Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / Өзен шаянының құрылысының ерекшеліктері (7 сынып)

Өзен шаянының құрылысының ерекшеліктері (7 сынып)

  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

Биология 7 сынып

Сабақтың тақырыбы: Өзен шаянының құрылысының ерекшеліктері. Қоректенуі, тыныс алуы, көбеюі.

Білімділік мақсаты: Шаянтәрізділер класс өкілдерінің өзіне тән ерекшелікері, қоректенуі, тыныс алуы, көбеюі жөнінде түсінік.

Дамытушылық міндеті: Басқа жәндіктердің құрылыс ерекшеліктерімен салыстыра отырып талдауға дағдыландыру.

Тәрбиелік міндеті:Бір-бірімен ой бөлісу, пікірін тыңдай білуге баулу.

Көрнекілігі: Өзен шаянының ішкі құрылысының сызбанұсқасы.

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру

А)Оқушыларды түгелдеу.

Ә)Сабаққа назар аударту.

ІІ. Үй тапсырмасы:

  1. Буынаяқты жәндіктер үшін хитинді жабынның маңызы қандай?

  2. Хитинді жабынның ерекшелігі, қызметі қандай?

  3. Өзен шаянының дене құрылысы неше бөліктен тұрады?

  4. Баскөкірек бөлімінде қандай мүшелері орналасқан?

  5. Құрсақ бөлімінің ерекшелігі?

  6. Өзен шаянының қандай сезім жүйелері дамыған, олар қайда орналасқан?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Қоректенуі: Шаянның аузының айналасында үш жұп жақ және қысқыштарына тақау үш жұп жақаяқтары болады. Шаян қорегін жақаяқтарымен қармап, жақтарымен ұсақтайды. Шаянның аузы хитинмен қапталғандықтан, ашылмайды да, ұсақталған қоректі бірден жұтады. Қорек кеңдеу келген қысқа өңешке, одан екі бөліктен тұратын қарынға түседі, оың біреуі – күйіс қарын, екіншісі – сүзгілі қарын. Күйіс қарында хитинді тісшелер болады, қарынның қабырғасы жиырылған кезде тісшелер жұтылған қоректі ұсақтайды. Қорек одан әрі сүзгілі қарынға түсіп, ондағы хитинді өскіншелер арқылы сүзіледі де, ортаңғы ішекке қарай жылжиды. Ортаңғы ішекке асқорыту безі – бауырдың өзектері ашылады, асқорыту безінің сөлі сол өзектер арқылы ішекке құйылады. Осы сөлдің әсерінен қорек толық қорытылып, еритін затқа айналады да, ішек қабырғасына және бауырға сорылып, қанға өтеді. Қоректің қорытылмай қалған қалдығы артқы ішекке барады да, одан аналь тесігі арқылы сыртқа шығарылады.

Ауыз – өңешке – қарынға (І күйіс қарын, ІІ сүзгілі қарын) – ішекке – аналь тесігі.

Тыныс алуы. Шаян баскөкіректің екі бүйіріндегі екі желбезек қуысындағы нәзік өскіншелер – желбезектер арқылы тыныс алады. Баскөкіректің астыңғы жағындағы саңылаудан су дене қуысына өтіп, желбезекке дейін барады. Желбезек арқылы қанға оттегі өтіп, қаннан көмірқышқыл газы суға бөлінеді.

Қантарату. Шаянның қанайналымы арқа жағын ала орналасқан жүрек пен қантамырлар – салатамыр арқылы жүзеге асады. Тамырлардағы қаннан жүрек қимылға келеді, сөйтіп, қантамырлар соғады. Жүрек – пішіні бесбұрышты кішкене қалта, оған дене қуысындағы түссіз қан тікелей келіп тұрады. Жүрек жиырылған кезде қанды салатамырларға айдайды да, қан салатамырлардан ішкі мүшелер аралығына барады. Қан ішекте қорытылған қоректі, желбезек арқылы оттегін қабылдап, зәршығару мүшелерін сүзіп өтіп, оларға оттегі мен қорек жеткізеді де, мүшелердегі көмірқышқыл газды желбезекке және бөлінген сұйық өнімді зәршығару мүшелеріне алып кетеді.

Зәршығару. Шаян екі жасыл без арқылы зәр шығарады. Жасыл бездер – сыртқа шығаратын өзекшелері бар дөңгелек қалташалар. Осы бездерден бөлінген сұйық өнім қанға барып, тамыр қабырғаларынан сүзіледі де, еріген заттар сыртқа төгіледі.

Жүйке жүйесі және сезім мүшелері. Шаянның жүйке жүйесі өте күшті дамыған жұтқыншақүсті және жұтқыншақасты жүйке түйіндерінің бірігуінен «ми» түзіледі. Көз және мұртшаларды – жұтқыншақүсті, ал ауыз мүшелерін жұтқыншақасты жүйке түйіндері қамтамасыз етіп, жұтқыншақ айналасындағы сақинаға айналады.

Сипап сезу және иіс сезу мүшелерінің қызметін атқаратын бір жұп ұзын мұртша тепе – теңдік, ал бір жұп қысқа мұртша есту мүшелерінің қызметін атқаратын.

Көру мүшесі – баскөкіректің алдыңғы бөлігінде қозғалмалы сабақшада екі көз болады. Мойны жоқ болса да денесін бұрмай – ақ айналасындағыларын толық көре алады.

Көбеюі. Өзен шаяны – дара жынысты жәндік. Аналығының – құрсақ бөлігі, аталығының баскөкірек бөлігі жалпақ болатындықтан, бірінен – бірін сырттай ажырату оңай. Аналық шаян қыс соңында 60, кейде 500 – 600 жұмыртқа салады, шаянның жұмыртқасы уылдырық деп аталады. Ұрықтанған уылдырықтар жабысқақ болады да, аналық шаянның құрсақ бөлігіндегі аяқтарына жабысып, жұмыртқадан жаңа шыққан жас шаяндар да алғашқы кезде сонда тіршілік етеді. Жас шаяндар хитинді жамылғысын мезгіл – мезгіл алмастырып, түлеп отырады.

ІҮ.Бекіту тапсырмалары

1. Стандартты деңгей Шаянтәрізділер класына 5 сұрақ қойылады

1. Шаяндардың асқорытуына қысқаша сипаттама.

2. Шаяндардың тыныс алуы қалай жүреді?

3. Қан айналым жүйесі қалай жүреді?

4. Шаянтәрізділер үшін сауыттың қандай маңызы бар?

5. Өзен шаянының қандай мүшелік жүйелері болады?

2. Зерттеушілік деңгей. Шаян макетімен, суретті плакатпен жұмыс.

Суреттен шаянның сыртқы құрылысының бөлімдерін ата.

1. Баскөкірек – 2 ұзын мұрша, екі қысқа мұрша, көзшелері, ауыз қуысы

2. Құрсақ – алты бунақты болып келеді. Оған құйрық жүзбеқанаты жалғасады.

3.Салыстырмалы деңгей.

1. Шаянтәрізділер клас өкілдерін ажыратып, тұсындағы санын əр

өкілдің торкөзіне сəйкестендіріп жазыңдар.

4.Логикалық деңгей. Мына сөзжұмбақты шешіп, кілт сөзді табыңдар.

5. Эврикалық деңгей . Эврикалық деңгейдегі логикалық сұрақтар

Суда тіршілік етіп, желбезек арқылы тыныс алатын бұл жәндік дара жынысты.

Өсімдіктермен бірге балық, бақа, басқа да су жануарларының өлексесін жеп,

табиғатта санитарлық рөл атқаратын жануарды біздерде, яғни адамдарда кейбір түрлерін тағамдық азық ретінде пайдаланамыз. Бұл қай жәндік.

Жауабы : Ас шаян

6. Жоғары шың деңгейі. Термин сөздер жұмыс.

  1. Хитин

  2. Планктон

  3. Лангуст

Сәйкестендіру кестесі.

Ү. Сабақты қорытындылау:

Рефлекция . Оқушылар «ия», «жоқ» деп жауап береді.

  1. Шаяндар суда тіршілік ететіндіктен желбезек арқылы тыныс алады.(ия)

  2. Зәршығару жүйесі аналь тесігі арқылы жүеді. (жоқ)

  3. Шаян денесі екі бөліктен тұрады.(ия)

  4. Көбелек, бүйі, шегіртке шаянтәрізділер класына жатады.(жоқ)

  5. Шаянтәрізділердің денесінің сырты тығыз хитинмен қаталған.(ия)

ҮІ.Үйге тапсырма: Сөзжұмбақ, жұмбақтар, ребустар құрастыру.

ҮІІ. Бағалау.










Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 13.09.2016
Раздел Биология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1153
Номер материала ДБ-192877
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх