Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / Зертханалық жұмыстар (мұғалімдерге көмекші құрал ретінде)

Зертханалық жұмыстар (мұғалімдерге көмекші құрал ретінде)


  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

Зертханалық жұмыстар

(мұғалімдерге көмекші құрал)


Дайындаған:

Мұнайлы ауданы №7 жалпы білім беру орта мектебінің

биология пәні мұғалімі

Алимбаева Алмагуль Хабдушовна



Алғы сөз


Биология пәнін оқыту барысында жүргізілетін зертханалық жұмыстардың маңызы зор. Зерттеу барысында оқушы зер салып қарап, ой елегінен өткізіп, қорытынды жасайды. Осы бағытта жүргізілген жұмыс қана нәтижелі болмақ.

Қазіргі таңда барлық құралдарды, амал – айлаларды қолдана отырып, сабақта зертханалық жұмыстарды өткізуге болады. Зертханалық жұмыстың нәтижелі болуы мұғалімнің жұмысты дұрыс ұйымдастыра алуында. Жұмысты бастамас бұрын мұғалім оқушыларға ең алдымен нақты мақсат қоюы керек: нені көру керек, сосын қалай көру керек, қандай нәтиже алу керек. Бұл сұрақтар мұғалім тарапынан ең әуелі ауызша айтылып, содан соң жұмыс жасау нұсқаулығы әр оқушыға таратылуы керек.

Жұмыс жасау нұсқаулығында оқушылардың ары қарай қалай жұмыс жасау керектігі көрсетіліп, тапсырмалар беріледі.

Зертханалық жұмыс оқушының шығармашылық, іздену, зерттеу, ой қалыптастыру, жинақтау, қорытынды жасау сияқты қабілеттерін қалыптастырып, дамытып отырады. Тек әр зертханалық жұмыс жан – жақты дайындықты қажет етеді. Кейде оқулықтан тыс тапсырмалар беру оқушылардың қызығушылығын арттырады.

Бұл әдістемелік кітапша менің көп жылғы еңбегімнің жемісі ретінде көмекші құрал болып табылса деймін.







Тақырыбы: Ас қорыту жүйесі

Мақсаты: Сілекейдің ( амилаза) ферменттік қасиетін анықтау


Тапсырма:

1) Крахмалданған дәкіге сілекеймен бір әріп немесе белгі салып, дене температурасына дейін 1мин бойы алақанды жылытады. Осыдан соң дәкіні йод ерітіндісіне малып, өзгерістердің болғанын бақыла.


2) Дәл осы тәжірибені крахмалданған дәкінің өзіне жасап, нәтижені салыстыр.



Бақылау нәтижесі

Қорытынды


І тапсырма

Крахмал көк түске боялып, әріп немесе белгі салған жер ақ боп қалады.

Ол жерде крахмал жоқ, сілекей құрам фермент (амилаза) арқылы жай ферменттерге ыдыраған.

ІІ тапсырма

Крахмал көк түске боялады

Крахмал йодпен спецификалық

реакция түзіп көгілдір түс береді.



Қорытынды: сілекей амилаза ферменті қуысында ас қорытуға, яғни крахмал ферменттерге ыдырайды.



Тапсырмалар

  1. Алынған нәтижелерді таблица түрінде жазыңыз



ферменттер

Әсер ету орны

Ыдырайтын заттар

Ыдырау өнімдері

1

Липаза




2

Химозин




3

Гастриксин




4

Амилаза




5

Мальтоза




6

Пепсин








Тақырыбы: Зат және энергия алмасу

Мақсаты: Рид формуласы бойынша негізгі алмасуды

анықтау


Тапсырмалар:

1. Секундомер көмегімен зерттелушінің пульс жиілігін және Коротков әдісімен артериялық қысымды 2 мин үзіліспен 3 рет өлшеңдер де арифметикалық амалын есептеп шығарыңдар


2. Негізгі алмасудың қалыптыдан ауытқу шамасын (%) есебімен есептейді.

Рид формуласы:

АШ = 0,75 х (ПЖ + ПҚ Җ х 0,74) – 72 мұндағы:

АШ – ауытқу шамасы

ПЖ – пулс жиілігі

ПҚ – пульс қысымы ( ПҚ = СҚ – ДҚ)

СҚ-систолық қысым, ДҚ – диастолық қысым


Мектеп зертханасында қажетті жағдайлар сақталмайтындықтан алынған нәтижелер зерттеушілердің негізгі алмасуын шамамен ғана көрсетеді.

Орындалу барысы:

1. ПЖ (пульс жиілігін өлшеңдер) ПЖ - ...... рет/мин

ПҚ =СҚ – ДҚ мм/с.б.б.

СҚ /систолық қысым/ - 120 с.б.б.

ДҚ /диастолық қысым/ - 80 с.б.б.

ПҚ = 120 – 80 = 40 мм.с.б.б.

АШ = 0,75 х (60+40х0,74) – 72 = - 4,8 %

Рид формуласы алмасу шамасының қалыптыдан қаншалықты ауытқығандығын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл формулада артериялық қысым, пульс жиілігі ескеріледі. Егер ауытқу шамасы 10 % ке дейін болса, негізгі алмасуқалыпты деп есептеледі.



Тақырыбы: Тыныс алу физиологиясы

Мақсаты: Спирометр көмегімен өкпенің тіршілік

сыйымдылығын анықтау, шамаларды

қолдана отырып есептеулер жүргізу


Тапсырма:

1. Максималды дем алған соң, спирометрге барынша дем шығарады. Спирометр шкаласы көрсеткен сан – ӨТС /өкпенің тіршілік сыйымдылығы/

Бірнеше рет қайталаған соң, орташа шаманы өлшеп есептейді. Әр өлшеген сайын спирометр тілшесін 0 ге қояды.

2. ҚТК (Қалыпты тыныс көлемін) табу үшін спирометрге қалыпты дем шығарады, бірнеше рет қайталап, орташа шаманы анытайды.

РДШК (резервті дем шығару көлемі)

РДШК табу үшін РДШК = ӨТС – ҚТК

ҚК қалдық көлемді тікелей анықтау әдісі жоқ. Қалыпты жағдайда ӨТС – ң 25 % - 30 % -ын құрайды.


Есептер.

А) Тыныс алу жиілігі (ТАЖ) минутына 19 рет, қалдықтың көлемі ҚК – 500 мл болса, адамның 1 мин, 1 сағаттағы өкпе вентиляциясы қандай?


Бер:

ҚТК – 500 мл

ТМЖ – 19 мин (Тыныстың минуттық жиілігі)


т/к ТМК - ?

ТСК - ?


ТМК = ҚТК х ТМЖ

ТМК (тыныстың минуттық көлемі) = 500 х 19= 9500

ТСК (тыныстың секундтық көлемі) =9500 х 60 = 570000



В)

Өкпенің жалпы көлемі (ӨЖК) – 5500 мл

ҚК – 1050 мл РДАК – 2470 ӨТК 500мл деп алып, функционалдық қалдық көлемді есептеңіз

Бер:

ӨЖК – 5500 мл

ҚК (қалыпты көлем) – 1050 мл

ҚК – 1050 мл

РДАК – 2470

ӨТС =ӨЖК – ҚК

ӨТС = 5500 мл – 1050 мл = 4450 мл


РДШК = ӨТС х (РДАК +ҚТК) = 4450 – (2470 + 500) = 1480 мл

ФҚК = ҚК + РДШК = 1480 + 1050 = 2530 мл



Тақырыбы: Қан айналымы

Мақсаты: Қан қысымын өлшеп, қанның систолық және минуттық көлемдерін есептеу әдісі бойынша анықтау

Барысы:

Коротковтың аускультациялық әдісі

Зерттелетін адамның шынтағының жоғары жағына манжет кигізіп, бекітеді. Фонендоскопты шынтақтың бүеілетін тұсындағы артерияға орналастырады. Осыдан соң тонометрдегі көрсеткіш 180 – 200 мм (с.б.б.) болғанша оң қолымен манжетке ауа жібереді, ал сол қолының екінші саусағымен фонендоскопты басып тұрады. Манжеттегі ауаны біртіндеп шығарып, фонендоскоп көмегімен артериядағы тондарды тыңдайды. Тонның пайда болуы мен жойылуы кезіндегі тонометр көрсеткіші систолық және диастолық қысымды білдіреді.


Қанның систолық көлемін Старр формуласы бойынша есептейді.

СК = / (101 + 0,5хПҚ) – (0,6хДҚ)/ - 0,6хА

СК – систолық қысым

ПҚ – пульс қысымы /систолық қысым мен диастолық қысымның айырмасы/

ПҚ = СҚ – ДҚ

ДҚ – диастолық қысым

А- зерттелушінің жасы


Қанның минуттық көлемін 1 мин жүректің жиырылуы санына көбейтіп, минуттық көлемін табады.

ҚМК = СК х ЖЖС

ҚМК – қанның минуттық көлемі

СК – систолық көлем

ЖЖС – жүректің жиырылу саны


Тапсырмалар


1.Қан қысымының көрсеткішін жаз

120/80


2.Қанның систолық қысым көлемін тап

СК = /(101 + 0,5х.....)-(0,6х70)/-0,6- .....


3.Қанның минуттық көлемін есепте

ҚМК = СК х ЖЖС















Краткое описание документа:

Дайындаған:

Мұнайлы ауданы №7 жалпы білім беру орта мектебінің

биология пәні мұғалімі

Алимбаева Алмагуль Хабдушовна

 

 

Алғы сөз

 

           Биология пәнін оқыту барысында жүргізілетін зертханалық жұмыстардың маңызы зор. Зерттеу барысында оқушы зер салып қарап, ой елегінен өткізіп, қорытынды жасайды. Осы бағытта жүргізілген жұмыс қана нәтижелі болмақ.

          Қазіргі таңда барлық құралдарды, амал – айлаларды қолдана отырып, сабақта зертханалық жұмыстарды өткізуге болады. Зертханалық жұмыстың нәтижелі болуы мұғалімнің жұмысты дұрыс ұйымдастыра алуында. Жұмысты бастамас бұрын мұғалім оқушыларға ең алдымен нақты мақсат қоюы керек: нені көру керек, сосын қалай көру керек, қандай нәтиже алу керек. Бұл сұрақтар мұғалім тарапынан ең әуелі ауызша айтылып, содан соң жұмыс жасау нұсқаулығы әр оқушыға таратылуы керек.

          Жұмыс жасау нұсқаулығында оқушылардың ары қарай қалай жұмыс жасау керектігі көрсетіліп, тапсырмалар беріледі.

          Зертханалық жұмыс оқушының шығармашылық, іздену, зерттеу, ой қалыптастыру, жинақтау, қорытынды жасау сияқты қабілеттерін қалыптастырып,  дамытып отырады. Тек әр зертханалық жұмыс жан – жақты дайындықты қажет етеді. Кейде оқулықтан тыс тапсырмалар беру оқушылардың қызығушылығын арттырады.

          Бұл әдістемелік кітапша менің көп жылғы еңбегімнің жемісі ретінде көмекші құрал болып табылса деймін.

 

 

 

 

 

 

 Тақырыбы:  Ас қорыту жүйесі

Мақсаты:  Сілекейдің  ( амилаза) ферменттік қасиетін анықтау

 

Тапсырма:

1)  Крахмалданған дәкіге сілекеймен бір әріп немесе белгі салып, дене температурасына дейін 1мин бойы алақанды  жылытады. Осыдан соң дәкіні йод ерітіндісіне малып, өзгерістердің болғанын бақыла.

 

2)  Дәл осы тәжірибені крахмалданған дәкінің өзіне жасап, нәтижені салыстыр.

 

 

Бақылау нәтижесі

Қорытынды

 

І тапсырма

Крахмал көк түске боялып, әріп немесе белгі салған жер ақ боп қалады.

Ол жерде крахмал жоқ, сілекей құрам фермент (амилаза) арқылы жай ферменттерге ыдыраған.

ІІ тапсырма

Крахмал көк түске боялады

Крахмал йодпен спецификалық

реакция түзіп көгілдір түс береді.

 

Қорытынды: сілекей амилаза ферменті қуысында ас қорытуға, яғни крахмал ферменттерге ыдырайды.

 

Автор
Дата добавления 11.05.2015
Раздел Биология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров807
Номер материала 522023
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх