәрбие мәселелері бойынша халық дәстүрлері мен әдет –ғұрыптарының жиынтығы. Тәрбие –жастарды әлеуметтік өмірге, еңбекке даярлау және қоғамдық тәжірибені үйрету үрдісі. Халық даналығында тәрбие және оқытуды екі жақты бір текті, яғни, тұтас педагогикалық үрдіс деп қарайды. Халық педагогикасы -бұл ұлттық қазына .

I.Жүргізуші


Халық педагогикасы – қазақ халқының сан ғасырдан бергі ата –бабадан қалған, ұрпақтан -ұрпаққа өлмес мирас, өмірлік мұра болып келе жатқан тәрбие жөніндегі, баланы бағып –қағып, өсіріп, азамат етіп шығару мәселесі туралы жинақталған іс –тәжірибесі. Осының дәлелі ретінде ата- бабаларымыздың қасиетті қара шаңырағынан сайыскерлеріміз жеребе бойынша реттілік сандарын таңдайды. ( Қазақша киіммен қыздар)

I I.Жүргізуші

I №22 «Аспаз» Медеубаева Айнұр Райымбайқызы

II №12 «Газбенэлектрмен дәнекерлеуші» Досанов Нұрсұлтан Едігеұлы

I №23 «Жылжымалы құрамдарды жөндеу слесары» Жақсылықова Әйгерім Кеңесқызы

II №24 «СОБ электромонтері» Раймбердиев Мейрамбек Темірханұлы

I №30 «Теміржол станциясының кезекшісі»Әліпбаева Фариза Жанәбілқызы

II №32 «Жол бригадирі» Досекеева Гүлжанат Маратқызы

I №9 «Вагондарды қараушы»Таңжанов Ақылбек Мәлікұлы

II №31 «СОБ электромонтері» Оңдағанов Мейірбек Шаймырзаұлы

I №29 «Жылжымалы құрамдарды жөндеу слесары»Сисенова Зинат Нұрланқызы

II №14 «СОБ электромонтері»Іскендірова Айгүл Тәуірбайқызы


I.Жүргізуші


Айтып арман мақсаттарын көздеген 
Таныстырып өзін көркем сөзбенен
 
Әр сайыскер дәлелдейді тап қазір
 
Артықтығын өз басын өзгеден,- дей келе,топ жетекшілер

Портфолио технологиясы арқылы өзін таныстырады

I.

I I.Жүргізуші



1. Шеттерінен жігер оты лаулайтын
Білімімен шәкірттерін баулытын.
Биік қойған парасат пен тәлімді-
Мәртебелі ұзтаздықты таңдайтын

Ортаға 1 номерлі ....................... ................................шақырамыз


I.Жүргізуші


Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол – кемел ұстаз деп Ушинский айтқандай

Ортаға 2 номерлі....................... ................................шақырамыз

I I.Жүргізуші


Мектеп қабырғасындағы балаларға адамгершілік, имандылық тәрбиесін беру біздің оқыту үрдісіміздің ең басты рөлі болуы тиіс деп Амонашвили айтқандай


Ортаға 3 номерлі ....................... ................................шақырамыз


I.Жүргізуші



Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім деп Ғабит Мүсірепов айтқандай

I I.Жүргізуші


Ортаға 4 номерлі ....................... ................................шақырамыз

I.Жүргізуші

Даналықтың данышпаны атанған Абай Құнанбаев

I.Жүргізуші



Адамның адамшылдығы... жақсы ұстаздан болады депті ендеше

Ортаға 5 номерді таңдаған ....................... ................................шақырамыз


I I.Жүргізуші


Ыбырай Алтынсарин атамыз айтқандай

Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі.

Ортаға 6 номерлі ....................... ................................шақырамыз


I.Жүргізуші

Ұстаз... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі...,өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ..., жұрттың бәріне... жақсылық сыйлайтын ержүрек болуы керек.

Ортаға 7 номерлі ....................... ................................шақырамыз


I I.Жүргізуші

Ұстаз еңбегі – ұлы еңбек. Сондықтан да ұлы ақын Абайдың:

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуден балаға, - деп айтуында терең мағына жатыр.


Ортаға 8 номерлі ....................... ................................шақырамыз


I.Жүргізуші

Білімнің кәусар бұлағын

Жүресің құйып санама

Біз үшін сенсің, мұғалім,

Ұстаз да, ғалым, дана да.

Ортаға 9 номерлі ....................... ................................шақырамыз

I I.Жүргізуші

Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

Дей келе ортаға 10 номерлі ....................... ................................шақырамыз

Ендеше Таныстыру шарты бойынша қазылар алқасынан бағасын сұраймыз

I.Жүргізуші


II. Пікірлесіп көрейікші біз ашық,
Даурықпайық, берекесіз шуласып.
Жүгінейік ақиқатқа әрқашан,
Дос көңілмен ақтарыла сырласып.


I I.Жүргізуші


Бәрімізді бей - жай қылған тақырып,
Сырласайық ой - теңізін сапырып.
Батыл болсын, анық болсын пікірлер.
Сөз маржаны жатсын тыңнан атылып - деп сайысымыздың келесі кезеңі

Шығармашылық жұмыс шарты бойынша еркін тақырыпта панорамалық сабақ көрсетеді


Ендеше Шығармашылық жұмыс шарты бойынша қазылар алқасынан бағасын сұраймыз



III

I.Жүргізуші

Өнер-ердің қанаты

I I.Жүргізуші

Өнер алды бірлік

I.Ж Ырыс алды тірлік

I I.Ж Өнер жұтамас қазына

I.Ж Өнер көзі халықта

I I.Ж Өнер сыры өрнекте

I.Ж Өнер табу- өрге шабу

I I.Ж Өнер алды қызыл тіл

I.Ж Өнер өлгенше жолдас

I I.Ж Өнер алды құштарлық

I.Ж Өнерлі бала сүйкімді

I I.Ж Өнерліге өлім жоқ дегендей- байқауымыздың келесі шарты«Өнерім - өшпес қазынам»

5. Ұлтымыздың алтын кені болып табылатын сабақ үрдісінде шығармашылықпен жұмыс істейтін бала үшін әрбір сабақ оның дүниетанымын қалыптастырып қана қоймай, олардың жеке тұлға болып өсуіне бағытталуы тиіс.

Осы орайда тәрбиенің мақсаты қазіргі өмірге сай бейімделген, бойындағы бар күш – қуаты мақсаттарға бағытталған, өзінің әлеуметтік кәсіби бағдарламаларын айқындауда ішкі ресурстарын басқара алу мүмкіндігі жоғары , санасында жаңа рухани түйсік қалыптасқан, ұлттық мінез-болмыстар мен адамзаттық құндылықтарды бойына жинақтаған, әлемдік бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.




«Менің жетістігім...» көрмесі (топ жетекшісінің тәрбие жұмысындағы құжаттар жинағы - 5 минут )


Топ жетекшісіне өз жұмысын таныстыру үшін стол қойылған, қазылар

Алқасы топ жетекшілерінің жұмысымен жақынырақ барып танысуына болады.





5. Ситуациялық жағдаят






Қане достар пікірлесіп қарайық,
Қилы - қилы ойды ортаға салайық.
Сан - салалы асыл ойлар тоғысып,
Толғандырған жайды шешіп алайық.

Талас тусын жарқын ойлар жарқылдап,
Шағылыссын найзағайдай шартылдап.
Бойда қайрат, алда арман шақырған,
Қолдан әсем жалын атқан жастық шақ – дегендей сайысымыздың келесі кезеңін бастайық.
Топ ұжымымен, жалпы баламен жұмыс жасау барысында кездескен психологиялық жағдаяттардан шығу тапқырлығы мен ақылдылығын сынайтын сәт те келіп жетті.

Ситуациялық сұрақтар:
1. Сіз сабақты слайд түрінде дайындап келдіңіз. Оны бір оқушы интерактивті тақтаны қосамын деп жүргенде бәрін өшіріп алады, не істер едіңіз?

2. Үй жұмысын тексеру үшін дәптер жинап алдыңыз. Бір оқушы дәптеріне сіздің суретіңізді салып мазақ етіп жазып қойған. Не істер едіңіз?

3. Бір оқушыға мықтап ұрысып алдыңыз. Ал ол үйіне барып апай басымнан ұрды деп
шағым айтып, ата - анасын ертіп әкелді. Сіздің әрекетіңіз қандай?


4. Бір оқушы журналды бүлдіріп тастайды. Сіз әрине мықтап сөгіп алдыңыз. Сізді сол күні кешке қонаққа шақырады, жаңағы оқушы да сол үйге атасымен еріп келген. «Ата, мынау менің апайым, бүгін маған ұрысты» деп есіктен кірер кірместен айқайлап жібереді? Сіз өзіңізді қалай ұстар едіңіз?



5. Сіз сыртқа шығып кеткен кезде, сіз жаңа ғана ақыл айтып, тоқтау салған оқушы сөмкеңізге бақа салып қояды. Сіз білмей сумкаңызды (портфеліңізді))ашып қалған кездегі жағдай. Не істер едіңіз?



6. Мұғалім сабаққа кірген кезде, тақтадан өзінің карикатурасын көреді. Балалардың ойынша мұғалім кінәлі оқушыны іздеп, сабақ өткізбейді. Не істеу керек?


7.
Ата-аналар кеңесуге мұғалімге келді. Олардың 13 жасар қызы өте көп оқиды, үлгерімі жақсы, соңғы кезде қыз бен ата-ана арасында кейбір мәселелер туындап жүр. Ескертулерге қыз: - сендер мені жақсы көрмейсіңдер, үйден кетемін, - дейді. Ата-ана бұдан қорқып, қыздың барлық жағдайын жасайды. Ол жиі қайталанып жүр. Ата - анаға кеңес.

8.Сіз кешкілік досыңыздың туған күнін атап өту үшін мейрамханаға бардыңыз. Қайтып келе жатқанда мейрамхана жанында,сізді бөгде адам иығыңыздан түртіп шылым сұрады , бұрылып қарасаңыз сіздің үздік оқушыңыз болып шықты ,сіздің сол кездегі әрекетіңіз.


9. Сабақ барысында бір оқушы ұялы телефонымен әуре болып, музыка тыңдап , сабақ өтуге мүмкіншілік бермей кедергі жасап отырды, бірнеше рет ескертініңізбен қояр емес, ол оқушыға қандай шара қолданасыз.

10. Біздің колледжде бірыңғай теміржол формасын кию үрдісі қалыптасқан, алайда сіз жетекшілік ететін топ оқушылары сізге қарсылық корсетіп, тәртіпке бағынбайды, сіздің сол кездегі әрекетіңіз.



1.Тест сұрақтары ( педагогика және психология пәндерінен - 20 минут)
Нәтижесін айту. Қазылар алқасына беру


Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін әділ қазыларға берейік.
Арамызда білімді жастар көп екен,
Байқаудың біз нәтижесін көрейік. – деп бүгінгі сайысымыздың да өз шешімдерін шығарғанша «ән - шашуға» кезек берейік.



Қоштаспаймыз алда әлі сайыс бар,

Сайыста жеңіс пенен жеңіліс бар

Біздерміз ғой өмірге қанат қақтырар

Ал, ағайын сау-саламат болыңыздар –дей келе сіздерге тамашалағандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!






































  • Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
    Пожаловаться на материал
Курс повышения квалификации
Скачать материал
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Общая информация
Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Организация работы с одаренными детьми в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация образовательного процесса для обучающихся с ограниченными возможностями здоровья»
Курс повышения квалификации «Организация проектно-исследовательской деятельности учащихся в рамках реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Оказание первой помощи детям и взрослым»
Курс повышения квалификации «Сетевые и дистанционные (электронные) формы обучения в условиях реализации ФГОС по ТОП-50»
Курс повышения квалификации «Управление конфликтами в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Система работы специалистов ОО по подготовке учащихся старших классов к сдаче экзаменов»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогическая диагностика в современном образовательном процессе»
Курс повышения квалификации «Основы педагогического дизайна»
Курс повышения квалификации «Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Экзаменационный стресс как частая проблема педагогов и учащихся и пути ее решения»
Курс повышения квалификации «Профориентация школьников: психология и выбор профессии»
Курс повышения квалификации «Техники креативного мышления как инструмент формирования общих компетенций по ФГОС»
Курс повышения квалификации «Инструменты и методы воспитания российской гражданской идентичности согласно ФГОС»

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.