Инфоурок Начальные классы Научные работыЗерттеу тақырыбы: Оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді табыс критерийлерімен кіріктіре оқыту арқылы білім сапасын арттыру

Зерттеу тақырыбы: Оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді табыс критерийлерімен кіріктіре оқыту арқылы білім сапасын арттыру

Скачать материал

Турганбаева Саулекул Орынбасаровна Тренер: Абуханова Рысканым

2- деңгей мұғалімінің портфолиосы Нигматуллиновна А есебі 4-топ 21.11.2014ж. «Өрлеу» БАҰО ББЖ ҚБАРИ Алматы қаласы

hello_html_m7bbe67f1.gifhello_html_m343ed121.gif

Зерттеу тақырыбы: Оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді табыс критерийлерімен кіріктіре оқыту арқылы білім сапасын арттыру

1-бөлім: Іс-әрекеттегі зерттеуге арналған тақырыпты таңдауды негіздеу

Қазақстан Республикасы білім беру саласын жаңғыртудың басты міндеті-саналы тәрбие, сапалы біліммен қамтамасыз ету, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің өзекті болашақ талабы мен сәйкестендіру болып табылады. Қазақстан әлемдік білім кеңістігіне кіруге бағыт алғаны баршаға мәлім. Бүгінгі нарық заманында «Өмір бойы білім алу-әрбір Қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс»-деп, Елбасы Жолдауында көрсеткендей, отандық білім беру жүйесінің дүниежүзі білім кеңістігіне енуі білім саласына үлкен өзгеріс, жаңа леп әкелері сөзсіз деп білемін.

Менің мектебім Арыс қаласындағы №4 бастауыш мектебі. Мектептің оқыту тілі қазақ тілінде жүргізіледі. Менің мектебімде 55 мұғалім жұмыс жасайды.Оның ішінде жоғары санатты -17 мұғалім, 1- санатты-13, 2-санатты-9, санаты жоқ -16 мұғалім еңбек етіп келеді. Мектепте кабинеттер интербелсенді тақтамен жабдықталған, яғни электронды оқулықпен қамтылған.


C:\Users\Сауле\Desktop\А есебі\А қосымша.фото,видио\Суреттер\DSC_5304.JPGC:\Users\Сауле\Desktop\фото\DSC_5301.JPG

4 бастауыш мектеп Әріптестермен кәсіби сұхбат

Мектепте 581 оқушы білім алуда. Мектептің білім сапасы мені қатты толғандырып келеді. Өйткені оқушының өздігінен ізденіп оқуы, сабаққа деген қызығушылық ынтасы, белсенділігі төмен екенін білдім. Ауызша сабақтарда тек сұраққа жауап берумен ғана шектеліп қалады. Осындай жағдайларды болдырмас үшін мен оқушыларды емес, пәнді қалай оқыту керектігін ойландым. Дәстүрлі сабақтарда оқушының қызықпауы бұл кері байланыстың жасалмауы, оқушы үнінің ескерілмеуі деп білдім. Сабақтың мазмұнын тек талантты, дарынды оқушылар ғана түсіндіріп, қалған оқушылар тыңдаушы болып отыратын. Өйткені өздеріне деген сенімсіздіктері басым. Өйткені дұрыс жауап бермесем төмен баға аламын деген ой, оқушының бойында қалыптасып қалған. Сол себепті оқушының білімін арттыруда жұмыс түрін өзгерту керек екенін түсіндім. Сондықтан зерттеу жұмысын жүргізудің тиімділігін жоспарладым. Оқушының ішкі уәжін қанағаттандыру, менің міндетім деп білдім. Оқушылардың мектепте оқытылатын идеяларды игеру деңгейін анықтау үшін және топтық жұмыс барысында оңтайлы жұмыс болып табылатын, жұмыстың кезеңдерін анықтайтын белгілі бір бағалау нысандарын қолдандым. Бұл бағалау оқушылардың тиісті кезеңдегі түсінігін бағалау үшін, оқу кезеңдерінің үдерісінде жүзеге асырылады.

1990 жылдан бастап Ұлыбритания мектептерінде бағалаудың екінші түрін пайдалана бастады. Бұл «қалыптастырушы бағалау» «оқу үшін бағалау» ретінде белгілі болды. Бұл бағалау оқуды жақсарту үшін мұғалімдерді, оқушыларды және басқаларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ететін оқуды ағымдық бағалау дегенді білдіреді

(МАН, 104-бет)

Бұл тақырыптың менің сыныбым үшін маңыздылығы:

- оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін анықтау;

- оқушылар өздерін оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта дамуын, қажеттілікке қалай жету керектігін анықтау мәліметтерін іздеу, оқушының білімін арттыру үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс жасап үйрену. Менің түсінігіме сәйкес оқушылар алдағы нәтижелерге қалай қол жеткізгенін біліп, кейінгі іс-әрекеттерге мәлімет жинауға дағдыланады. Осы анықталған іс-әрекеттерді жүзеге асыру мақсатында мен мектептегі іс-әрекеттерді зерттеу жұмысымды өз сыныбымда жүргіздім. Алғашқы іс-тәжірибедегі зерттеу сабағын әдебиеттік оқу пәні бойынша жүргізуді жөн көрдім. Зерттеу жұмысымның тақырыбы: Оқу үшін бағалаудың білім сапасын арттырудағы маңызды рөлі деп таңдадым.

Мақсатым:

-оқу үшін бағалау тәсілі арқылы, оқушылардың өздігінен іздене оқуға деген қызығушылығын дамыту;

-алған білімін жинақтап, қажетті жағдайға пайдалануға ықпал ету;

Міндеті:

-оқушыларды бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, оқу үдерісінде кері байланыс жасай білуге, ойын еркін жеткізуге үйрету;

Күтілетін нәтиже:

  • тиімді кері байланыс жасай алады;

  • өзіндік оқуға белсенділігі артады;

  • өзін-өзі әділ бағалайды;

  • оқушылар өз оқуын қалай жетілдіру керектігін түсінеді;

Жеті модульді ықпалдастыра оқытудың арқасында білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын сезінеді.

Алған білімдерін өмірде пайдалануына , өзін-өзі реттелуіне түрткі болады.

Зерттеу сұрақтары: Топтық жұмыста оқушы алған ақпаратқа сүйене отырып, кері байланыс жүргізе ала ма? Формативті бағалау оқушының оқу үдерісінде белсенділігін арттыра ала ма? Осы сұрақтардың жауабын беру арқылы іс-тәжірибедегі зерттеу жұмысымды жоспарлауға кірістім. Алғашқы «Бетпе-бет» кезеңінен кейін мектептегі тәжірибенің алғашқы күні мектеп басшысымен, әкімшілігімен кәсіби әңгіме жүргізуден басталды. Әңгіме әлемде, жалпы білім саласында болып жатқан өзгерістер мен Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру кезеңіндегі курсының екінші деңгей бағдарламасының мақсат міндеттері, оқу нәтижелері туралы айтылды. Мектеп директоры Д.Супаева білім беру жүйесіне сындарлы оқу технологиясы мен ақпарат құралдарының еніп, жаңа оқу жүйесінің енгенін айта кетті. Мектептегі тәжірибе кезеңінде жұмыстарды жүргізуге қолдау көрсетті. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Раушан Көлбаева Бағдарламаның 1-деңгейін оқығандығы, осы тәжірибемен таныс екенін, жеті модульдің мәнмәтінінің маңызы туралы айта кетті. Қазіргі кезде мектептің 4 мұғалімі 3-деңгей бағдарламасын бітіріп, мектеп кезеңіндегі тәжірибеде біраз өзгерістің болғанын айта кетті. Берілген сабақтар негізінде оқушылардың ынтасының артуы, бірін-бірі баса озып алға қарай ұмтылуы, оқушылардың бойындағы өзгерістерді баяндап, менің алдағы тәжірибеме сәттілік тіледі.

Бірлескен топтық жұмыс барысында оқушылар арасында ынтымақтастық орнайтындығы,оқушы өзін-өзі бағалай алатындығы болжамдалды.Бұл ой қазіргі күні өзін-өзі бағалауға деген қажеттілік-жігер күшке, жетістіктер мен шеберлік, құзіреттілікке ие болу ниетіне жол ашты. Бағалауды Реформалау Тобы(2002а) оқу үшін бағалауға мынадай анықтама береді: Оқу үшін бағалау-бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын,қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі екеніне сенемін (МАН.106-бет) Осы анықтама менің мектебім үшін маңызды. Мұғалімдер оқушыларға:

-сабақтарда бірлескен жұмысты ұйымдастыра отырып, бағалау нысандарын түсінуге;

-сыныптың белсенділігінің қалыптасуына негіз бола отырып,бағалаудың түрлерінің мақсаттарын анықтауға және негіздеуге;

-оқушылардың арасында ынтымақтастықтың артуына, бағалаудың формалды, формалды емес жүйелерін анықтауға;

-олар өзара бағалау, өзін-өзі бағалауға қалыптасуына, оқудың сапасын жақсарта алатынын түсіндіруге;

Мектептегі білім мен тәрбие жұмысына белсенділік танытуына ықпал ете отырып, білім сапасын арттыруға атсалысатыны анық.

«Оқу үшін бағалау: оқуды жақсарту үшін, мұғалімдерді,оқушыларды және басқа қажетті ақпаратпен қамтамасыз ететін оқуды ағымдық бағалау дегенді білдіреді» (МАН,104-бет). Сонымен оқу үшін бағалау оқушының досымен қарым-қатынастан кейін үлгерімді жақсартатынын Блэк пен Уильиям 250 зерттеуге талдау жасау арқылы дәлелдеген. (МАН,104-бет).

«Бұған дәлел, сенім, тәуелсіздік, абырой мәнмәртебені де жатқызуға болады» деп Маслоу қажеттіліктер иерархиясында дәлелдеген оймен сенімді болады.

Осыған дейінгі дәстүрлі сабақтарда оқушыға, топ мүшелерін бағалауға ерік берілмеген. Мұнда тек мұғалім ғана оқушыны бағалаған. Яғни, осыдан шығатын қорытынды оқушы үні ескерілмеген, сонымен қатар мұғалім оқушының ішкі уәжін ескермей келген. Осымен қоса оқушыға тек механикалық есте сақтау түрі ғана қалыптасқан. Осындай іс-әрекеттерді ескере келе, мен оқушыға бағалау түрлерінің маңыздылығын, нәтижесінде білім сапасының артатынын алға қойдым. Сондықтан мен өзіме оқушының ішкі уәжін қанағаттандыру үшін қажетті негіздерді қалай іске асырамын? деген сұрақ қойдым. Бұған жауапты бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде оқу үшін бағалау жұмысында жасаған іс-әрекеттер негіз болды. Онда топ мүшелерінің арасында ынтымақтастық атмосферасы орнап, алған білім нәтижесін қай деңгейде игергендігі бағаланып отырды. Пәнді оқытуда оқу үшін бағалаудың түрлерінің тиімділігін менің сыныбым үшін маңызды екенін түсіндім. Бағалаудың түрлерімен таныса келе мен өзіме оқушылардың әдебиеттік оқу пәніне қызығушылығын арттыруды, білім сапасын көтеруге оқу үшін бағалау керек пе? деген сұрақ қоюға итермеледі. Мен сабақтарымда бағалаудың түрлерін тиімді пайдалану арқылы табысты оқыту нәтижесіне жететініне көз жеткізгім келеді. Ол өзгерістерді әдебиеттік оқу пәні арқылы бақылап, зерттеуді нысанаға алдым. Ең алдымен сыныпты бақылау жұмысын іске асыру жолдарын анықтауды жөн көрдім.

1.Топта бағалау құралдарының түрлерін жас ерекшелеріне қарай

тиімді пайдалануды жүйелеу;

2.Шағын топтар, жұптық жұмыстарды жүргізуде көшбасшылық жасауға ықпал ету;

3.Оқушылардың ішкі уәжін қанағаттандыруға, ойын дәлелдеуге, тілдік қорын молайту;

Теорияға сүйене отырып, өзгерістерді тәжірибеде жүзеге асыру сыныбым, мектебім үшін маңызды болды.

2-бөлім: Іс-тәжірибеге енгізілген өзгерістер және пайдаланылған дерек жинау әдістері туралы есеп.

Мен мектептегі тәжірибе кезеңінде іс-әрекетті зерттеу үшін, жетекшілік ететін өз сыныбымды таңдадым. Зерттеу сабағын бастамас бұрын, оқу жылдың басында кездескендіктен, жазғы демалысты қалай өткізгендігі туралы пікір алмасуды жөн көрдім. Сонымен II деңгейлі курстан келгенімді, жалпы бағдарламаның функцияларымен таныстырдым. Оқушыларға сабақтарда бейнетаспаға, фотоға түсірілетінін айта кеттім. Осы жаңалықты ата-аналармен де бөлістім. Олар келісімін беріп, құптады. «МАЛС» сауалнамасы бойынша сараптама жасап, сыныптағы А, В, С оқушыларын анықтадым.

« МАЛС» сауалнамасы бойынша сараптама

Оқушының

аты- жөні

Балл

100

Бірлесіп жұмыс жасауы

Сенімділігі

Тапсырмадан қашқақтауы

Қалыс қалуы

Айгерім- А

94

28

22

29

15

Рамазан -В

77

26

12

24

15

Аружан -С

73

26

11

23

13

C:\Users\Сауле\Desktop\А есебі\А қосымша.фото,видио\Суреттер\DSC_5328.JPGC:\Users\Сауле\Desktop\А есебі\А қосымша.фото,видио\Суреттер\DSC_5325.JPGC:\Users\Сауле\Desktop\А есебі\А қосымша.фото,видио\Суреттер\DSC_5330 — копия.JPG

А деңгейіндегі оқушыға Шыналбай Айгерімді алдым, себебі, ол топтағы үздік оқитын, гуманитарлық пәндерге бейім, белсенді,музыкаға әуес, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары оқушы. Мұндағы мақсатым: бұл оқушының сын тұрғысы-

нан сыни ойлау және көш-басшылық қабілеттерін дамыту.Оқушы жетістік- терін ресми тіркеп,талант-тарын көрсететін зияткер-

лік, жоғары әлеуметтік портфолио жасау.

В деңгейіндегі оқушыға Идирис Рамазанды алдым, себебі, ол – үлгерімі жақсы, белсенді оқушы болғанымен, оқулық көлеміндегі білімді қанағат тұтатын, қосымша оқу көздерін оқуға ынтасы төмен оқушылар қатарын-

да. Мұндағы мақсатым: Рамазанды ізденіп қалай оқу керектігіне түрткі жасап, өзін-өзі реттеуге, өзіндік мақсат қоя білуіне ықпал ету.

С деңгейіндегі оқу-

шыға Малагаждар

Аружанды алдым,. Себебі, үлгерімі жақсы оқушы болғанымен, белсенділігі төмен, мінезі тұйықтау, өз-өзіне сенімсіздеу оқушы.Мақсатым Аружанның өзіне деген сенімділігін, белсен- ділігін арттыру. Өзін еркін ұстап, ойын еркін жеткізе білуге түрткі жасап,ішкі уәждің дамуына қолдау көрсету.

2 «А» сынып оқушыларынан әр түрлі 3 деңгейдің өкілі болатын үш оқушыны нысанаға алдым. Зерттеу нысанасына алынған үш оқушыны сабақ барысында бақылап, іс-әрекеттері мен назарларын аудара отырып, сынып ішіндегі атмосфералық ахуалды бақылап, өзгерісті анықтауға ұмтылдым. Бағалау әдіс-тәсілдерді, оқытуды іске асыру түрлерін жақсартуға бағытталғандықтан күнделікті тәжірибемде түрлендіруіме ықпал етті. Дәстүрлі сабақтарда А оқушының сабақ кезеңінде жақсы ықыласпен отырғанымен, жанындағылармен ойын бөліспейтін, яғни көшбасшы ретінде көрінбейтін. Ал В оқушы мен С оқушының сабақтағы ойымен бөлісе алмайтын, қызығушылығы төмен екені ойландырды. Осыған орай оқу үшін бағалауға негіздеп жүргіздім. Өйткені, дәстүрлі сабақ кезінде, оқушыны тек мұғалім ғана бағалайтын. Бұл сабақ оқушының ынтасын,білім сапасын көтермеді. Сондықтан сабақта бағалаудың тиімді тәсілдерін пайдалануды жөн көрдім. Іс- әрекеттегі назарға алынған үш оқушының сабақ деңгейі туралы ақпарат алу үшін әдебиеттік оқытудан төрт тізбектелген сабақтар топтамасына жоспар құруды ойластырдым. Орта мерзімді жоспардың мақсатын Блум таксономиясының негіздеріне салуды, оқушыға нені үйретемін, қандай нәтижеге қол жеткіземін-деген сұрағыма жауап алатындай болдым. Сабақтардың тақырыбы:

1. «Қой»

2. «Торы құлын»

3. «Сиыр»

4. «Түйе»

Ең алғашқы зерттеу сабағымды төрт-түлік атауларымен топқа бөлуден бастадым. Бұл сабақтың тақырыбы: «Қой» өлеңі. Сабақты топқа бөліп болған соң, сыныптың ынтымақтастық ахуалын тудырып алу мақсатында бір-біріне тілек айтқызудан бастадым. Сондықтан топтарға бөліп, топ ережесін айтып алдық. Топ ережені өздері құрғандықтан «Алтын ереже» деп алып, бұзбауға келісті. Өткенді еске түсіру кезеңінде үлестірмемен жұмыс жасадым. Бұл оқушылардың өсу деңгейін қадағалауға, олардың алдағы сабақтағы қажеттіліктерін өтеуге бағытталған әдіс-тәсілдермен жұмыс істеуге анықтама болды. Сабақтағы болатын өзгерістерді анықтайтын деректер жинауда, бейнежазба үзінділері, кері байланыс парақшалар, тірек-сызбалар, оқушылардың сабақ барысындағы іс-әрекетті дәлелдейтін фотолар жинадым.

C:\Users\Сауле\Desktop\Сурет сабақ\DSC_5306.JPGD:\Сәуле фото\Фото\DSC_5147.JPG

Топқа бөліну сәті Ынтымақтастық орнату сәті.

Әр топта жеке тапсырмалар берілді.1-топ «Қой», 2-топ «Сиыр», 3-топ «Түйе», 4-топ «Жылқы» болып топқа бөлінді. Олар қызу жұмысқа кірісіп кетті. Мен С оқушының осы тапсырмада өз белсенділігін танытып, өздеріне берілген тапсырмаға қатысып, жауапты топ мүшелеріне өзі айтып беріп отырғанын байқадым. Топпен қорғау кезінде өте көңілді, тапсырманы ынтасымен орындап отырғанын байқадым. Бұдан байқағаным оқушының қызығушылығы артты. Жеке берілген тапсырманы С оқушысы мүдірмей алып шықты. Ол оқушым өз мүмкіндігінің дәрежесін көрсетті. Сабақты қорытындылау кезеңінде оқушылармен Универсалды кері байланыс жүргізілді. Төрт топқа сабақтағы көркем сөздермен төрт түрлі тапсырмалар берілді. Бір топ бағалаушы топ болып, қарсы топтарды критерийлер бойынша бағалады. Сабақты осылай қорытындылап болған соң, көңіл күйлерін смайликтерге стикерлермен жазып жапсырды. Бұл сабақта мен А, В, С оқушыларын басқа қырынан байқадым, әсіресе С оқушының сабаққа белсене қатысқаны, жеке тапсырманы орындағаны мені қуантты.

D:\фото тәлімгер\DSC_5285.JPGC:\Users\Сауле\Desktop\А есебі\А қосымша.фото,видио\Суреттер\DSC_5311.JPGD:\фото тәлімгер\DSC_5287.JPG

Оқушы рефлексиясы

«Оқу үшін бағалау» оқушының білім алуына көмектесетін оқыту үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады. Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бұл бағалау жиынтық бағалау болып табылады оны кейде оқуды бағалау деп те атайды(МАН.105-бет).

Алғашқы зерттеу сабағымнан соң рефлексия жүргіздім және кеткен кемшіліктерді сараладым. Бірінші сабақта С оқушының өз ойын бейнелеуге, топ мүшелеріне өз үлесін тигізгенін байқаған соң келесі сабақта ойын жеткізуге тапсырмаларды көптеп дайындайтынымды білдім.

Екінші сабағымның тақырыбы: «Торы құлын» өлеңі. Сабақта оқушылырға диалогке кіруге итермелейтін тапсырмалар беруді жоспарладым. АКТ, көшбасшылық тапсырмалар, тренинг өткізуді жоспарладым. Оқу жылының басы болғандықтан, сабаққа кедергілер болып отырды. Соның бірі кешігу, оның үстінде екінші ауысым, оқушылар ойын баласы болғандықтан біраз сыныпта ынтымақтастық атмосферасын түзуде тез түсіне алмауы. Сондықтан оқушыларға зерттеу жұмысының жүріп жатқанын, қызықты тапсырмалар мен ойындардың түрлерін айта отыруды жөн көрдім. Жоспардың жүйелі өтуі сабақтың қызықты өтуіне ықпал ететінін ұстаз қауымына түсінікті екенін білемін. Осындай кедергілерді болдырмау мақсатында сабақтың ахуалын түзеп, ынтымақтастық атмосферасын қызықты етіп бастауды мақсат еттім. Оқушыларға өз есімдеріне сын есімді жалғап айтудан бастадым. Оқушыларды топқа жылқыдан алынатын заттар мен бөлуді жөн көрдім. Жылқының еті, қымызы, терісі, қазы. Әр топ өз топтарын қорғаудан басталды. Алтын ереже бойынша: біріміздің сөзімізді бөлмей, ойымызды нақты жеткізуімізді айта кеттім. Топ басшылары А, В оқушылары болды. Оларға жоспарлаған бағалау парағын ұсындым. Бағалау парағын қалай толтыру керектігі түсіндірілді. Жаңа сабақты топты қорғау арқылы ашып алдық. Өлеңді топтарға бөліп бердім, әр топ өз бөлімін оқып, топта талқылай бастады. Осы өлеңдегі тірек сөздерді де айта кетуді тапсырдым. Тапсырманы орындап болған топ, бағдаршам сигналдарын көтере бастады. С оқушы топтың атынан шығып, ойын жеткізе алмай, сөйлеуге қысылатындығын байқатты. Топ мүшелерінен көмек күтетінін байқадым. Диалог арқылы мұғалімдер күнделікті ой талқыларда салауатты келешек мүмкіндіктерін анықтап, оқушылардың дамып келе жатқан идеяларымен жұмыс жасауларына және түсінбеушіліктерді жеңе білулеріне көмектесе алады. Оқушыларға әр түрлі және кеңейтілген сыныпта жүргізілген диалогтерге қатысу мүмкіндіктері берілгенде, олар өзіндік жеке түсініктерінің өрісін зерттей алады. Өлеңнің бойынша әр топ өз бөлімдерінің сұрақтарын дайындау жүктелді. Ол сұрақтарды қалаған топтарына қойды. В оқушы өз тобына берілген сұрақтарға жауап беру арқылы көзге түссе, ал С оқушы топ басшысының айтуымен топ мүшелерінің дайындаған сұрақты оқып берді. Топ басшысы болып отырған оқушының бәрі жұмысқа қатысуын жақсы ұйымдастыруында болды. Берілген тапсырманы дұрыс орындап, топ мүшелерінің барлығының жұмысқа тартылып отырғанын байқадым. Оқушылардың жұмыс істеу белсенділігін арттыру үшін, қозғалыс жасау арқылы интербелсенді тақтаның көмегімен жануарлар қимылын жасады. Тапсырма қызықты орындалды. Келесі тапсырма топта орындалды. ИНСЕРТ жүйесі бойынша сабақты бағалады. Мұнда оқушылар қызығушылықтарын белсенді түрде көрсетті.

DSC_5173DSC_5154

Бірін-бірі бағалау Кері байланыс


С деңгейіндегі оқушы картаны жүйелеп, тұйық болса да сыныптастарының көбімен араласқысы келетіндігін жазған. Бағалау кезінде топ басшылары өз жұмыстарына қорытынды жасады. Тобындағы әр мүшелеріне берілген бағаларымен таныстырды. Бұл сабақта ойларын біршама жинақтауды алдыңғы сабаққа қарағанда өзгерістің барын байқадым. А, В оқушылар осы сабақта өздерін көшбасшы ретінде көрсете білді.Оқушылар алған білімдерін өмірде пайдалана алу үшін кері байланыстарды оқушыны қанағаттандыра алатындай етіп, жоспарлауды ұқтым. Бағалауда оқушы өз алған білімін интерпретациялау қажет. Оқушы алған білімдерді интерпретациялау негізінде қорытынды жасалады,ол бағалауды көздейді. Осы кезде бағалау процесі түрлі мақсаттарға және алынған мәліметтерге байланысты әр түрлі нысанда жүруі мүмкін. Оқушылар берілген уақытты тиімді пайдаланбағандары кездесті. Тапсырма бойынша бір-біріне тапсырма дайындауда қиыншылықтар болды. Алдағы сабақтарда осы кедергілердің алдын алу жолдарын қарастырып, уақытты тиімді пайдалануға жұмыстарды жасаймын.

Үшінші сабағымның тақырыбы: «Сиыр» өлеңі. АКТ бірлескен жұмыс, сын тұрғыдан ойлау, диалогты оқыту, формативті бағалау, «Кезбе тілші стратегиясы» «Мәуелі ағаш» рефлексиясы арқылы өткізуді жоспарладым. Ынтымақтастық атмосферасын орнату мақсатында оқушылар топтан- топқа ыстық ықыластарын білдірді. Оқушылар «Тілші» тобы, «Журналист» тобы, «Диктор» тобы, «Бағалаушы» топ болып бөлінеді. Әр топ өз міндеттері туралы әңгімелеп, топты қорғайды. Өлеңді талдау арқылы ойлау қабілетін, сөздік қорын арттыруды көздедім. Топтық тапсырма берілді. «Журналистер» түйенің пайдасы туралы, С деңгейдегі оқушы постер қорғады. «Дикторлар» сабақтағы жаңалықты тарату, «Тілшілер» қарсы топтардан сұхбат алу. «Бағалаушылар» тобы үш топтың әрекетін бақылап, бағалауды тапсырдым. Сұрақтарға жауап беру мақсатында А оқушы бірден өзінің белсенділігін, топтағы оқушыларды өзіне тартып, ойымен бөлісіп отырғанын байқадым. Тақтада бейнеленген суреттердің әрқайсысының айырмашылығы мен ұқсастығын айтты. Ал В оқушы сыни ойлау арқылы үлестірме парақшаға алған білімін жинақтап жазғаны маған дәлел болды. С оқушы бұл сабақта өз ойын постер қорғауда айта білді. Әлі де болса жоспарлы зерттеу жұмыстарының қажеттілігін білдім. Сабақта өлеңді үш бөлімге бөле отырып, әр топ өз бөлімдерін талдады, тірек сөздермен жұмыс жасады.Топтар бірден белсенді түрде қызу іс-әрекетке көшті. Сынып бірлескен жұмысқа үйреніп те қалған. Сыныпты аралап жүріп топтағы мүшелерді смайликтермен бағалап кеттім. Топта А, В оқушыларының белсене жұмыс жасап отырғанын байқадым, іштей қуанышты болдым. А оқушы С оқушыны ортаға шығаруға ықпал жасап отырғанын байқадым. Алғашқы сабақтардан гөрі С оқушы белсенді түрде ортаға шығуға қысылмай, өз ойын жеткізуге талпынатындығын көрдім. Бірақ дәлелдеу кезінде қиналды. Өз тобының мүшелеріне жүгінді. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші топтар бірден жұмысқа кірісіп кетті. С оқушы постер қорғауда біршама ашылғандығын, ойын жүйелі жеткізе бастағанын байқадым.

D:\фото тәлімгер\DSC06374.JPGC:\Users\Сауле\Desktop\А есебі\А қосымша.фото,видио\Суреттер\DSC_5400.JPG

С оқушы 4-сабақта Сабақтағы кері байланыс

Сабақ алдыңғы сабақтарға қарағанда біршама жақсы өтті. Оқушыларды бағалау қызықты өткенін байқадым.

Төртінші сабағымда «Кезбе тілші» стратегиясын жүргізуді жөн көрдім. Төртінші сабағымның тақырыбы:«Түйе»өлеңі.Бұл сабағымды интерактивті тақта,слайд, плакат, рефлексия, стикер, үлестірме алмаларымен, оқушы рефлексиясы «Білім ағашы» арқылы бағалауды жоспарладым. «Тамаша екен!» тренинг арқылы сынып ахуалын түзіп алдым. Осы кезде С оқушы өз ойын қысылмай айтып, көзге түсе бастады. Оқушылар таңдаған топтарына бөлінді.«Дикторлар» тобына сүт өнімін талдауды тапсырдым. «Тілшілер» тобына жүннен жасалған өнімдерге зерттеу жасауды тапсырдым. «Журналистер» тобына қымыранға дәлелдеме жасауды тапсырдым. «Бағалаушылар» тобына әр топ мүшелерінің жұмысын бақылап, баға береуді тапсырдым. «Тілшілер» тобына түйе тақырыбына байланысты сұхбат жасауға сұрақтар дайындау тапсырылды. «Дикторлар тобына сабақтағы ақпаратты тарату .

C:\Users\Сауле\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.Word\DSC_5379.jpg

C:\Users\Сауле\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.Word\DSC_5314.jpg

А , С оқушыларының өзгерісі В оқушының өзгерісі

«Журналистер» тобы түйенің пайдасы туралы постер қорғады.

3-бөлім:Қорытынды және талдау

Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында оқушыларға «Жалғасын тап» әдісі бойынша сөзжұмбақ шешкіздім. Бірінші шешуін үздік екенін байқатып, А оқушы шешті. В оқушы қарап қалмады. Тапсырмаларды шешуге тырысты.Жауаптың бірнеше түрін айтып, алға жылжып отырды. Бірініші тапсырма ретінде топтарға «Қой» тақырыбында постер қорғау берілді. А және В оқушылар топ басшысы болып, өз топтарын бірден ұйымдастыра білді. А оқушының тобында оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасы орнаған, бір-бірін тыңдап, өз рөлдерін атқарғанын байқадым.

C:\Users\Сауле\Desktop\А есебі\А қосымша.фото,видио\Суреттер\DSC_5290.JPGC:\Users\Сауле\Desktop\А есебі\А қосымша.фото,видио\Суреттер\DSC_5321.JPGА, С оқушыларының топтағы постерді талдау сәті.


В оқушысы топ басшысы болмаса да, постер қорғау кезеңінде өз белсенділігімен танылды. С оқушы сабаққа деген қызығушылығын көрсетті. Тақтаға постер ілуге көмегін тигізді. Шамалап болса да бір-біріне көмек беріп, жұмыла жұмыс істеуді түсінгені мені қуантты. Осыдан соң оқушыларды сергіту мақсатында Сыни ойлау қабілетін арттыру үшін А оқушыны тақтаға шығарып, аттары жазылған сөздерді жасырып, табуды тапсырдым. С оқушыны да шығарып, оған да тапсырма берілді. С оқушыны мадақтап, келесі сабақта да осындай белсенділік көрсетуін айттым. Келесі оқушыларды сергітіп болған соң ортаға өз топтарына тапсырма алу үшін топ басшыларын шақырттым. «Бағалаушылар» тобына әр топтың жұмысына баға беру, яғни критерий бойынша бағалау кестесін тапсырдым. С оқушыға «Менің ботам» сурет салуды тапсырылды. Топ ішінен мүшелер С оқушы жауап береді деп оқушыны ортаға шығарып, жауабына басқалары қанағаттанарлық жауап алды. Нысанадағы А, В оқушылары бірлесіп, топ ортасында белсенділіктерін көрсете білді. Оқушылармен кері байланыста «Білім ағашы» арқылы бағаладым. Осы сабақтардағы бағалау стратегияларында сыныбым білімге, пәнге деген ынталарының жоғарлағанын байқадым.

Дәстүрлі сабақтың білім сапасын сыныптағы 25 оқушымен тізбектелген іс-әрекеттегі сабақтың білім көрсеткішімен салыстырмалы түрде диагностикалық зерттеуін жүргіздім. Менің зерттеуім бойынша дәстүрлі сабақтың білім сапасы 60 пайызды көрсетсе, жаңаша оқыту әдісіндегі оқушыларымның білім көрсеткіші 40 пайызға артып, 100 пайыз білім сапасын көрсетті.

Оқушыларды бақылау барысында А оқушы өзінің ойымен бірлескен жұмыста құрдастарымен бөлісіп, артынан ерте білді. Яғни, көшбасшылық қасиеті арта түсті. Дәстүрлі сабақтарда бұл оқушы тек өзі ғана біліп, құрдастарын ойламаған. Топтық жұмыстарда топ мүшелерін ұйымдастыра білді. В оқушының топта белсенділігі орта болған. Бағалау сәттерінде достарын бағалап, екі жұлдыз, бір тілекте құрдастарын бағалай бастады. Ал С оқушыға әр сабақта жүктелген тапсырмалардың арқасында өз орнының бар екенін түрткі арқылы сезіндіріп отырдым. Сондықтан екінші сабақтан бастап, сабаққа деген қызығушылығы арта бастады. Әр сабақта бүгінгі жауабың мені қуантты, келесі сабақтарда да белсенді бол деп қолдап отырдым. Оның келесі сабақтарда не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік беріп отырдым. Менің зерттеу жұмысымда бір байқағаным бұрын білімді түсіндіріп айтатынмын, енді бұл сабақтарда тек оқушыларға бағыт-бағдар беріп отырдым.Сабақта АКТ арқылы жаңарған тапсырмаларды беріп отырдым. С оқушылардың ақпаратты алу, түсіну, бағалау туралы танымдық қасиеттерін дамытуға тырыстым. Сабақтарымда слайдтар көрсете отырып, кері байланыстар жүргізіп отырдым. Оқушылар топта жауап кезеңінде, жауапты толық айтуын қадағалап, мәліметті кеңінен айту үшін жетелеуші сұрақтар қойып отырдым. Осымен қатар «Ыстық орындық,веер, фишбон» әдістері бойынша сұрақты нақты қоюды , жауап алу мақсатында түрткі жасауды ескердім. Блум таксономиясы бойынша берілген тапсырмаларға жауапты дәлелдемелермен ұсына алатынын байқадым. Іс-әрекеттегі зерттеу жұмыс нәтижелі болу үшін алдын-ала ресурстармен қамтамасыз етіп отырдым. Түйе сабағында әр топқа түйеден алынатын заттарды үлестіре отырып, кері байланыс парақшаларын, критерийалды бағалау парағын, стикерлер, білім ағашының көмегі болғанын байқадым. Бұл ресурстардың оқушыларға ықпалы зор екнін аңғардым. Оқушылардың білім алғандығын анықтау үшін алдымен дәстүрлі сабақты бейнежазбаға түсіріп, осыдан соң өзгеріске ұшыраған сабақты салыстыра отырып, бақыладым. Бақылауда оқушылардың барлық жұмыстарын жинап, күтілетін нәтижелердің айырмашылығын анықтап, салыстыра отырып іс-әрекеттегі зерттеу жұмысымды бағалап отырдым. Мұндай жұмыс алдағы атқаратын жұмысымды жоспарлауға септігін тигізді. Ондағы нысанаға алынған үш оқушының белсенділігінің артқандығын байқадым. Жүргізген зерттеуімнің қорытындысын нені өзгерткісі келетіндігі мақсатында оқушылармен әңгімелестім. Бұл әңгімеде оқушылар бірлесе отырып, құрдастарын бағалау, қарсы топты бағалау, постер қорғау, сергіту сәттері, жаңа сабақты бағалау мақсатында жүргізілген әдәс-тәсілдер мен кері байланыс түрлерінің ұнағандығын айтып жеткізді. Осындай жұмыстың нәтижесін алдағы уақытта да көретініме сенімдімін.

Осы әдістердің артықшылығы :

-оқушылар сабақ барысында тапсырманы қалай орындағанын көреді;

-алған ақпаратты қорытындылай алады;

-оқуды бағалау кезеңінде оқушылардың топта белсенділік танытып, оқу үдерісіне белсене қатысатынын аңғардым;

Іс-әрекеттегі зерттеу барысында жоспарлаған төрт сабақ барысында мен өзіме алдыма қойған оқушылардың білім сапасын арттыру барысында оқу үшін бағалаудың тиімділігі бола ма? деген сұрағына жауап алуды іздедім. Алғашқы сабақтарда бағалау түрлерін пайдалануда біраз кедергілер болды. Сондықтан кедергіні жою мақсатында топтық жұмыс арқылы критерийлермен бағалаудың нақтылығын, тиімділігін байқадым. Бұл оқу үшін бағалаудың тиімділігін аңғартты. Кедергі кеми бастады. Балалардың келесі сабақтарды асыға күтетіндігін байқадым. Бұған жоғарыда айтылған дәлелдемелер айғақ болады.

Оқушы аты-жөні

Топпен жұмыс

Постер қорғау

Сұрақ -жауап

Тест жұмысы

Нәтижесі



А оқушы

3

3

3

3

12





В оқушы

2



3

3

3

11





С оқушы

2



2

2

2

8


Төртінші сабақ бойынша үш оқушының іс-әрекетін критерий арқылы бағалау

C:\Users\Сауле\Desktop\фото\DSC_5281.JPGC:\Users\Сауле\Desktop\фото\DSC_5284.JPG

С оқушының жұмысы Топтық жұмысы

Сауалнама алу барысында топпен жұмыс істеу оқушыларға ұнағанын байқадым.

Сұрақ мазмұны

А оқушы

В оқушы

С оқушы

Сабаққа ынтаң артты ма?

Иә.Себебі барлық сабақ қызықты өтті.

Соңғы уақытта сабақ өте қызықты өтті, маған ұнады.

Иә, маған топтық жұмыс ұнады.

Мұғалім қолданған әдіс-тәсілдер ұнады ма?

Топтық жұмыс, рефлексия,сергіту сәті, өзін-өзі бағалау ұнады.

Иә, әрине ұнайды. Ерекше ұнағаны топтық жұмыс.

Әрине, сабақты қызықты өттік.

Топтық жұмысқа қатыстың ба?

Мен топпен жұмыс жасағанды ұнатамын.

Иә, белсене қатысып отырдым.

Сыныптастарымнан қалғым келмеді.

Тапсырманы топпен талқылаған қандай?

Топтағы оқушылардың да өз ой-пікірлері болады, оны да тыңдаған дұрыс.

Әрине,топпен орындаған жақсы, жеңіл әрі .

Себебі, ұмытып қалған жерлерімізді сыныптастарым толықтырады.

Қиындық туындаса, сыныптастарың саған көмектесе ме?

Біз бір-бірімізді ренжітпей, көмектесеміз.

Әрине көмектеседі.

Біз барлығымыз көмектесеміз..

Мұғалім қойған бағамен келісесің бе?

Иә. Себебі мен өз тобымда белсенділік таныта білдім.

Келісем, менің ұстазым әділ бағалайды.

Мұғалім қашан да әділ баға қояды.

Саған сыныптастарыңның баға қойғаны дұрыс деп есептейсің бе?

Олар мені жақсы бағалады деп ойлаймын.

Ол да ұнайды. Ол тіпті қызық болып көрінеді.

Иә

4-бөлім: Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу үдерісін шектеулер және бұдан кейінгі іс-тәжірибеге жасайтын ықпалы

Іс- әрекеттегі тәжірибедегі қиындықтар :

1. Жиынтықты бағалауды жоғары бағаның қойылуы;

2. Оқушыларды топқа бөлерде уақытты тиімді пайдалана алмау;

3. Топта менмендік ,яғни көшбасшылыққа таласуы;

Осындай жиналған деректерді жинақтай отырып, бұл кедергілерден мүдірмей шығуға тырысып отырдым. Бұл кедергілерді жоюға маған мынадай тәсілдер көмектесті.

Критерийалды бағалау түрін пайдаланып отырдым.

-оқушыларды топқа бөлуде жеңіл түрлерін пайдаланып отырдым;

-топта топ мүшелеріне өз міндеттерін анықтап алуды негіздеп отырдым; (Барлаушы, қорғаушы, спикер, уақыт бақылаушысы)

-форумда топтағы әріптестеріммен, тренеріммен кеңесіп отырдым.

Мектептегі өз сыныбымды зерттеуде жоспарлаған өзгерістерді аз да болса енгіздім деп ойлаймын. Іс-әрекеттегі әр түрлі үш оқушының деректерін салыстыра отырып, С оқушының топ ортасында өз ойын жеткізуге үйренгені, алынған мәліметті қорытындылай алғандығы, оқушының белсенділігінің артқандығы, өз-өзіне сенімділігінің артуы, өзін еркін сезіну, А оқушы құрдастарын бағалауда әділдігін, кері байланыстарды өте жоғары деңгейде орындаған өзгерістерін байқадым.

Сабақ барысында :

-өзін – өзі бағалауды үйренді;

-өз ойын еркін, жүйелі жеткізуге үйренді;

- рефлексия жасауды үйренді;

Зерттеудегі әр-түрлі үш оқушы туралы жинаған мәліметтерім алдағы кезеңде А, В, С оқушылармен жұмыс жүргізуге көмегін тигізеді деген ойдамын. Іс-әрекеттегі тәжірибеме енген өзгерістерді тиімді жағын қарастырып, сындарлы технологияның менің сыныбым үшін тиімді болатын тұстарын пайдаланамын.

Іс- әрекеттегі зерттеуден үйренгенім:

1.Әр түрлі деңгейдегі оқушыларды зерттеуді;

2.Оқушыларды зерттеуде әр- түрлі қырларын тануды;

3.Әр сабақты бейнежазба арқылы талдауды;

4.Талданған сабақ арқылы келесі сабақтың қажеттілігін өтеуді үйрендім;

Іс-әрекеттердегі фотолар мен жиналған деректер, анықтамалар, оқушы рефлексиясы, оқушы үні, ата-аналардың рефлексиясы пайдалы дәлелдеме болды. Сындарлы оқыту технологиясымен танысқаннан соң көптеген анықтамалар, жаңалықтар менің бойымда болды. Бұл анықтамалар мен жаңалықтар оқушыларды да мұғалімдерді де жетістікке жетелейтіні сөзсіз.

Сыныбымдағы өзгерістер:

  • сабақ түрі;

  • сыныптағы оқушылармен жүргізілетін кері байланыстар;

  • оқушылардың бір - біріне деген қамқорлығы;

  • өзін- өзі бағалауы;

  • өздігінен іздене оқуға деген қызығушылығы;

Болашақтағы міндетім:

А оқушының зияткерлік қырларын ашу;

В оқушыны қосымша тапсырма беру арқылы өзін-өзі бағалауға үйрету;

С оқушыға қатысты өзіме скоффолдер міндетін алу;

Болашақтағы жоспарым:

  • сабақта проблемалық ашық сұрақтарды қолдану;

  • бағалау өлшемдерін оқушылармен бірлесе, тақырыпқа негіздеп құру;

  • дарынды және талантты балаларды анықтауға арнайы тапсырмалар дайындау;

  • оқушылардың білім сапасын арттыруда формативті бағалауды басымдыққа алу;

  • мен алдағы уақытта жұмысты жалғастыру үшін мектептегі мұғалімдермен бірлесе отырып, «Lesson study» тәсілін жүргізуді жоспарлаймын;

Осы курс барысында үйренгенімді оқушылардың білімін арттыруда пайдаланамын. Сонымен қатар қазіргі әлемдегі болып жатқан білім саласындағы өзгерістерге байланысты мұғалім білім беруші емес, бағыт-бағдар беруші деп білдім. Әрине осыған байланысты мектептерге өзгеріс қажет. Мұғалім оқушылардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға көмек көрсете алса, мектеп мұғалімдерінің кәсіби қоғамдастығын ұйымдастыру өз әріптестерімен ынтымақтастық орнату дұрыс жолға қойылса, көшбасшы бола білсе, мұндай тиімді өзгерістерді енгізе алатыны сөзсіз. Мен алдағы уақыттарда сабақтарды жеті модуль мәнмәтінінде ықпалдастыра отырып, сабақ беру үдерісін өзгертуге атсалысамын. Жалпы бағдарламаға әріптестерім қызығушылық танытып отыр, сол мұғалімдерге ресми түрде бағдарлама бойынша көмек көрсете аламын-деп, сеніммен айта аламын.


Пайдаланған әдебиеттер :

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық Екінші (негізгі) деңгей

Үшінші басылым « Назарбаев Зияткерлік мектебі »

ДББҰ, (2014 жылғы 28 қаңтардағы №1 хаттама)

2. « Назарбаев Зияткерлік мектебі » ДББҰ, (2014ж)

«Мұғалімге арналған бағдарлама »

3. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ,(2014ж)

«Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындалуға тиісті тапсырма нұсқаулары»

4.Үлестірмелі материалдар.«Назарбаев Зияткерлік мектебі »ДББҰ,(2014ж)





Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Зерттеу тақырыбы: Оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді табыс критерийлерімен кіріктіре оқыту арқылы білім сапасын арттыру"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по гимнастике

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 886 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.02.2016 5551
    • DOCX 1.1 мбайт
    • 19 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Турганбаева Саулекул Орынбасаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 34419
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие критического мышления у младших школьников в условиях обновленного ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 74 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 718 человек

Курс повышения квалификации

Организация краеведческой деятельности детей в учебно-воспитательном процессе начальной школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 248 человек

Курс повышения квалификации

Внедрение Федеральной образовательной программы начального общего образования

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 286 человек из 55 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 100 человек

Мини-курс

Эффективное управление проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии B2B маркетинга: от анализа до продаж

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные информационные технологии и информационная безопасность

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 23 человека
Прямой эфир Загрузка...

Прямо сейчас в эфире

Инфофорум: «Всё, что волнует педагогов»