Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Статьи / Зертханалық жұмыстарға қойылатын талаптар.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Биология

Зертханалық жұмыстарға қойылатын талаптар.

библиотека
материалов


Зертханалық жұмыстарға қойылатын талаптар.

Шымкент Қалалық Білім Бөлімі Ғылыми-әдістемелік орталықтың биология пәнінің әдіскері Сәуле Ибадуллақызы Базарбаева.

PASCO компаниясы биология бойынша нұсқаулығымыздың негізінде зертханалық жұмыстарды өткізуіне арналған кейбір нұсқаулар мен қауіпсіздік шараларын ұсынады. Бұл тізім жалпы нұсқаулар мен ұсыныстардан ғана тұрады, мұнда барлық толық ақпарат қамтылмаған. Зертханалық жұмысты өткізу кезінде оң көзқараспен барлық стандартты қауіпсіздік шараларын сақтау қажет.Әр түрлі химикаттармен жұмыс істеуінің және оларды пайдаға асыру әдістерінің ерекшеленуіне байланысты, біз жалпы қауіпсіздік шаралары мен пайдаға асыру жөніндегі нұсқаулықтарды ұсынамыз. Зертханалық кабинетіңіздің жағдайларына байланысты, оқушыларға химикаттарды пайдаға асыру жөніндегі дұрыс нұсқаулықтарды ұсыну қажет. Әрбір зертханалық жұмыста тиісті зертханалық жұмысты өткізуіне арналған қауіпсіздік шаралары бөлімі бар.Зертханалық жұмыстардың жалпы қауіпсіздік техникасы және сақтық шаралары. Зертханалық жұмысты өткізудің барлық стандартты ережелерін сақтаңыз.Зертханаға азықты немесе сусындарды өзімен бірге алуға тыйым салынады.Суды розеткалардан,ток көзінен алыс ұстаңыз.Қажет болғанда қорғаныс жабдықтарын (мысалы,қорғайтын көзілдірік,қолғап,зертханалық алжапқыш)киюді ұмытпаңыз.Бетіңізді қолғаппен ұстамаңыз. Егер түшкіргіңіз немесе бетіңізді қасығыңыз келсе, алдымен қолғапты шешіңіз, қолыңызды жуыңыз.Үлгілермен,зертханалық ыдыспен және жабдықтармен жұмыс істегеннен кейін қолыңызды жуыңыз.Көзді жуу стансалары, алғашқы медициналық жәрдемін көрсету жабдықтары немесе төтенше қызметінің телефоны тәріздісіздің зертханалық кабинетіңіздің кауiпсiздiгiн камтамасыз ету шараларын бiлу кажет.Зертханалық кабинетте шашыңызды және бос киіміңізді жинаңыз. Зертханалық ыдыспен абай жұмыс істеңіз.Зертханалық жұмысты бастаралдындажабдығыңыздыңайналасындажеткіліктібосорынбарекенінтексеріңіз. Зертханалық кабинетте алды ашық аяқкиімді кимеңіз.Ыстық заттар мен сұйықтықтарды бөлме температурасына дейін суығанша орындарынан ауыстырмаңыз.Зертханалық кабинетте ешқашан жүгірмеңіз және ойнамаңыз. Рұқсат етілмеген эксперименттерді өткізбеңіз.Қауіп пайда болған жағдайда оқушылар өзара жәрдем шараларын қолдануы тиіс. Жұмыс орны таза және артық заттардан бос болу керек. Сумен жұмыс істеу.Суды розеткалардан алыс ұстаңдар.Суды электрондық жабдықтардан алыс ұстаңдар.Химикалық элементтермен жұмыс істеу кезде қауіпсіздік техникасымен сақтық шаралары Химиялық заттарды пайдалану, сақтау және пайдаға асыру бойынша нұсқауларды алу үшін, өндірушінің материалдар қауіпсіздігінің мәліметтер парағын қараңыз. (Бұл ақпаратты интернетте қарауыңызға болады).Бұл ақпаратты қайғылы оқиға кезінде қолдана алу үшін,қолайлы жерде ұстаңыз.Көптеген химиялық заттар қоршаған орта үшін қауіпті және оларды канализация жүйесіне ағызып жібермеуі тиіс. Химиялық заттарды пайдаға асыру бойынша жергілікті ережелерін әрқашан сақтаңыз. Химиялық заттарды раковинаға ағызу қажет болғанда,оны судың қатты қысымымен жуу керек. Натрий гидроксиді, тұз қышқылы, сірке қышқылы жемірілді тітіргендіргіштер болып табылады. Химиялық заттарды көзіңізден алыс ұстаңыздар және жұмысты аяқтағаннан кейін қолыңызды жуыңыз. Әрқашан қышқыл мен сілтілерді суға қосыңыз,керісінше емес,өйткені ерітінділер қатты қайнауы мүмкін.Қышқылдар мен сілтілердің сұйылтуы температураның жоғарылауыменен өтеді; жаңа жасалған ерітінділер мен шыныдан жасалған бұйымдармен жұмыс істеген кезде абай болыңыздар,өйткені оларөте ыстық болуы мүмкін.Қойылтылған қышқылдар мен сілтілерді арналған қоймада сақтаңыз; түтін улы және уытты.Барлық қышқылдар мен сілтілерді канализацияға ағызар алдында олар нейтралданған екенін тексеріңіз.
Қышқылдармен жұмыс істеу кезде қорғайтын көзілдірікті, зертханалық алжапқышты, сондай-ақ қолғапты киіңіз. Тамшылардан қорғайтын көзілдіріктерді және латекс пен нитрилден жасалған қолғапты қолдануы ұсынылады.
Барлық химиялық заттардағы этикетканы оқыңыз, және қауіпсіздік техникасы бойынша белгілер мен ескертулерге ерекше көңіл бөліңіз.Бактериялардың кез келген түрімен жұмыс істегенде, асептикалық технологияларын сақтаңыз.
Зертханалық жұмысқа дейін және кейін қолыңызды жуыңыз.Қышқыл ерітіндісі көзіңізге немесе теріңізге түскен кезде, сол жерді көп ағыс суымен дереу жуыңыз(ең кемі 15 минут).Химиялық заттарды пайдаға асыру, өңдеу жөніндегі мұғалімнің нұсқаулықтарын сақтаңыз.Этикетканы тексеріңіз және затты қолданар алдында оны таңдау дұрыстығын тексеріңіз. 
Зат болған сынауықтың ашық шетін өзіңізге қарай немесе басқалар жағына ешқашан бұрмаңыз.Бөтелкенің немесе банканың ауызын мұрныңызға тақап,демді ішке тартпаңыз.Ыдысты ашып, оның ішіндегі субстанцияның буы сізге жететіндей алақаныңызбен жайлап желпіңізде,демді сәл ішіңізге тартыңыз. Пайдаланылмаған химикаттарды оригиналды контейнерге қайта салмаңыз.
Қауіпті немесе зиянды заттармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары.  Бактериялардың кез келген түрімен жұмыс істеген кезде асептикалық технологияларды сақтаңыз.Зертханалық үстелде инокуляциондық ілмешектер мен шпателдерді орнатар алдында оларды әрқашан залалсыздандырыңыз.Тамшуырмен суспензияларды өлшеу аэрозолге әкеліп соқтыруы мүмкін. Аэрозоль демді ішке тартпауүшін тамшуырдың шетін мұрныңыздан және ауызыңыздан алыс ұстаңыз. Қышқылдармен жұмыс істеу кезде абай болыңыз. Сіріңкемен жұмыс істеу кезде, жоңқалар мен азықты және басқа да материалдарды күйдірген кезде тиісінше абай болыңыз.Пышақтарды немесе скальпелдерді қолданған кезде абай болыңыз. Далада жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік шаралары Суаттардың, таулы жерлер мен зиянды өсімдіктердің немесе жануарлардың қасында тиісінше абай болыңыздар. Өсімдіктерге, жануарлар мен қоршаған ортаға зиян келтірмей, ұқыпты күтіңіз. Барлық жабдықтардың бүтін және дұрыс жұмыс істеуін қадағалаңыз (жарықтардан, ақаулардан және т.б.).
Оқушылар бір-бірімен түсінушілікпен жұмыс істеуі тиіс. Қауіп пайда болған жағдайда, қандай сақтандыру шараларын қолдану керек екенін оларға түсіндіру қажет.
Қауіпсіздіктің басқада шаралары.Егер экспериментке арнап су қайнатсаңыз, оны ешқашан қараусыз қалдырмаңыз. Электр плитасы сөнгеннен кейін де ыстығын ұстап тұратынын есіңізде. 
Қандай да бір жарақат алсаңыз, ол жайлы лаборантқа немесе мұғалімге хабарлаңыз (қажет болған жағдайда оқиға туралы акт
жасау керек).Егер аллергияңыз болса және қандай да бір дәрі-дәрмектер пайдаланатын болсаңыз, ол жайлы лаборантты немесе мұғалімді хабардар еткеніңіз жөн. Бұл ақпарат келеңсіз жағдайларда өте маңызды болуы мүмкін.








Автор
Дата добавления 01.06.2016
Раздел Биология
Подраздел Статьи
Просмотров290
Номер материала ДБ-106624
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх